1 тамыз 2011 жыл
2011 жылдың шілде айы үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық
портфелі бойынша баспасөз релизі
2011 жылдың шілде айы оқиғаларға толы болды, алайда оның негізгілері: Еуроаймақтың борыштық мәселелері және АҚШ-тың мемлекеттік борышы шеңберіндегі саяси-қаржылық дау болып табылады. Осы және басқа да сыртқы факторлар қазақстандық биржаға әсер етті, осыған байланысты KASE индексі 2.5% «азды», ал қазақстандық компаниялар қағаздарының арасында өсуді Қазақтелеком және ENRC көрсетті. Банктік сектор бойынша жалпы төмендеу байқалды. Акциялар үлесі 3,5% аспағандықтан, жалпы алғанда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ портфелі төмендеу аясында зардап шеккен жоқ, мұнымен бірге шілде үшін алтын өсімі және белгіленген сыйақы мөлшерлемесімен қаражаттарға салымдар аясында инвестициялық портфель жақсы нәтижелерді көрсетті: Қордың шартты зейнетақы бірлігі 1 шілдеге 434,1184 теңгеден 1 тамызға 438,3961 теңгеге артты.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ сіздердің назарларыңызға зейнетақы активтерінің және 2011 жылғы шілде үшін зейнетақы активтерімен жасалынған мәмілелердің инвестициялық портфелі құрылымының өзгерісінің қысқаша талдауын ұсынады.
Үлестер бойынша ЗА портфелінің құрылымы.
-
Бағалы қағаз түрі және оның эмитентінің аты
|
01.07.2011 үлесі
|
01.08.2011 үлесі
|
айырмашылық
|
ҚР МБҚ
|
33, 86 %
|
32,53%
|
-1,33%
|
Шетел мемлекеттерінің МБҚ
|
4,76%
|
4,82%
|
0,06%
|
ХҚҰ
|
2,63%
|
5,84%
|
3,21%
|
ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары
|
17,91%
|
16,96%
|
-0,95%
|
Шетел эмитенттерінің корпоративтік облигациялары
|
5,19%
|
4,69%
|
-0,50%
|
ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары
|
1,26%
|
1,22%
|
-0,04%
|
Шетел эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары
|
2,09%
|
1,57%
|
-0,52%
|
Асыл металдар
|
9,59%
|
7,15%
|
-2,44%
|
Депозиттер
|
17,58%
|
16,43%
|
-1,15%
|
Ақша және РЕПО
|
5,12%
|
8,78%
|
3,66%
|
Барлығы:
|
100,00%
|
100,00%
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
Кестеге сәйкес, 2011 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялар портфелі өзінің негізгі массасында ҚР МБҚ ұсынылған, портфелдегі осы бағалы қағаздардың үлесі 32,53% құрады, оның ішінде Қаржы министрлігінің МБҚ үлесі 98,93% немесе барлық инвестициялық портфелдің 31,31% құрайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары ең қауіпсіз және сенімді инвестициялар болып табылады.
Кестеден байқап тұрғандарыңыздай, МЕОКАМ-2 өтеуге және кірістілігі төмен қысқа мерзімді қағаздардың сатылуына байланысты, ҚР МБҚ үлесі 2011 жылғы 1 шілдеден 1 тамызға дейінгі кезең аралығында кеміді. Осындай қағаздардың сатылымынан түскен қаражат кірістілігі жоғарылау орта-ұзақ мерзімді МБҚ инвестицияланатын болады.
Шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары
Шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларына инвестициялардың үлесі 01.08.2011 жылғы жағдай бойынша 4,82% және сәйкесінше 5,84% құрады.
Шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялардың үлесі 2011 жылғы шілде айы үшін 0,06% артты. Оның ішінде, «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ инвестициялық кіріс алу мақсатында, 2011 жылғы шілдеде Ресей Федерациясы Үкіметінің, Германия Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алған болатын.
Еуропалық инвестициялық банктің бағалы қағаздарын және Еуропалық қайта құру және даму банкінің облигацияларын қосымша сатып алуға байланысты, Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялар портфелінің үлесі 3,21% ұлғайды.
Шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен қатар және инвестицияның ең сенімді түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозиттері
Депозиттер үлесі жалпы инвестициялық портфелдің 16,43% құрайды. Депозиттер Қазақстан Республикасының ең сенімді банктерінің бірінде - «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ, "БанкЦентрКредит" АҚ, Ресей Жинақбанкі ЕБ, "БАНК ВТБ"АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Каспий банкі" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ орналастырылған.
Мұнымен бірге, АҚШ долларына номиналданған «Нұрбанк» АҚ-дағы депозитті өтеуге байланысты ЕДБ депозиттері портфелінің үлесі 1,15% кеміді.
ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері еліміздің жетекші компанияларының облигацияларына, яғни: «САМРҰҚ ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «Өндірістік корпорация» АҚ, «КазТрансКом» АҚ және тағы басқаларға салынған. ҚР корпоративтік облигацияларының үлесі 16,96% құрайды.
ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары портфелінің үлесі 0,95% төмендеді. Негізінде төмендеу «Қазмұнайгаз» АҚ облигацияларының 0,62 % сатумен және «Темір банк» АҚ облигацияларын «өтеуге дейін ұсталатын қаржы құралдары» категориясынан «сату үшін қолда бар қаржы құралдары» категориясына ауысуына байланысты болды. Сонымен бірге, 2011 жылдың шілдесінде «Цесна Банк» АҚ облигациялары сатып алынған болатын.
Шетел эмитенттерінің корпоративтік облигациялары
Credit Suisse облигацияларын өтеуге байланысты, шетел эмитенттерінің корпоративтік облигациялары портфелінің үлесі 0,5% кеміді. Аталған портфель бойынша қосымша сатып алулар болған жоқ.
ҚР эмитенттерінің акциялары және депозитарлық қолхаттары
ҚР акциялар портфелінің және эмитенттердің депозитарлық қолхаттарының үлесі 0,04% төмендеді. Осы төмендеу «Қазақстан Халық Банкі» АҚ депозитарлық қолхаттарын теріс қайта бағалауға байланысты туындады.
Шетел эмитенттерінің акциялары және депозитарлық қолхаттары
Шетел эмитенттерінің акциялар портфелінің үлесі 0,52% төмендеді. Мұндай төмендеулер Toyota Motor Corp., Chevron Corp., Royal DS/A, BP PLC и Schlumberger секілді компаниялар акцияларының 1,54% сатылуына байланысты туындады. Осы компаниялардың акцияларын сату акциялар құнының көтерілуіне байланысты акциялар бойынша кірісті белгілеу мақсатында жүзеге асырылған болатын.
Мұнымен бірге, 2011 жылғы шілдеде Ресей Жинақбанкі, Deutsche Telekom және GoldCorp INC компаниялардың акциялары сатып алынған болатын.
Асыл металдар
Асыл металдарға инвестициялар, алтынға инвестиция салу арқылы көрініс тапты. Иелік ету кезеңі үшін алынған кірісті белгілеу мақсатында, оларды ішінара сатуға байланысты, алтынға инвестицияланған инвестициялар портфелінің үлесі 2,44% төмендеді. Осы күнге әлемдік қаржы алаңдарындағы ахуал әлі де қауіпті болып тұрса да, инвесторлардың көпшілігі үшін хеджирлеу құралы алтын болып қала бермек. Өз кезегінде Қор заңмен белгіленген шеңберде зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі асыл металдардың үлесін қолдауды жоспарлауда.
Достарыңызбен бөлісу: |