Төртінші шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының
ХХХІІІ сессиясы
ШЕШІМ № 33/6
2011 жылғы 9 маусым Өскемен қаласы
Автотұрақтар (паркингтер) үшін
бөлінген жерлерге салынатын
салық ставкалары туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
-
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты олардың түрлеріне қарай 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
-
Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай ұлғайтылған базалық ставкалардың мөлшері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
-
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын жақын жатқан елді мекен Өскемен қаласы болып айқындалсын.
-
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ғ. Берғалиев
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк
Өскемен қалалық әділет басқармасымен 2011 жылғы 7 шілдеде № 5-1-167 тіркелген.
Өскемен қалалық мәслихатының
2011 жылғы 9 маусымдағы
№ 33/6 шешіміне
1 қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері
|
санаттар
|
1
|
Жер бетіндегі жабық түрдегі автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар
|
1 санат
|
2
|
Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер)
|
2 санат
|
3
|
Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер)
|
3 санат
|
Өскемен қалалық мәслихатының
2011 жылғы 9 маусымдағы
№ 33/6 шешіміне
2 қосымша
Санаттарына қарай атотұрақтардың (паркингтердің)
жер салығының базалық ставкаларының мөлшері
№
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
|
Базалық ставканың ұлғаюы
|
1
|
1 санат
|
10 есе
|
2
|
2 санат
|
9 есе
|
3
|
3 санат
|
8 есе
|
Достарыңызбен бөлісу: |