2014 жылға Бородулиха ауданы бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат Бюджеттің орындалуының жалпы қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі160.5 Kb.
#7823
2014 жылға

Бородулиха ауданы

бюджетінің атқарылуы туралы

ақпарат
1.Бюджеттің орындалуының жалпы қорытындысы.
Бородулиха ауданының бюджетінің атқарылуының жалпы қорытындысы келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:

(мың теңге)


Атауы


Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына түзету енгізілген бюджет

Есепті кезеңге қаржыландырудың жиынтық жоспары

Касса

лық орын


далу

Қаржы

ландыру


дың жиынтық жоспарына %

I.Кірістер

3147786

3204466,9

3335017,9

3335017,9

3337966,4

100,1

Салықтық түсімдер


909780

838280,1

829637,8

829637,8

831087,2

100,2

Салықтық емес түсімдер

6146

14648,8

14648,8

14648,8

15436,7

105,4

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

8100

8100

8100

8100

8811,1

108,8

Ресми трансферттер түсімдері

2223760

2343438

2482631,3

2482631,3

2482631,3

100

II.Шығындар


3147786

3233359,9

3363910,9

3363910,9

3362248,1

100

III. Таза бюджеттік кредиттеу

47035

47035

47035

47035

47220,5




IV.Қаржылық активтермен операция бойынша сальдо

0

0

0




-1409,7

0

V.Бюджет тапшылығы (профициті)

-47035

-75928

-75928

-75928

-70092,6




VI.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

47035

75928

75928

75928

70092,6




Қарыздардың түсімі

55440

55440

55440

55440

55440

100

Қарыздарды өтеу

8405

8405

8405

8405

8405

100

Бюджеттік қаражаттардың пайдаланылған қалдықтары

0

28893

28893

28893

23057,6




Анықтамалық:



















Бюджеттік қаражаттардың қалдықтары



















Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының қалдығы













28893,1




Есепті кезеңнің аяғына бюджет қаражаттарының қалдықтары













5835,5






Кірістер бойынша ауданның нақтыланған бюджеті 2015 жылдың 1 қаңтарына 3398862,9 мың теңгені құрады, келіп түскен түсім 3403035,4 мың теңге немесе 100,1 пайыз.

Соның ішінде:

- Өзіндік табыстар жоспар бойынша 852386,6 мың теңге, нақты келіп түскені 855335,1 мың теңге, профицит 2948,5 мың теңгені құрады.

- Ресми трансфертер жоспар бойынша – 2482631,3 мың теңге, келіп түскені – 2482631,3 мың теңге немесе жоспардың 100,0 пайызы.

Әрбір санаттар бойынша орындалу келесі тәртіп бойынша қалыптасты:

Салық түсімдер санаты бойынша орындалу 100,2 пайызға қалыптасты, жоспар бойынша 829637,8 мың теңге, келіп түскені 831087,2мың теңге.

Төлем көздеріне салынатын кірістерден жеке табыс салығынан келіп түскен төлемдер 284805,5 мың теңге, жоспар бойынша 290179,8мың теңге, ол 98,1 пайызды құрады. Орындалмау себебі- ЖШС Dakar Group және ЖШС Востокремсервис тіркеу тізімінен алынып тасталды.

Төлем көздеріне салынбайтын кірістерден жеке табыс салығынан келіп түскен төлемдер 100,1 пайызға орындалды, жоспарда 40200,0 мың теңге, келіп түскен түсім 40259,5 мың теңге.

Әлеуметтік салық бойынша келіп түскен түсімдер 215862,5 мың теңгені құрады, жоспар бойынша 241326,0 мың теңге, орындалу 89,4 пайызды құрады. Орындалмау себебі- ЖШС Dakar Group және ЖШС Востокремсервис тіркеу тізімінен алынып тасталды

Жеке меншікке салық 110,7 пайызға орындалды, жоспарда 231782,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 256598,7 мың теңге, соның ішінде:

Заңды тұлғалардың мүлкіне салық жоспар бойынша, 139467,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 148158,3 мың теңге, орындалу 106,2 пайыз. Асыра орындалуы себебі-Орлов кеншілерінің заңды тұлғаларынан қосымша салықтардың келіп түсуі-11586,0.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық бойынша 2868,5 мың теңге жоспарда 2700,0 мың теңге немесе 106,2 пайыз. Асыра орындалудың себебі – салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде.

Жер салығы 104,2 пайызға орындалды, жоспарда 3815,0 мың теңге келіп түскен түсімдер 3976,0 мың теңге.

Көлік құралдарына салық жоспар бойынша 70300,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 76168,0 мың теңге, орындалуы 109,6 пайыз. Салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде 5868,0 мың теңге қосымша өндірілді.

Бірыңғай жер салығы жоспарда 15500,0 мың теңге келіп түскен түсімдер 23427,9 мың теңге, орындалуы 151,1 пайыз.

Акциздер жоспарда 4130,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 4935,1 мың теңге немесе 119,5 пайыз. Асыра орындалудың себебі – ЖЖМ жүзеге асыруда көлемінің артуына байланысты.

Табиғи және басқа да ресурстарды қолданғаны үшін түсімнің орындалуы 109,5 пайыз, жоспарда 8550,0 мың теңге келіп түскен түсімдер 9358,9 мың теңге. Асыра орындалудың себебі – салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде.

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметтерді жүргізу үшін алым 151,2 пайызға орындалды, жоспар бойынша 8032,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 12144,8 мың теңге. Болжамның асыра орындалуының себебі – салықтық әкімшілік жүргізу нәтижесінде, төлеушілер санының өсуі;

- жеке кәсіпкерлерді тіркеу үшін алым бойынша болжамда 767,0 мың теңге, нақты келіп түскені 794,4 мың теңге, орындалу 130,4 пайызды құрайды. Болжамның асыра орындалуының себебі – төлеушілер санының өсуі;

Лицензияланған алым бойынша болжамда 2030,0 мың теңге, нақты келіп түскен түсімдер 4866,6 мың теңге немесе орындалу 239,7 пайызды құрайды. Әр түрлі сипаттағы төлемдер.

- Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым бойынша болжамда 505,0 мың теңге, нақты келіп түскен түсімдер 532,2 мың теңге, орындалу 105,4 пайызды құрады. Асыра орындалуының себебі – төлеушілер санының өсуі.

-Жылжымайтын дүние мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алым бойынша болжамда 4526,0 мың теңге, нақты келіп түскен түсімдер 5414,5 мың теңге, орындалу 119,6 пайызды құрады. Асыра орындалуының себебі – төлеушілер санының өсуі.

- Тиянақталған салықтар бойынша жоспарда 485,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 566,5 мың теңге, орындалу 116,8 пайызды құрады.

- Жоспар бойынша мемлекеттік баж салығы 4488,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 5629,6 мың теңге немесе 125,4 пайыз. Асыра орындалудың себебі – салық төлеушілер санының өсуі.

Салықтық емес түсімдер санаты 105,4 пайызға орындалды, жоспар бойынша 14648,8 мың теңге, келіп түскен түсімдер 15436,7 мың теңге.

Басқа да салықтық емес түсімдер бойынша жоспарда 12465,0 мың теңге, келіп түскен түсімдер 12965,6 мың теңге, орындалу 104,0 пайызды құрады.

206109 коды бойынша келіп түскен түсімдер – 12965,6 мың теңге, соның ішінде:

- Қаржылық бақылау инспекциясының тексерісі бойынша –225,6 мың теңге.



-Тексеру комиссиясы тексерісі бойынша-10136,0 мың теңге

- Басқалар- 2604,0 мың теңге
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 108,8 пайыз, жоспарда 8100,0 мың теңге, келіп түскен түсім 8811,1 мың теңге.
Барлығы 2014 жылы 3 мәслихат сессиясы өткізілді, соның ішінде.

-1 сессия бос қалдықтарды орналастыру, дамуға трансферттерді және ағымдағы трансферттерді нақтылау, бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу бойынша,

қайта бөлу бойынша,

-2 сессия –бюджеттік табыс және шығыс бөлігінің өсуі, бюджеттік қаражаттарды ағымдағы трансферттерді нақтылау, бюджеттік қаражаттарды қайта бөлу бойынша.


2015 жылғы 1 қаңтарға ағымдағы толық төленбеген төлемдер жоқ.



Шығындар бойынша аудан бюджеті 100 пайызға орындалды, нақтыланған жоспарда 3427755,9 мың орындалғаны 3426092,9 мың теңге.

I функционалдық топ «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша шығындар 99,9 пайызға орындалды, жоспар бойынша 354629,2 мың теңге орындалғаны 354381 мың теңге.

Ауданда мемлекеттік қызметшілердің 102 бірлік санымен 18 ауылдық округтер бар, Әкім аппаратында – 22 бірлік, мәслихатта – 6 бірлік, қаржы бөлімінде – 6 бірлік, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде – 5 бірлік.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әкім аппаратына серверлік құрылғылар,проектор, церкульдік үрлегіш, елтаңба, аспашам, ноутбук, бағдарламалық қорғаныш. Ауылдық әкімдіктерге 6 ғимарат малдаргерлік телімдер, компьютер техникасы, мемлекеттік нышандар, бағдарламалық қамтамасыз ету, 2 елтаңба, Жоспарлау және экономика бөліміне видеокамера мен фотоаппарат сатып алынды.

II функционалдық топ «Қорғаныс» бойынша шығындар 99,9 пайызға орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 7031,3 мың теңге орындалғаны 7026 мың теңге. Дәрігерлік куәләндырылуға 600 адам жатты: көктемгі шақырылуда – 338 адам, күзгі шақырылуда – 262 адам. Медициналық сараптаманың құны бір адамға (әскери есепке тіркелген адам) 1390 теңгені құрайды.

Красный Яр ауылдық округінің Уба өзеніне қашықтығы 0,2 шақырым жарылыс жұмыстары жүргізілді, ТЖ ескертуге дизель жанармайынан 7373 литр және 440 дана ыдыс-қап сатып алынды.

Түздік өрттерді сөндіруге 1974 литр мөлшерінде ЖЖМ сатып алынды, соның ішінде 1058 литр бензин мен 916 литр дизель барлық сомасы 199,5 мың теңге. жанармайы.

III функционалдық топ «қоғамдық, тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-орындаушы қайраткерлік» шығындар 100 пайызға орындалды, жоспарда 980 мың теңге, орындалғаны 980 мың теңге.

72 дана металл тіреуішпен жаңа жол белгілері жасалынды және орнатылды.



IV функционалдық топ «Білім беру» 1881050,3 мың теңге сомасын құрады, жоспар бойынша 1882176 мың теңге, ол 99,9 пайызды құрайды.

Шағын орталықтарды және «Балабақша» КМҚК 1 тобын ұстауға «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 43915,0 мың теңге сомасында трансферттер бөлінді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды ұйымдастыруды ұстауға 50328 мың теңге жолданды және шығындалды, балаларға қосымша білім беру үшін 40467 мың теңге жолданды және шығындалды.

Жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапханалық қорын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге 2014 жылға – барлығы 15572,0 мың теңге шығындалды, соның ішінде 24183 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді жеткізуге 467,0 мың теңге шығындалды.

Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2014 жылға 30026,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттің есебінен 25929,0 мың теңге бөлінді. Әуезов атындағы ОМ, Красно Яр ОМ 8194,0 мың теңге сомаға 2 химия кабинеті, Буркотово ОМ 5541,0 мың теңге сомағы 1 мультимедиялық кабинеті, Зубаир ОМ 4097,0 мың теңге сомаға 1 физика кабинеті, Абай ТОМ 4000,0 мың теңге сомаға 1 физика кабинеті, Иванов ОМ 4000,0 мың теңге сомаға 1 информатика кабинетін сатып алу.
Республикалық бюджеттен білім беру базаларында материалдық-техникаларды нығайту және дамыту бойынша 2014 жылға 4097,0 мың теңге Песчанко ОМ 1 химия кабинетіне бөлінді.

Коростелев ОМ балаларды тегін тарату үшін 28975,0 мың теңге сомасында кіші автобус сатып алынды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша барлық сомасы 76103,4 мың тңге қайта жөндеуден өткізуге бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 3052,4 мың теңге, республикалық бюджеттен 73050,8 мың теңге ( «Переменовка ОМ» КММ 1 капиталды жөндеу, «Иванов ОМ» КММ, «Буркотово ОМ»КММ, «Әуезоа атын. ОМ» КММ 3 ағымдағы жөндеу).

Жергілікті бюджеттен білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеуге 8724 мың теңге (30 нысан) бөлінді, Құрал-жабдық сатып алуға 1276,0 мың теңге.

Қазан ауыстыру борлық сомасы 9100,0 мың теңге.

Мектептерге жиһаз сатып алу 356,0 мың теңге.

Генератор сатып алу 779,0 мың теңге.

Спорт құрал-жабдықтарын сатып алу 3738,90 мың теңге.

Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 24269,0 мың теңге мұғалімдердің жалақыларын жоғарлату, «Назарбаев интелектуалдық мектебі» біліктілігін жоғарлату бағдарламасы бойынша (105 мұғалім аудан бойынша).

Республикалық бюджетің қаражаты есебінен 78247,2 мың теңге жұмыс жағдайы бойынша жалақыны 10 пайызға жоғарлату.

Табысы аз және жетім балалар үшін (тамақтануға, мектептік қажеттіліктермен қамтамасыз етуге, жаздық алаңдарда сауықтыру демалыстарына) жалпы міндетті орта білім қоры бойынша шығындар 46455,6 мың теңгені құрады.

2014 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін табысы аз адамдар отбасынан 473 бала демалды. Жетім балалар санатындағы оқушыларды сауықтыру және демалту ұйымдастырылды,Бородулиха ауданында «Уба- Форпостов ОМ» КММ жазғы сауықтыру лагері ашылды. Лагер 2 маусымға 14 күннен жұмыс істеді. Аудан бойынша аз қамтылған жанұя, көп балалы отбасы, жетім балалар, ата-анасының қаруынсыз қалған 140 оқушы демалды. «Радуга» сауықтыру лагерінде Туған өлке бойынша 4712 оқушыларды қамтитын экскурциялар мен 90 көкке шығу орындалды. Табысы аз отбасылардан бір оқушы Италияда демалып қайтты. 2014 жылдың мамыр айында Н.Осторов атын. ОМ оқушысы Бергенова Камилла «British bulldog» конкурсынан 1 орын алғаны үшін Кипр аралдарында демалып қайтты.

Ауданда 23 мектепте 34 елді мекеннен және 7 шағын аудандардан 920 оқушыларды күнделікті тасу жүзеге асырылады. Балаларды тасу үшін 27 көліктік бірлік қызмет етеді.

V функционалдық топ «Денсаулық сақтау» шығындар 100 пайызға орындалды, жоспарда 77 мың теңге,77 мың теңге орындалды. қатты ауырған 18 адамды денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізу іске асырылған.

VI функционалдық топ «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» шығындар 99,9 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 230853,6 мың теңге, орындалғаны 230681,1 мың теңге.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 10 бірлігі ұсталады. Принтер, жүйелі блок, телефон, ту, вирусқа қарсы бағдарлама сатып алынды.

2014 жылы қоғамдық жұмыстарға 347 адам, кәсіби оқуға-30 адам (жолына, тұруына, тамағына, медициналық тексеруден өтуіне шығындар орны толтырылды), жастар тәжірибесіне 18 адам және әлеуметті-жұмыс орнын құруға 15 адам жұмылдырылды.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алуға 1556 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

347 алушыларға әлеуметтік атаулы көмек, 734 отбасына – тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем көрсетілген:

- 13 студенттерге жатаханада тұрғанына, оқуына төлем;

- «Батыр ана» атағын бұрын алған және «Ана даңқының 1және 2 дәрежесі» орденімен марапатталғандар немесе «Күміс алқа», «Алтын алқа» марапатталған көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек – 366 алушыларға төленді;

- кейбір санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметке шығындарды өтеуге материалдық көмек 96адамға (мүгедектер мен ҰОС қатысушылары) 5 мың теңгеден және 146 адамға (ядролық апаттар мен сынақтар салдарынан зардап шеккен тұлғаларға) 2 мың теңгеден;

- 4 балалы және көп балалы аналарға, кәмелетке толмаған балаларға материалдық көмек – 155 алушы.

- 4 балалы аналарға материалдық көмек - 27 алушы

- жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер 95 алушыларға бөлінді;

- 9 мамырға ОСҚ және ОСМ материалдық көмек – 838 адамға;

- Өкпе ауруымен ауыратын науқастарға материалдық көмек –12 адамға;

- Балаларды қорғау күнінде мүгедек балаларға материалдық көмек – 2 адамға;

- 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленді – 648 алушыларға.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек – балаларға материалдық көмек көрсетілген - 24 алушыларға.

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жалақымен жартылай қаражаттандырылуымен, әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтарға кіретін 53 адам жұмысқа тұрды. Жалақымен толық қаражаттандырылуымен 23 адам жастар іс-тәжірибесінен өтуге жіберілді. Кадрлерді қайта даярлауға 17 адам, кадрлердің біліктілігін арттыруға 5 адам жіберілді, Дайындалу кадіріне -10 адам.

VII функционалдық топ «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бойынша шығындар 100 пайыз орындалды, нақтыланған жоспарда 418377,3 мың теңге, орындалғаны 418375,5 мың теңге.

Бородулиха ауданында 59 пәтер үйді дәл қазіргі уақытта аяқтау мақсатында жұмысты бастау 55468 мың теңге немесе жоспар бойынша 100 пайыз,оның ішінде облыстық бюджеттен 54000,0 мың теңге.Облыстық бюджетт қаражаты есебінен инжинерлік желі тартуға 30000 мың теңге.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы аясында Новопокровка ауылдық клубын күрделі жөндеу басталды, аталған шығындарға 12109 мың теңге сома республикалық бюджеттің трансферттерінен бөлінді, Дмитриевка ауылында ағымдағы жөндеу сомасы 9249 мың теңге, аталған шығындарғы республикалық бюджетен 8324 мың теңге, Жаңа Шүлбі ауылындағы ауылдық клубы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 12571,0 мың теңге аяқталған жұмыс. Переменовка ОМ күрделі жөндеуден өткізу 11029,5 мың теңге омасында аталған шығындар республикалық бюджетен 9767 мың теңге, Ивановка ОМ ағымдағы ремонт сомасы 20120,9 мың теңге, аталған шығындарға республикалық бюджеттен 18331 мың теңге сомасында, Әуезов атын. ОМ ағымдағы ремонт аталған шығындарға республикалық бюджеттен 24983,6 мың теңге сомасында, Буркотова ОМ ағымдағы ремонт, аталған шығындарға республикалық бюджеттен 19969,4 мың теңге сомасында, қаражат бөлінген.

Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 7000 мың теңге 1 тұрғын – үй бюджеттік саладағы жұмысшы үшін .

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден новопакровка ауылындағы су құбұрларын жөдеуге 64472 мың теңге қаражат бөлінген, аталған шығындарға республикалық трасферті бюджеттен 58020 мың теңге сомасында 5 шақырым су құбырлары және 2 су айдауыш мұанаралар қойылды.Михаийлченко ауылында Пятилетка 2 су құбырларына ағымдағы жөндеуден өткізілді, Байтанат ауылында су тазартқышты ағымдағы жөндеуден өткізді. дәл қазіргі уақытта шығындалу 38326 мың теңге.

Камышенка ауылында ауыл ішіндегі су құбырларын тарту 4000 мың теңге.

Бородулиха аудандағы Мәдениет үйі және жұмыспен қамту бөлімдер ғимаратындағы жылытқыш қазандықтарын орнату ағымдағы жөндеуден өткізу 10165 мың теңге.

Елді мекендерде көшені жарықтандыру үшін ағымдағы жөндеу сомасы 21320 мың теңге: 65 дана- метл бағаналары, 0,87 т.- тартылған тоқ, 182 дана – ажыратқыш, кабел- 63 м, Көшені жарықтандыружы жөндеу үшін 180 мың теңге сомасында смета жасалды.

Христиандық молаларды қоқыстан тазарту жүргізілді. 31,1 тонна қоқыс тиелді және шығарылды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен көгалдандыру бойынша: 865,7 мың теңге сомаға 923 дана баннер дайындалды, көшені жарықтандыруға -71 шамдал, ғимараттарға 288 дана әр түрлі жанғыш 18020 мың теңге сомасында, гүлдер отырғызу -500 шаршы метр, көшеттер -8000 шашы метр, ағаш отырғызу -23 дана, жасыл көшеттерді отырғызу және суғаруға 16614,9 мың теңге жұмыс жасалды.



«Наурыз» мерекесі қарсаңында оталықтарды тазарту сомасы 428 мың теңге , қоқстарды тазатуға 285 мың теңге сомасынада жұмсалды. Бородулиха ауылындағы 145 ш.м. «Жеңіс» паркін санитарлық тазалау 185 мың теңгеге жүргізілді, 9 мамыр мерекесіне ипподромды дайындау бойынша 270 шаршы м. қашықтықпен 185 мың теңгеге жұмыстар атқарылды, Жеңіс алаңын тазарту жұмыстарына 185 мың сомасында жұмсалды.

VIII функционалдық топ «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша шығындар 100 пайыз орындалды, нақтыланған жоспарда 170906,1 мың теңге, орындалғаны 170876,5 мың теңге.

Ауданда 1 Мәдениет үйі және 9 ауылдық клубтар қызмет етеді. Қызметкерлердің жалпы саны 34,5 штаттық бірлік. Аталған штаттық бірліктер ауылдық клубтар бойынша 16 бірліктен бөлінді.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4000 мың теңге шығындалды, музыкалық аппараттар, мемлекеттік рәміздер, компьютер техникалары, проектор, бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды. 8 наурыз күніне, Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне, ҰОС Жеңіс күніне, балаларды қорғау күніне, жастар күніне, Астана күніне, Конституция күніне, қарттар күніне, мүгедектер күніне, мүгедек балаларға арналған жаңа жылдық шыршасына, Әкім шыршасына арналған іс-шаралар мен мерекелер өткізілді.

Ауданда саны 2,5 штаттық бірлікпен жұмыс істейді. Достық үйінде 9 этномәдениет бірлестіктері: 2 қазақ мәдениеті бірлестігі. Этно-мәдениет бірлестіктерімен бірігіп 7000 адам ауқымымен 75 іс-шаралар өткізілді. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен компьютерлік ттехника және жиһаз 498 мың теңгеге сатып алынды.

Ауданда 22 кітапхана қызмет етеді, штаттық саны 26,5 бірлікті құрайды, соның ішінде 18,5 кітапханашы, олардың 14,5 бірлігі ауылдық кітапханашылар, оқырмандар саны 9800 адам. Кітап берілгендер саны бір жылға 203200 дананы құрады, кітап қорының саны 259925, оның ішінде 51635 мемлекеттік тілде. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 440,0 мың теңге сомасына 20дана сөре, фотоаппарат, ноутбук сатып алынды. 1000 мың теңге кітаптар сатып алынды.

2014 жылға аудандық көлемде 154 спорттық жалпы іс-шаралар өткізілді. Ұлттық спорт түрлеріне 49 адам қатысты, ат жарыстары, тоғызқұмалақ, қазақша күрес ойындары өтті. Облыстық көлемдегі іс-шараларға 167 адам қатысты (қазақша күреске – 10 адам, бокске – 10 адам, жеңіл атлетикаға – 10 адам, 20 адамнан тұратын 2 футбол командасы, 30 адамнан тұратын 3 волейбол командасы, шағын футболға 8 адам, шахматқа 4 адам және шашкиге 3 адам).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 13031,3 мың теңгеге Новопакровка ауылына жасанды жабындымен шағын футбол алаңы салынды.

Ауданда «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» КМҚК қызмет етеді, онда 206 тыңдарман оқытылады, олардың 144 мемлекеттік қызметкерлер. Штаттық саны 7,75 бірлікті құрайды. Мемлекеттік тілді дамытуға байланысты, конкурстар мен іс-шаралар өткізілді.Отралықта сонымен қатар ағылшын тілі, татар тілдерін оқыту бөлімдері ашылды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің - 3 бірлігі, ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің – 4 бірлігі, спорт және дене шынықтыру бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің – 3 штаттық бірлігі ұсталады. Мәдениет бөлімне кресла, көп функциналды құрылғы, процесор барлық сомасы 265 мың теңгң, Ішкі саясат бөліміне ту, қағаз басып шығарғыш, факс, системалық блок, вирусқа қарсы бағдарлама барлық сомасы 211 мың теңгеге сатып алынды.

Ауданда «Пульс района – Аудан тынысы» ЖШС қызмет етеді. «Пульс района» және «Аудан тынысы» газеттері шығарылады, газеттер тиражы 3733 дананы құрайды, олардың 2797 данасы Пульс района және 936 данасы Аудан Тынысы.



X функционалдық топ «Ауыл шаруышылығы» шығындары 100 пайыз игерілді, нақтыланған жоспар бойынша 132959 мың теңге, орындалғаны 132933,6 мың теңге.

Денсаулық сақтау саласының – 5 маманына, білім саласының 12 маманына әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің 2 маманына және мәдениеттің 2 маманына мәдениет саласының 2 маманына, спорт 1 мамана тұрғын үй сатып алу үшін 15 жыл мерзімге жалпы сомасы 55439,8 мың теңгеге бюджеттік кредит ұсынылды.

Әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 18 білім мамандарына, 9 денсаулық сақтау мамандарына, 3 мәденит маманына және әлеуметтік қамтамасыз етудің 2 маманына, спорт саласының 1 маманына жалпы сомасы 4407,8 мың теңгеге республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен жәрдемақы төленді.

Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 9 бірлігі, жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 3 бірлігі ұсталады. Ауыл шаруашылық бөліміне процессор, 2кресло, ,принтер, ноутбук, телефон барлық сомасы 316,1 мың теңгеге сатып алынды,жер қатынастар бөліміне принтер, өрт сөндіргіш барлық сомасы 32,4 мың теңгеге сатып алынды.

Қызмет көрсету бойынша қаңғырған иттер мен мысықтардан тазарту 724 дана 1803,6 мң теңге сомасында жүргізілді.

Вакцинация бойынша республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жұмыстар жүргізілді, соның ішінде: ІҚМ – 245600 будан, ҰБМ – 131400 будан, аттар – 8600 будан, шошқалар-15000 будан, иттер, мысықтар- 9000 будан, құстар - 60000 будан. 102108 будандастыруға диагностикалық тексеру және ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтау бойынша қызметтер жүргізілді. Аталған шығындарға 31959 мың теңге бөлінді, игерілгені 31959 мың теңге немесе 100 пайыз.



XI функционалдық топ «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» шығындар 99,6 пайыз орындалды, нақтыланған жоспарда 11760 мың теңге, орындалу 11715,9 мың теңгені құрады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде мемлекеттік қызметкерлердің 4 бірлігі ұсталады. Жалпы сомасы 315,9 мың теңгеге жиһаз, процессор, вирусқа қарсы бағдарлама сатып алынды..



XII функционалдық топ «Көлік және коммуникация» бойынша шығындар 100,0 % орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 147377 мың теңге, орындалғаны 147376,9 мың теңге. Елді мекендердің көшелерін және автокөлік жолдарын қысқы ұстау бойынша жұмыстар атқарылды, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 19254 ш.м мөлшерінде шұңқырларды жөндеу жүргізілді, 202 км қашықтықпен тұтас жабылған елді мекендердің көшелерін және автокөлік жолдарын қардан тазалау жүргізілді.

XIII функционалдық топ «Басқалар» шығындар 100 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 60731,3 мың теңге, орындалғаны 60721 мың теңге.

Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 4 бірілігі, кәсіпкерлік бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің 4 бірілігі ұсталады. Кәсіпкерлік бөліміне компьютерлік техника, офис жиһазы, 238,4 мың теңгеге сатып алынды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттің есебінен Песчанка ауылында су құбырларын жөндеу ағымдағы жөндеу жұмысы34567 мың теңге сомасында жүргізілді.

XIV функционалдық топ «Ұзақ қызмет көрсету» бойынша 100 пайыз орындалды, жоспарда 12,8 мың теңге, орындалғаны 12,8 мың теңге. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы сомасы өтелді.

XV функционалдық топ «Трансферттер» бойынша 100% орындалды, жоспарда 1480,3 мың теңге, 1408,2 мың теңге орындалды. 2013 жылға жоғарыда тұрған облыстық және республикалық бюджеттен бюджетке аударылды.

XI функционалдық топ «Қарыздарды өтеу» бойынша 100 пайыз орындалды, жоспарда 8405 мың теңге орындалғаны 8405 мың теңге. Бюджеттік кредиттің негізгі қарызы өтелді.

2014 жылғы 1 қаңтарға жағдайы бойынша кредиторлық берешектер 34618,3 мың теңгені құрады.

2014 жылғы 1 қаңтарға жағдайы бойынша дебиторлық берешектер 4494,4 мың теңгені құрады.

2015 жылғы 1 қаңтарға бюджеттік қаражаттардың қалдықтары 5835,5 мың теңгені құрады, соның ішінде табыс бөлігінің асыра орындалуы 4172,5 мың теңгені және мекемелер шоттарындағы қалдықтар 1663 мың теңгені құрады:

- мәслихат аппараты – 7,5 мың теңге - мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- аудан әкімінің аппараты – 60,6 мың теңге, соның ішінде 43,9 мың теңге - жалақы бойынша үнем, 16,7 мың теңге – мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- ауылдық кенттік округтер аппараты – 154,3 мың теңге, соның ішінде 127,4 мың теңге - еңбек жағдайына қосымша төлемдерінен үнем; 26,9мың теңге барлық әкімдіктер және мың теңгеге дейінгі ерекшеліктер бойынша қалдықтар,

- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 172,5 мың теңге, соның ішінде 117,8 мың теңге – жастар іс-тәжірибесінің қатысушылары жұмысқа тұрды, 20,4 - еңбек жағдайына қосымша төлемдерінен үнем 34,3 мың теңге – мың теңгеге дейінгі барлық бағдарламалар бойынша ерекшеліктер бойынша қалдықтар;


- қаржы бөлімі –3,6 мың теңге - мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі – 29,6 мың теңге, соның ішінде 14 мың теңге – мемлекеттік сатып алуды үнемдеу, 15,6 мың теңге - мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі – 14,5 мың теңге мың теңге, соның ішінде 13,4 мың теңге – қызмет көрсетуден үнем, 1,1 мың теңге - мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- ішкі саясат бөлімі-13,2 мың теңге, соның ішінде 12,1 мың теңге қызмет көрсету бойына үнем, 1,1 мың теңге - мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі – 2,8 мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі – 5,0мың теңге мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- жер қатынастары бөлімі – 18,9 мың теңге оның ішінде,16,2 мың теңге қызмет көрсету бойынша үнем, 2,7 мың теңге - мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- білім бөлімі – 1126,6 мың теңге, соның ішінде 868,1 мың теңге - қызмет көрсету бойынша үнем, 172,3 мың теңге- мемлекеттік сатып алу бойынша үнем, 86,2 мың теңге – барлық мектептер бойынша мың теңгеге дейінгі қалдықтар;

- спорт және дене шынықтыру бөлімі-1,2 мың теңге;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі – 44,8 мың теңге, соның ішінде 22,8 мың теңге – қызмет көрсету бойынша үнем, 19,5 мың теңге - ақылы демалысқа шығудан үнем, 2,5 мың теңге – мың теңгеге дейінгі қалдықтар;



- кәсіпкерлік бөлімі – 7,9 мың теңге, соын ішінде 7,4 мың теңге - қызмет көрсету бойынша үнем,0,5 мың теңге- мың теңгеге дейінгі қалдықтар.


Қаржы бөлімінің басшысы м.а. Ю.Сутормина

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет