2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
Республикалық бюджет 2011 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде отандық экономиканың оң даму үрдісімен атқарылды, қол жеткізілген экономикалық қорытындылар бұған куә. ЖІӨ өсімі 7,1%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісі 5,8%-ға, байланыс - 16%-ға. Сыртқы сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 44,7%-ға өсті.
Қазақстанның 2011 жылығы 1 жартыжылында әлеуметтік-экономикалық дамуының түйінді индикаторларын сипаттайтын статистикалық деректер кестеде келтірілген.
1-кесте
Атауы
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жылғы 1 жартыжылы
|
1
|
3
|
4
|
|
Жалпы ішкі өнім, млрд.теңге
|
17 007,6
|
21 815,5
|
10 108,6 1
|
өткен жылға нақты есептеудегi %-бен
|
101,2
|
107,3
|
107,1
|
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге
|
8 925,2
|
11 757,0
|
7 676,5
|
өткен жылға %-бен
|
101,7
|
110,0
|
105,8
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге
|
1 620,3
|
1 441,0
|
446,9
|
өткен жылға %-бен
|
113,8
|
88,3
|
101,5
|
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасмалдау, млн.тонн
|
2 104,3
|
2 430,1
|
1 181,3
|
өткен жылға %-бен
|
96,0
|
115,5
|
118,9
|
Байланыс қызыметының көлемі, млрд.тенге
|
441,4
|
477,0
|
259,6
|
өткен жылға %-бен
|
108,3
|
105,0
|
116,5
|
Тұтыну бағаларының индексі
|
|
|
|
өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен
|
106,2
|
101,7
|
105,1
|
орташа есеппен жыл бойы өткен жылға тиiстi кезеңiндегi кезге арналған, %-бен
|
107,3
|
107,1
|
108,4
|
Халық саны, мың адам
|
15 999,5
|
16 433,8
|
16 553,5
|
Орташа айлық атаулы жалақы, теңге
|
67 639,0
|
77 482,0
|
82 740
|
өткен жылға %-бен
|
111,4
|
114,6
|
113,8
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
43 195,7
|
59 216,6
|
44 916,3
|
өткен жылға %-бен
|
60,7
|
137,1
|
151,8
|
Импорт, млн. АҚШ долл.
|
28 408,7
|
29 760,0
|
16 642,7
|
өткен жылға %-бен
|
75,0
|
104,8
|
128,4
|
Сауда балансының сальдосы, млн. АҚШ долл.
|
14 787,0
|
29 456,6
|
28 273,6
|
Теңгенiң АҚШ долларына қарағандағы ресми айырбас бағамы:
|
|
|
|
кезеңнiң аяғындағы
|
148,4
|
147,4
|
146,3
|
кезең бойынша орташа
|
147,5
|
147,4
|
146,0
|
Дерекнамасы:
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
Ескерту:
1 жедел деректер
Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы
Отандық экономиканың оң даму үрдісімен салықтық және кедендік әкімшілік жүргізумен бірлесіп республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуын қамтамасыз етті. Мәселен, республикалық бюджетке 2 200,6 млрд. теңге немесе 93,0% түсті. Бюджет шығыстарын мұнайға жатпайтын түсімдермен жабуға байланысты 625 млрд.теңге сомасында немесе барлығы жоспарға 69,4%, ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт тарту жоспарға толық қол жеткізе алмау себебі болып табылады.
2-кесте
Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері 1 430,2 млрд.теңгені немесе есепті кезең жоспарына 106,3 %-ды құрады. Жоспардан тыс 84,6 млрд.теңге түсті, оған негізінен ел экономикасының оң даму серпіні, импорт көлемінің өсуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті (2-кесте).
Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында салықтық түсімдер 569,7 млрд.теңгеге ұлғайды. Мұнайға салынатын ЭСБ, кедендік әкелу баждарын бөлу тетігін, «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңiл автомобильдердi өткiзу мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының қолданылуын есепке алмай салыстырмалы жағдайларда ұлғаю 262,3 млрд. теңгені құрады (3-кесте).
Кеден одағы елдерінің кедендік баждарды бөлу тетігінің әрекет етуі қосымша 48,7 млрд. теңгені, мұнайға салынатын экспорттық кеден бажын енгізу – 225,6 млрд. теңгені және жоғарыда аталған қаулының әрекет етуі – 33,1 млрд. теңгені қамтамасыз етті.
Кеден одағы нақты нәтиже берді: Ресейге біздің өніміміздің экспорты 60%-ға, Беларуське – 2,3 есеге өсті.
3-кесте
Біржолғы түсімдер және жоспарланбайтын әкімшілік айыппұлдардың түсімдері есебінен салыққа жатпайтын түсімдер бойынша 12,9 млрд. теңгеге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 3,7 млрд. теңгеге жоспар артығымен орындалды (2-кесте).
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1 459,5 млрд. теңге түсті. Тұтастай алғанда 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық қордың қаражаты 6 535,9 млрд. теңгені құрады. Салық түрілері бойынша Ұлттық қорға түсетін түсімдер. Бұл ретте 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2011 жылғы 1 жартыжылдағы түсімдер 1 734,7 млрд.теңгеге немесе 36,%-ға өсті. Ұлттық қорға түсетін түсімдердің негізгі үлесін (99,5 %) мұнайға бағаның тұрақты жоғары деңгейде болуының арқасында мүмкін болған мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардың түсімі құрады (4-кесте).
4-кесте
Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
Республикалық бюджет шығыстары 2 397,0 млрд. теңгені немесе жоспарға 97,9%-ды құрады
5-кесте
Республикалық бюджеттің түгел игерілмеген қаражатының сомасы 51,2 млрд.теңгені немесе есепті кезеңге жоспарланған шығыстардың жалпы сомасының бар-жоғы 2,1%-ын құрады. Аталған көрсеткіш 4,5%-ды құраған 2010 жылмен салыстырғанда екі еседен астамға төмендеді.
Республикалық бюджеттің шығыстары бірінші кезеңде Ел басының «Болашақты бірге саламыз» атты Қазақстан халқына жолдауына және «Нұр Отан» партиясының съезіндегі берген тапсырмаларын орындауға бағытталды және бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша алынған нәтижелер жылдың қорытындылары бойынша экономиканың 7% дейін өсу мүмкіндігі туралы куәландырады.
Өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қорғау
Бірінші жарты жылдықта әлеуметтік төлемдерге республикалық бюджетте көзделген 1 015,2 млрд. теңгенің 520,3 млрд.теңгесі бөлінді.
Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін 30 % арттыру жүргізілді, сондай-ақ зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын табыс 32-еседен 39-есеге дейін айлық есеп көрсеткішіне көтерілді.
2011 жылғы 1 шілдеде базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 1 738,7 адамды құрады.
Базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ескере отырып, 2011 жылы зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері 24 047 теңгені, зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері – 52 226 теңгені құрады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін ескере отырып, 2011 жылғы 1 жартыжылдықта зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 36 205 теңгені құрады.
Бірқатар жылдардағы зейнетақы төлемдерінің ең аз және орташа мөлшелерінің серпіні 6 және 7 кестелерде ұсынылған.
6- кесте
7- кесте
2011 жылғы 1 шілдеге зейнетақы төлемдерін алушылардың саны 1 711,8 мың адамды құрады.
Сонымен қатар, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері де 1 413 теңгеден 1 512 теңгеге дейін өсумен байланасты № 1 және № 2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшері орта есеппен 7 %-ға арты олардың мөлшері тиісінше, 13 608 және 12 096 теңгені құрады.
№ 1 және № 2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылардың саны 2011 жылғы 1 сәуірге 42,3 мың адамды құрады.
Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар халықаралық тәжірибеде қолданылатын жоғалтқан табысын ауыстыру стандартына жақындатуға мүмкіндік береді.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері (бұдан әрі – МӘЖ) орта есеппен 9 пайызға арттырылды. 2011 жылғы 1 шілдеге қарай республикамызда МӘЖ алушылардың саны 684,3 мың адамды, оның ішінде мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар – 459,1 мың адам, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 205,4 мың адам, жасына байланысты – 19,8 мың адамды құрады. 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері: мүгедектігі бойынша – 16 859 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 14 638 теңгені, жасына байланысты – 8 149 теңгені құрады.
2010 және 2011 жылғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшілері8 кестеде ұсынылған.
8- кесте
Әлеуметтік сақтандыру
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бастап және 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МӘСҚ-тан 164,0 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
2011 жылғы бірінші жарты жылдықта 33,0 млрд. теңге сомасында әлеуметтік төлемдер жүргізілді, бұл 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24 % артық, бұл ретте әлеуметтік төлемдер:
- еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайға – 1,3 млрд. теңгеге (немесе 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 30 % артық);
- асыраушысынан айрылған жағдайға – 0,8 млрд. теңгеге (немесе 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 60 % артық);
- жұмысынан айрылған жағдайға – 0,6 млрд. теңгеге (немесе 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 20 % артық);
- жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайға – 15,3 млрд. теңгеге (немесе 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,3% артық);
- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайға – 15,0 млрд. теңгеге (немесе 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21 % артық).
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК)
2011 жылғы 1 шілдесінде табысы кедейлік шегінен төмен 116,5 мың адамға 1265,9 млн. теңге сомасында АӘК тағайындалды. Бұл көрсеткіштер 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8 % және 11,8% тиісінше азайды.
АӘК алушылардың басым үлесін ауылдық жерлердің тұрғындары 61,4 % құрайды, тиісінше АӘК бөлінген жалпы шығыс сомасының 61,1 %-ы ауыл тұрғындарына көмек көрсетуге жұмсалды.
АӘК алушылардың жалпы санынан жұмыссыз азаматтар үлесі - 8,4 %, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайыздық көрсеткішке төмен дегенді білдіреді.
АӘК алушылардың қатарында басым көпшілігін 61,9 %-н балалар құрайды, бұл көрсеткіш 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,5 пайыздық көрсеткішке артық дегенді білдіреді.
Балалы отбасыларға жәрдемақылар
2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бала туғанда берілетін жәрдемақы 212,3 мың адамға берілді, бұл 2010 жылдың осы кезеңінен 23,4 % артық. Бұл ретте жәрдемақыны төлеу шығындары 10,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегіден 33,3 %-ға артық болды.
2011 жылдың 1 шілдесінде бала күтіміне берілетін жәрдемақымен 142,2 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9 % артық дегенді білдіреді. Бұл ретте жәрдемақыны төлеу шығындары 12,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,0 % артық.
2011 жылдың 1 шілдесінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жалпы сомасы 5,4 млрд. теңге жәрдемақыны орташа алғанда 53,4 мың адам алды, ол тиісінше өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 50 % және 56,6 % артты.
Сондай-ақ, 6 айдың қорытындысы бойынша табысы аз отбасыларындағы
18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 585,4 мың бала қамтылды, ол 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,9 % азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 4,5 млрд. теңгені құрады.
Төленген мемлекеттік балалар жәрдемақысының жалпы сомасының 75,1 %-ы ауылды жерлерде тұратын балаларға арналады, олардың МБЖ алушыларының қатарындағы үлесі 74,5 % құрады.
Еңбекақы төлеу және еңбек қатынастары
Республикамызда жыл сайын бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа номиналдық жалақысы 2011 жылдың қаңтар-шілдеде 82 740 теңгені құрады (Статистика агенттігінің деректері бойынша) және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,8 % өсті.
Нақты жалақы индексі 2011 жылдың қаңтар - шілдеде өткен жылғы тиісті кезеңіне 105,0 %-ды құрады.
2011 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға арттырылды. Бұл мақсаттарға 269,2 млрд.теңге қаражат қосымша көзделді.
Одан басқа, ағымдағы жылда бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесін реформалау шеңберінде 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектеп мұғалымдердың және мектепке дейінгі балалар ұйымдары тәрбиешілерінің біліктілік санаттары үшін, өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша төлемдерді көбейту үшін бюджетте қосымша 5,4 млрд.теңге көзделген.
Халықты жұмыспен қамту
Халықтың аз қамтыған жіктерін қайта оқытуды және жұмысқа орналастыруды болжамдайтын Халықты жұмыспен қамту 2020 жаңа бағдарламасы шеңберінде бірінші жарты жылдықтың ішінде қажет нормативтік құқықтық база қалыптастырылды: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды, Бағдарламаның бағыттарын іске асыру үшін қаулылар мен бұйрықтарға қол қойылды.
Қазіргі уақытта өңірлерде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша кеңінен ақпараттық - түсіндіру жұмысы кеңінен жүргізілуде, халықпен кездесулер, жұмыс берушілердің және шағын қаржы ұйымдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілуде.
Барлығы осы Бағдарлама республикалық бюджетте 37,4 млрд. теңге көзделген. Оларды бөлу 2011 жылғы 2-ші жарты жылдықтан бастап жүзеге асырылатын болады. Халықты жұмыспен қамту 2020 бағыттары бойынша бюджетте қарастырылған шығыстар бойынша ақпарат 9 кестеде ұсынған.
9- кесте
Экономикалық белсенді халықтың саны 2011 жылдың 1 тоқсаны 2010 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 54,9 мың адамға көбейіп (немесе 0,6%), 8610,4 мың адамды құрады, ал жұмыспен қамтылған адамдардың саны 8134,5,1 мың адамды құрады немесе 105,2 мың (немесе 1,3%) адамға көбейді.
Егер 2010 жылғы 1-тоқсанда жұмыссыздардың саны 526,2 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 6,2 % болған болса, 2011 жылдың 1 тоқсанда жұмыссыздардың саны 50,3 мың адамға азайып, 475,9,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 5,5 %-ды құрады.
Жергілікті атқарушы органдардың 2011 жылғы 1 шілдедегі деректері бойынша жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 59,7 мың адамды құрады. Республикамыз бойынша жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығына барлығы 153,0 мың адам жүгінді, оның ішінде 106,1 мыңы (69,3 %) жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларына, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес есепті кезеңде кәсіптік даярлауға 18,0 мың жұмыссыз жіберілді, қоғамдық жұмысқа – 60,5 мың адам қатысты, әлеуметтік жұмыс орындарына 12,0 мың жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды, «жастар практикасынан» өтуге білім беру ұйымдарының 7,0 мың түлегі жіберілді.
Жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламасы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне едәуір ықпалын тигізді. 2011 жылдың 1 тоқсанында ол көрсеткіш 5,0 %-ды көрсетті, бұл 2010 жылғыға қарағанда
1,1 пайыздық пунктке төмен (немесе 6,1 %).
Білім беру мен ғылымды дамытудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру
Білім беру саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді, балалар бақшалары бойынша қамтым кеңейтіліп келеді, мектептер құрылыстары жүргізілуде, кәсіби-техникалық оқу жетіліп келеді. Барлығы осы саланы дамытуға республикалық бюджеттен есепті кезеңде 130,0 млрд.теңге, оның ішінде апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында білім беру объектілерін салуға және балалар бақшалары мен мектептер құрылыстарын аяқтауға 19,1 млрд. теңге бөлінді.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада 6 960 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, немесе 2010 жылмен саластырғанда 514 мектепке дейінгі ұйымдарға көбейді. Онда 481 мың бала қамтылған (2010 жыл - 446,4 мың). Мектепке дейінгі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 55 % -ды құрайды. Мектеп алдында 5-6 жасар балаларды даярлау 88,9 %-ға қамтылды.
10-кесте
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2010 жылмен салыстырғанда, желі 514 бірлікке артқан (222 балабақша, 292 шағын орталық). Желілердің артуы:
- 30 балабақша құрылысы (6,2 мың орын);
- 292 шағын орталық (9,2 мың орын) және 95 жекеменшік балабақша (7,5 мың орын) ашу;
- бұрын жекешелендірілген 97 балабақшаны қайтарып алу, тұрғын үйлердің 1-ші қабаттарынан ашу, жалға берілген коммуналды меншіктің жеке тұрған ғимараттарын босату, мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға жарамды басқа да ғимараттар мен үй-жайларды беру (11,6 мың орын) есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Жалпы орта білім беру
2010-2011 оқу жылында республикада 7516 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді (3821 – қазақ тілінде, 1524 – орыс тілінде, 2 – тәжік тілінде, 58 – өзбек тілінде, 14 – ұйғыр тілінде, 2097 – аралас тілде оқытатын мектептер.)
6 Зияткерлік мектеп: Астана (2 мектеп), Семей, Көкшетау, Талдықорған және Өскемен қалаларында жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс және грант шеңберінде 3 681 бала оқумен қамтылған.
Орал қаласында Зияткерлік мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оны пайдалануға ағымдағы жылдың соңына дейін беру жоспарланып отыр.
Ақтөбе қаласындағы мектептің құрылысы басталды. Оны 2012 жылы пайдалануға береді.
Есеп беру кезеңінде үш ауысымда сабақ беретін 69 мектеп (үш ауысымдық сабақтар Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысында және Алматы қаласында жоқ) және 226 апатты мектеп жұмыс істейді.
Апатты мектептердің ғимараттарын ауыстыру мақсатында, 18 мың орынға арналған 64 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2011-2013 жылдарға арнап 7 мектепке күрделі жөндеу жүргізу мен 26 мектеп салу жоспарланып отыр.
Елбасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында 2015 жылы республикалық бюджет есебінен 200 мектеп, жергілікті бюджет есебінен де сонша мектеп салу міндеті қойылды.
Қазіргі уақытта 2011-2015 жылдары 427 мектептің құрылысын қарастыратын Тізбе әзірленді, онда 215 мектеп жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 212 мектеп республикалық бюджет қаражаты есебінен салынатын болады.
Техникалық және кәсіптік білім
Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінде 894 оқу орны жұмыс істейді. Контингенті - 603,8 мың адам. Кадрларды даярлау 185 мамандық және 495 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
3 өңіраралық орталықтарды (Атырау, Екібастұз, Өскемен қалаларында) және РБ трансферттері есебінен 2 кәсіптік лицейді (Астана қаласы және ОҚО Шаян селосы) салу жүргізілуде. Шымкент қаласында өңіраралық орталықты салу үшін тендерді жариялау бойынша даярлық жұмыстары жүргізілуде.
Жоғары білім
Республикада білім беру қызметі 148 жоғары оқу онында көрсетіледі, онда 620 мың адам білім алады.
2011 жылғы жартыжылдықта 3 жоғары оқу орны әлемнің танылған агенттіктерінде халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Одан басқа 2 мамандық бойынша 4 жоғары оқу орны аккредиттеуден өтті.
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысымен техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс бекітілді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы 2010-2011 жылмен салыстырғанда бакалаврлар даярлауға 1,7%, магистрлерге - 45,2%, докторларға - 150% -ға артты. Кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі: бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша - 36046, магистратура бойынша – 5000, PhD докторантурасы бойынша – 500 грантты құрайды.
Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама үшін кадрлар даярлау мақсатында 37 жоғары оқу орындары ірі компаниялармен: ТОО «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС-гі, «Казчерметавтоматика» АҚ-ы, «Караганданеруд» АҚ-ы, ТОО «KERATEK» ЖШС-гі, «АзимутЭнерджиСервисез» АҚ-ның Қарағанды филиалы, АО «АрселорМитталТемиртау» АҚ-ы, «Казахмыс» Корпорациясы» АҚ-ы және басқаларымен өндірістік практиканың базасын қалыптастыруға келісім-шарттарттар жасалды.
Студенттерді жатақханада орындармен қамтамасыз ету мақсатында «2011-2015 жылдарға арналған студенттік баспана» бағдарламасының жобасы әзірленді. Жатақханалардың құрылысына және күрделі жөндеуге кететін шығын қарастырылған бюджеттік өтінім ұсынылды. Жобаға сәйкес 2015 жылға дейін жалпы сомасы 36,5 млрд. теңге болатын 20 088 орынға арналған 36 жатақхана салу жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру
Денсаулық сақтау жүйесінде сондай-ақ ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізілді. Барлығы республикалық бюджетте көзделген 383,7 млрд. теңгеден денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бірінші жарты жылдықта 192,7 млрд.теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 шілдеде халықтың 1000 адамға шаққандағы негізгі демографиялық көрсеткіштері халықтың табиғи өсуі – 13,45 (2010 жылғы 6 айда – 13,47); туу – 22,41 (2010 жылғы 6 айда – 22,42); өлім-жітім – 8,96 (2010 жылғы 6 айда – 8,95) құрады. Қазақстан Республикасындағы демографиалық жағдай туралы ақпарат 11 кестеде ұсынған.
11 кесте
2011 жылғы 6 ай қорытындысы бойынша халықтың 1000 адамға шаққандағы өлім-жітімнің көрсеткішті қанайналым жүйесі ауруларынан (бұдан әрі – ҚЖА) 378,4 (2010 жылғы 6 айда – 419,5); ісіктерінен 104,6 (2010 жылғы 6 айда – 110,8); жазатайым жағдайлар, жарақаттану мен улануларынан 100,9 дейінгі (2010 жылғы 6 айда – 106,7) төмендеу байқалады.
Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта республикадағы ана өлім-жітімнің көрсеткіші 100 000 тірі туғанға шаққанда 17,2 құрады (2010 жылғы
І-жартыжылдықта – 31,0). Есептік мерзімде ана өлім-жітімнің 31 жағдайы тіркелді. Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 2010 жылдың ұқсас кезеңдегі 17,7 салыстырғанда 15,4 құрады.
2011 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республиканың барлық халқы ауруының (өмірінде алғаш рет тіркелген ауру саны) көрсеткіші 2010 жылдың ұқсас кезеңіндегі 57 730,5 көрсеткішпен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 56 463,47-ді құрады.
2011 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша халықтың туберкулезбен сырқаттанушылық талдауы республика бойынша 11,8% бұл көрсеткіштің төмендегендігінің дәлелі, 2009 жылғы ұқсас кезеңдегі 107,2-мен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 94,6-ні құрады.
2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қант диабеті ауруы көрсеткішінің өскені байқалды, 100 000 тұрғынға шаққанда 2010 жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 146,67-ке 151,99 құрады.
2011 жылғы бірінші жартыжылдықта республикада халықтың қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтан өлім-жітімінің көрсеткіші 2010 жылғы ұқсас кезеңдегі 94,6-пен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 90,3-ны құрады.
Жарақтанушылық қазіргі заманғы аса маңызды медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі дүниежүзіндегі көптеген елдердің проблемасы болып табылады. 2011 жылғы І жартыжылдықта жарақаттанушылықтар мен уланулардың саны 2010 жылғы ұқсас кезеңдегі 3616,53-пен салыстырғанда 100000 адамға шаққанда 3230,58-ді құрады.
Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық
2011 жылдың бірінші жартыжылдығында тырысқақ, оба, туляремия, қылау, дифтерия, полиомиелит, трихенеллез, аусыл ауруларының жағдайы тіркелген жоқ.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 6 жағдайы, тропикалық безгектің әкелінген 1 жағдайы, күйдіргінің денеге шығатын түрінің 3 жағдай тіркелді.
2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сальмонеллезбен сырқаттанушылық 35,6 %-ға, жіті вирустық гепатитпен – 30,1 %-ға, оның ішінде «А» вирустық гепатитімен – 31,1 %,-ға, «В» вирустық гепатитімен – 26,5%-ға, педикулезбен – 28,7%-ға, ротавирустық инфекциямен – 26,6%-ға, қышымамен – 19,7%-ға, шигеллезамен – 16,1%-ға, сарыппен – 15,7%-ға, бактериалдық дизентериямен – 15,0%-ға, жіті ішек инфекцияларымен –13,1%-ға, тыныс алу органдарының туберкулезімен – 11,7%-ға, эхинококкозбен – 8,9%-ға, АИТВ инфекциясын тасымалдаушылықпен –5,8%-ға, ботулизммен – 4,3 есеге, геморрагиялық қызбамен – 10 жағдайға, лисериозбен – 9 жағдайға, эпидемиялық паротитпен – 3 жағдайға төмендегені байқалады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша Мемлекет басшысының қойған міндеттерін шешу және 2016 жылға 60,0 мың тонна көлемінде ет экспортын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджетте 54,5 млрд.теңге сомасында қаражат көзделді, оның 15,0 млрд.теңгесі, немесе 27,6% игерілді. Көрсетіліп отырған мемлекетті қолдау тұтас алғанда ет өндіру бағытындағы ІҚМ асыл тұқымының үлесін арттыруға, азық-түлік сапасын жақсартуға, отандық ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерде сатылатын табынның асыл тұқымын өзгерту үдерісін жылдамдатуға, ауыл шаруашылығы малдарының ішкі генетикалық әлеуетін көтеруге, тауар өндірушілерге сатылған асыл тұқымды төл есебінен жыл сайын жаңа асыл тұқымды шаруашылықтарды құру жолымен мал шаруашылығының асыл тұқымды базасын қалпына келтіруге және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуге (қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыруға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге) ықпал етеді.
2011 жылдың қаңтар-маусым айында ҚР Статистика агенттігінің бағалауы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 446,9 млрд. теңгені құрады, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% артық.
2011 жылдың 1 шілдедегі кезеңінде тұрғындар шаруашылығы үлесі ірі қара малы бойынша 80%, ауыл шаруашылық кәсіпорындары 4,7%, шаруа (фермерлік) қожалықтары 15,3%; қойлар бойынша тиісінше – 64,4; 5,8; және 29,8%; шошқа бойынша – 79,8; 12,9 және 7,3 %; жылқы бойынша - 66; 5,5 және 28,5%, құс бойынша – 49,4; 49,7 және 0,9 % құрады.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында малдың барлық түрі бойынша өсу байқалады.
2011 жылғы қаңтар – маусымда өндірілген ет көлемі 396,5 мың тоннаны құрады және 1,6 %, сәйкесінше сиыр сүті - 2722,3 мың тонна немесе 0,2%, тауық жұмыртқасы – 1906,7 млн. дана немесе 5,5%, қой жүні – 33,3 мың тонна немесе 7,9% өсті.
Малдың және құстың өнімділігі орташа сүт сауылымы 1 сиырға –0,3% азайып және 1156 кг құрады, орташа 1 тауық-жұмыртқалағышқа жұмыртқа – 0,9 % артып және 111 дананы құрады,1 қойға жүн қырқу 25% өсіп және 2,5 кг. құрады.
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға 2011 жылы республикалық бюджеттен 12,8 млрд. тенге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді, оның ішінде көктемгі-жазғы қаржыландыруға 6,4 млрд.теңге және күзгі астық сатып алуға 6,4 млрд.теңге бюджеттік қаражаттар бөлінді. Көрсетілген қаржы есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру және ішкі астық рыногін реттеу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден мемлекеттік ресурстарға 500,0 мың тоннаға дейінгі көлемде астық сатып алу жүзеге асырылады.
Аталған шаралардың шеңберінде ағымдағы жылғы 1 шілде жағдай бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на көктемгі-жазғы қаржыландыруға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден 54 мың тоннаға (1,3 млрд.теңгеге) өтініш келіп түсті, 52,9 мың. тоннаға (1 324,1 млн. теңгеге) шарт жасалды, оның ішінде 43,2 мың тоннаға (1,1 млрд.теңгеге) қаржыландырылды.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге кредит беру
Ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешендегі субъектілерді қолдау үшін республикалық бюджеттен және басқа да көздерден 88,2 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінді, оның ішінде 78,0 млрд. теңге бюджет қаржысы.
Бағдарламаның операторы болып КазАгроның еншілес компаниялары –«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ және «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ белгіленді.
Ағымдағы жылдың 8 шілде жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы 41,6 млрд. теңге сомаға 221 өтініш түсті, оның ішінде 29,6 млрд. теңге сомаға 165 өтініш мақұлданды, 25,4 млрд. теңге сомаға 130 өтініш қаржыландырылды.
Мал шаруашылығы
2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда республикада ірі қара малдың саны 829,6 мың басқа, яғни 4,4 % және 19 886,5 мың басты құрады, сәйкесінше жылқы – 110,5 мың басқа немесе 6,5% және 1818,1 басты құрады, түйе – 16,1 мың басқа немесе 9,4 % және 188,8 мың басты құрады. Бұл ретте, ірі қара малдың басы 285,3 басқа немесе 3,8 % және 7 213,5 мың басты құрады, шошқа 80,4 мың бас немесе 4,1% азайып және 1886,6 басты құрады, құс саны 936,0 мың бас немесе 2,4% және 37463,2 мың басты құрады.
Су шаруашылығы
Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз сумен қамтудың баламасыз көзі болып табылатын, сумен қамтудың өте маңызды топтық және локальды жүйесінен қызметтер құнын субсидиялау іске асырылады.
2011 жылы аталған бағдарламаны іске асыру үшін 3,8 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1,6 млрд.теңге игерілді.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге, ауылдық жергілікті мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, сумен қамту жүйелері мен гидротехникалық имараттарда техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы қауіпін алдын алу, ақтау, қалпына келтіруге, табиғи нысандардың экологиялық теңдігін сақтауға бағытталған сумен қамту жүйелерін, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңарту үшін «Сумен қамту жүйесін, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңарту» бюджеттік бағдарламасы іске асырылуда.
2011 жылы республикалық бюджеттен су шаруашылығы нысандарын қайта жаңартуға (гидротехникалық құрылыстар) 20,0 млрд.теңге көлемінде қаржылық қаражат бөлінген.
2011 жылдан бастап осы бюджеттік бағдарлама бойынша Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы су шаруашылығы нысандарының гидротехникалық құрылыстарын қайта жаңарту және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, қаржыны игеру жоспары бойынша 1 жартыжылдықта 11,2 млрд.теңгені құрады, немесе 100 %.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» Бағдарламасы аясында іске асырылуда. 2011 жылға сумен қамтуға 14,2 млрд.теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған, оның ішінде 24 сумен қамту жүйелерін салуға және қайта жаңартуға 11,2 млрд.теңге бөлінді және 27 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге– 2,9 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 2011 жылдың аяғына 15 сумен қамту нысандарын пайдалануға тапсыру және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 23 жобаларды аяқтау жоспарланған.
Аталған шарларды іске асыру кепілденген сападағы ауыз сумен жергілікті мекендерді қамтамасыз ету деңгейін, сондай-ақ республикада әлеуметтік, демографиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру дерегін көтеруді қамтамасыз етеді. Техникалық іс-шараларды іске асыру сумен қамту жүйелерінің жұмысын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялық және техникалық шешімдерді енгізуді, олардың жұмысын ерекше тиімді ету, суды беру шығындарын төмендетуді қарастырады.
Ағымдағы жылы «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен қамту жүйелерін дамытуға нысаналы трансферттер» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 27,5 млрд.теңге бөлінді, сондай-ақ 252 ауыз сумен қамту нысандарының қайта жаңғырту мен құрылысына 26,3 млрд.теңге, 158 жобалық-сметалық құжаттамалардың әзірлемесіне 1,2 млрд.теңге қарастырылған. 2011 жылдың аяғына 119 сумен қамту нысандарын пайдалануға тапсыру және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 158 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.
2011 жылы ауыл шаруашылығы су пайдалану жүйесінің қызметін жақсартуға бағытталған су шаруашылығы нысандарында күрделі жөндеу жүргізуге, 9 ауыспалы нысандарда күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды аяқтау және 10 жаңа өте апатты нысандарда күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды бастау үшін «Шаруашылық аралық каналдар мен гидромелиоративтік имараттардың өте апатты учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру» 054 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2,3 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді.
Инфрақұрылымды дамыту
Автожол саласы
Ағымдағы жылы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын дамытуға 286,9 млрд. теңге қарастырылды. Жалпы алғанда жалпы қолданыстағы автожолдарда, жергілікті желіні қоса алғанда 5 179 км автожолдарды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 2011 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 221,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде құрылыс пен қайта жаңартуға – 194,5 млрд. теңге, күрделі мен орташа, ағымдағы жөндеуге, ұстауға, жасылдандыруға, автожолдарды диагностикалау мен аспаптық тексеруге – 27,0 млрд.теңге.
Бөлінген қаражат есебінен жалпы ұзақтығы 912 км Алматы-Астана-Петропавл, Самара-Шымкент, Омбы-Майқапшағай, Астрахань-Атырау-Ақтау-Түркменбашы, Ташкент-Шымкент-Алматы-Қорғас, Актөбе-Мәртүк, Астана-Қостанай-Челябі», Таскескен-Бахты, Шортанды-Бурабай курортты зонасына және АТП ЕЭА кіреберістер автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін 359 км, сондай-ақ күрделі, орташа жөндеуге 1 238 км жол пайдаланымға еңгізіледі.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 2011 жылы 3 029 км жергілікті желідегі жолдарды дамытуға 65,4 млрд.теңге қарастырылған. (көрсетілген қаражаттар ішінде, трансферттер 30,5 млрд.теңгені құрайды, жергілікті бюджеттен – 34,9 млрд. теңге).
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыруға ағымдағы жылы қаржы жоспарымен 155,5 млрд. теңге қарастырылған. (сыртқы қарыздар есебінен – 131,1 млрд. теңге; бірлесіп қаржыландыру құралдары есебінен– 22,3 млрд. теңге, ішкі көздерінен 2,1 млрд. теңге).
Қазіргі уақытта 2 452 км жаңарту жұмыстары жүргізілетін аумақтың 1 615 км жөнделуде. (Ақтөбе облысы – 317 км, Қызылорда облысы – 811 км, Оңтүстік –Қазақстан облысы – 224 км, Жамбыл облысы – 263 км).
Қазақстан Республикасы аумағында дәліздің толығымен құрылысын аяқтау 2012 жылдың желтоқсанына қарастырылған. Орналастыру мен топырақ құнарлылығын қалпына келтіру 2013 жылы жалғастырылады.
Темір жол саласы
Жалпы темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2011 жылдың I жартыжылдығында 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 %-ға артты және 133,6 млн.тоннаны құрады. Жүк айналымы 3,5 %-ға артты және 102,9 млрд.ткм құрады.
«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастағы темір жол тасымалдарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2011 жылға республикалық бюджеттен 19,4 млрдн.теңге бөлінді. 2011 жылғы I жартыжылдықтағы бөлінген 8,5 млрд. теңге млн.теңге толық игерілді.
Есепті кезеңде Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара темір жол желісінің құрылысы жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда:
Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекарасы темір жол желісі учаскенің ұзақтығы -146 км, құрылыс құны – 65 млрд.теңге, жобаны іске асырудың басынан бастап– 58% немесе 38 млрд.теңге игерілді.
«Қорғас-Жетіген» темір жол желісі (учаскенің ұзақтығы -293,2 км, құрылыс құны 139,4 млрд.тг.). жобаны іске асырудың басынан бастап– 44,4% немесе 68,9 млрд. тг. игерілді.
Азаматтық авиация
Жалпы республика авиакомпанияларымен ағымдағы жылдың I жартыжылдықта 1,8 млн. жолаушы, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 23,7 % артық және 14,7 мың тонна жүк, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 18,5 %-ға артық. Жолаушы айналымы 23,2 % ұлғайды және 3 429,6 млн. жкм құрады, жүк айналымы 15,3% артты және 45,1 млн. ткм құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде кезеңінде 7 авиамаршруттары субсидияланды:Астана-Петропавл, Астана-Павлодар, Астана-Жезказған, Астана-Семей, Алматы-Тараз, Қарағанды-Қызылорда, Қарағанды-Өскемен. Ағымдағы жылғы 1 шілдеге қарай игеру 0,2 млрд.теңгені немесе жоспардың есептік кезеңге 100 %-н құрады.
Су көлігі
Ақтау порты арқылы жүкті ауыстырып-тиеу көлемі 2011 жылғы 6 айда 6 060 мың тоннаны құрады, ол өткен жылғы көрсеткіштің 89,7% құрайды (6579 мың тонна), оның ішінде мұнай – 4 311,4 мың тонна, өткен жылғы көрсеткіштің 84,5 % (5101,7 мың тонна) құрайды, құрғақ жүк 1097,3 мың тонна, өткен жылғы көрсеткіштің 245,7% құрайды (1413 мың тонна), паромдық тасымалдау 651,1 мың тонна, өткен жылдың көрсеткішінің 126,3% құрайды.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰКҚК» АҚ мұнай тасымалдау көлемі 2011 жылғы 6 айда 4200 мың тоннаны, өткен жылғы кезең көрсеткішінің 124% құрады (3385 мың тонна).
Мұнай тасымалы көлемінің төмендеуі Иран бағытына эмбарго енгізумен және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайының Атырау-Самара құбыры арқылы тасымалының өзгеруі.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шараларын іске асыру үшін экономиканы жедел әртараптандыруға және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға 492,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде «Инвестор-2020», «Экспортер-2020», «Өндәмділік-2020» бағдарламалары арқылы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жарғылық капиталын ұлғайту жолымен серпінді инфрақұрылымды іске асыруға 75,7 млн. теңге бөлінді. Осының нәтижесінде осы жарты жыл ішінде 50-ден астам өнеркәсіп пайдалануға берілді, 160 мың адам жұмысқа орналастырылды, елімізде жұмыссыздық 5,5-тен 5,3% төмендеді.
Ағымдағы жылғы 1-ші жарты жылдықта 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 114 млрд. теңге сомаға Индустриаландыру картасының 75 инвестициялық жобасы жіберілді.
Қазақстан Республикасы Агенттігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылғы 1 шілдедегі статистика бойынша 2010 жылы Индустриаландыру картасының жобаларымен 88 млрд. теңгеден астам сомаға тауарлар өндірілді және қызметтер көрсетілді.
Бюджет аралық қарым қатнас
Жалпы сипаттағы трансферттер туралы деректер
12-кесте
Атауы
|
Бір жылға жоспар
|
Есептік кезендің жоспары
|
Атқарылуы
|
Атқарылуы %-бен
|
есептік кезендің жоспарға
|
Бір жылғы жоспарға
|
Бюджеттік алулар, млн.теңге
|
103 078,8
|
50 217,6
|
50 217,6
|
100,0
|
48,7
|
оның iшiнде:
|
|
|
|
|
|
Атырау облысы
|
41 707,7
|
19 204,6
|
19 204,6
|
100,0
|
46,0
|
Маңғыстау облысы
|
12 731,1
|
5 124,9
|
5 124,9
|
100,0
|
40,3
|
Алматы қ.
|
48 639,9
|
25 888,1
|
25 888,1
|
100,0
|
53,2
|
Субвенциялар, млн.теңге
|
789 938,8
|
441 193,2
|
441 193,2
|
100,0
|
55,9
|
оның iшiнде:
|
|
|
|
|
|
Ақмола облысы
|
49 552,1
|
23 541,4
|
23 541,4
|
100,0
|
47,5
|
Ақтөбе облысы
|
21 836,6
|
11 154,2
|
11 154,2
|
100,0
|
51,1
|
Алматы облысы
|
94 077,5
|
47 454,5
|
47 454,5
|
100,0
|
50,4
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
81 700,1
|
43 335,5
|
43 335,5
|
100,0
|
53,0
|
Жамбыл облысы
|
75 778,5
|
44 233,6
|
44 233,6
|
100,0
|
58,4
|
Батыс Қазақстан облысы
|
13 983,9
|
10 368,6
|
10 368,6
|
100,0
|
74,1
|
Қарағанды облысы
|
55 937,9
|
37 366,5
|
37 366,5
|
100,0
|
66,8
|
Қызылорда облысы
|
64 395,6
|
33 468,6
|
33 468,6
|
100,0
|
52,0
|
Қостанай облысы
|
48 552,1
|
31 829,9
|
31 829,9
|
100,0
|
65,6
|
Павлодар облысы
|
25 809,4
|
16 621,2
|
16 621,2
|
100,0
|
64,4
|
Солтүстiк Қазақстан облысы
|
47 000,2
|
23 253,4
|
23 253,4
|
100,0
|
49,5
|
Оңтүстiк Қазақстан облысы
|
193 272,5
|
100 524,7
|
100 524,7
|
100,0
|
52,0
|
Астана қ.
|
18 042,6
|
18 041,1
|
18 041,1
|
100,0
|
100,0
|
Бірінші жарты жылдықта республикалық бюджеттен өңірлерге 308,9 млрд. теңге сомаға нысаналы трансферттер бөлінді, олар жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 274,6 млрд. теңгеге немесе 89% игерілді.
13-кесте
Осылайша есепті кезеңде жергілікті деңгейде республикалық бюджет қаражаты 34,3 млрд.теңге сомасында игерілмей қалды.
Республикалық бюджет бойынша тапшылық және оны қаржыландыруы
Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 114,5 млрд.теңге сомасында (8-слайд), республикалық бюджет бойынша - 196,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл ретте мұнайлық емес тапшылық 821,4 млрд.теңге деңгейінде анықталды және 2010 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 171,3 млрд. теңгеге азайды.
14-кесте
Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру 154,0 млрд. теңге сомасында, оның ішінде ішкі қаржыландыру есебінен – 147,6 млрд. теңге және сыртқы қаржыландыру есебінен – 6,4 млрд. теңге, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану есебінен 42,4 млрд. теңге сомасында жүзеге асырылды.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 286,9 млрд. теңге сомаға мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырды (9-слайд). Бұл ретте ішкі өтеу 139,4 млрд. теңгені құрады.
Сыртқы қарыздар 12,7 млрд. теңгеге тартылды. Сыртқы қарыздарды өтеу 6,2 млрд. теңгені құрады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаудың 2010 жылғы негізгі қорытындылары
Өткен жарты жылдықта 3 664 бақылау іс-шарасы өткізілді, олардың барысында 3 096 объекті бақылаумен қамтылды.
15-кесте
Анықталған бұзушылықтар сомасы 10-слайдта келтірілді. Есепті кезеңде жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге тиесілі 26,7 млрд. теңгеден – 20,9 млрд. теңге немесе 79 % қалпына келтірілді және өтелді, бұл өткен жылдың осыған ұқсас көрсеткішінен 3 есе көп (2010 жылдың 1-жарты жылдығында – 6, 9 млрд. теңге).
16-кесте
2011 жылдың 1-жарты жылдығында бақылау нәтижелері бойынша соттарға талап қою жөніндегі жұмыс жандандырылды, соның нәтижесінде 228 талап қою өтініші жіберілді, бұл өткен жылдың талап арыздары санынан 148 талап арызға көп (2010 жылдың 1-жарты жылдығында - 80). Сондай-ақ 2010 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 121 талап арызды құраған сот қанағаттандырған талап арыздардың 15 есе өсіміне қол жеткізілді (2010 жылдың 1-ші жарты жылдығында - 8).
Достарыңызбен бөлісу: |