2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар – Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар – Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Босымбекқызы Дүйсеноваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Мына қаулылардың:
1) «2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар – Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар – Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қарашадағы № 1030 қаулысының;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қарашадағы № 1030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 16 наурыздағы № 204 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «___» _______
№ ___ қаулысымен
мақұлданған
2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар – Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар – Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы
келісімге өзгеріс енгізу туралы
хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталады),
екі ел халықтарының тарихи дәстүрлі достық байланыстар мен тату көршілік қатынастарды сақтауға және нығайтуға ұмтылысын негізге ала отырып,
екі мемлекеттің де азаматтарының Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының аумақтарында еңбек қызметтерін жүзеге асыру, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жан-жақты қатынастарын дамыту және тереңдету үшін оларға қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып, екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және дамытуға өзара ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші-мигранттарға оңайлатылған тәртіп ұсыну мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар –Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар – Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 15-бабына сәйкес мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін Тараптар:
Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін;
Тәжікстан Республикасынан – Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көші-қон қызметін және Тәжікстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін уәкілетті органдар етіп тағайындайды.
Тараптардың уәкілетті органдары жыл сайын еңбекші-мигранттардың саны мен кәсіби құрамы туралы деректер алмасуды жүзеге асырады.
Уәкілетті органдардың атаулары өзгертілген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі бұл туралы дереу хабардар етеді.
Уәкілетті органдардың осы Келісімге байланысты мәселелерді шешу үшін Тараптардың өзге де құзыретті органдарын тартуға құқығы бар.
Тәжікстан Республикасының Үкіметі қажет болған кезде осы Келісім нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тәжікстан Республикасы елшілігінің жанынан уәкілетті органның өкілдігін құра алады.».
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданысы кезеңінде күшінде болады.
2013 жылғы «___» _______ ________қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Достарыңызбен бөлісу: |