ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы
«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
химия және биология пәнінің оқытушысы
Сайлауова Гулдана Қанатқызының
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Сайлауова Гүлдана Қанатқызы, 1997 жылы 21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тана мырза ауылында дүниеге келдім. Тана мырза ауылындағы, Тана мырза орта мектебіне 2004 жылы 1 сыныпқа барып, 2015 жылы Тана мырза орта мектебін аяқтадым.
2015- 2019 жылдар аралығында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Биология» мамандығы бойынша білім алдым.
2019 жылы Тана мырза ауылындағы, Тана мырза орта мектебінде биология және химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.
2020 жылы Семей қаласының № 49 мектебінде директордың хатшысы болып қызмет атқардым. 2020-2021 оқу жылынан бастап «Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биология және химия пәнінің оқытушысы болып қызмет етудемін. Еңбек өтілім- 1жыл 7 ай, санатым – ІІ «педагог – модератор».
Өзекті тақырыбым: «Химия және биология пәнін оқытуда АКТ пайдаланудың тиімділігін арттыру»
Менің жетістіктерім:
«Менің үздік конструктивистік сабағым» сайысына белсене қатысқаны және ҚР жаңартылған білім беру бойынша сабақты жоспарлауда үздік шеберлік көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі диплом иегері болдым. (Шәкәрім университеті), 2019 ж
Аудандық олимпиада 1 орын, Биология пәні, 8 сынып оқушысы, 2019 ж
Ustaz tilegi» республикалық ұстаздар сайтында «Қазан» айында өткізілген Республикалық «Педагогика және психология негіздері» Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы дипломын алдым, 2020 ж
Ustaz tilegi» республикалық ұстаздар сайтында Республикалық Биология пәнінен студенттер арасында олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.2020 ж
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Орта білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны негізінде химия пәнін оқыту әдістемесі тақырыбында 180 сағат көлемінде кәсіби біліктілігін арттыру бойынша курсты аяқтағаным үшін сертификат берілді, Нұр-Сұлтан 2020 ж
«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Оқу-тренингтік орталығы. «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында 36 сағат көлемінде қашықтықтан біліктілік арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификат алдым, 2020 ж
Достарыңызбен бөлісу: |