2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы



Дата23.02.2016
өлшемі320.29 Kb.
#4121


ҚР Парламетінің

2013 ж. 14 маусымдағы

№ 10-V ҚРҮ қаулысымен

бекітілген




2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы әлемдік тауар нарықтарындағы конъюнктураны және жаһандық дағдарыс жағдайында әлемдік экономиканың даму үрдістерін ескере отырып, 2011 жылдың 1-жартыжылдығында ел экономикасының жұмыс істеу қорытындылары негізінде әзірленген.

Қазақстанның экономикасы 2012 жылы өсу қарқынының бәсеңдегенін көрсетті. 2012 жылғы алдын ала бағалау бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2011 жылмен салыстырғанда 5 %-ды құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 0,4 пайыздық тармаққа төмен. 2012 жылы қысқа экономикалық индикатор 102,5 %-ды құрады.

2012 жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуы кестеде келтірілген.



Көрсеткіштер атауы

2012 жылы



Ауытқу

Нақтыланған болжам

Бағалау*

ЖІӨ, млрд.теңге

31 456

30 072,5

- 1 383,5

ЖІӨ-нің нақты өсімі, алдыңғы жылға %-бен

105,4

105,0

- 0,4

Тауарлар экспорты, млрд.АҚШ долл.

96,2

92,4*

- 3,8

Тауарлар импорты, млрд.АҚШ долл.

48,4

47,2*

- 1,2

Мұнайға әлемдік баға (Brent маркасы), АҚШ долл. /баррель 1 жылда орта есеппен

100,0

111,97

11,97

* Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2012 ж. қаңтар-желтоқсандағы бағалауы

Өнеркәсіптің өсімі 0,5 %-ды құрады, болжанған өсімі 2,7 %. Нысаналы индикаторға қол жетпеу себебі өңдеуші өнеркәсіптегі төмен көрсеткіштермен түсіндіріледі.

Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім болжамды көрсеткіш 3,9 % болғанда 0,7 %-ды құрады. Өңдеуші өнеркәсіпте жоспарланған өсімге қол жетпеудің негізгі себебі қазақстандық экспорт өніміне, оның ішінде металлургия өніміне әлемдік сұраныстың азаюы болып табылады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлер өндіруде нақты көлемнің индексі 100,2 %-ды құрады, болжанған көрсеткіште 101,6 %. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізгі саласы мұнай өндіру болып қалуда, оның ЖІӨ-дегі үлесі 14 %-ды құрайды. Мұнай өндірудің НКИ 98,9 %-ды құрады, жоспарда 101,2 %. Осы сала экономиканың өсімін 2,3 %-дан астамға төмендетті.

Қазақстандағы, сондай-ақ бүкіл әлемдегі қолайсыз ауа райы жағдайына орай ауыл шаруашылығы үшін жыл ауыр болды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2012 жылы 2011 жылға қарағанда 17,8 %-ға азайды, болжанған азаю 12,3 % және 1 233,5 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарнының көлемі 2,9 %-ға өсті және жоспарланған деңгейге жетіп, 1 864,3 млрд.теңгені құрады. Өсім күрделі жөндеу көлемдерінің 15,4 %-ға және құрылыс-монтаждау жұмыстарнының 1,7 %-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 2012 жылы 29 113 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 25 192-сі тұрғын үй және 3 921-і тұрғын үй емес мақсатындағылар. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салынды, олар: жалпы білім беретін мектептер – 112; мектепке дейінгі мекемелер – 93; амбулаторлық-емханалық мекемелер – 105; ауруханалар – 9.

Көлік қызметтері көлемінің өсімі 7,3 %-ды құрады, болжамды көрсеткіш бойынша – 7,5 %. Байланыс қызметтерінің өсу қарқыны 9,6 % деңгейінде қалыптасты, болжамды көрсеткіш бойынша - 8,0 %.

Тұтыну сұранысының артқаны туралы сауданың өсуі куәландырады. Мәселен, 2012 жылғы сауда көлемі 2011 жылғы көрсеткішке қарағанда 14,6 %-ға өсті, болжамды көрсеткіш бойынша - 14,3 %.

Экономиканың өсуінің негізгі факторларының бірі сондай-ақ, елдегі инвестициялық белсенділіктің белгіленіп отырған жандануы болып табылады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 5 455 млрд.теңгені құрады, бұл 2011 жылдың көрсеткішінен 3,8 %-ға жоғары.

Бұдан басқа, елдегі сыртқы сауда айналымының өсуі экономиканың дамуына оңынан әсер етті. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша Ресеймен және Беларусьпен өзара сауданы ескере отырып, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 136,8 млрд. АҚШ долл. құрап, 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 9,8 %-ға өсті.

Сыртқы сауда айналымының өсуі көп дәрежеде импорттың ұлғаюына негізделген. Сыртқы нарықта қазақстанық экспортқа сұраныстың мардымсыз өскені байқалад. Кеден одағы елінің экспортының қысқаруы қазақстандық экспорттың жалпы көлемдегі едәуір үлесін құрайтын тауарлардың азаюына негізделген. Мәселен, Қазақстаннан барлық елдерге, оның ішінде Ресейге шығатын металлургия өнімінің экспорты қысқарып кетті. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында экспорттың өсу қарқыны 2011 жылғы 43,7 %-дан 4,4 %-ға дейін азайды, импорттың салыстырмалы бұрынғы деңгейі -
16,5 %-да қарқынын сақтап қалды.

Сыртқы сұраныстың азюына қарамастан, қазақстандық экспорттан алынатын тұрақты кірісті қамтамасыз ететін шикізатқа әлемдік бағаның салыстырмалы жоғары деңгейі экономиканың өсуіне ықпал ететін сыртқы факторға айналды. Мәселен, 2012 жылдың ішінде Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнайға баға бір баррель (Brent маркалы мұнай) үшін 111,97 доллар деңгейінде ұстап тұрылды, бұл болжамды бағадан


11,97 долларға жоғары.

2012 жылы елде макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық сақталды. 2012 жылдың желтоқсанында инфляция деңгейі 2011 жылға қарағанда 6 %-ды құрады, бұл 7,4 %-ды құраған 2011 жылдың көрсеткішінен 1,4 %-ға төмен. Тұтастай алғанда, бағаның өсуіне қарамастан, инфляция деңгейі жоспарланған интервалдар 6-8 % шегінде қалыптасты.

Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 0,8 %-ды құрады, бұл 9,1 %-ды құраған өткен жылдың көрсеткішінен 3,8 %-ға төмен. Азық-түлік емес тауарлары бағасының өсуі 0,3 %-ды құрады, 2011 жылдың көрсеткішінде - 5,3 %, ақылы қызметтер – 9,3 %, 2011 жылдың көрсеткішінде - 7,3 %.

Ұлттық қордың ақшасын (57,8 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 2013 жылғы 1 қаңтарда 86,0 млрд. АҚШ долларын құрады әне 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда тиісінше 17,9 % және 32,4 %-ға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерді шығаруы 0,2 %-ға өсті. Бұған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шаралар, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы ықпал етті.

Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының өсуіне банк секторының кредиттік белсенділігінің артуына және халықтың ақшалай кірісінің ұлғаюына байланысты жиынтық ішкі сұраныстың кеңеюі ықпал етті. Мысалға, екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредиттік салымдары 2013 жылғы 1 қаңтарда 9 958,0 млрд.теңгені құрай отырып, 13,4 %-ға өсті.

Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2013 жылғы 1 қаңтарда
8 994,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 7,3 %-ға көп. Халықтың депозиттері 3 371,8 млрд. теңгені құрап, 23,8 %-ға өсті.

Ел халқының әл-ауқатының жақсарғаны байқалады. Мәселен, халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірістері 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында нақты айтқанда 6,8 %-ға артып, 618,3 мың теңгені құрады.

2012 жылдың соңындағы жұмыссыздық деңгейі 5,3 %-ды құрады, болжамды көрсеткіш – 5,8 %. Жұмыссыздықты азайту жөніндегі саясатта халықтың орнықты және өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету маңызды құрал болып табылады. Мәселен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыруға, қайта оқытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ микрокредит беру және бизнес дағдыларына үйретуге негізгі көңіл бөлінген.

Республиканың негізгі демографиялық көрсеткіштері 2012 жылдың қорытындылары бойынша халықтың 1 000 адамына мынадай көрсеткіштермен ұсынылды: халықтың табиғи өсімі – 14,51 (2011 жылдың ұқсас кезеңінде – 13,95); бала туу – 23,07 (2011ж. – 22,78); өлім-жітім – 8,56 (2011ж. - 8,83). Халықтың табиғи өсу көрсеткіші Маңғыстау облысында (25,96), Оңтүстік Қазақстан (25,42), Қызылорда (21,86), Атырау (21,51), Жамбыл (19,97), Алматы (16,25), Ақтөбе (16,1) облыстарында және Астана қаласында (21,06) орташа республикалық деңгейден жоғары болып шықты.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі
69,01 орнына 69,6-ны құрады.

2012 жылы республикада ана өлімінің көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі 17,4-тің орнына 100 мың тірі туғандарға 13,5-ті құрады.

Нәресте өлімінің көрсеткіші 14,84-тің орнына 1 000 тірі туғандарға 13,5-ті құрай отырып, 9 %-ға төмендеді.

2012 жылғы халықтың туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі 86,6-тың орнына 100 мың халыққа 81,7-ні құрады.

15-49 жас арасындағы жас тобында АИТВ-инфекциясының таралуы 0,19 %-ды құрады, жоспарланғаны 0,2-0,6 %.

Елдегі бюджет-салық саясатының негізгі бағыттары

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет 2008 жылғы


4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республиксы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз», 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы негізінде

2012 жылы Қазақстанда жүргізілген бюджет саясаты мемлекеттік саясаттың әзірленген шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

2012 жылға арналған бюджет сол арқылы дағдарыстан кейінгі орнықты даму траекториясына шығу, экономиканы дамыту мен жаңғырту үшін жағдай жасау, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздікті нығайту, конъюнктуралық кірістерге тәуелділікті азайту жағдайында мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мен тапшылықты қысқарту міндеті шешілген бюджетке айналды.

Әлемдік қаржылық және тауар нарығындағы ағымдағы үрдістерді ескере отырып, экономиканы датытудың түзетілген сценарийлері негізінде бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2016 жылдарға арналған болжамы екі рет нақтыланды.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының өзгеруіне сәйкес 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау екі рет жүргізілді.

Республикалық бюджетті бірінші рет нақтылау 2012 жылдың


1-тоқсанында Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның басты даму векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарын іске асыру үшін жүргізілді.

Қосымша кірістер, кейінгі қалдыру шарттарымен басымдықты емес шығыстарды және бюджеттік инвестицияларды қысқарту есебінен шығыстарды оңтайландыру, 2010 жылдың қорытындылары бойынша бюджет қаражатының қалдықтарын тарту нақтылау үшін көздер болып табылады. 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 5 236,9 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 485,9 млрд. теңгеге өсіре отырып айқындалған, оның ішінде 180 млрд. теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансфертті ұлғайтуға байланысты.

2012 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары
6 016,2 млрд.теңге сомасында, немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 507,2 млрд.теңгеге ұлғайта отырып көзделген, оның ішінде 2011 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен 21,3 млрд.теңге, оның ішінде:

300,1 млрд.теңге Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. 10% қатысу үлесін сатып алуға бағытталды.

Қазақстан Республиксы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін 184,6 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде:

- Жұмыспен қамту бағдарламасына - 2020 – 11,8 млрд.теңге;

- «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына – 36 млрд.теңге;

- өңірлік дамуға – 66,9 млрд. теңге;

- ауыл шаруашылығына – 5 млрд.теңге;

- индустриялық-инновациялық дамуға – 15,1 млрд.теңге;

- Қазақстанда адами капиталды сапалы өсіруге – 39,1 млрд.теңге, оның ішінде «Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған жаңа бағдарламасына – 5,7 млрд. теңге;

- халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға – 5,2 млрд.теңге;

- туризм саласы мен бұқаралық спортты дамытуға – 3,6 млрд.теңге;

- сыртқы саясатты дамытуға – 2 млрд.теңге.

Бұдан басқа, 59 млрд.теңге өзге де шұғыл шығыстарға жіберілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республиксы Президентінің экономикалық өсуді және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін бюджет қаражатын қысқартуға қатысты тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республиксының Үкіметі шығыстарды 25,6 млрд. теңгеге оңтайландырды және олар бойынша құжаттама берілмеген инвестициялық жобалардан 32 млрд.теңге сомасындағы қаражат қайта бөлінді.

2012 жылға арналған республикалық бюджетті екінші рет нақтылау үшін елдегі экономикалық ахуалды талдау негізінде 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі және 2012 жылдың қорытындылары бойынша нақты түсімдерді ескере отырып, шығыстарды нақтылау негіз болды. Олардың нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің азаюы күтілген болатын.

Шығыстардың қысқаруы зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жалақы және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік органдарды, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды ағымдағы күтіп-ұстау, қауіпсіздік және т.б. сияқты кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін міндеттемелерді орындауды қозғаған жоқ.

Бұдан басқа, есепті кезеңнің шұғыл міндеттерін әкімшілендіру және шешу деңгейін арттыру мақсатында қаражатты қайта бөлу көзделген болатын.

Бұл ретте, 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері


4 854,1 млрд.теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда
382,8 млрд.теңгеге азайта отырып айқындалған болатын.

Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 179,5 млрд. теңгеге азайта отырып, 5 837,3 млрд. теңге сомасында көзделген.

Егер алдыңғы жылдары нақтылау кезінде күтілетін толық игерілмеу озық түрде іске асырылатын жобаларға қайта бағытталған болса, онда 2013 жылға арналған ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік беретін, 2012 жылы шұғыл шешуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, 2012 жылдың бюджетін екінші рет нақтылау кезінде бекітілген сомамен салыстырғандағы шығыстар қысқартылған болатын. Сондай-ақ, 2012 жылдың шұғыл міндеттерін шешу, бағдарламаларды әкімшілендіруді жақсарту және 2013 жылдың бюджетін жеңілдету мақсатында 72,2 млрд.теңге сомасындағы қаражат қайта бөлінді, оның ішінде:

- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету – 20,2 млрд.теңге;

- «Балапан» бағдарламасы шеңберінде балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыру – 6 млрд.теңге;

- экспортқа астық тасымалдау құнын азайтуды субсидиялау –


10,1 млрд.теңге;

- Астана қаласын дамыту – 12 млрд.теңге.

Бұл ретте, республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге 2,5 %-дан аспайтын мөлшерде сақталды, бұл үкіметтік борышты қолайлы және қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға және қажет болған жағдайда белгілі бір бұлтарыстың ықтималдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, бюджетті атқару процесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

2011 жылғы 22 шілдедегі № 479-IV, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы № 495-IV Заңдарын; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2012 жылғы 22 қаңтардағы № 226, «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 248, «Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № 321 Жарлықтарын іске асыру үшін, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылды.

Қазақстанның салық саясаты қолайлы кәсіпкерлік орта құруға, елді дамытудың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға, одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үшін жағдай жасауға бағытталған.

Мәселен, 2012 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) әзірленді. Заңды әзірлеу Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын орындау, бұрын қабылданған заңнамалық актілерді, сондай-ақ Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдерін іске асыру қажеттілігіне негізделген.

Заң азаматтардың жекелеген санаттарын және экономиканың білім, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты салаларын қолдауға; банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге; шағын бизнес субъектілерін қолдауға; отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын оңайлату және бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту мақсатында салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі нормалардың едәуір кешені көзделген.
Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы

Барлығы республикалық бюджетке 4 889,2 млрд.теңге кірістер түсті, немесе жоспарға 100,7%, 2011 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға өсті.



Кірістердің түсімі 4 763,4 млрд.теңге сомасында болды немесе атқарылу 100,7%-ды құрады, оның ішінде салықтық түсімдер - 2 975,6 млрд.теңге немесе 100,8%, салықтық емес түсімдер – 249,9 млрд.теңге немесе 103,6%, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17,3 млрд.теңге немесе 87,7 % және трансферттер 1 520,7 млрд.теңге немесе 100,2 %.

Кіріс бөлігінің артығымен орындалуы (33,5 млрд. теңге), ең алдымен салық түсімдерінің есебінен алынды, яғни 23,9 млрд. теңге

Жоспардың осылай 63,9 млрд. теңге сомаға артығымен орындалуы негізінен қосылған құн салығы бойынша, халықаралық сауда-саттық пен операцияларға салынатын салық бойынша, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсім бойынша, импортқа салынатын акциз бойынша қалыптасты.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 40 млрд. теңгеге орындалған жоқ, бұл қосылған құнның жалпы жоспарланған атаулы өсіміне 4,8%-ға, қол жеткізе алмауға байланысты: оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі бойынша 7,5%, өңдеу өнеркәсібі бойынша 0,7%.

Алдыңғы жылға қарағанда корпоративтік табыс салығының түсімі 9,2 млрд. теңгеге төмендеді. Бұл ретте экономиканың шикізатқа жатпайтын секторының төлеушілерінен түсетін түсім пайданың біршама өсуін көрсетіп отырғанын атап өткім келеді, оның индикаторы корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдердің 11,4%-ға өсуі болып табылады. Сонымен қатар осы санаттағы салық төлеушілердің саны 8,9%-ға немесе 5,3 мыңға ұлғайды.

Корпоративтік табыс салығын орындамаудың есесі мынадай салықтар бойынша жоспардың артығымен орындалуы арқылы өтелді.

Қосылған құн салығы бойынша 27,5 млрд. теңге немесе жоспарға 103,1%-ға, оның ішінде тауарлардың ішкі өндірісі бойынша қосылған құн салығының жоспарланған 8,8%-ға қарағанда іс жүзінде бюджеттен аз қайтарылуы себеп болды (қайтарым 495 млрд. теңге сомасында жоспарланды, іс жүзінде 451,1 млрд. теңге қайтарылды).

Бұл ретте импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 3,7 млрд. теңге сомаға орындалған жоқ, ол импорттың 17,4%-ға болжамды өсімінің есебінен 727,1 млрд. теңге сомасында жоспарланды, өсуі іс жүзінде 15% болып, 723,4 млрд. теңге түсті.

Бұл ретте қосылған құн салығы бойынша жалпы алғанда жоспар орындалды.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша атқарылу жоспардың 106,1%-ын құрады, жоспардың 13,0 млрд. теңгеге артық орындалуы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеу есебінен қалыптасты.

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспар 6,7 млрд.теңгеге немесе 104,4%-ға артығымен орындалды, бұл жекелеген компаниялардың 2012 жылғы желтоқсанда 2013 жылдың салық міндеттемелерін уақытынан бұрын төлеуіне байланысты.

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеу 5,3 млрд. теңгеге артығымен орындалды, төртінші буынның мобильді байланысын енгізуге арналған жолақты бөлгені үшін «Қазақтелеком» акционерлік қоғамынан біржолғы төлемнің түсуіне байланысты, жоспардың орындалуы 163,5%-ды құрады.

Халықаралық сауда-саттық пен операцияларға салынатын салықтар бойынша жоспар шикі мұнайға және мұнайдан өндірілген тауарларға экспорттық кеден бажының есебінен, негізінен мұнай өнімдері экспортының өсімі есебінен 22,6 млрд. теңгеге артығымен орындалды.

Мемлекеттік материалдық резервті жаңарту тәртібімен шығарылатын материалдық құндылықтарды сатып алуға әлеуетті сатып алушылардың болмауына байланысты негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 2,4 млрд.теңгеге орындалған жоқ.

Салық органдары бюджетке бересі сомасын қысқарту жөнінде жұмыстар жүргізуде.



2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бересі 81,3 млрд.теңгені құрады, 2012 жылдың басымен салыстырғанда 3,6 есеге қысқарды (01.01.2012 ж. бересі 224,2 млрд. теңгені құрады).



Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

2012 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 5 795,7 млрд.теңгені құрады немесе жоспарға 99,3%. 2011 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет шығыстарының өсуі 668,4 млрд.теңгені құрады.



41,6 млрд.теңге пайдаланылмай қалды. Оның ішінде, 17,4 млрд.теңге – Үкімет резерві бойынша бөлінбеген қаражат қалдығы. Бұл ретте, Бюджет кодексіне 2012 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес (бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервін пайдалануға бағытталған бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды) бюджет 24,2 млрд.теңгеге атқарылған жоқ және шығыстардың жалпы сомасында оның үлесі 0,4 %-ды құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармақтан кем. Оның ішінде: 6,2 млрд. теңге жалпымемлекеттік шығыстар бойынша үнемдеу, оның ішінде 0,5 млрд.теңге өкілдік шығындар бойынша, 5,7 млрд.теңге үкіметтік қарызға қызмет көрсету бойынша; 2,3 млрд. теңге мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша, еңбекақы төлеу қоры, әлеуметтік салық, банктік қызметтер бойынша, штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы, бағамдық айырма бойынша үнемдеу және пайдаланылмаған қаражат қалдығы; 6,1 млрд.теңге мердігерлер шарттық міндеттемелерді орындаған жоқ (орындалған жұмыстардың актілері ұсынылған жоқ, техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін тауарлар ұсынылды, тауарларды жеткізудің болмауы). Қалған 9,6 млрд.теңге бюджет қаражатын тиімсіз басқару себебі бойынша игерілмеген, бұл конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу, оларды өткізу мерзімдерін кейінге қалдыру, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау.

Игерілмей қалған 24,2 млрд.теңгенің 11,1 млрд.теңгесі жалғастырылып отырған бюджеттік даму бағдарламалары және іске асыру мерзімі бір жылдан астам ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 2012 жылы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігін қаржыландыруға бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы жылы пайдаланылады.

Бұл ретте Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын ел азаматтарының тыныс-тіршілік деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер іске асырылғанын атап өту қажет.

Әлеуметтік салаға арналған шығыстар соңғы 10 жылда 10,5 есеге ұлғайды. 2002 жылы осы шығыстар 204,8 млрд.теңгеге жүргізілген болса, 2012 жылы 2 143,9 млрд.теңгені құрады.



Жүргізіліп отырған белсенді әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру деңгейінің едәуір жақсаруына алып келді. Бұл ретте, халықаралық сарапшылар Қазақстанды орташа көрсеткіштен жоғары кірісі бар елдер тобына жатқызатынын атап өту қажет.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2012 жылғы желтоқсанда есептелген атаулы орташа айлық жалақы 127 402 теңгені құрады және 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда
6,9 %-ға ұлғайды.

Бекітілген жоспар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 9 %-ға, әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 7 %-ға артты, базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері күнкөріс деңгейінің ең аз мөлшерінің 9%-ына артып, 8 720 теңгені құрады.

Базалық зейнетақы төлемі мөлшерінің артуын ескере отырып, зейнетақы төлемінің ең аз мөлшері 26 211 теңгені, орташасы – 38 765 теңгені, ең жоғарысы – 56 047 теңгені құрады.

Зейнетақы алушылардың нақты орташа жылдық саны 2012 жылы 1 780 752 адамды құрады, жоспарда 1 786 209 адам.

Базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс деңгейінің шамасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 17 439 теңге сомасында белгіленді.

Сонымен қатар, халықтың белгілі бір бөлігі аз қамтылған күйі қалып отыр, бұл әлеуметтік көмек көрсетуді қажет етеді. Соңғы екі жылдың өзінде осы бағдарламаларды қаржыландыруға 80 млрд. теңгеден астам бағытталған болатын. 2012 жылы 97,3 адам атаулы әлеуметтік көмек алды, оның


62,3 %-дан астамы 18 жасқа дейін балалар. Балалары бар аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін мемлекеттік балаларға арналған жәрдемақылар төленеді. Көпбалалы аналарды қолдау жөніндегі шаралар күшейтілді. Төрт және одан көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджеттен ай сайын 3,9 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2010 жылдан бастап мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға бір ең аз жалақы мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.

Соңғы алты жылдың ішінде бұл балаларға арналған жәрдемақы алатын аз қамтылған отбасылардың санын 1,2 есеге азайтуға мүмкіндік туғызды.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 7 %-ға артып, олардың мөлшері мынаны құрады:

жалпы ауруынан мүгедектігі бойынша, оның ішінде 1-топ –


23 717 теңге, 2-топ – 18 485 теңге, 3-топ – 12 905 теңге;

асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша: жұмысқа қабілетсіз бір отбасы мүшесі болған кезде – 11 510 теңге, екеу болғанда – 19 880 теңге, үшеу болғанда – 24 589 теңге, төртеу болғанда – 26 159 теңге, бесеу және одан көп болғанда – 27 030 теңге;

жасы бойынша – 8 720 теңге.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алатындардың нақты саны 676 284 адамды құрады, жоспарда 680 767 адам.

Мемлекет бұрынғысынша, өтемақы тәртібімен азаматтардың жекелеген санаттарына (соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектері, саяси қуғын-сүргін құрбандары) және әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарға (мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар, асыраушысынан айрылған балалар, адамдар) көмек көрсетуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 572 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның


370 мыңы жұмысқа жарамды жастағылар, 10 %-ы – балалар. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың осындай құрамы жеке қолайсыздыққа және мүгедектер әлеуетіне қарай сараланған іс-шаралардың кең спектрін пайдалануды қажет етеді. Осы мақсатта мүгедектікті тіркеуден және жәрдемақылар төлеуге арналған қаржы ресурстарының басым бағытынан мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құруға және жұмыспен қамтуға негізделген жаңа тұжырымдамаға көшуді көздейтін Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың
2012-2018 жылдарға арналған жоспарын іске асыру басталды.

Әлеуметтік қолдау көрсету перспективада да әлеуметтік жаңғырту басымдықтарының бірі болып қала береді. Жүргізілетін іс-шаралардың түпкі нәтижесі кедейлікті едәуір азайту (2012 жылы кедейліктің денгейі 3,8 % құрады 2008 жылмен салыстырғанда 3,2 есеге төмендеді), халықтың топтары арасында да, өңірлер арасында да ақшалай кірістегі саралануды азайту болуға тиіс.


Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2012 жылы 24,3 млрд.теңге жұмсалды, оның ішінде кәсіптік оқуға 15,4 млрд.теңге жұмсалды, еңбекақы төлеміне - 3,4 млрд.теңге, жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын төлеуге - 2,7 млрд.теңге. Осы бағытты іске асырудың нәтижесі 74 мың адамның оқуды аяқтағаны, оның 41 мың адамы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылғаны болып табылады. Айлық жалақының орташа мөлшері 44,8 тыс. теңгені құрады.

Бағдарламаның екінші бағыты болып табылатын ауыл тұрғындарына шағын кредит беруге 2012 жылы 12,7 млрд.теңге жұмсалды. Осы бағытты іске асыру басталғаннан бері 6 мың адамнан астамы кредит алды, кәсіпкерлік негіздеріне шамамен 6,3 адам оқып үйренді.

Экономикалық өсу тұрғысынан тоқырауға ұшыраған өңірлерден еңбекке қабілетті жастағы адамдардың қоныс аударуын қамтамасыз ету бағдарламаның 3-ші бағытының міндеті болып табылады. 10,1 млрд.теңге республикалық бюджеттен 9,0 млрд.теңгені өңірлер игерді. 2013 жылғы 1 қаңтарға 764 үй салынды, 8115 адам көшірілді, оның 61% (пайызы) жұмысқа тұрғызылды.

2012 жылы бағдарлама «Ауыл инфрақұрылымын дамыту» деген тағы бір бағытпен кеңейтілді және 9,9 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 9,8 млрд.теңге игерілді. Осы бағыттағы 563 жоба толығымен аяқталды, ауылды жерлерде 7,3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

Тұрмыс дәрежесінің сапасын арттыру және ұлттың денсаулығын нығайту үшін 2012 жылы «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылды, оған 78,4 млрд.теңге бөлінді.



Бағдарламаның жүргізілген іс-шараларының нәтижесінде 2012 жылы республикада ана өлімінің көрсеткіші 2012 жылға жоспарлаған 22-нің орнына 100 мың тірі туғандарға 13,5-ті құрады.

Нәресте өлімінің көрсеткіші 14,5-тің орнына 1 000 тірі туғандарға
13,5-ті құрай отырып, 7,4 %-ға төмендеді.Туберкулезбен ауру 5,7% (пайызға) азайды, жалпы өлім-жетім есепті кезеңде 2,3% (пайызға) азайды.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 60,2 % артты және 149 құрады.

Медициналық технологиялар тізбесі кардиохирургия, трансплантология, нейрохирургия, онкология саласында 268-ден 341-ге дейін кеңейтілді:

Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2012 жылы 111,4 млрд.теңге бағытталды. Бұл ретте республикалық бюджет есебінен – 90,3 млрд.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 21,1 млрд.теңге жұмсалды.

Техникалық және кәсіби білім алу саласында 6 381 адам, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім алу саласында - 5 864 біліктілігін арттырудан өтті. Біліктілікті арттырудың қазіргі жүйесінде 2 825 маман қызмет атқарады, оның ішінде 100 адам ғылым кандидаты мен докторы.

Білім берудің 537 ұйымында 2012 жылы электрондық оқыту жүйесі енгізілді.

Елімізде 7 «Назарбаев зияткерлік мектебі» (Астанада - 2, Өскеменде, Көкшетауда, Семейде, Талдықорғанда, Оралда) жұмыс істейді .

2012 жылы 113 мектеп оны ішінде 56 республикалық бюджет есебінен салынып, пайдалануға берілді.

Экономиканың мұқтажын білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде мақсаттарға қол жеткізу үшін 2012 жылы оқу орында техникалық және кәсіби білім беру желісін дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Астана қаласында енгізілген 840 оқушы орынына кәсіптік лицейдің құрылысын салу аяқталды. Оқу орындарының шеберханалары мен зертханаларын оқу-өндірістік заманауи жабдықпен жарақтандыру үшін 2012 жылы 4,8 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,4 млрд.теңге бөлінді.

2012 жылы мектепке дейінгі ұйымдар саны 8 590 құрады, 2011 жылға қарағанда өсім 494 ұйымды құрады. Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың жалпы саны – 644,3 мың немесе 2011 жылмен салыстырғанда 56,3 мың балаға артық.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің желісі 999 бірлікке, 81 бала бақшасын салу есебінен, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 26 бірлік; 462 шағын орталық және 317 жеке бала бақша ашу есебінен; 139 бала бақша енгізудің басқа да тәсілдерінен арттырылды (оның ішінде: бұрын жекешелендірілгендерді қайтару, тұрғын үйлердің 1-інші қабаттарында ашу, жалға берілген коммуналдық меншіктің жеке тұрған ғимараттарын босату, балалар бақшасын ашу үшін жарамды өзге де үйлер мен ғимараттарды беру).

2012 жылы Қолжетімді тұрғын үй -2020 бағдарламасын іске асыру басталды, ол үшін республикалық бюджеттен 131,9 млрд.теңге бөлінді, өңірлер 121,8 млрд.теңгені игерді.

Бағдарламаға сәйкес 2012 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен, оның ішінде республикалық қаражат есебінен 6,1 млн.м2 тұрғын үйді пайдалануға беру, көзделген. Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың барлық көздері бойынша 407 млрд.теңге инвестиция салынды. Пайдалануға 6,7 млн.м2 тұрғын үй берілді. Жылдық жоспарға тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 111,4 %-ды құрады.

Мемлекеттік меншік ұйымдарымен және кәсіпорындарымен 2012 жылы 1,1 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Республика бойынша пайдалануға барлығы 58,3 мың пәтер, оның ішінде 23,4 мың жеке тұрғын үйлер тапсырылды.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйді салуға 2012 жылы республикалық бюджеттен 19,6 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер түріндегі қаражат бөлінді. 2012 жылы іске қосуға жоспарланған 150 мың. м2, 151,6 мың. м2 пәтері пайдалануға берілді және сатып алынды.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйді салуға республикалық бюджеттен 2012 жылы сомасы 13,2 млрд.теңге нысаналы трансферттер бөлінген. Жас отбасылары үшін тұрғын үйді іске қосу 2013 жылға жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен кредит қаражаты есебінен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы салуға және іске асыруға 42,1 млрд.теңге бөлінді, өңірлердің игерілгені 34,0 млрд.теңге. 2012 жылы іске қосуға көзделген кредиттік тұрғын үй 245 мың м2 құрады, 167,7 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспардың орындалмау себептері: Мемлекеттік комиссия актілеріне кеш қол қойылу, аумақты абаттандыру бойынша (қысқы кезеңде) жұмыстардың аяқталмауы, ЖСҚ түзетілуі, жылумен жабдықтау желісінің болмауы, мердігерлердің жұмыстарды жүргізу кестесін бұзуы).

Республикада тұрғын үй құрылысы проблемаларын кешенді шешу мақсатында аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тұрғын үй құрылысымен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. 2012 жылы республикалық бюджеттен көрсетілген мақсаттарға сомасы 57,0 млрд.теңге нысаналы трансферттер бөлінді, өңірлермен 56,1 млрд.теңге сомасында игерілді.

Экономиканың тұрақты және теңгерімделген өсуін қамтамасыз ету мақсатында әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. 2012 жылы ҮИИДМБ шеңберінде 17 бағдарламаны іске асыру үшін 842,2 млрд.теңге бөлінді, оның 834,1 млрд.теңгесі пайдаланылды.



ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын 17 бағдарламаның негізгісінің бірі Қазақстандық индустрияландыру картасы болды.

Қазіргі таңда Индустрияландыру картасы 401 мың жұмыс орнынан артығын құра отырып, 11,2 трлн.теңге сомаға 779 жобаны қамтиды.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 3 жыл ішінде жалпы сомасы 2,1 трлн. теңге 537 жоба енгізілді, 57 мыңнан астам тұрақты жұмыс орыны құрылды.

Есептеулер көрсетіп отырғандай, Индустрияландыру картасы жобаларының салымы 2012 жылы ЖІӨ өсуіндегі үлесі (5%-дың) 1,3%-ын құрады.

Индустрияландыру картасының жобалары 3 жылда 1,7 трлн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 913 млрд. теңге өнімді өндірді. Бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 5,5%-ы.

2011 жылдан бастап жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, қолданыстағы өндірістерді жаңғырту үшін еңбек өнімділігін арттыру мақсатында және «Өнімділік 2020» бағдарламасына қазіргі заманғы басқару технологияларын сөзсіз енгізу мақсатында жалпы сомасы 152,6 млрд.теңге 51 инвестициялық жоба, оның ішінде 2012 жылы жалпы сомасы 74,3 млрд.теңге - 25 жоба енгізілді.

«Экспорттаушы - 2020» бағдарламасы шеңберінде экономиканың шикізаттық емес секторының экспортқа бағытталған және қолданыстағы экспорттаушы кәсіпорындарын кешенді қолдауды қамтамасыз ету үшін қазақстандық өнім экспорты географиясы кеңейді және көлемді ұлғайды 2010 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғанда сомасы 530 млн.теңгеден артық, оның ішінде 2012 жылы сомасы 291,2 млн.теңгеге 131 экспорттаушыға шығындарын өтеуге мүмкіндік берді. 2012 жылы шетелдік инвесторлық компанияларды тарту және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында іскер топтардың қатысуымен 16 инвестициялық іс-шаралар, оның ішінде 6 шетелде және Қазақстанда 10 өткізілді, нәтижесінде негізгі капиталын инвестициялау көлемі 597 млрд.теңгені құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 18,1%-ға көп.

Отандық бизнесті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы ойдағыдай іске асырылуда. Қазіргі таңда кәсіпкерлердің 30 мыңнан астамы қолдау шараларымен қамтылған. Бағдарламаны іске асыру барысында 2010 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезеңде субсидиялауға барлығы үш бағыт бойынша жалпы сомасы 650 млрд. теңге 2574 жоба мақұлданды. Кепілдік бойынша жалпы сомасы 18,9 млрд. теңге 136 жоба мақұлданды. 409 кәсіпорын үшін жалпы сомасы 78,3 млрд. теңге инвестицияға өндірістік инфрақұрылымды салу мен реконструкциялау жүзеге асырылады.

Елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 2012 жылы республикалық бюджеттен 193,3 млрд.теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылуы 1 938,9 млрд.теңгені құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,8 %-ға аз, оның ішінде мал шаруашылығы – 1 015,6 млрд.теңге, өсімдік шаруашылығы – 917,6 млрд.теңге. 2012 жылғы жағымсыз ауа райының жағдайлары осы көрсеткіштің төмендеуінің негізгі себебі болып табылады.

Ылғал ресурстарын сақтайтын технологияларды енгізу арқасында едәуір жақсы өнім жиналды (12,9 млн. тонна астық). Бұл өткен жылмен салыстырғанда азырақ, алайда ішкі нарықтың талаптарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті. 2012 жылдың қорытындылары бойынша экспортқа 11 млн.тонна тиеп жіберілді, бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Майлы дақылдардың жалпы өнімі 976,8 мың тоннаны құрады, бұл 197%-ға ішкі талаптарды қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығына қатысты айтатын болсақ, мұнда құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарға 2012 жылы құрғақшылықтың салдарларын жою және мал басын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай) қыстан шығуы кезеңінде аналық мал басын ұстауға шығындарды өтеу үшін 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында ет өндіру көлемі 13 %-ға, сүт 13,2 %-ға, жүн 5,6 %-ға ұлғайғанын атап өту қажет. Мемлекет мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауды жалғастырып келеді. 2012 жылы бөлінген субсидиялардың жалпы көлемі 31,5 млрд.теңгені құрады.

Аграрлық құрылымдарда мал басының саны 2012 жылы орташа 12,5 %-ға, ал мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 13 %-ға өсті.

Етті экспорттау әлеуетін дамыту бағдарламасы ірі қара мал санын көбейтуге оң әсер етті. Мәселен, егер 2010 жылғы 1 қаңтарда фермер қожалықтарында ірі қара мал басы небары 780,7 мың басты құраған болса, 2012 жылдың қорытындылары бойынша бас саны 50 %-ға өсті және шамамен 1,2 млн.басты құрады. Бұл осы бағытты мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен нәтижесін көрсетіп отыр.

Соңғы жылдар ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында да өндірістің тұрақты өсуі байқалады. 2011 жылмен салыстырғанда тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3 %-ға өсті және 833 млрд. теңгені құрады.

Көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылды және Қазақстанда тиімді, бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құруға, оны әлемдік көлік инфрақұрылымымен ықпалдастыруға және еліміздің транзиттік әлеуетін барынша іске асыруға бағытталды.

Осы мақсатта 2012 жылы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды дамытуға 282 млрд.теңге бөлінген болатын. Бөлінген қаражат есебінен 7,8 мың шақырымнан астам, оның ішінде 4,2 мың шақырымы республикалық желідегі автожолдар жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Тұтас алғанда барлық реконструкциялау объектілері бойынша ағымдағы жылы шамамен 260 шақырым пайдалануға берілді. 1 164 шақырым республикалық маңызы бар жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша 2012 жылы 124,4 млрд.теңге және жаңа жолдың 700 шақырымында қозғалыс ашылды. Жобаны толық аяқтау 2015 жылға жоспарланған.

2012 жылы жалпы ұзындығы 439 шақырымдық «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түркменстанмен мемлекеттік шекарасы» темір жол желілерінің екінші кешенінің объектілерін салу аяқталды. Осы жобалар бойынша 2012 жыл ішінде 29,1 млрд.теңге игерілген, оның ішінде: «Жетіген-Қорғас» 20,7 млрд.теңге, «Өзен-Түркменстанмен мемлекеттік шекарасы» - 8,4 млрд.теңге.



Республикалық бюджеттің тапшылығы мен оның қаржыландыруы

Республикалық бюджеттің тапшылығы 906,5 млрд.теңгені немесе жоспардағы 3,3% -дың орнына жалпы ішкі өнімнің 3,0%-ын құрады. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру – 904,6 млрд.теңге – қарыз алу және 1,8 млрд.теңге – бюджет қаражатының қалдығын пайдалану есебінен жүзеге асырылды.



Капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында іс жүзінде қарыз алу 1 178,9 млрд теңге сомада бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылды.

Сыртқы мемлекеттік қарыздардың түсуі 111,4 млрд теңгені құрады және халықаралық қаржы ұйымдарынан 107,4 млрд.теңге сомада түскен кредиттер мен шетел мемлекеттерінен түскен 3,9 млрд.теңге кредиттер есебінен қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі капиталдың ішкі нарығында қарыз алу шеңберінде 1 067,5 млрд.теңге сомаға мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырды.

Ішкі қарыз алуды мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен жүзеге асыра отырып, Қаржы министрлігі, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бюджет тапшылығын қаржыландырумен бір қатарда борыштық құралдар нарығын қолдау міндеттерін де шешіп отырды.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш еліміздің қаржы жүйесі үшін төмен және қауіпсіз деңгейде тұрғаны белгілі.

Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігінің ұсынымдамаларына сәйкес бюджетке түсетін борыштық жүктеме лимиті 10-15% шегінде болуға тиіс. Бұл көрсеткіштің деңгейі 2013 жылғы 1 қаңтарда 8,5%-ды құрады және рұқсат етілетін аймақта тұр.

Халықаралық критерийлер бойынша, атап айтқанда Маастрихт келісімі не сәйкес мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімнің 60%-ынан жоғары болмауы тиіс. Осы көрсеткіштің деңгейі 12,2%-ды құрады. Осылайша борыш елге қауіпсіз деңгейде тұр.



Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаудың 2012 жылғы негізгі қорытындылары

5 290 бақылау объектісі, оның ішінде 497 республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме, 3 043 жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме және 1 750 шаруашылық жүргізуші субъекті бақылаумен қамтылды. Есепті кезеңде бюджет заңнамасын бұзушылықтардың жалпы сомасы 333,5 млрд.теңгені құрады.

Республикалық бюджет қаражатын пайдалану заңдылығы мәселелері бойынша 497 объектіде 2012 жылы бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде 760,1 млрд. теңге қамтылды.

Жылдың қорытындысы бойынша 83,3 млрд. бұзушылықтар анықталды. Көрсетілген қаражат бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып, пайдаланылған. Сыныптауышқа сәйкес бұзушылықтар мынадай түрлер бойынша топталады:

31,3 млрд. теңге сомаға объектілерді сараптамадан өтпеген (жекелеген жағдайларда, белгіленген мерзімнен кеш өткен) жобалау-сметалық құжаттама бойынша салуға бюджет қаражатын пайдалану, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерсіз және оң экономикалық қорытындыларсыз бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

38,9 млрд. теңге сомаға мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде бұзушылықтар;

7,4 млрд. теңге сомаға бюджеттік бағдарламаларды асыру кезінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде мақсаттар мен жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеуден көрініс тапқан бюджет тиімді пайдаланбау фактілері;

жалпы сомасы 4,4 млрд. теңгеге бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жасау талаптарын бұзу (салынған және пайдаланылып жатқан құрылыс объектілерін ұйымдардың балансында көрсетпеу және т.б.);

0,6 млрд. теңге сомаға белгіленген нормативтер мен қағидаларды бұза отырып, пайдаланылған мүлікті, автокөлікті және басқаларды күтіп-ұстауға арналған қаражат;

0,4 млрд. теңге сомаға белгіленген тәртіпті бұза отырып негізгі құралдарды беру не есептен шығару;

160,8 млн. теңгеге еңбекақыны, іссапар шығыстарын және т.б. төлеуді жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар;

114,4 млн. теңге сомаға тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының жетіспеуі;

70,0 млн. теңге сомаға бюджетке салықтық емес төлемдерді төлемеуден не уақтылы төлемеуден көрінген заңнама талаптарын сақтамау.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бақылау объектілері 6,8 млрд. теңгені (70%) қалпына келтірді және өтеді, оның ішінде заңнама талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде тиісті жазбалар жүргізілді, 6,7 млрд. теңге сомаға жұмыстар орындалды, қызметтер көрсетілді, тауарлар жеткізілді, 0,1 млрд. теңге – бюджетке ақшамен өтелді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін 8,6 млн. теңге сомаға айыппұл салына отырып, 83 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, одан республикалық бюджетке 7,3 млн. теңге төленді. Түрлі тәртіптік жауапкершілік шараларына 261 лауазымды тұлға тартылды. Тексерулердің қорытындылары бойынша 182 бақылау материалы процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, олардың негізінде 14 қылмыстық іс қозғалды.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылу тарулы есебіне берілген ұсынымдары

Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес Есеп комитеті 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытынды болып табылатын есеп дайындады, онда бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру жөнінде 14 ұсынымдар берілген, оның ішінде:

- жылжымалы үш жылдық республикалық бюджетті қалыптастыру әдістемесін қайта қараумен республикалық бюджеттің кірістер мен шығыстарын жоспарлау және атқару процесі үйлесімділігінің кешенді тетігін әзірлеу;

- республикадағы бюджет жүйесінің кіріс әлеуетін арттыруға бағытталған қосымша кешенді шараларды әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне Есеп комитетінің қорытындысында көрсетілген мәселелер бойынша салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

- салықтардың түрлері және экономика секторлары бойынша өлшемдерді белгілей отырып, салықтық және кедендік жеңілдіктерді берудің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу;

- 2012 жылы бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз етпеген, нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің қайтарылуына, дебиторлық және кредиторлық берешектердің ұлғаюына, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтарға жол берген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лауазымды адамдарының жауапкершілігі мәселесі қарау;

- республикалық бюджеттің атқарылуы барысында өзгерістер мен түзетулерді барынша азайту, қаржы жылы ішінде оның кассалық шығыстарының біркелкі бөлінуі және дебиторлық, кредиторлық берешектерді қысқарту бөлігінде бюджет қаражатын басқарудың сапасын арттыру;

- шығыстарды экономикалық сипаттамалары бойынша шұғыл шығындарға жатқызу өлшемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу;

- бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне олардың стратегиялық жоспарларында көрсетілген мақсаттардың, міндеттердің, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерінің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуді тапсыру;

- мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіруші мемлекеттік органдардың бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуына, өлшемдер мен күтілетін нәтижеге сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне жауапкершілігін арттыру бойынша жүйелі шаралар әзірлеу;

- Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің салық есебін енгізе отырып, бағдарламалық құжаттарда қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру және оларға қол жеткізуді сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер базасын құру;

- республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдердің бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шараларды іске асыру кезінде оларды тиімді және толығымен пайдалану бөлігіндегі шарттарын жергілікті атқарушы органдардың сақтауына бақылауды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан республикалық бюджетке түсетін салықтардың жергілікті бюджеттерге есептелуі туралы мәселені қарау;

- республикалық бюджеттің қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша Үкіметтің іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

- ішкі қарыз алуды жүзеге асыруды, Ұлттық қор қаражатын, қазынашылық шоттардағы қаражат қалдықтарын басқаруды қоса алғанда, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.




Результаты согласования
10.7.2013: Жакибаева Д. К. (Жакибаева Д. К.) - - cогласовано без замечаний



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет