2011 жылдың қорытындысы бойынша Чапаево селолық округі әкімінің есепті баяндамасы Құрметті ауылдастар! Жалғасқан әлемдік –экономикалық дағдарыстың әсерін өткере отырып «2020 бағдарламасындағы»



Дата01.07.2016
өлшемі98.64 Kb.
#171144




2011 жылдың қорытындысы бойынша Чапаево селолық округі әкімінің есепті баяндамасы

Құрметті ауылдастар!

Жалғасқан әлемдік –экономикалық дағдарыстың әсерін өткере отырып «2020 бағдарламасындағы» жоспарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, еліміз Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлайтынымыз - осы жыл ерекшілігі болып табылады. Елбасы мен Республика Үкіметі ең алдымен зейнеткерлер, бюджет саласындағы қызметшілер мен халық өмірінің әлеуметтік жағдайының өсуін өз міндеттеріне алған парызын орындады. Еліміздің агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып, еліміздің тауар өндірушілерін қолдау бағдарламасы әрекет етті. Барлық деңгейдегі әкімдердің өткенде есеп беру барысында халықпен айтылған ұсыныстарды, сыни ескертулерді жүзеге асыру бойынша жергілікті атқару органдардың жұмысына өткен жылы үлкен назар аударылды. Жыл бойы жұмыс істеген округ селоларының тұрғындарымен округ әкіміне 17 ескертулер мен ұсыныстар түсті. Чапаево селосының тұрғындарын сумен қамту, жаңа мектептің құрылысы, әскерге алынатын жастағы бозбалаларды облыстық медициналық комиссиядан өткізуді ұйымдастыру мәселелері уайымдатты.

2011 жылы Чапаево с. (арнайы кәріз) су қашыртқы және сумен қамту жүйелеріне сот арқылы коммуналдық иелікке ауыстыру жұмысы аяқталып, ішетін сумен қамтитын су жүргізу құбырының жүйесіне техникалық паспорт дайындалды. Селоның арнайы кәрізін паспорттау мәселесін қаржыландыру, жердің кадастрлік жобасын дайындау және осы объектілерді әділет ұйымдарында тіркеу жөнінде 2012 жылға бюджеттік комиссияға өтінім берілді. 2012 жылы жер асты сулардың қорын растау жөнінде материалдар беріледі.

ЖСҚ бойынша жұмыстар аяқталып, Чапаево селосында 130 орынды типтік мектептің құрылысы мен қаржыландыруы басталды. Қорғау ісі жөніндегі бөлімімен Зырян ауданының әскерге шақырылушы бозбалалар үшін облыстық медициналық комиссия ұйымдастырылды.

Бұрын мектеп болған ғимаратты клуб үшін жөндеу мәселесі және мәдениет жұмысшыларының штатын бөлу, жастар үшін спорт алаңшасын құру, медицина қызметшісі үшін үй, кіре-беріс жолды жөндеу және көше жарықтандыруын қалпына келтіру мәселелері Снегирево селосының тұрғындарын қобалжытты. «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Снегиревское» ЖШС (Литуев В.А.) тегін берілген ғимаратта клуб ашылып, мәдени ұйымдастырушы мен кітапханашының штаттық бірлігі берді. Округ әкімі аппаратының күшімен, «Агро Ден» ЖШС (Снегирев М.Е.) қаржылық көмегімен, «Снегиревское» ЖШС техникалық көмегімен спорт алаңшасы ұйымдастырылды. «Спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ волейбол торын, 2 волейбол, 2 футбол доптарын берді.

Қазіргі уақытта медицина жұмысшысы келісілген пәтерде тұрады. Коммуналдық немесе ведомстволық пәтерді бөлу үшін оны сатып алу немесе аудан не №2 медицина бірлестігінің қаржысына үй салу қажет.

Селоға кіретін жолды және көше жарығын қалпына келтіру мәселесі жеткілікті қаржыландырудың жоқтығынан шешілмеді.

Түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру жөнінде үш село тұрғындарынан түскен ұсыныстардан, Орловка селосында өткен жылы көше жарықтандыруы жөнделді. Осы елді мекен бойынша жастар үшін сабақтан тыс бос уақытта мектептің спорт залын қолдану жөнінде «Зырян ауданының білім беру бөлімі» ММ келісілді, бірақ штаттық мәдени ұйымдастырушыны бөлу мәселесі шешілмеді.

Крестовка селосы бойынша №2 Медициналық бірлестікте қаржы жоқтығының салдарынан медицина бөлімшесінің алды жөнделген жоқ.

Пролетарка селосы бойынша «Ел мен Жер» ШЖС (Едильбаев К.С.) және халық қаражатымен, күшімен зират қоршалып, облыс мағынасындағы село арқылы өтетін жолда «жатқан полицейді» айналып өтуге бөгет болған жол-техникалық іс-шаралар өтті. Экономикалық жағдайдан Никольск селолық округінің елді мекендерімен жолаушы хабардары жоқтығынан, оқушылар Зырян қаласындағы оқу орындарына қолайлы жету үшін маршруттың кестесін өзгерту мәселесін шешу мүмкіндігі болмады.

Қаңғыма иттерді ұстау жөнінде қызметті құру туралы ұсыныс аудандық атқарушы билік деңгейінде шешіліп жатыр.

Өткен жылда жүзеге аспаған барлық өтініштер, ұсыныс пен ескертулер қаржының жетіспеушілігінен бақылаудан алынбайды және 2012-2015 жылғы Чапаево селлық округі бойынша оларды жүзеге асыру бағдарламасына енгізілді. Бұл бағдарламада пайда болған немесе ұзақ шешілмеген әлеуметтік мәселелер ескеріледі.

Ел мен облыста өткен «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 мақтаулы істер», «Ауылдың гүлденуі Қазақстанның гүлденуі», «Туған жерге тағзым» бағдарламалары көптеген өмір мәселелерін шешуге көмектескенін айқындап қою қажет. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 мақтаулы істер» Республикалық бағдарламасы бойынша әлеуметтік аяға, қайырымдылық акциясына округ кәсіпкерлерімен 1 млн. 411 мың теңге жұмсалды. Бұл - Крестовка және Орловка селоларындағы көпірді жөндеу, селода спорт пен мәдени саланың дамуына көмек, қаза тапқан ауылдастар мен туыстарды еске алу парызы, оқу орындарына көмек, балаларын мектепке дайындауға қиын болған отбасыларына жәрдем. «Нивы-Чапаево» ЖШС Бугубаев Ж.К., Ерышев С.М., Рыбин В.Ю., Байгузин Ю.К., кәсіпкерлер Емельянов Н.Ю., Рахимова Г.М., Бурлак О.И., Горбоконенко Л.Г. және жоғарыда айтылған шаруашылық басшылары бағдарламаны жүзеге асыру үшін бағалы үлес қосып, тегін көмек көрсетті.

Біздің округтен «Ауылдың гүлденуі Қазақстанның гүлденуі» акциясына біз бен сіздер үшін «№21 Кәсіптік лицей» ММ белсенді қатысты. Лицей оқушылары селоны абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыс жүргізіп, ҰОС қаза тапқандардың ескерткішін баптап, Снегирево селосының қасындағы «Коммунарлар» ескерткішіне абаттандыру және кезекті жөндеу жүргізді. Лицей директоры Маткаримов К.А. Чапаево селосының су қашыртқы және сумен қамту жүйесін қадағалайтын ынталы топқа техникалық көмек көрсетті.

Қазақстанның сандық телевидениясын дамыту бағдарламасы бойынша Пролетарка селосында телемұнара орнату үшін орналастыру жобасын істеу басталды. Бұл Қазақстандық телевизия бағдарламаларын қабылдау сапасы жоғары болады.

Жоғарыда көтерілген мәселелердің ішінде ҚТҚ халықпен тастауға көрсетілген орындар, Чапаево с. арнайы кәріз жүйесі үшін сүзу алаңы мен мал қорымын құру, Крестовка өзені арқылы Заречная көшесіне өтетін көпір мәселелері шешілуде. Жоғарыда көрсетілген барлық жүзеге аспаған объектілер күн тәртібінен алынбайды, келесі қаржы кезеңіне ауыстырылды. Осы мүліктерге жер телімін бөлу актілері жөнінде жұмысты аяқтау үшін 1114000 теңге бөлінді.

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жағдайын құру жоспарында әкім аппараты аудан орталығымен округ селоларының жолаушылардың автобустық хабардар мәселесін шешті.Соның ішінде Крестовка-Чапаево-Зырян бағыты бойынша шығынды болған үшін үш рет автобустар жүргенін тоқтатқан. «Зырян ауданының автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігінің ТКШ бөлімі» ММ, халықтың белсенділері және Морозов А.А. (тасымалдаушы) кәсіпкерінің жағдайды түсінушілігі бұл мәселені шешуге үлкен көмек көрсетті. Енді барлығы Крестовка, Чапаево селоларының тұрғындарына байланысты.

Қысқы кезеңде әлеуметтік сала объектілеріне және округ селоларына кіретін жолды тазалау мәселесі шешілуде. Бұл жұмысқа барлығы 2216900 теңге бөлініп, оның 1216000 теңгесі жұмсалды. «Нивы Чапаево» ЖШС және ЖК В.Н. Пеняевпен келісімшарт жасалынды. Олар келіскен жұмыстан басқа село көшелерін қардан тегін тазалайды.

Өз еркімен елді мекен көшелеріне қарауға «Снегиревское» ЖШС, «ЕСМ+Восток» ЖШС, «Батыр Агро» ЖШС, «№21 КЛ» ММ қатысты. Жол жөндеуін орталықтандыруды ұйымдастыру үшін «ТКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесіне округ бюджетінің ақшасынан жазғы жолға қайта бөлді. Берілген қаражат Чапаево селосына кіретін жолдың шұңқырларын жөндеуге және жол шетін арамшөптен тазалауға жұмсалды. Чапаево және Пролетарка селоларының көшелерін жарықтандыруды қаржыландыру мәселесі шешіліп, 52 мың теңге бөлінді. Санитарлық тазалауға және рұқсатсыз қоқыс тастаған жерлерді жоюға 30 мың теңге бөлініп, жұсалды.

Өткен жылы әкім аппараты келесі бес жылға жаңа шаруашылық кітаптарын жасаумен айналысты. Бұдан округте тұратын адамдар мен олардың шаруашылықтары туралы толық мәлімет енгізіледі. Электронды шаруашылықты есептеуге көшу дайындалып жатыр. Халықтың қозғалысын электронды базаға енгізу арқылы сайлауға құқығы барларды бақылау ай сайын жүргізіледі. Бүгінгі күнге округте 1781 адам тұрады, оның ішінде сайлаушылар 1189 адам. Халықты, оның мүлігі мен қожалығын санау- салықты төлеуге және бюджетке міндетті төлемдерді дұрыс есептеуге ықпал етеді. Халықтан салықты уақытында жинау жәрдемақыны, зейнетақыны, мұғалімдердің, медицина жұмысшыларының жалақысын төлеуге тікелей әсер етеді. Осы жылы жеке меншік сектордың мүлікке, жер теліміне, мал бағу үшін жайылымдық жерге салық 284131 теңгеге есептеліп, 284131 теңгесі жиналды.

Осы уақытта 1127,8 мың теңгеде атаулы әлеуметтік көмек 44 адам, балаларға жәрдемақы 636,2 мың теңгеде 56 адам, тұрғын үй жәрдемақысын 363,7 мың теңгеде 25 адам алды. Зейнеткерлер берілген зейнетақысы мен қосымша ақшасын, мемлекеттік мекеменің қызметшілері жалақысын үнемі толық көлемде ай сайын алады. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» ММ арқылы округте 4 отбасына (жалғыз тұратын зейнеткерлер, көп балалы отбасылар) 120 мың теңге сомасына Республикалық бағдарламаларды көру үшін спутник антеннасы орнатылды, балалық шағынан мүгедек Минина әлеммен араласуға мүмкіндік беретін компьютер, Подкарытов Александр таяқ, 10 отбасы азық-түлік пакеттерін алды. Өткен жылда Чапаево селосында жалғыз тұратын қария адамдарға көмек көрсету үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінен әлеуметтік жұмысшы қабылданды. Округте тұратын 12 көп балалы аналар ай сайынғы төлемдерімен бірге «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.

Ветеринария мәселелері бойынша көлемді жұмыс өткерілді. Жұқпалы және эпизоотикалық ауруларды болдырмау және таратпау мақсатымен селоларда жеке меншік малдарды бағу ұйымдастырылды. Бюджет қаражатынан мемлекеттік тапсырысқа сәйкес малдардың қаны алынып, көптеп егу жұмысы жүргізілді. Алдын-алу шараларының жоспарына сәйкес

7875 мың қан сынамасы алынып, күйдіргіге қарсы 2500 ІҚМ басқа, пастерелезге қарсы 1000 басқа, туберкулезге қарсы 5000 басқа, мкарға қарсы 2000 басқа, жылқы күйдіргісіне қарсы 450 басқа, маңқа ауруына аллергиялық зерттеу 450 басқа, шошқалардың күйдіргісіне қарсы 450 басқа, күйдіргіден ҰҚМ 450 басқа, ехинококкоздан 50 иттерге, ит құтыруына қарсы 50 итке вакцина егілді. Жыл бойына бруцеллёз ауруының белгісімен 7 бас анықталды. Олар санитарлық талапқа сәйкес жойылды. Жоғарғы ұйымдар мен статистикаға берілетін есептердің дұрыстығын қамтамасыз ететін жеке қоныс малдарды, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электронды базаға енгізумен паспорттау, сырғалау бойынша жұмыс ретке келді. Демалыс күндері Өскемен, Семей, Зырян қалаларындағы жәрмеңкеге халықтың қатыстыруы бойынша көлемді жұмыс жүргізілді. Жәрмеңкенің екі басты мақсаты анықталды:



  1. Меншік иесі өзіне саудагерсіз тұрарлық бағамен өнімін өткізеді.Сонда өнім иесі «сатушыларға» бас-сирақ, ішек-қарынды тегін бермей, керісінше 2-3 сағат ішінде сенбі күнгі саудада коммерсанттардың ұсынған бағасынан 20-30 мың теңге көлемінде ұтып алады.

  2. Жай күндердегі базар бағасынан 10-15 % төмен болған жәрмеңке бағасы мал өнімінің бағасын бір қалыпта ұстайды.

Округтің халқы мен шаруашылықтары жыл көлемінде жәрмеңкеде 6 тонна ет өткізді. 351,7 тонна өткізілді және сатылды. Бұл шараларға қатысқан кездегі пайданы әлі бәрі көрмейтінін, түсінбейтінін айтуға болады.

Қожалықтарды уақытында арзан жанармаймен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық компанияларын өткізу, субсидияны жасау және алу, мемлекетке астықты өткізу, қожалық иелерінің ескерту мен ұсыныстарын жоғарғы ұйымдарға жеткізу және оларды жүзеге асыру жөнінде шаралар қолдану мәселелері агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылық бөлімімен шешілді. Өкінішке орай, үнемі бәрі қалағанымыздай болмайды. Кәсіпкерлік пен жекеменшік секторды дамыту мақсатында несие алуға көмек көрсетіліп жатыр. 2011 жылы 10 млн. теңгеде несие алуға құжаттар рәсімделді. Жер қатынастар бөлімімен округтің жыртылған жерлерін қолдану, жеке меншік секторға жеке қосалқы шаруашылықтарына жер телімін бөліп беру жайында тексеру өтті. Жерді қолдануға 5 құжат жасалды. Аудандық ауыл шаруашылығының құрамаларына мемлекеттік қордың жерін жалға беруге 3 конкурстық комиссияға қатысты. «Зырян ауданының ТЖ жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемемен мүліктерді қорғау топтарын құруға, өртті жою және алдын-алу бойынша шаралар өткізілді. Қала тұрғындарын көшіру жағдайы болғанда тұрғын үйлердің қоры, ал табиғи апат кезінде шаруашылық қожалықтардың техникасын қолданатыны анықталды. Зырян ауданының қорғаныс бөлімімен әуелі жазғанға қосымша мәліметтер, шақыру қағазы арқылы хабарлау, медициналық байқау, округ жастарын міндетті әскери қызметке шақыру мәселелері шешіліп жатыр.

Зырян ауданының қаржы, экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімдері, салық комитетімен бірге ұйымдар мен қожалықтар, кәсіпорын объектілері, жеке меншік үйлер сияқты округтегі жылжымайтын мүліктің мониторингі аудандық салық базасын айқындау мақсатымен жүргізілді. Округтің барлық мүліктерінің атаулы тізілім электрондық базасы бойынша жұмыс жүріп жатыр. 2013 жылды есепке алғанда, поселок, село әкімдерінің аппараттарында терминал орнатумен электронды түрде Республика халқының табысы туралы декларацияны көптеп өткізу жоспарланып, ғимараттың екінші жартысын сатып алу арқылы округ әкімі аппаратының кеңсесін кеңейту мәселесі қойылды. Бұл әкімдік мамандарының халыққа сапалы қызмет көрсету, тіс дәрігерінің кабинетін және шаштараз ашу (алдын-ала келісім бар) мәселесі бірден шешіледі.

Аудан әкім аппаратының заң бөлімі бақылауындағы ішкі істер ұйымымен қаржы полиция департаментімен, прокуратурамен бірге Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін құқықбұзушылық, сыбайлас жемқорлық және қылмыскерлікпен күресті алдын-алу жұмысы жүргізілді. Халықтың прокуратура мен ІІБ органдарымен кездесулері өтті.

Прокуратура, қаржы полицисының ұйымдарымен, ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық басқарма инспекциясымен 2011 жылы әкім және оның аппаратының қызметі бойынша тексеру өтті. Заңға қарсы әрекет пен бұзушылық анықталған жоқ. Әкім аппаратының заңды және жеке тұлғалардың ұсынған өтініштерін,( жеке меншікке анықтама, ветеринарлық анықтамалар, жеке меншік мал басына паспорт беру сияқты) мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары, оның сапасы мен мерзімін жоғарғы ұйымдар бақылайды. Барлық өтініштер электронды базаға және журналға тіркеліп, аудан әкімдігіне ай сайын есеп беріліп тұрады. 2011 жылы 57 өтініш пен ресми сұрау салу тіркелді. Олардың барлығы қарастырылып, заңмен белгіленген мерзімде орындалды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес халыққа 955 анықтама берілді.

Құрметті ауылдастар!

ҚР Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихатына сайлауды округте шұғыл өткізуді дайындау және ұйымдастыру бойынша маңызды және жауапты жұмыспен жыл аяқталды. 2012 жылға бюджет және 2015 жылға дейін округтің әлеуметтік- экономикалық дамуының стратегиялық жоспар анықталды.



Біз бір жыл емес бірге жұмыс істеп, бірге тұрамыз. Мен атқарушы үкімет өкілі ретінде үнемі Сіздердің қарамағындамын, әрбір қадамым сіздердің көз алдарыңызда. Әр түрлі себептермен округте істеген істерімнің барлығы қалағанымыздай, кейде менің жаңсақтығымнан да орындалмаса, халқымның игілігіне жасалады. Менің әрекеттеріме Сіздердің түсінушіліктеріңіз, ескерту мен ұсыныстарыңыз, сыни сөздеріңіз- маған қолғабыс. Округтің әлеуметтік аясын дамыту, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, елбасымен, үкіметпен қойылған міндеттерді орындауда дұрыс шешім қабылдау, менің басшылығымдағы аппараттың мамандарына, маған айтылған Сіздердің ескертулеріңізбен, таластарыңызбен байланысты. 2012 жылы 27 қаңтарда Республиканың Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің халқына кезекті жолдауымен өткен жылдың бағдарлама құжатымен сөз сөйледі. Әрбіріміз өзіміздің орнымызда жұмыс істей отырып алдымызға қойылған мәселелерді жоғарғы деңгейде орындау – біздің міндетіміз.

Назарларыңызға рақмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет