2010 жылғы 20-23 сәуір аралығында Астана қаласында Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуро-Азиаттық ынтымақтастық комитетінің (коомет) 20-шы отырысы және коомет эталондары бойынша біріккен комитеттің 8-отырысы өтті



Дата17.07.2016
өлшемі35.7 Kb.
#204850
2010 жылғы 20-23 сәуір аралығында Астана қаласында Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуро-Азиаттық ынтымақтастық комитетінің (КООМЕТ) 20-шы отырысы және КООМЕТ эталондары бойынша біріккен комитеттің 8-отырысы өтті.

КООМЕТ – аймақтық метрологиялық ұйым – 1991 жылы еуроазиаттық аймақтық елдерде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешуге, ұлттық экономика ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудада техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу мақсатында құрылды.


КООМЕТ мүшелері 18 елдің: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, КХДР, Куба, Литва, Молдова, Ресей, Румыния, Словакия, Тәжікстан, Өзбекстан  және Украинаның метрологиялық мекемелері болып табылады. Қазақстан Республикасы 1998 жылғы қарашадан бастап КООМЕТ мүшесі болып табылады.


КООМЕТ комитеті құрамына КООМЕТ мүшелері – мемлекеттік метрологиялық мекемелердің басшылары кіретін жоғарғы басқарушы орган болып табылады. Жылына бір рет өткізілетін КООМЕТ комитеті мәжілісінде КООМЕТ қызметін жетілдіру, қатысушы елдер орындайтын бірлескен жобалардан құралатын КООМЕТ жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері шешіледі.

КООМЕТ-тің негізгі қызметі:

- эталондардың өзара сәйкестігіне жетуге, өлшеуіш аспаптарға және оларды метрологиялық бақылау әдістеріне қойылатын талаптардың ұйғарымдылығына;

- ұлттық өлшеу сертификаттарының баламалылығын тануға;

- метрологиялық қызметтің жай-күйі туралы ақпаратпен алмасуға;

- өзара метрологиялық қызмет көрсетуге жәрдемдесуге бағытталған.

КООМЕТ қызметіндегі басты назар эталондар аймағындағы ынтымақтастыққа, әсіресе Халықаралық өлшемдер мен салмақтар Комитетімен (CIPM) бастамашылық етуді жүзеге асыруды қатысуға бөлінді. Ұлттық метрологиялық институттармен (CIPM MRA) берілген калибрлеу және өлшеу сертификаттары мен ұлттық эталондарды өзара тану туралы келісімдер. КООМЕТ-тің жобаларының маңызды саны өлшеу мен калибрлеу мүмкіндіктері туралы мәлімет әзірлеу бойынша, КООМЕТ-ке қатысушы-ел ұлттық метрологиялық институттарында сапа менеджмент саласын дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету, құру бойынша эталондардың аймақтық салыстыруларын жүргізу, СIРМ ұйымдастыратын ұлттық эатлондарға қатысу жұмыстарымен байланысты.

Елдер КООМЕТ жұмысына қатыса отырып өздерінің калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде дәлелдеп мәлімдеу мүмкіндігін алады, ол кез-келген қызмет саласында өлшеу нәтижелеріне экономиканың әртүрлі салаларында өзара сенімді тудыруға және халықаралық сауда, ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен нормативтік құжаттамаларды әзірлеуге қатысты өте үлкен уағдаластықтар үшін техникалық базаны құруға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға әсер етеді.

КООМЕТ комитетінің 20-шы мәжілісіне 10 елдің (Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Ресей, Украина, Литва, Қырғыстан, Тәжікстан, Словакия, Өзбекстан) ұлттық метрологиялық институттарының 26 өкілдері қатысты. Бақылаушы ретінде Корея (Оңтүстік Корея) Стандарттар және ғылыми зерттеу институтынан APMP өкілдері Мьюнгсу Ким мырза мен Сангвук Сео мырза қатысты. Европадан ұшып шығу мүмкіндігінің болмауына байланысты Куба; КНДР, Грузия Германия ұлттық метрологиялық институттарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар өкілдері: Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросы директорының орынбасары Майкл Кьене мырза, Халықаралық заңнамалы метрология бюросының директоры Жан-Франсуа Магана мырза, EUROMET хатшысы Вольфганг Шмид, WELMEC төрағасы Наташа Мейак Вукович ханым отырысқа қатыса алмады.

Отырыс кезінде КООМЕТ Президентінің баяндамасы, 2009-2010 жылдары КООМЕТ қызметінің қорытындылары туралы КООМЕТ-тің құрылымдық органдары төрағаларының және хатшылығының жылдық есебі, КООМЕТ салыстыру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы ақпарат, КООМЕТ жұмыс web- порталының құрылуы, СМС – деректердің сараптамасы үшін өлшеу түрлері бойынша техникалық сарапшылар топтарын құру, 2009-2010 жылдары КООМЕТ саласында өткізілген аймақтық семинарлар мен метрология жөніндегі халықаралық ұйымдардың соңғы отырысының қорытындылары туралы баяндамалар тыңдалды.

Отырыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Тәжікстан Республикасы КООМЕТ-тің толық құқылы мүшесі ретінде метрология жөніндегі ұлттық органға қабылдау туралы, өзектендірілген кейбір КООМЕТ жариялымдарының түрлерін бекіту, 5 комитет болімшелерінің қосылуымен ТК 2 «Стандарттық үлгілер» сапасында тану, кейбір КООМЕТ ТК төрағаларының өкілдік мерзімін ұзарту және тағайындау туралы, КООМЕТ саласында жас метрологтардың біліктіліктерін арттыру және оқыту бойынша бағдарлама жасау, КООМЕТ Комитетінің 21- отырысын 2011 жылы Армения, Ереван қаласында, 22 – отырысын 2012 жылы Қырғызстан, Бішкек қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және Белорусиямен арадағы кедендік одақ саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралған болатын. Отандық аспаптарды өзара тану кезіндегі кедергілерді жою туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік эталондарды өзара салыстыру туралы ұсыныстар әзірленді.



КООМЕТ қызметі мен жұмысында жеке еңбегі үшін КООМЕТ Комитетінің 20- отырысында ҒМИ, Ресей, Беларусь және Қазақстанның 4 маманына «Еңбегі сіңген метролог» төсбелгі берілді. Қазақстаннан РМК «ҚазМетрИн» ОҚФ-ның бас маманы Исакова О.Л. марапатталды.

Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының эталондық базасының соңғы жағдайымен танысу үшін Эталон орталығында болды, сондай-ақ олар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық мәдени орталығында болып Астана қаласында экскурсия ұйымдастырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет