«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата04.07.2016
өлшемі132 Kb.
#175893



Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________

№____ қаулысымен

бекітілген



«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)

асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер




  1. «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) беруші Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады. Мекен-жайлары мен телефондары krg-edu.kz сайтында көрсетілген.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет нысаны - қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту» бұйрығымен бекітілген «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.



2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту» бұйрығымен бекітілген «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында ұсынылған қажетті құжаттарымен қоса берілген өтiнiштiң болуы негiздеме болып табылады.

  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 іс-қимыл – кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы мен тіркеуі, құжаттарды бөлім басшысына беруі. 20 (жиырма) минуттан аспайды;

2 іс-қимыл – құжаттарды бөлім басшысының қарауы, құжаттарды бөлім маманына беруі. 20 (жиырма) минут ішінде;

3 іс-қимыл- бөлімінің маманы құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы анықтама дайындайды. 5 (бес) күн ішінде;

4 іс-қимыл - бөлім басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы. 20 (жиырма) минут ішінде;

5 іс-қимыл - бөлім басшысының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға жолданады. Бір жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.



  1. Осы Регламент бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бөлім басшысының қолы қойылған шешімді көрсетілетін қызметті алушыға жолдау болып табылады.


3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:

  1. бөлімнің кеңсе қызметкері;

  2. бөлім басшысы;

  3. бөлім маманы.

  1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және кіріс құжаттары журналына тіркеу және құжаттарды бөлім басшысына беру. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды;

2) бөлім басшысының құжаттарды қарауы, бөлім маманына құжаттарды беруі. 20 (жиырма) минут ішінде;

3) бөлім маманы құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы анықтама дайындайды. 5 (бес) күн ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөртаңбамен расталады және бөлім басшысының қолы қойылады. 20 (жиырма) минут ішінде;

4) бөлім басшысының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға жолданады. Жұмыс күн ішінде.

Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке қосымшаға сәйкес, әрбiр рәсiмді (iс-қимылды) өту блок-схемасында көрсетілген.

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет» регламентіне

2 - қосымша


«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

бизнес-үдерісінің анықтамалығы

скругленный прямоугольник 3скругленный прямоугольник 11

скругленный прямоугольник 12скругленный прямоугольник 15прямая соединительная линия 87прямая соединительная линия 88прямая со стрелкой 89

скругленный прямоугольник 21скругленный прямоугольник 23

прямая со стрелкой 75прямая соединительная линия 81

прямая со стрелкой 31

скругленный прямоугольник 18



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет