2011 жылғы 1 тамыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
2011 жылдың 1 тамыз айында облыс бюджетіне 105702,8 млн.теңге болжаммен 109013,7 млн.теңге түсті, соның ішінде 78813,3 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттер құрады.
Меншік кірістер 114,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.
Ағымдағы жылдың алты азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер (92,9%) және жер телімдерін сатудан түскен түсімдерден (86,8%) басқа, барлық кіріс көздері бойынша орындалды.
Облыстық бюджетке 2011 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 6885,9 млн.теңге болжаммен 8980,4 млн.теңге меншік кірістері немесе 130,4%-ға орындалды.
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді, субвенцияны, қарыздар мен бюджеттік кредиттерді ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 98910,3 млн.теңге жұмсалды.
Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 79530,7 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 19379,6 млн.теңге бағытталды.
Облыстың білімі беруіне 32671,8 млн.теңге немесе 92,3% жұмсалды, оның ішінде:
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 1714,3 млн.теңге;
- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 21087,7 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 20251,5 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 759,8 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 770,1 млн.теңге;
- техникалық және кәсіптік білім беруге – 2773,0 млн.теңге.
2011 жылдың 7 айындағы білім беру жүйесін ақпараттандыруға 137,2 млн.теңге жұмсалды.
Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 641,4 млн.теңге жұмсалды, ол 98,5%-ды құрады.
Денсаулық сақтау бойынша қаражаттар 89,8%-ға игерілді, 1291,1 млн.теңге игерілмей қалды, оның ішінде 1267,9 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер, олар мынадай объективті себептер бойынша игерілмей қалды: медицианлық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша конкурсты ұйымдастырушы «СК Фармация» ЖШС болып табылады, конкурс өтпей қалды, осыған байланысты 672,9 млн.теңге игерілмей қалды; 259,9 млн.теңге – дәрілік препараттар сатып алу бойынша, 168,1 млн.теңге конкурстық рәсімдерден үнем, 91,9 млн.теңгеге кестенің бұзылуынан препараттар жеткізілген жоқ; 228,7 млн.теңге – медициналық қызметтер көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының жүктемелерін ескере отырып, тарифке енгізілген қосымша компонент, объективті себептер бойынша РБ-тан келіп түскен жоқ; сондай-ақ бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы әлеуметтік қызметкерлерді енгізуге арналған 26,0 млн.теңге игерілмей қалды, Емдеу алдын алу мекемесін кадрлармен жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде; 32,4 млн.теңге - салауатты өмір салтын насихаттау бойынша.
2011 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 107,3 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 269,6 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 259,7 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 354,7 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 349,4 млн.теңге көмек қарастырылды.
Жұмыспен қамту бойынша игеру 403,1 млн.теңгеге 92,1%-ды құрады.
2011 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 9562,3 млн.теңге қарастырылды, оның ішінде 521,4 млн.теңгесі «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде есебінен Өскемен және Семей қалаларындағы, Жарма, Катонқарағай, Үржар аудандарындағы балабақша, Үржар, Глубокое, Күршім аудандары мен Семей қаласының орта мектебі құрылыстары жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, Зырян ауданы Зырян қаласында, Өскемен қаласы Сәтпаев даңғылы бойынша жаңа балабақша салу және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі жаңа мектеп және облыстың апаттық өңірлерінде 24 мектеп салу жалғастырылды. Есеп беру кезеңінде 5248,6 млн.теңгенің 3051,2 млн.теңгесі игерілді.
Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, оған 811,4 млн.теңге жұмсалды. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей қаласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысы, Семей қаласының балалардаң туберкулез ауруханасының құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына және Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі балалардың емханасының құрылысына, «Семей қаласының паталоанатомиялық бюросы» КМҚК ғимаратына жапсаржай салуға, ауылдық елді мекендердегі ОДА салу жоспарланды. Есеп беру кезеңінде 153,9 млн.теңге игерілді.
Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 599,0 млн.теңге, оның ішінде Глубокое ауданы Зимовьев интернат-үйінің, Зимовьев психоневрлогиялық МӘМ құрылысы, Зырян ауданы Серебрянск медициналық-әлеуметтік мекемесіне изоляторды жалғай салу және Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психоневрлогиялық МӘМ-дағы бұрынғы аурухананы қайта жаңарту, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайына қосымша құрылыс салу, Серебрянск қаласының МӘМ изоляторына жапсаржай салу, Глубокое ауданы Винное ауылындағы иппотерапия әдісімен мүгедек балаларды оңалту үшін атты-спорт манежі жоспарланды. Есеп беру кезеңінде 194,0 млн.теңге игерілді.
Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеу басталды. Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына ЖСҚ әзірлеу аяқталды және құрылысқа 241,5 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылды.
Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 261,2 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен Семей және Зырян, Өскемен қалаларында уақытша ұстау изоляторлары салынатын болады, УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр, Есеп беру кезеңінде 116,9 млн.теңге игерілді
Қаражаттардың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 850,0 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Зайсан, Риддер және Өскемен қалаларындағы, Абай, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Үржар және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын. 3081,2 млн.теңге жоспарланған көлемнің толығымен игерілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 701,4 млн.теңге қарастырылды.
Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер есебінен 6018,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланды, оның есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын, сондай-ақ инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 1643,7 млн.теңге қарастырылды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым дамытуды қоса қаржыландыруға 995,5 млн.теңге қарастырылды, есеп беру кезеңінде 690,7 млн.теңгесі игерілді.
Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2011 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Күршім ауданы Қарақаба өзені арқылы көпірдің құрылысын аяқтауды және «Семей-Қайнар» автожолдарын қайта жаңартуды, сонымен қатар Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын салуды жалғастыруды, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын қайта жаңартуды, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын салуды жоспарлап отыр, есеп беру кезеңінде 1891,5 млн.теңге игерілді.
Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 7164,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды, есеп беру кезеңінде жоспарланған қаражат толығымен игерілді (4 960,5 млн.теңге).
Курчатов қаласының № 4 қазандығын қайта жаңартуға облыстық бюджет қаражаты есебінен 129,1 млн.теңге жоспарланды, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 425,0 млн.теңге қарастырылды, жұмыс басталды, 201,8 млн.теңге сомасында қаражат игерілді.
2011 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36 363,0 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 24 қаңтардағы № 26/310-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 16 600,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 19 763,3 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2 586,4 млн.теңге тұрғын кредит.
Облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 27/336- IV шешімімен жол картасы бойынша трансферттер ескере отырып, республикалық трансферттер көлеміне өзгертулер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттер көлемі 48 813,0 млн.теңгені құрады.
Облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 30/353- IV шешімімен республикалық трансферттер көлеміне өзгертулер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттер көлемі 48 820,9 млн.теңгені құрады.
2011 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 26 656,9 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамуға арналған трансферттер қарастырылды, толық түсті, оның 26359,5 мың теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген, 22 863,8 млн.теңгесі есеп беру кезеңінде немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 86,7%-ы игерілді.
Жалпы облыс бойынша ағымдағы нысаналы трансферттердің игерілуі 82,2%-ды құрайды, толық пайдаланылмаған қаражат сомасы 1696,4 млн.теңгені құрады; дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша 89,3%, қалдық – 1799,4 млн.теңге.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 422,5 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 395,9 млн.теңге, Көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру, оралмандарды құжаттандыруға, сондай-ақ оралмандарды уақытша орналастыру орталығын ұстауға – 8,1 млн.теңге, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 1854,9 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 1051,8 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 219,9 млн.теңге, медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз болу бөлімшелерінің желісін дамытуға – 37,3 млн.теңге, Семей қаласының жылумен жабдықтауды жаңғырту жүйесін жаңғырту және қайта жаңартуға 4960,5 млн.теңге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 2957,1 млн.теңге, білім объектілерін салуға – 2666,4 млн.теңгеге, денсаулық сақтау объектілерін салуға – 811,4 млн.теңге, коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 263,6 млн.теңге жұмсалды.
Достарыңызбен бөлісу: |