2010 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу қорытындысы бойынша ақпарат



Дата29.02.2016
өлшемі40.66 Kb.
#34227
2010 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу қорытындысы бойынша ақпарат
2008 жылы Шымкент қаласында айтылған Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2010 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДЖ) құрылды. БҰДЖ-нің негізгі қағидаттары:

  • Дәрігер мен медициналық ұйымды пациенттің еркін таңдауын қамтамасыз ету;

  • Медициналық қызметтерді көрсетудің бәсекелестік ортасын қалыптастыру;

  • Түпкі нәтижелерге жетуге және медициналық қызметтерге нақты шығындар бойынша ақы төлеуге бағытталған медициналық ұйымның жұмысы.

2010 жылдағы БҰДЖ енгізу нәтижесі оның пациентке бағдарлылығын көрсетті. Медициналық ұйымды еркін таңдау қағидатының арқасында республика халқының бүкіл қабаттарына арналған медициналық көмектің қолжетімділігі жоғарылады. Таңдау құқығын жоспарлы тәртіпте стационарларда ем алған 550 мыңнан астам адам қолданды, бұл ретте 36,3%-ын ауыл тұрғындары құрады. Өз өңірінде азаматтардың 94,4%-ы емделіп шықты, оның ішінде 36,3%-ы ауыл тұрғындары, басқа өңірлерге шамамен 2,0%-ы барды, республикалық клиникаларда мамандандырылған көмекті 4%-дан астам тұрғыны алды.

Талдау көбінесе ауыл тұрғындары таңдау құқығын пайдалана бастағандығын көрсетеді, мәселен, 1-тоқсанмен салыстырғанда, емдеуге жатқызу үшін өтініш жасаған ауылдықтардың саны өңір ішінде 8%-ға, өңіраралық емдеуге жатқызуда 6%-ға, ғылыми орталықтар мен институттардың деңгейінде емдеуге жатқызуда 12%-ға өсті.

Емдеудің өңіраралық және республикалық деңгейлерінің өсуі өткізілген түсіндіру науқанының тиіміділігі туралы куәландырады. Бұл ретте, азаматтардың 94%-ы күтудің 10 күніне дейін емдеуге жатқызылды.

Емдеуге жатқызу бюросының жұмыс істеуімен қатар 2010 жылдың І жартысында дәрігердің қабылдау орнынан емдеуге жатқызу кодын шұғыл беруге және пациент таңдаған стационарға емдеуге жатқызу күнін айқындауға мүмкіндік беретін web-технологияларға негізделген жаңа Жоспарлы емдеуге жатқызу порталы әзірленді және енгізілді.

«Сапалы емге қомақты қаржы» қағидаты бойынша емделіп шығу жағдайларына ақы төлеу бәсекелестікті дамыту үшін шарт бола отырып, аумақтық тіркелім мен пациенттің медициналық ұйымға тіркелу шекараларын жояды.

БҰДЖ-ін енгізу арқылы пациентке медицина саласындағы жоғары технологиялардың заманауи жетістіктері – жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ЖММК) қолжетімділігі жақындатылды және қамтамасыз етілді. БАДЖ шарттарында түпкі нәтиже үшін ақы төлеу жүйесін енгізумен өңірлердегі жаңа медициналық технологияларды қаржыландыру мүмкіндігі пайда болды. Мәселен, бүгін бүкіл 16 өңірде кардиохирургиялық және нейрохирургиялық араласулар, ауыр жарақаттар, онкологиялық, ревматологиялық аурулар кезіндегі операциялар мен бұрын тек республикалық клиникалар орындаған көптеген басқа операциялар жүргізіледі. Жалпы ғылыми орталықтар өңірлерге 38 технологияның трансфертін жүзеге асырды. Бұрын, өңірлік деңгейде ЖММК тек Қарағанды, Жамбыл мен Алматы облыстарының 3 медициналық ұйымында көрсетілді.

2010 жыл ішінде 709 бойынша 3,5 мыңға дейін (бүкіл 2009 жыл бойы ҒЗИ және ҰО-мен бірлесіп 2,4 мыңға дейін) операция өткізілді (2009 жылы өңірлерде өткізілмеген). Өңірлерде ЖММК-тің дамуына байланысты кардиохирургиялық операциялар мен буындарды алмастыру бойынша көмек түрі ең алдымен ауыл халқы үшін қолжетімді болды. Мәселен, ЖММК алған науқастардың 36,7%-ын ауыл тұрғындары құрайды.

Өңірлік ауруханалардың бәсекелес ЖММК көрсетуі репсубликалық клиникалардың енгізілетін, оның ішінде халықаралық деңгейдегі медициналық технологиялардың спектрін кеңейтуі үшін ынталандырма болды. Бүгінгі таңда олар 47 ең жаңа технологияны игерді. Мысалы, гемофилия кезіндегі буындарды алмастыру бойынша операциялар басталды, Қазақстанда алғашқы рет онкогематологиялық ауруы бар науқастың жілік майын транспланттау өткізілді. Нейрохирургия ғылыми орталығы омыртқадағы қайта құру-тұрақтандыру операцияларын енгізді, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы жақ-бет хирургиясы, нәрестелердің патологиясы, онкологиялық гематология бөлімдерін ашты, кіші жамбас ағзаларындағы қайта құру операциялары енгізілді. Бұл ретте жоғары технологияларға арналған барлық шығыстарға нақты шығындар бойынша ақы төленеді.

БҰДЖ шеңберінде ауыр жай-күй мен операциялық араласулардан кейін ұсынылатын ерте қалыпна келтіріп емдеу мен медициналық оңалту технологиялары енгізілді. Осы технологияларды енгізу жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіреді және пациенттердегі мүгедектену деңгейін төмендетеді, бұл келешекте үлкен экономикалық және медициналық әсер алуға мүмкіндік береді.

БҰДЖ шеңберінде күндізгі төсек-орындар барлық ауруханалар мен емханаларда ашылды, бұл халық үшін стационарды алмастыратын көмектің қолжетімділігін жоғарылатты. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда күндізгі стационарларда 2,2 есе артық паиценттер емделіп шықты.

Медициналық қызметтерге арналған бірыңғай тарифтерді енгізу өңірлер арасындағы стационарлық емдеу бойынша шығыстарды теңестіруге әкелді.

Бірнеше өткен жылдар динамикасындағы төсек-орын қорын пайдалану тиімділігін бағалау тек БҰДЖ шарттарында төсек-орын қорын пайдаланудың көрсеткіштерін елеулі жақсартуға қол жеткізілгендігін көрсетеді. Жылдың нәтижесі бойынша 2800-ден артық төсек-орын қысқартылды, шамамен 3800-і қайта бейінделді. Төсек-орын айналымы емдеу-диагностикалық үдерісті қарқындату есебінен 7%-ға ұлғайтылды.

Медициналық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесінде де БҰДЖ-ін енгізудің оң нәтижесі пайда болды. Пациент үшін тартымды медициналық ұйым оның ішінде еңбекті мотивациялауға бағытталатын қаржы қаражатының ауқымды көлемін алады.

Жекелеген өңірлерде, медициналық ұйымдарда еңбекақыға ынтыландырушы сипаттағы төлемдер басталды. Төлемдердің ең жоғары деңгейі тиімді менеджментті енгізу белсендірек жүргізілетін акционерлік қоғамдарда, шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарда белгіленеді.



Жалпы, БҰДЖ-ін енгізу нәтижесі денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландырудың негізгі қағидаттарын жетілдіру, ТМККК көрсету үшін барлық меншік нысандарындағы ұйымдарға арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттің негізгі құқығы – еркін таңдау құқығын іске асыру жолымен меншікті секторды белсенді тарту арқылы мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасалып жатқанын сенімді дәлелдейді.
_______________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет