2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары



Дата23.02.2016
өлшемі46.5 Kb.
#5210
Заградовка селолық округінің әкімі Б.Төлегеновтың “2010 жылы

округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға

арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасы

Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауының мазмұны Қазақстан азаматтарының өмірінің жақсаруына арналған, халықаралық алаңда мемлекетіміздің намысын қорғау және елдің өркендеуіне әлеуметтік саяси басылымдылығын анықтау болып табылады.

Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің нығаюының маңызды жағдайын құрастырушы болып табылады. Халықаралық аренада біздің Республикамыз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткендігі ТМД елдері арасында беделін өсірді.

Қазақстандық қоғамда патриоттық сезімін және бірлігін нығайтуға ЕҚЫҰ Саммитінің табысты өтуі нығайтты, біздің еліміздің одан әрі экономикалық және саяси дамуын жетілдіруінің қуатты католизаторы болды. Өзі Астанада өткізілу фактісі біздің аймақтағы тұрақтылықтың генераторы ретінде Қазақстанды негізі саяси қабылдауда жақсы жағынан көрсетті.

Астаналық Саммит жылдың саяси-қоғамдық және глобалды мағынасы бар уақиға. Өздігінен өзін Отаның үшін мақтан тұту – облысымыздың әр тұрғынына маңызды.

Тәуелсіздік біздің еліміздің қалыптасуының негізі болып табылады. Мемлекет және оның әр азаматы оның сақталуына барынша толық күшін салуы керек.

Мемлекеттің нығаюы және Қазақстан халқының біркелкілігі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана ел басқаруының арқасында болып жатыр. Біз толығымен Мемлекет басшысының бастамасын толығымен қолдаймыз және оның көздеген жоспарларының орындалуына барлық үлесімізді саламыз.

Селолық округ аумағында бес елді мекен бар, 533 аулада 1915 адам тұрып жатыр, соның ішінде мектепке дейінгі балалар 153, мектеп жасындағы 290, экономикалық белсенді халық 1168 адам, мүгедектер 50 адам, мүгедек балалар 7, зейнеткерлер 205 адамды құрастырып жатыр. Ұлы Отан Соғысына қатысушылар - 2 адам.

Округте заманауи техникалар мен технологиялармен жабдықталған, сонымен қатар қаражатпен жеткілікті қамтамасыз етілген ірі агроқұрылымдар бар. Мемлекет-тің қолдауының арқасында олардың өндірістері өсуде. Барлық шаруашылықтар керекті әрі сапалы агротехникалық іс-шараларды жүргізеді. Егістікке сәйкес құрылым ұтымды әзірленген. Соның арқасында 2079 гектар аумағында дәнді-дақылдар егіліп, өнімділіктің деңгейі бір гектардан 8,7 ц болды.

Бидайдың сапасын көтеру үшін барлық шаруашылықтар жұмыс істейді. Ал И.Фисенко шаруашылығы «Заградовское» ЖШС тұқымдық өсімдіктер өсіру мәртебесіне ие. Дәнді-дақылдарға ауыстыруды енгізу, дәндідақылдармен әрқашан жұмыс істегендіктен, шаруашылықтың біркелкі жоғары өнімді егін алуға мүмкіндік бар, округтің және ауданның басқа шаруашылықтарын жоғары сапалы дәнді-дақылдармен қамтамасыз етеді.

«Заградовское» ЖШС 1163 бас қазақ ақбасты тұқымды фермасы және де жекеменшік аулалары мал өсіру саласымен айналысады.

Мал өсіру бағдарламасы көрсеткіштері Заградовка селолық округі бойынша 100% орындалуда.

Селолық округте малды жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Жасанды түрде 68 сиыр ұрықтандырылды, барлығы жасанды ұрықтандыру 6 % құрайды. Халық арасында асыл тұқымды төл алуы ісінде жасанды ұрықтандыру артықшылығы туралы, малдың онан арғы өнімділігі туралы айтылып, түсіндіру жұмыстары өткізіледі. Округте ветеринарлық инспектор және лицензият мал дәрігері жұмыс істейді, олар уақытында барлық қажетті мал дәрігерлік шараларды жасайды.

Биыл селолық округке жас маман ветеринарлық дәрігер Андрей Петрович Жидяев жұмысқа алынды, ол малды союдан бұрын қарау, ветеринарлық төлқұжат және басқа да ветеринарлық жұмыстарды жүргізеді.

Тұрғындардың өз өнімдерін Петропавл қаласындағы жәрмеңкеге апарып сатуға мүмкіндіктері бар. Біздің округте жыл ішінде 23 ауылшаруашылық жәрмеңкелерге қатысып, 4,4 млн. теңге сомасына өнімдер сатты.

Заградовка селолық округінде «Заградовское» ЖШС-інде диірмен бар, өнімділігі жылына 750 тонна. «Заградовское» ЖШС наубайханасы тәулігіне - 300 бөлке нан, «Прометей-Агро» ЖШС наубайханасы тәу-лігіне 600 бөлке нан пісіріп шығаратын екі шағын нау-байхана бар.

2010 жылы «Заградовское» ЖШС тұшпара мен котлет өңдейтін цех ашылды және де ЖК Жидяева дүкен ашты.

Бүгінде Тонкошуровка-Заградовка-Явленка-Петропавл, Заградовка-Горный-Антоновка-Көкшетау, Гусаковка-Горный-Явленка-Петропавл, Заградовка-Явленка 4 жолаушылар тасымалдаушы көліктері жүреді.

Горный селосында жеке кәсіпкер Грицайдың жағар май станциясы бар.

Селолық округте цифрлік станция бар. Қалаушылардың барлығына телефон орнатылды, осы уақытта телефон қоюға өтініштер жоқ. Округ бойынша абоненттер саны 427. Тұрғындар ұялы байланысты пайдаланады. «MEGALINE» сауда маркасы атындағы жоғары қашықтықтағы Интернет желісін қосу жұмыстары жалғасуда. Қазір осы қызметті 47 тұрғын пайдаланып отыр.

Абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізгені үшін біздің округ ауданда 2 орынға ие болды.

Елдің даму бағдарламасының басымдылығы білім беру сапасының артуында және білім беру құрылымдылығының нәтижелілігін құрастыруда.

Селолық округте 4 мектеп бар, барлығында телефон байланысы орнатылған, 3 мектеп Интернет желісіне қосылған. Ағымдағы мектепті жөндеу жұмыстарына, 1-4 сынып балаларының тегін тамақтануына бюджет қаражатымен қатар: «Заградовское» ЖШС Заградовка орта мектебіне -340 мың теңге; «Прометей-Агро» ЖШС - 270 мың теңге; Тонкошуровка негізгі мектебіне «Заградовское» ЖШС - 80 мың теңге; «Прометей - Агро» ЖШС 30 мың теңге; «Родичи» ЖШС 50 мың теңге.

Селолық округте жұмыспен қамту және аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау бағдарламасы бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес өткен ағымдағы жылы 5 жанұядағы 20 адамға 333,8 мың теңге сомасында және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 18 жанұядағы 39 адамға 496,1 мың теңге мөлшерінде көмек бөлінді.

«Қарттар күні» айлығында 241 зейнеткер 291,8 мың теңге сомасында көмекпен қамтылды. Барлығы өткен жылы қайырымдылық көмекпен 749,8 мың теңге сомасында азаматтарға көмек көрсетілді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын жүзеге асыру аясында селолық округте жол картасы жасалынды. Жол картасын жүзеге асыруда 1 әлеуметтік орын құрылды, 3 орын жастар тәжірибесі бойынша. Кәсіби оқудан төрт адам өтті: олардан 1 аспаз, 2 электрик, және 1 шаштараз.

Дені сау өмір және өз денсаулығына ынтымақтастық жауаптылық принциптері-тұрғындардың тұрғылықты өмірінің және денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясаттың негізі болуы керек.

Мемлекет денсаулық сақтау мекемелерінің базаларының жақсаруына үлкен мағына бөледі. Жұмысты ұйымдастыру жолдарында заманауи қағидаттарына стандарттарына ауысты. Округте емхана амбулаториясы жұмыс істейді, онда патронаждық кабинет, физиокабинет, гинекологиялық кабинет, зертхана бар.

Тұрғындардың мәдени бос уақыттарын селолық кітапханасы қамтамасыз етеді, онда компьютер, принтер, магнитафон бар. Кітапхана ішінде зейнеткерлерге арналған «Нескучная пятница» клубы бар. Селолық округ аумағында мерекелік іс-шараларды өткізуге Мәдениет үйі, 2 селолық клуб қызмет істейді.

Селолық округтің әкімшілігі жанында полиция пункті бар. Учаскелік инспектормен құқық бұзушылықтан қылмыспен күрестің алдын алу бойынша жұмыс жүйелі түрде жоспар бойынша жүргізіледі.



Біздің селолық округ бойынша Есіл ауданының ІІБ алдын алу есебіне әр түрлі категорияда 16 адам тіркелген. Жүктемелі түрде алкогольдан емделуге ешкім жіберілген жоқ. 68 әкімшілік хаттама құрылған. Барлығы 545027 мың теңге сомасына айыппұл салынып, 427900 алынды.

Есіл ауданы әкімінің және селолық округ әкімінің есептік кездесулері кезінде 5 сұрақ түсті, соның 2 бақылауға алынды, олар бойынша іс-шара жасалынды. Осы уақытта олардың барлығы оң шешімін тапты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет