Ақшәулі ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары Құрметті жолдастар!



Дата04.07.2016
өлшемі70 Kb.
#175952
Ақшәулі ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық

дамуының 2014 жылғы қорытындылары

Құрметті жолдастар!

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес әр деңгейдегі әкімдер халық алдында істелген және келешекте істелетін жұмыстар жөнінде «Есептік кездесу» өткізу жүктелген. Осыған орай сіздерге 2014-ші жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндамамды ұсынып отырмын. Атқарылатын жұмыстар бойынша 4- жылдық іс – шара жоспары жасалып аудан әкімі Нұрбол Жолдасбекұлымен бекітілген. «Бірінші экономика содан кейін саясат» принципі негізінде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау төңірегінде шоғырландыра отырып, осы салалардың дамуына өз күш жігерімізді жұмылдырып келеміз. Соған сәйкес өткен жылы ауылымыз осы басылымдықтарды есепке ала отырып дамыды, бұл әлеуметтік – экономикалық салаларына оң нәтиже әкеп отыр.Нарын ауылдық округінің құрамына 4 елді мекен кіреді. Орталығы Шынқожа ауылында 261 шаңырақ, 1361 адам; Ай елді мекенінде 15 шаңырақ 102 адам; Қарауыл елді мекенінде 10 шаңырақ, 66 адам; Төленді елді мекенінде 13 шаңырақ, 51 адам тұрып жатыр. Жалпы 299 шаңырақ, 1580 адам тұрады. Барлық ауылдарға электр қуаты тартылған ,телефон байланысы қосылған. Шыңқожа , Ай елді мекендері Алматы – Өскемен тас жолының бойына орналасуына орай жол қатынасынан бөгет жоқ.



Халықтың әлеуметтік жағдайы

Халықтың әлеуметтік жағдайына тоқталатын болсам, кімге еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік көмектер тиесілі болса, уақытылы төленіп келеді. Атап айтқанда; зейнетақы алатындар саны – 142адам, асыраушыларынан айырылған отбасы саны – 13 адам, 1-2-3 топтағы мүгедектер саны 46 адам. ҰОС ардагері 1 адам, 4 баладан жоғарғы отбасылар саны 26 адам, 1 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алатындар 15 адам. Көп балалы аналар саны 49 адам. 1 жастан 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар 40 адам. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар саны 38 адамды құрайды. Бюджеттік мекемелерден жалақы алаатындар саны 107 адам. Жалпы жиыны 326 ауыл тұрғындарына мемлекет бюджетінен 98млн 193 681 тг зейнетақы мен жәрдемақы төленеді. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ауылымыздың 8 тұрғыны қосымша мамандық алу үшін оқуға жіберіліп оқытылды.



Білім беру саласына тоқталатын болсам.

Нарын ауылдық округінде «Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін» 1 орта мектеп бар. Онда 243 оқушы оқып , 46 ұстаз білім береді және мектептің шаруашылық жұмыстарына 24 адам тартылған . 2014 жылы 13 түлек мектеп қабырғасын тәмамдап , бәрі де бірыңғай ұлттық тестке қатысып , осыдан 1 алтын белгі , бір үздік аттестат алып, аудан мектептері арасында 4 орынға ие болдық. Бұл мектеп ұжымының үлкен жетістігі деуге болады. Өткен жылы Қайранбаевтар жанұясы өз қаражаттарымен 1 млн 100 000 тенгеге биология кабинетін жөндеп берсе, К. Уатаев қазақ тілі кабинетін жасауға өз қаражатынан 1 млн 500 000 теңге бөліп жасатып берді. Мектеп ішінде түстен кейінгі уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі секциялар жұмыс істейді жәнеде аптаның сәрсенбі, жұма күндері кешкі 17:00 – ден 20:00 –ге дейін ауыл жастарына мектеп спорт залы ашық. Сондай – ақ, мектебіміздің ұстаздары жеке демеушілік көрсетіп, жартылай жетім, ата- анасы жұмыссыз отырған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларын оқу – құралдарына көмек көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының 1-4 класс103 бала әлеуметтік жағынан аз қамтылған 65 балалар ыстық тамақпен қамтылып отыр. Материалдық техникалық базасы жақсы мектеп интернет желісіне қосылған.



Дәрігерлік көмекке тоқталатын болсам.

Нарын ауылдық округі бойынша 1 емдеу мекемесі бар. Емдеу мекемесінде 1 жоғарғы білімді дәрігер,6 арнаулы білімі бар мамандар 1 тазалықшы , 1 жүргізуші жұмыс істейді.Былтырғы жылы табиғи өніммен 25 бала дүниеге келді. Дәрігерлер округ елді мекендерін аралап, профилактикалық қарау, егу, диспансерлік бақылау және ауырған науқастарды уакытында қарап,емдеу жұмыстарын жүргізеді.Жыл сайын ауданнан жылжымалы ем көрсету құрылғысы келіп қызымет көрсетіп отырады.



Мәдениет және спорттық іс – шараларға тоқталсам

Ауылда әр мәдени іс- шаралар мәдениет қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының қатысуы және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткізіліп отырады.Әр іс – шараға ауылдың азаматтарымен шаруа қожалықтары және ауылдың кәсіпкерлері өздерінің демеушілігін көрсетіп турады. Ауыл жастары спорттық жарыстарға белсене араласып отырады. Осыған орай ауданда өткен даңқты палуан Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен XVIII халықтық спорт ойындарында Нарын құрама командасы жүлделі 5-ші орынға ие болды. Сонымен қатар аудан орталығында волейболдан өткізілген аудандық чемпионатта қыздар командасы 1-ші орын алып ауыл мәртебесін бір асқақтатып тастады.



Салынған құрылыс.

Нарын ауылдық округі бойынша салынған құрылысқа тоқталатын болсам, былтырғы жылы малшыларға арнап 2 үй 162 шаршы метрге ,4 мал қора 1400 шаршы метрге және 1 мал сою алаңы шаруа қожалық иелерімен салынды.Одан тыс жеке кәсіпкер Е. Ақымжанов өз қаражаты арқылы құны 9 млн тг болатын 40 км дан жолаушыларға арнап кафе , қонақ үй монша және машина жөндеу шеберханасын іске қосты. Жеке кәсіпкер Е. Кенжешов құны 35 млн тг болатын жылы- жай мен көкеніс сақтау қоймасын бітіріп іске қосып отыр.Салынған құрылыстардың шаршы метрлары аудандық құрылыс бөліміне өткізілген. Бүгінгі күнде құжаттарын заңдастыруда.



Жерге иелік жүргізу

Жерге иелік жүргізуге тоқталатын болсам, Нарын ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 117600 га құрайды. Осыдан ауыл орталығы мен елді мекендердің жер көлемі 38629 гектарды құрайды. Шаруа қожалықтарына берілген жер көлемі 75170 гектарды құрайды.Өткен жылы облыстан келіп жерге инвекторизация жасап.Ш/Қ алып қолданылмай отырған жер көлемі анықталған. Осыдан аудан әкімінің жер қорына 10700 га жер қайтарылды. Әліде қолданылмаған, игерілмеген жерлер қайтарылады. Өткен жылы жаңадан шаруа қожалық ашуға және жер көлемі аз шаруа қожалық иелеріне 5600 га жер заң талабына сай берілді.



Кәсіпкерлік саласы бойынша

Ауыл бойынша 4 дүкен, 1 тойхана, 1 қатымхана, 3 дәмхана, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 сто, 1 жанар жағар май станциясы, 1 жылыжай, 1 почта, 1 мал сою алаңы және 2 наубайхана халыққа қызмет көрсетуде. 1 наубайхананы 2020 бағдарламасы бойынша Г.Тухметуллина 1 млн. тенге несие алып ашып отыр. Жәнеде осы бағдарлама бойынша М.Бұзаубаева ауыл жастарына кафе ашу үшін 2 млн.тенге алды. Тұрақтылық қоры арқылы берілетін арзан ұнды наубайхана иелері алып отыр.



Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы ауылдық округтегі ең басты сала болып табылады. Ауыл тұрғындарының негізгі күн көріс көзі мал шаруашылығымен айналысу болғандықтан, округ бойынша мал басы жыл санап өсуде. Сондықтан бұл саланың одан әрі дамуы жергілікті халықтық әл ауқатын арттырудың, сонымен бірге округтағы мал өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыратын бірден-бір жолы болмақ. Бүгінгі күні округ бойынша 95 шаруашылық құрылса, осыдан 42 шаруашылық қыстамаларға орналасқан.



р/с

Тобы

01.01.14ж

01.01.15ж

%

1

Ірі -қара

3011

3634

120,6

2

Қой

13360

15392

115,2

3

Ешкі

1502

1850

123

4

Жылқы

910

1163

127,8

5

Құс

2500

2600

104

Өндірілген өнімдер

р/с

Өнім түрлері

2013ж

2014ж

%

1

Ет

6701

8431

110,8

2

Сүт

16710

18300

103,5

3

Жұмыртқа

87,5

88,5

100,6

4

Жүн

246

246

100

«Егіннің ебін, сауданың тегін – оқып үйреніп, мал ізде»- деп, Абай атамыз айтқандай, қазіргі уақытта мемлекет мал өсіруді қолдау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп. Соның ең бастысы мал шаруашылығына субсидия түрінде берілетін жәрдем- қаржы мұның өзі мал өсірумен айналысатындар үшін үлкен қолдау. Осы бағдарлама аясында ірі қара малына субсидия алу үшін 10 шаруа қожалықтан құжаттары өткізіліп осыдан 5 шаруа қожалық иелері 22.857.000 млн теңге қой малына, 3 шаруа қожалық иесі, 7.580.000 млн тенге жиыны 30.437.000 млн тенге алып отыр. Осы бағдарламалар округтің әлеуметін арттыруға өз септігін тигізуде. Бүгінде мал шаруашылығындағы ұстаным малдың генетикалық потенциалық арттыру болып табылады. Мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл болуде. Осыған орай өткен жылы «Халел» ш/қ иесі К.Оспанов 1 бас асыл тұқымды бұқасын, «Әдлет-2» ш/қ иесі А.Жалбағаев 1бас бұқа және 20 бас асыл тұқымды қошқар, «Нұр» ш/қ иесі Ш.Рамазанова 1 бас асыл тұқымды бұқа әкеп отыр.Мал шаруашылығын қатаң мал азығымен қамту мақсатында 2014 - 2015 – ші жылдарға ауыл бойынша 10500 тонна шөп дайындалып жиналды. Биылғы жылы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша мал шаруашылығымен айналысам деген 15 ауыл азаматына несие алу үшін ұсыныс берілген. Осыдан екеуі ғана несиеге қол жеткізіп отыр, біреуі жылқы малын көбейтуге, екіншісі ірі- қара малына . Алайда кепілдеме қою арқылы 6 ты азамат несие алып отыр, біреуі жылқы малына қалған бесеуі ірі- қара малын алу үшін , жалпы алынған несие 23 млн тенгені құрайды.Несиеге әкелінген малдар саны жылқы 29 бас ірі – қара 77 басты құрайды. 2014-ші ж жаңадан алынған техникалар «Үйрек-тас » ш/қ 2 –МТЗ – 82 тракторын , 1 шөп пірестегіш «Рысбек» ш/қ 1- МТЗ -82 тракторын 1 шөп престегіш, «Шынтемір -1» ш/ қ 2 МТЗ- 92 тракторын және 1 шөп шабатын 1 шөп престегіш әкеп отыр. Мемлекет тарапынан мал ауруларының алдын алу үшін дәрі- дәрмекке 4млн 609,000 мың тенге бөлініп отыр.Ауылда қанғыбас иттердің көбеюіне байланысты 2014-ші ж желтоқсан айында 30 ит атылды және мал қорымына тасталды.

2014- ші жылы істелген жұмыстарға тоқталатын болсам

Аудандық бюджеттен ауылдың ішкі сыртқы тазалығына 800,000 мың тенге бөлініп қазан айының ортасында толық тазаланды. Ауыл орталығындағы вет-пунктті ағымдағы жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 700,000 мың тенге бөлініп жасалуда. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Шынтемір-1» ш/қ иесі өз қаражат есебімен 600,000 мың тенгеге ауылдың кіре берісіне саябақ жәнеде ауылдың төлқұжатын 100,000 мың теңгеге жасап берді.Ауыл азаматтарының көмегі арқылы 80,000 мың теңгеге балалар ойын алаңы ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ауыл орталығындағы саябақтың жарығын қосуға Ж.Сатимбеков азамат өз қаражатынан 50,000 мың теңге бөліп жасатып берді.Қала тұрғыны А. Ысқақов демеушілігімен домбыра, қобыз мүсіндерін және жаса Қазақстан жазуын орнатып берді. Биылғы жаңа- жыл мерекесінде 143 балаға ауыл азаматтары сый – сыйапат жасады.



Құрметті ауылдастар

Халқымызда «Береке басы – бірлік» деген қанатты сөз бар. Қай қоғамда да бірлігі бекем елде ғана береке болған. 1 жыл ішінде қандай жұмыстар атқарылса да көз алдарыңызда істеліп жатыр. Әлі де талай жұмыстар ауылдың гүлденуі, көркеюі үшін жасалады. Нарын ауылдық округінің әкімшілігі халықтың әлеуметтік деңгейін жақсартуға қолдан келгенше өз үлесін қосады деп сендіремін.Тыңдағандарыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет