Курчатов қаласының әкімі А.Н.Генрихтың 2010 жылғы халық алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасы
Қайырлы күн, құрметті курчатовтықтар!
2009 жылы Қазақстан жаһандық экономика мен саяси процестерге бетбұрды.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты өзінің жыл сайынғы Жолдауында жолдарды, әлеуметтік инфрақұрылымдарды, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асырудың және экономиканы одан әрі жаңғыртудың жаңа жоспарын ұсынды. Осы құжат «Жол картасы» деген атау алды.
Өткен жылдың оң қорытындысы дағдарысқа қарсы қолданылған шаралардың айқын көрінісі.
Есептік жыл жалпы облыс пен қала үшін тиімді болды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өңірлік өңімінің көлемі 900 млрд.теңгені құрды. Шығыс Қазақстан облысында бюджеттік қаражаттарды игеру пайызы республика бойынша орта көрсеткіштен жоғары. Облыс бойынша 50 мыңға жуық жұмыс орындары құрылып, шаруашылық субъектілеріндегі еңбекақыны төлеу бойынша қарыздар жылдың соңына алтыға дейін төмендеді.
Курчатовтықтар да барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді орындады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингісінің қорытындылары бойынша Курчатов қаласы өзінің тобындағы сегіз қалалар мен аудандар арасында Семей және Өскемен қалаларынан кейін үшінші орынға ие болды.
Бүгінгі күнге статистика мәліметтері бойынша қалада 11038 адам тұрады. Оның ішінде орыстар -54%, қазақтар -39 %, украиндар -2%, немістер- 1,4%, басқа ұлттар -3,6%.
Курчатов қаласының ірі және орта кәсіпорындарындағы орташа айлық номиналды еңбекақы 2009 жылдың қараша айында 78453 теңгені құрып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең жоғары деп саналды.
Ағымдағы жылдың 12 айына 1 миллиард 117 млн.теңге сомасына өнеркәсіптік өнім өндірілді.
Тау кен өнімін өндіру саласында 674,8 млн.теңге сомасына өнім өндіріліп, өндірістік сипатта қызмет көрсетілді.
Өндірістік өнеркәсіп саласында төмен көрсеткіш байқалды. Себебі ағымдағы жылы «Луч» БӨЖ» ЖШС негізінен бұрын орнатылған өлшем жүйелеріне қызмет көрсету және жаңғыртумен айналысқандықтан бұл көрсеткіш төмен болды.
2
2008 жылмен салыстырғанда 5% жоғары электр қуатын, газ бен суды өндіріліп, бөлінді және өндірістік сипатта өнім өндірілді.
Өндірістік өнімнің негізгі үлесі тау кен өндірісі, оның көрсеткіші 57,3%, өндірістік өнім 18%, электр қуатын, газ бен суды өндіру, бөлуге -24,7%.
Республикада еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының Бесжылдық жоспары жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның шеңберінде Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.
Сонымен 3 шілдеде мемлекет Басшысымен өткен телекөпір кезінде мұнай-газ желілер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін полиэтилендік және сәуле шығару материалдарын өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы электрондарды тездету өндірістік ЭЛВ-4 базасында радиациялық технологиялар кешендерінің технологиялық желілері пайдалануға енгізілді. Осы өндірістік кешен технологиялар паркіне шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға мүмкіндік берді.
Жоспарға байланысты 2010 жылы қозғалмалы құрам үшін радиациялық-тігілген біріктіру жендерді («Демпург-PNT» ЖШС) өндіру және жарылғыш заттарды («Аммонит» ЖШС) өндіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру басталады.
2010 жылы КТМ ТОКАМАКТЫ сынақтан өткізу жоспарлануда.
Радиациялық қауіпсіздік және экология Институты 2010-2011 жылдары оқыту-ақпараттық орталықты және жеке дозаларды бақылау зертханасын ашу үшін Құнанбай көшесі,18-үйінің бойында орналасқан ғимаратты, сонымен қатар сынақ жүргізетін алаңдарды ұлғайту үшін зертханалық корпусты қалпына келтіру жөніндегі жобалар жүзеге асыратын болады.
Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер қала аумағында 2 шаруа қожалықтары мен тұрғындардың өз шаруашылығы.
Жүзеге асқан ет пен құс салмағы – 115,3 тонна, өндірілген сүт – 650,9 тонна, жұмыртқа-46,1 мың дана, өсім 24,9% көрсетті. Ауыл шаруашылық мал басы артты.
Мал шаруашылығын дамыту үшін екі шаруа қожалықтарына 2010 жылы ірі қара малдың 250 басын сатып алуға шешім қабылданды.
Қалаға келетін оралмандарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына жер учаскелері бөлінетін болады.
Орта және шағын бизнес - қала экономикасының ең маңызды бөлігі және оның басты қоры.
Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету және дамыту Бағдарламалардың іс-шараларын орындау нәтижесінде негізгі көрсеткіштердің оң үрдісі байқалуда.
3
Шағын бизнестің 62 кәсіпорыны тіркелді, оның ішінде жұмыс жасайтындары -35.
Шағын бизнес субъектілерінен салық түсімдері 83,9 млн.теңгені құрды, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 23,8% жоғары, жергілікті бюджетке түсімдер 13,0% жоғарлады.
Бағалардың деңгейіне бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қаланың сату орындарында негізгі өндірістік және өндірістік емес тауарларға күнделікті бағалар мониторингісі жүргізілуде, инфляциялық процестерді ұстау мақсатында меморандумдарды келісу жүзеге асырылады. Қала әкімдігінің және нан пісіру наубайханалары мен сауда жүйелерінің өкілдері арасында меморандум келісілді, осыған байланысты 500 грамм салмақтағы бірінші сұрыпты нанды сатуға 2 теңгеге үстеме белгіленді.
Жыл бойы нан бағасы өзгеріп отырғанын анықтау қажет, нан бағасы жоғарлады, одан кейін төмендеді. Жеке кәсіпкер Петр Евгеньевич Надеевтің бастамасы бойынша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында 2010 жылдың 15 қаңтарынан бастап нан бағасы 40 теңгені құрды, ал «Городок» әлеуметтік дүкенде бір бөлке нан бағасы 35 теңге.
Сонымен қатар негізгі өндірістік өнімдерді сатуға 10% үстеме қолдану туралы 17 дүкен иелерімен, ет өнімдерін жүзеге асыру кезінде 15% төмен бағада әлеуметтік баға бойынша етті сатуға екі шаруа қожалықтардың басшыларымен меморандум келісілді.
Жеміс-жидек өнімдеріне бағаларды төмендету мақсатында қалада төмен бағада жеміс-жидектерді сату бойынша екі арнайы дүкен жұмыс жасайды.
Жыл бойы жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің, сонымен қатар жақын орналасқан елді мекендердің ауыл шаруашылық өнімдерді өндірушілердің қатысуымен 24 жәрмеңке өткізілді.
Есептік кезеңге 2 кафе, 5 дүкен, бір бизнес-орталығы, темір есіктер мен құралдарды өндіру бойынша цех ашылды.
2010 жылы «Автодиагностика» КҚС, «Запчасти» дүкенің, екі өндірістік дүкенді, «Құрылыс материалдары» дүкенің, өнеркәсіптік емес тауарларды жүзеге асыру дүкенің, ЖҚС ашу жоспарланды.
Әлеуметтік қорғау бойынша барлық мемлекеттік бағдарламалар толық көлемде орындалды.
872 жаңа жұмыс орындары құрылды.
2010 жылғы 1 қаңтар жағдайына ресми түрде тіркелген адамдар саны 52. Төмен қамтамасыз етілген азаматтар саны 2008 жылмен салыстырғанда 8
адамға төмендеп, 230 адамды құрды.
450 адам коммуналдық қызметтерді төлеу үшін бөлшектік өтемақы алды (ҰОС қатысушылары, мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғалар).
2010 жылы әлеуметтік жағынан төмен қамтамасыз етілген халықты қорғауға бағытталған барлық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
4
Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Жеңістің 65-жылдығына орай іс-шараларды өткізуге аса көңіл бөлінетін болады. бүгінгі күнге жұмыс жоспары бекітіліп, қала бюджетінде қажетті қаражат көлемі анықталды.
Халықтың орта номиналды ақшалай кірістері 3 тоқсанға 44 971 теңгені құрды, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 18,1% жоғары және облыстың орташа деңгейінен 41,8% жоғары.
Күн көрістің төменгі деңгейі 11087 теңгені құрды.
Қалада үш жалпы білім беретін күндізгі мектептер (қыркүйек айында ғимараттың күрделі жөндеуін жүргізгеннен кейін мемлекеттік тілде оқыту мектебі ашылды), 280 орынға арналған бала-бақша, балалар саз мектебі, екі балалар жасөспірімдер клубы, балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды.
Мектептер жанында мектеп алды сыныптар ашылды, осының арқасында бала-бақшаларда бос орындар пайда болып, балаларды қосымша қабылдауға мүмкіндік пайда болды, ал 5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлықпен қамту 100% құрды.
Қаланың білім беру жүйесін ұстауға 239,3 млн.теңге бөлінді (қалалық бюджеттен 30%), оның ішінде:
- білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға -31,3 млн.теңге, сонымен қатар қазақ тілінде білім беретін мектепті құрал-жабдықтармен жабдықтауға 25,6 млн.теңге бөлінді;
- күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 39,4 млн.теңге, оның ішінде бірінші мектепте жөндеу жұмыстарын аяқтауға 36,0 млн.теңге және №3 орта мектепте шатырды күрделі жөндеуге 3,4 млн.теңге бөлінді.
1-4 сынып оқушылары мен төмен қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, туберкулез вирусы анықталған балар тегін тамақтанады.
Он бірінші сыныпты аяқтаған 107 оқушыларың ішінен жоғары оқу орындарына 52 адам түсті (49%), оның ішінде: бюджетке -32 адам, ақылы оқуға -20 адам.
Барлық білім беру мекемелері Интернет жүйесіне қосылған.
Жыл сайын балалар жасөспірімдер спорт мектебінде спортпен шұғылданатын балалар саны артуда, 2009-2010 оқу жылдарында 350 бала білім алуда. 2009 жылы балалар таэквондо, гір тасын көтеру, қол күресі және шағын-футбол бойынша жарыстарда алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Бірақ 2010 жылы білім беру сапасын арттыруға, ҰБТ тапсыруға бағытталған жұмыстардың деңгейін жоғарлату бойынша нақты шаралар қолдану қажет. Көктем түсуімен мектеп алды алаңдарды көркейту, «Берег» демалу базасын ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастап, білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет; бала-бақшаны қалпына келтіру немесе құру мәселесін шешу.
5
Денсаулық сақтау саласы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын жақсартуға, аналар мен балалардың денсаулығы жағдайын жақсартуға, әлеуметтік-маңызды аурулардан ауруға шалдығуды және өлімді төмендетуге, халықтың денсаулық деңгейін жоғарлатуға бағытталған.
2009 жылы қалалық аурухананы қаржыландырудың жалпы көлемі 124,8 млн.теңгені құрды, көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 15,7% жоғары. Облыстық бюджетте қаражаттың болмауына байланысты 2009 жылы қалалық аурухананың ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыруға қаражат бөлінген жоқ.
2009 жылғы 1 желтоқсанға туу көрсеткіші 186 адамды, өлім көрсеткіші 95 адамды құрды. Табиғи өсім 91 адам.
Ауруға шалдығу мен өлімнің деңгейін төмендету мақсатында амбулаторлы-емханалық, стационарлық және диагностикалық қызметтер көрсету жетілдірілуде.
2010 жылы қалалық аурухананың ғимаратын күрделі жөндеу мен оған қарасты аумақты көркейту жұмыстарын жалғастыру қажет.
Құрылыс. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 489,8 млн.теңгені құрды. Жалпы алаңы 228,0 шаршы метрге тұрғын үй ғимараттары пайдалануға енгізілді.
«Ертіс» ӘКК «Нұрлы көш» республикалық бағдарламаның шеңберінде 2009 жылы оралмандардың отбасылар үшін көп пәтерлі 4 үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Отбасылар Курчатов қаласына көшіп келуді бастады.
Курчатов қаласына азаматтардың келуімен тұрғын үйге сұраныс жоғары болып қалуда. «Капстрой+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Өскемен қаласы) 2009 жылы Абай көшесі бойында орналасқан 38-үйді өз қаражаттары есебінде қалпына келтірді. Курчатов қаласы әкімдігі мен «Капстрой+» ЖШС арасында қаланың тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бөлінуін қажет ететін отбасыларына пайдалануға беру мақсатында жаңа үйдегі 9 пәтерді мемлекеттік меншікке тапсыру бойынша келісім-шарт жасалды. 2 қарашада тоғызға жуық мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттік ұйым жұмысшыларының отбасыларына, сонымен қатар «әлеуметтік қорғалатын азаматтар» санатындағы курчатовтықтарға қалпына келтірілген үйлердің пәтерлерінен кілттер табыс етілді. Қалған пәтерлер тұрғындар үшін ипотекалық несие шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
11 желтоқсанда радиациялық қауіпсіздік және экология Институтында №27 корпус ашылды. Қалпына келтірілген ғимаратта спектрометрикалық зерттеулерді жүргізу жөніндегі топпен топырақтың, судың, аэрозолдердің, ауыл шаруашылық және өндірістік өнімдердің альфа-, бета-, гамма-спектрометрикалық зерттеулері жүргізілетін болады.
25 желтоқсанда «Ядролық технологиялар паркі» АҚ әкімшіліктік-өндірістік маңызындағы кешенді пайдалануға енгізді.
2010 жылы Пионерский көшесі, 5-үй бойында орналасқан тұрғын үй –ғимаратын, Олимпийский көшесі, 36-үйдің бойында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйді (ҚР ҰЯО), «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша көп пәтерлі 4 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; ҚР ҰЯО РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, әскери бөлімінің және жеке инвесторлардың ресімдеуге
6
арналған құжаттары дайындалып жатқан бос тұрған көп пәтерлі 7 үйді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру жоспарланды.
Сонымен қатар Ұлттық ядролық орталығы жеке тұрғын үй құрылысын аяқтауға арналған жобалау құжаттамасын дайындау аяқтауда («Маяк» қонақ үй аумағында орналасқан 17- үй).
Жол картасы. Осы бағдарламаның шеңберінде қалада 156,024 млн.теңге сомасына 7 жоба жүзеге асты.
Қалалық Мәдениет үйінің аумағын көркейту, күрделі жөндеу, қалалық кітапхананы ағымды жөндеу жүргізілді, құрылысшылар Саябағы көркейтілді, қалалық жолдардың 4,75 мың шаршы метрге ағымды жөндеулері жүргізіліп, 1757 қума метрге су желілері мен 4598 қума метрге жылу жүйелері ауыстырылды, қалалық ауруханада автоклав кабинеті жөңделді. Өткізілген іс-шараларға байланысты қаланың сәулеттік көрінісі жақсарды.
367 жаңа жұмыс орындары құрылды, 2,2 млн.теңге сомасына салық салынды.
Жол картасы шеңберінде жастар тәжірибесінен 62 адам өтті, сонымен қатар 84 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, бұларға 5,3 млн.теңге сомада мақсатты трансферттер бөлініп, толық көлемде игерілді.
2010 жылы Жол картасына 60 млн.теңге бөлінді, қаражаттар 3-тен бастап 4-ке дейінгі деңгейдегі су құбырларын ағымды жөндеуге, сонымен қатар қалалық аумақтарды көркейтуге: қаланың зират басын қоршауға, қалалық аурухананың аумағын тазалау, Ертіс өзеңінің жағалауын қалпына келтіру, қала орталығында автотұрақты құру жұмыстарын жүргізуге бағытталды.
Тұрғын үй-коммуналдық саласына қатысты мәселесі бүгінгі күнде де жергілікті атқарушы органдардың атқаратын жұмыстарында маңызды орын алады.
Көркейту жұмыстары қаланың санитарлы жағдайын жақсарту және көгалдандыру бойынша екі айлықты өткізуден басталды: бес жалпы қалалық сенбіліктер өткізілді, онда 2375 адам қатысты. 166 дана кеуіп қалған тоғайлар кесіліп, 314 текше метрге қоқсық шығарылды.
Көктемгі кезеңде отырғызылған 1800 бұталардан 1422 дана (79%) тополь, 16 (100%) дана шырша шықты. Сонымен қатар күзгі кезеңде аққайын (800 дана) бұталары мен сосна (30 дана) отырғызылды.
Курчатов-Семей жолында 2009 жылы 5 шақырымға күрделі жөндеу және барлық жол бойы орташа жөндеу жүргізілді. 2010 жылы осы автожолда жұмыстар жалғастырылады (күрделі жөндеу -14 шақырым, орташа жөндеу – 20 шақырым).
Курчатов- Павлодар жолына Павлодар облысының жол-құрылыс ұйымымы қызмет көрсетеді. 2009 жылы 649 млн.теңге сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы 338 млн.теңге жұмыстарды жалғасытруға бөлінетін болады.
«САЙ» шаруашылық есептік бірлестігі» ЖШС 42 млн.300 мың теңге сомасына ағынды кәріздің тазалауын жүргізді.
7
ҚТҚ қоймасының құрылысы бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасын тапты.
2010 жылдың бюджетіне санитарлық тазалауға, көгалдандыруға, суаруға, көркейтуге (22 млн.- балалар алаңдарын қалпына келтіру, Құрылысшылар саябағын қалпына келтіруді аяқтау, сауда кешені маңындағы алаңды жөндеу) 35,9 млн.теңге бөлінді.
Қалалық бюджетте 5 тұрғын үйлердің шатырларын бөлшектеп жөндеуге және жер асты қоймаларын жөндеуге 6 млн.теңге бөлінді (Олимпийский көшесі, 31 –үй, Абай көшесі, 31,36,43-үйлер).
7
ҚТҚ қоймасының құрылысы жалғасуда.
Көктемгі-жазғы кезеңде «КМПК» МКК от жағу маусымына 5 қазандықты дайындау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізді. Жұмыстар толық көлемде орындалды.
Бірақ бүгінгі күнге жылумен қамтамасыз ету мәселесі күрделі болуда, нақты:
1. 5 қазандықтардың номиналды қуаттылығы сағатына 24,3 Гкал,
қазандықтардың тозуының деңгейі 65% құрайды. Қосылған көп пәтерлі үйлер санының артуына байланысты қазандықтардың сағатына 30 Гкал қуаттылық қажет. Осыған орай қазандықтардың қуаттылығы жеткіліксіз.
2.Жылына қазандықтарға 23 мың тонна қатты отын қажет. «Қаражыра»
резервісінен тасты көмір қолданылады. Республикалық бюджеттен көмірді сатып алуға 15 млн.теңге бөлінді.
Бірақ осы «Қаражыра» ЖШС төмен сапада көмірді ұсынды, жылыту деңгейі
де төмен. Бүгінгі күнге 2000 тоннаға жуық көмір шығындалды. Осы мәселені шешу үшін «Қаражыра» ЖШС басшылығына шағымдану хаты жіберілді.
3. Жылу беру жүйесінен тұтынушылармен рұқсатсыз ыстық судың пайдалану деңгейі жоғары. Сонымен қаңтардың 1-15 күндері аралығында жылу беру жүйесінен 3170,1 текше метрге ыстық су құйылды. Осыған байланысты қазандықтар белгіленген мерзімге қажетті температураға дейін суық суды жылытуға үлгермейді.
4. «Балапан» МКК жағынан бөлек үйлердің, подъездердің, пәтерлердің жылу беру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша келенсіз жұмыстар орын алады.
Келіп түсетін барлық өтінімдер бақылауға алынады. Олардың орындалуы қадағаланады.
2010 жылдың бюджетінде 4 қазандықты қалпына келтіруге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 6 млн.теңге бөлінді.
«Ертіс» ӘКК жылыту насостар арқылы қолайлы жылу беру жүйесіне көшу жобасы қаралуда.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі – мемлекеттік билік өкілдері үшін маңызды міндет.
8
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада 4 өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда: құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыспен, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу, жемқорлықпен күресу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2009 жылы 72 қылмыс тіркелді (2008 жылы-72).
Көшелердегі қылмыстар 60%, қоғамдық жерлердегі қылмыстар 12% жоғарлады, ауыр қылмыстардың да саны артты, 2008 жылы 6 болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 10 дейін жетті.
Осындай жағдайлар қалалық полиция бөлімінен сапалы жұмыстарды және қоғам жағынан қолдау көрсетуді қажет етеді. Осы бағыттағы жұмыстар басым.
Үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен жұмыстар қалпына келтірілді.
Жыл ішінде «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бастамасымен қоғамның бірігуіне, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттауға бағытталған 35 -ге жуық іс-шаралар өтті.
2009 жылдың есептік кездесуінде курчатовтықтардан ұсыныстар түсті, оларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленді. 16 тармақтан 9 орындалды, жартылай орындалған-5, орындалмаған-2 («Дегелен» станциясындағы өту теміржолын басқа жерге ауыстыру немесе жұмыс кестесін өзгерту; қаланың орталығында аялдаманы құру). Қаражат қарастырылмағандықтан жоспардың жеке тармақтары орындалмады. Сонымен 2009 жылдың бюджетінде балалар және спорт алаңдарын көркейтуге қаражат бөлінген жоқ. Осы тармақ 2010 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, қаражат бөлуге аса көңіл бөлінді. Жоғарыда аталып кеткен қаланың орталық аялдамасына қатысты мәселе бойынша - қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың тапсырмалары бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР ҰЯО РМК және «Ядролық технологиялар паркі» АҚ бірлесе Курчатов қаласын дамытудың 5 жылдық кешендік жоспары әзірленуде, жоспар Шығыс Қазақстан облысын дамытудың бағдарламасына енгізіледі. Жоспарда маңызды проблемалар көрсетіліп, оларды шешу жолдары қаланың дұрыс және оң дамуына мүмкіндік береді. Есептік кездесу барысында орындалмаған барлық тапсырмалар Курчатов қаласын дамыту бағдарламасына енгізіледі.
Экономика мен әлеуметтік салаларға қатысты мәселелерді шешу тәжірибесімен алмасу үшін қала сенімді әріптестік іздеу жолында. Осы бағыттағы алғашқы қадам Курчатов қаласының әкімі ретінде мен және Ресей Федерациясының ғылым ордасы Дубна қаласының басшысы әріптестік құру туралы келісімге қол қойдық. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
2009 жылы ҚР ҰЯО РМК Словакия Республикасының Құрметті Консулын ашу және ҚР ҰЯО РМК бас директоры Қайрат Қамалұлы Қадыржановқа Словакия Республикасының Құрметті Консулы атағын табыс ету аса маңызды шара болды.
9
Құрметті курчатовтықтар! Біз жыл сайын алдымызға күрделі міндеттерді қойып, курчатовтықтардың жақсы жағдайларда өмір сүруге деген құштарлықтары арқасында олардың басым бөлігінің шешімін таптық. «Туған ел-алтын бесігім» атты облыстық акцияда қатысу осыған айқын, онда қаланың барлық ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелерінің жетістіктері көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Осы іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі жоғары баға берді.
Біздің басты міндетіміз – азаматтардың тұрмысын жақсарту, бұл әр күннің ісі.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |