Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – Қазтест бойынша тестілеу емтиханын өткізу нұсқаулығы



Дата17.07.2016
өлшемі63.41 Kb.
#206438


Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу емтиханын өткізу нұсқаулығы
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау емтиханының мақсаты азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын талаптарға сәйкес мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау болып табылады.

Мемлекеттік тілді меңеру деңгейін бағалау емтиханы болып табылатын ҚАЗТЕСТ тестілеу жүйесі халықаралық деңгейдегі танымал, сәйкес түрдегі шет тілдерін білу деңгейін бағалайтын TOEFL, IELTS, ALTE, DALF/DELF, Zertifikat Deutsch, TestDaf, ТРКИ жүйелерінің негізінде әзірленді.

Емтихан тапсырушыға сұрақ-кітапша мен жауап парағы беріледі. Сұрақ кітапшасы тест тапсырмаларынан тұратын арнайы әзірленген материалдар болып табылады.

Жауап парағы – тапсырмалардың дұрыс жауабын белгілеуге арналған арнайы бланк.

Арнайы бланкпен тапсырылатын емтиханның тест тапсырмалары тұйық сипатта ұсынылған. Әрбір тапсырма ұсынылған төрт жауаптың ішіндегі жалғыз дұрыс жауапты таңдауды талап етеді. Таңдаған жауапты жауап секторындағы сәйкес шеңбершені толықтай бояу жолымен жауап парағында белгілеу қажет.
АУДИТОРИЯ КЕЗЕКШІСІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ
Аудитория кезекшісінің негізгі міндеті – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу емтиханын өткізу кезінде тәртіп пен технологияның сақталуын қамтамасыз ету.

Аудитория кезекшісіне төмендегі міндеттер жүктеледі:

- Аудиторияның әзірлігін тексеру;

- Ұлттық тестілеу орталығынан емтихан материалдарын қабылдау;

- Емтихан тапсырушыларды аудиторияға кіргізу және оларды отырғызу парағы бойынша жайғастыру;

- Емтихан материалдарын ашу туралы – акт бойынша емтихан материалдарын қораптан шығаруды ұйымдастыру;

- Тарату парағына сәйкес емтихан тапсырушыларға тест нұсқаларын үлестіру және оларға емтихан қағаздарын толтыру ережесін түсіндіру;

- Тыңдалым бөлігін өткізу кезінде аудиоаппаратураны іске қосу және ажырату;

- Тестілеуден соң актылар бойынша емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру.

ЕМТИХАН ТАПСЫРУШЫ НАЗАРЫНА
Емтихан тапсырушы жауап парағының барлық бөлігін мұқият толтыру керек.

Қателескен жағдайда жаңа жауап парағы берілмейді.

Бір тапсырманы орындауға бөлінген орташа уақыт: 1 минут.

Тест 150 тапсырмадан тұрады.

Тестілеу уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут).

Қажет жағдайда (жазба, белгілеу үшін т.б.) сұрақ-кітапшаның бос жерлерін қолдануға болады.


ТЕСТ 3 БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ:
1 бөлік – Тыңдалым. Бұл тесті өткізуге аудиотехника қолданылады. Тыңдалым бөлігі сұрақтар мен мәтіндерге негізделген 30 тапсырмадан тұрады. Әрбір мәтін екі рет дыбысталады. Әр мәтінге тест тапсырмалары берілген. Әрбір дыбыстық мәтінді тыңдаған сайын үміткер сұрақ-кітапшадағы сәйкес тапсырманы тауып, жауап парағындағы дұрыс жауапты белгілейді. Тыңдалымды орындап шығуға барлығы 35 минут беріледі.
2 бөлік – Лексика-грамматикалық тест. Тест 70 тапсырмадан тұрады. Орындау уақыты – 50 минут.
3 бөлік – Оқылым. Оқылым бөлігі мәтіндер мен соған сәйкес құрылған тапсырмалардан тұрады. Осы тапсырмалар арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын ұғу деңгейі тексеріледі. Бөлік 50 тапсырмадан тұрады және оны орындауға 55 минут беріледі.
ТЕСТІЛЕУ КЕЗІНДЕ МЫНА ТЫЙЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ:
- орын өзгертпеу;

- емтихан материалдарын рұқсатсыз ашпау;

- өзге үміткермен емтихан материалын айырбастамау;

- электрондық кітапшаны, түзету сұйығын, қол телефон, пейджер қолданбау;



- тестілеудің алғашқы және соңғы сағатында шықпау (қалған уақытта дәлізде кезекшінің ертуімен бір сәтте екіден артық үміткердің шығуына рұқсат етіледі).
Тестілеу аяқталған соң сұрақ-кітапша мен жауап парағы дәрісхана кезекшісіне тапсырылуы керек.

ЖАУАП ПАРАҒЫН ТОЛТЫРУ ТӘРТІБІ


Сектор

Мазмұны

1

Тегі – баспа (печатный) әріптермен толтырылып, әріп түскен торкөз астындағы баған бойынша сәйкес әрпі бар шеңберше ғана боялады. Бір бағанда біреуден артық шеңберше боялмауы керек.

2

Есімі – баспа (печатный) әріптермен толтырылып, әріп түскен торкөз астындағы баған бойынша сәйкес әрпі бар шеңберше ғана боялады. Бір бағанда біреуден артық шеңберше боялмауы керек.

3

Азаматтығы – емтихан тапсырушы азаматтықтар сәйкестеуіш кодына байланысты өз азаматтығының кодын тауып екі таңбалы цифрды сектордың жатық жол тор көздеріне жазып, содан соң әрбір тор көздегі цифрға сәйкес келетін дөңгелекшені бағаннан тауып толық бояйды.

4

Ұлты – емтихан тапсырушы ұлттар сәйкестеуіш кодына байланысты өз ұлтының кодын тауып екі таңбалы цифрды сектордың жатық жол тор көздеріне жазып, содан соң әрбір тор көздегі цифрға сәйкес келетін дөңгелекшені бағаннан тауып толық бояйды

5

Ана тілі – емтихан тапсырушы ана тілінің сәйкестеуіш кодына байланысты өз ана тілінің кодын тауып екі таңбалы цифрды сектордың жатық жол тор көздеріне жазып, содан соң әрбір тор көздегі цифрға сәйкес келетін дөңгелекшені бағаннан тауып толық бояйды

6

Туған жылы – емтихан тапсырушы өзінің туған жылының соңғы екі цифрын сектордың жатық жолындағы тор көздерге жазып, содан соң әрбір тор көздегі цифрға сәйкес келетін дөңгелекшені әр бағаннан тауып толық бояйды

7

Санат – емтихан тапсырушы санаттар шифрларына сәйкес өз санатын тауып сектордың жатық жолындағы тор көздерге жазады, содан соң әрбір тор көздегі цифрға сәйкес келетін дөңгелекшені әр бағаннан тауып толық бояйды

8

Нұсқа – емтихан тапсырушы сұрақ-кітапша үлестірілген соң ғана, сұрақ-кітапшаның мұқабалық бетінде көрсетілген нұсқаны білдіретін үш таңбалы цифрды сектордың жатық жолындағы тор көздерге жазады, содан соң әрбір тор көздегі цифрға сәйкес келетін дөңгелекшені әр бағаннан тауып толық бояйды

9

Деңгейді анықтау – емтихан тапсырушы қазақ тілін меңгерудің қандай деңгейін тапсырғалы отырғанын көрсету үшін сәйкес деңгейдің тұсындағы дөңгелекшені бояу арқылы көрсетеді

12-13-14

Бөліктер тапсырмаларының жауап секторлары – Емтихан тапсырушы жауап парағының Тыңдалым, Лексика-грамматикалық тест, Оқылым бөліктеріне арналған секторларда сұрақ кітапшасындағы тест тапсырмаларына сәйкес нөмірленген тапсырмаға дұрыс деп есептеген дұрыс жауап нұсқасына сай әрпі бар шеңбершені бояу арқылы орындайды. Бір бағанда біреуден артық шеңберше боялмауы керек.

Қате толтырған үміткерге жаңа жауап парағы берілмейді.

Қызметтік секторды толтырған соң, кезекші «Нұсқаларды тарату парағына» сәйкес, қатаң түрде № 1 отырғызу орнынан бастап, сұрақ-кітапшаларын таратады.

Емтихан тапсырушы сұрақ-кітапшадан нұсқа нөмірін жауап парағына көшіріп жазып, одан әрі сұрақ-кітапшаның мұқабалық бетін толтыруы керек.

Қызметтік секторларды толтыру кезінде, кезекші емтихан тапсырушыларға оларды толтыру жөнінде кеңес беруге міндетті.

Қызметтік секторлар толтырылған соң, кезекші тақтаға емтиханның басталу және аяқталу уақытын жазып қоюы тиіс. Осы сәттен бастап, тест орындау басталады да, сұрақ беру мен түсіндіру тоқтатылады. Тест сұрақтарына жауап беру мен жауап парақтарын толтыруға бөлінген уақыт, таза күйінде – 150 минут.

10 минут жауап парағының қызметтік секторын толтыруға бөлінеді.

Тест үш бөліктен тұрады:

1-бөлік – Тыңдалым. 1-бөлікті өткізу үшін, кезекші аудиожазбалы конвертті ашып, жазбаны сәйкес аппаратпен (компьютер, үнжазғы) емтихан тапсырушылар назарына дыбыс күйінде ұсынады. 1-бөлік 30 тапсырмадан тұрады. Орындалу уақыты – 25 минут. 1-бөлік біткен соң, кезекші 2-бөліктің басталғандығын хабарлайды.

2-бөлік – Лексика-грамматикалық тест. Тест 70 тапсырмадан тұрады. Орындалу уақыты – 65 минут.

3-бөлік – Оқылым. Тест 50 тапсырмадан тұрады, орындалу уақыты – 60 минут.
Емтихан кезінде кезекшіге аудиторияны тастап кетуге болмайды. Емтихан тапсырушылар емтихан соңына 30 және 10 минут қалғанда ескертіліп отыруы керек.

Тестілеу уақыты біткен соң, соңғы 3 үміткер аудиториядан бір уақытта шығуы керек.



Тестілеу кезінде бөгде адамдарға аудиторияға кіруге қатаң тыйым салынады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет