«2011 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы» Баяндама Құрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті депутаттар!



Дата23.02.2016
өлшемі115.78 Kb.
#5648



«2011 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы»

Баяндама
Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Құрметті депутаттар!
Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес Сіздерге 2011 жылы облыстық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының атқарылуы мен іске асырылу қорытындылары ұсынылып отыр. Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы стратегиялық құжаттар мен Елбасының халыққа жолдауында белгіленген мемлекеттік саясатының басым міндеттерін орындауға жұмылдырылды және қосымша кіріс көздерін іздестіру бойынша кешенді шараларды орындауға, жұмыспен қамту, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуға және мемлекет қаражатын жұмсаудың нәтижелерге бағдарланған басымдықтарын қамтамасыз етуге бағытталды.

2011 жылы облыстық бюджеттің кіріс бөлігіне 17,2 млрд.теңге меншік кірістер түсті немесе ол болжамның 109,1%-ы, қосымша түсімдер 1430,3 млн.теңгені құрады.

Жалпы 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (15,4 млн.теңге), орманды пайдаланғаны үшін төлем (29,6 млн.теңге), қоршаған орта үшін эмиссия (622,4 млн.теңге), жергілікті атқарушы органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар бойынша (99,4 млн.теңге) облыстық бюджеттің түсімдері өсті.

Өткен жылы республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді, Үкімет резервін, несие қарыз қаражатын, ресми трансферттерді ескере отырып, түсімдер бойынша облыстық бюджеттің жалпы көлемі 158,4 млрд.теңгені құрады, олар бекітілген облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға жұмсалды.

Мемлекет кепілдік берген төлемдер (еңбекақы, жәрдемақы, стипендия), қолданыстағы әлеуметтік салалар желлерінің өмірлік маңызы бар бағыттары, ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың өндірістік емес сектордағы мемлекеттік қолдау көрсету бойынша шығындар толығымен қамтамасыз етілді, оған облыстық бюджеттің 84% қаражаты жұмсалды.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға барлығы 156,4 млрд.теңге жұмсалған болатын, ол 2010 жылға қарағанда 16%-ға артық, игеру 98,8%-ды құрады.

Республикалық бюджеттен денсаулық сақтау, білім саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұлғайтуға, азаматтарды әлеуметтік қорғауға, ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуге, көліктік инфрақұрылым, коммуналдық тұрғын үйлер және коммуникация инфрақұрылымдар, әлеуметтік сала объектілерін салуға, сумен жабдықтауға, Семей қаласындағы жылумен жабдықтауды жаңғыртуға, Семей ядролық полигонының жабылуына 20 жылдығына орай іс-шаралар өткізуге байланысты Семей қаласын жайластыру және инфрақұрылымын жөндеуге алынған 48,7 млрд.теңге нысаналы трансферттер игерілді.


Денсаулық сақтау.
2010 жылға қарағанда 2011 жылы денсаулық сақтау шығындары 24%-ға өсті және құрылыс объектілерін ескере отырып, 30,9 млрд.теңге жуық қаражатты құрады. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге арналған қаражат 19,9%-ға ұлғайды.

9,5 млрд.теңге сомасына әлеуметтік елеулі аурулармен ауыратын науқастар, 5 жасқа дейінгі балалар, диспансерлік есепте тұрған балалар мен жеткіншектер жеңілдікті дәрілік заттармен, сондай-ақ балалар және емдік тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілді, халыққа иммунды алдын алу жүргізілді.

Наркодиспансерлерде - 4194 адам, тубдиспансерлерде – 3813 адам емделді, осы мақсаттарға 2011 жылы 5 млрд.теңге мөлшерінде жұмсалды. 11,2 млрд.теңгеге бұрын анықталған әртүрлі аурулар скринингтік тексерумен қамту 553144 адамды құрады.

Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға 2840,1 млн.теңге, оның ішінде трансферттер есебінен 1395,3 млн.теңге жұмсалды, нәтижесінде 418 бірлік медициналық жабдық және санитарлық автокөлік сатып алынды және жеткізілді. Медициналық ұйымдардың жабдықтау деңгейі облыстық ауруханалар бойынша – 70,5%-ды, перзентхана ұйымдары бойынша – 62,8%-ды, балалар ұйымдары бойынша -73,2%-ды, бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) – 50,0%-ды, орталық аудандық ауруханалар бойынша – 61,8%-лы құрады.

754,7 млн.теңге сомасына денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

Өткен жылы денсаулық сақтаудың 10 объектісі инвестірлендірілді, оған 2,8 млрд.теңге жұмсалды, оның ішінде Семей қаласындағы 300 төсекті көп бейінді аурухана, Өскемен қаласындағы облыстық Қан орталығы құрылысы жалғастырылды, Семей қаласындағы (2-кезектегі) облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы және «Паталогоанатомиялық бюро» КМҚК ғимаратына жапсаржай пайдалануға енгізілді.

Сонымен қатар, 39 объекті, оның ішінде 29-ы облыс өңірлеріндегі отбасылық дәрігерлік амбулатория 249,0 млн.теңгеге жобаланды.
Білім
Дарынды балаларға жалпы білім беру және арнайы білім беретін бағдарламалар бойынша оқитын балалар, оқулықтарды сатып алу және жеткізу, біліктілікті арттыру, балалардың психикасын зерттеу және оларға консультативтік көмек көрсету, балалар мен жеткіншіктерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік лицейлер мен колледждерде мамандарды даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру облыстық деңгейде қамтамасыз етілді. Білім беру ұйымдарының ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаты 13,6 млрд.теңгесі игерілді, өткен жылмен салыстырғанда 16,2%-ға өсті (2011 жыл –11,7 млрд.теңге).

Білім берудің 34 облыстық объектісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, түзету ұйымдары, колледждер мен лицейлер арнайы жабдықтармен материалдық-техникалық базалары жақсартылды, облыстың жалпы білім беретін мектептеріне 403,1 млн.теңге сомасына 87 биология, лингафон және мультимедия кабинеттері сатып алынды. Үйде оқытылатын мүгедек-балалар үшін компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға 257,1 млн.теңге жұмсалды.

2020-Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлауға 1548,7 млн.теңге сомасында трансферттер игерілген болатын. Кадрларды даярлау бойынша - 2979 адам, қайта даярлау бойынша – 3328 адам, біліктілікті арттыру – 965 адам оқумен қамтылды. 2011 жылы 2201 адам оқытылды, оның 1203 адам жұмысқа орналастырылды.

Білім берудің ақпараттандыру жүйесі бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде кең жолақты Ғаламторға қосылған жалпы білім беретін мектептер саны 245. Сервистік қызмет көрсетілетін лингофондық-әдістемелік кабинеттермен қамтамасыз етілген мектеп саны – 420, сервистік қызмет көрсетілетін жаңа түрлендіру кабинеттермен жабдықталған мектептер: физика – 368, химия – 107, биология – 225.

Білім берудің мамандандырылған ұйымдары үшін 43758 оқулық және оқу-әдістемелік кешен сатып алынды.

Өткен жылы нысаналы трансферттер есебінен 14789 орынға мектепке дейінгі мекемелерінде қосымша мемлекеттік тапсырыс құрылған шағын орталықтарда, қайта ұйымдастырылған, қайтарылған және жеке балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде орналастырылды.

2011 жылы облыстың өңірлерінде 34 мектеп және 5 балабақша құрылысына 7,4 млрд.теңге жұмсалды. 4 мектеп пайдалануға берілді, ол қосымша Глубокое, Күршім, Үржар аудандарында және Жарма ауданы Шар қаласында 1380 оқушы орнын құруға мүмкіндік берді.

Облыстың 4 өңірінде ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді: оның ішінде Өскемен қаласындағы 1000 орынды интеллектуалды мектеп, Семей қаласындағы 1200 орынды интеллектуалды мектеп және 230 орынды балабақша, Зайсан қаласындағы 600 орынды интернаты бар мектеп құрылысына, Аягөз ауданындағы 200 орынды мектеп құрылысының ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) түзету бойынша.

Сонымен қатар, трансферттер есебінен Өскемен қаласында мектеп және балабақша құрылысы аяқталды.
Халықты әлеуметтік қорғау
Медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі қарттар мен мүгедектердің өмір сүру жағдайларын жақсартуға, оларды материалдық-техникалық жабдықтау, медициналық көмек көрсету, шипажай-курорттық емдеу қамтамасыз етуге 2011 жылы 6,4 млрд.теңге жұмсалды.

Қазақстан Республикасы және облыс алдында еңбек сіңірген зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, Соғыс мүгедектері мен қатысушыларына, соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметтер бойынша шығындарға материалдық көмек көрсетуге 1181,1 млн.теңге жұмсалды.

Өткен жылы 166,6 млн.теңгеге мүгедектерге арнайы құралдармен қолдау көрсетілді, 2256 мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек көрсетілді, оған 166,6 млн.теңге жұмсалды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде оқу орындарын бітіргеннен кейін 1246 жас маман жастар практикасына жіберілді, ол жастар жұмыссыздығы деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы мақсаттарға 130,3 млн.теңге жұмсалды.

165,5 млн.теңге сомасына әлеуметтік қорғаудың 8 мекемесіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді.

Әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысына 620,0 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде Глубокое ауданы Винное ауылындағы Зимовьев интернат-үйі және мүгедек балаларды оңалту үшін жабық ат-спорт манежі, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайының қосымша корпусы құрылыстары басталды.


Мәдениет, спорт
Өткен жылы 3645,7 млн.теңгеге жоспарланған облыстық ауқымдағы мәдени-бұқаралық іс-шаралар орындалды, мәдени-демалыс жұмысын қолдау қамтамасыз етілді, өңірде дәстүрлерді дамыту, бұқаралық және кәсіби спорт іс-шаралары атқарылды. Облыстық деңгейде 80 қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік мәдени іс-шара, 1444 спорт-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралар өткізілді, оған 655 мыңнан артық адам қатысты. Дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 3,1%-ға өсті және 40%-ды құрады.

Облыстық деңгейдің мәдениет және спорт ұйыдарының 17 объектісінде (13-спорт, 4-мәдениет) 132,9 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың 17 мәдениет ұйымына жөндеу жүргізуге 217,2 млн.теңге сомасында трансферттер бөлінген болатын, оның ішінде Абай, Аягөз, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай аудандарында, Семей қаласында.

Өткен жылы Өскемен қаласындағы 800 орында қазақ драма театрының құрылысы жобасына мемлекеттік сараптама алынып, оның құрылысы басталды. Семей қаласындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы мәдениет және спорт объектілерін дамытуға 945,4 млн.теңге жұмсалды.


Құқық қорғау органдар
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің өңірлік бағдарламаларын іске асыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 21% өсіммен 7,6 млрд. теңге жұмсалды.

846,8 млн.теңге сомасына арнайы жабдық, техника, автокөлік сатып алынды.

50,6 млн.теңге сомасына жол полициясы басқармасының жапсаржайына күрделі жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, 2011 жылы 244,4 млн.теңге сомасына Семей және Зырян қалаларындағы 2 уақытша ұстау изоляторының құрылысы басталды, 5,0 млн.теңге – Семей қаласындағы жедел басқару орталығы құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, Семей қаласындағы Затон полиция бөлімін жаңартуға мемлекеттік сараптама алынды.


Тұрғын үй құрылысы
Облыста тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында жобалар іске асырылды, республикалық бюджеттен 6,9 млрд.теңге сомасында трансферттер алынды.

Ипотекалық тұрғын үйлерге қол жеткізу үшін тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылды. Аталған қаражаттар есебінен тұрғын үй құрылысының өңірлік бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласының 16 тұрғын ауданындағы 1а-8а позициясының көпқабатты тұрғын үйлер және Семей қаласының Цемпоселок ауданындағы тұрғын үй құрылысы басталды. «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру аясында Өскемен қаласының «Б квартал» 28-тұрғын ауданында 100 тұрғын үй салынды (S=72,8 шаршы метр).

Алынған трансферттер есебінен Өскемен, Семей, Курчатов қалалары және Шемонаиха ауданында коммуналдық (жалдық) тұрғын үй салу және сатып алуға 533,7 млн.теңге жұмсалды. Өскемен қаласындағы Өтепов көшесіндегі кітапхана жапсарлай салынған 6 қабатты 95 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды, Шемонаиха ауданында 30 пәтер сатылды, Курчатов қаласында 20 пәтер коммуналдық меншікке мемлекеттік тұрғын қорға сатып алынды.

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру аясында 19 тұрғын ауданы 7 позициясындағы шағын отбасына арналған жатақхана және «В кварталы» 28 тұрғын ауданындағы тұрғын үйлер кешенінің құрылысы басталды, оларды аяқтау 2012 жылға жоспарланды. Облыстың 13 ауданы мен қаласында ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға және осы бағдарлама бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға көмек көрсету бағыттары бойынша инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 956,4 млн.теңге жұмсалды.

2011 жылы Өскемен және Семей қалаларында инженерлік-коммуникация инфрақұрылымын дамыту және жайластыруға 2,2 млрд.теңге жұмсалды.

Облыс белгіленген мерзімде 1 123,0 млн.теңге сомасында тұрғын үй құрылысы бойынша республикалық бюджет алдындағы кредиттік міндеттемелерді өтеді.


Табиғатты қорғау іс-шаралары
Облыста табиғатты қорғау бағдарламалары жалғасуда, есеп беру жылында облыстық бюджеттен биологиялық, су, жер, атмосфералық ауа ресурстарын қорғау, суды қорғау аймақтары мен су объектілерінің жолақтарын белгілеу, жануарлар әлемін және орманды ұдайы өндіруге 1 033,9 млн.теңге жұмсалды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру және ауыз судың сапасын арттыру үшін 12 өңірде сумен қамтамасыз етудің 38 объектісін қалпына келтіруге 5,5 млрд.теңге шығындалды. Абай ауданы Саржал Және Глубокое ауданы Веселовка, Ұлан ауданы Ұлан және Ново-Азовое, Үржар ауданы Таскескен және Қарабұлақ ауылдарында, Өскемен және Риддер қалаларында объектілер пайдалануға енгізілді.

Семей қаласының жылумен жабдықтау ұйымдарының қолданыстағы қуаттарын одан әрі жаңғырту бойынша жұмысына республикалық бюджет қаражаты есебінен 7,9 млрд.теңге жұмсалды, соның есебінен Семей қаласының ЖЭО-1 кеңейтіліп, су ысыту қазандығы орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Курчатов қаласының қазандығын жаңартылды (4 қазандық жөнделді).
Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетуге 6 484,4 млн.теңге жұмсалды, осы қаражаттарды пайдалану облыстың 11-ге жуық ауыл шаруашылығы құрылымына сатылған элиталық және бірегей тұқымдарын өндіруде үш элиталы тұқым шаруашылық 40%-ға дейін шығындарын қайтаруға мүмкіндік берді, 3,2 мың бас ірі қара мал, 638 жылқы және 16,8 мың бас қой төмен бағалары бойынша, 1,8 мың марал және бұғы ұстауға, мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруға үш құс фабрикасы мен 250 мал шаруашылығына субсидия төленді, 2,3 мың ауыл шаруашылығы  тауарларын өндiрушiлерге жағар-жанармай материалдары үшін шығындар қайтарылды.
Көлік
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің қызмет етуін қамтамасыз етуге және дамытуға 4,4 млрд.теңге жұмсалды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 5 жаңа бағыттар бойынша автомобиль жолдары салынды, оған 1,2 млрд.теңге жұмсалды, Күршім ауданы Төсқайың-Шанағаты автожолындағы Қара-қаба өзені арқылы өтетін бір көпір пайдалануға берілді.

3,0 млрд.теңге сомасына автомобиль жолдарының 12 теліміне күрделі жөндеу және облыстық маңызы бар жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді, 679 шақырым жол паспортталды.

Жол картасын іске асыру шеңберінде 381,4 млн.теңгеге елді мекендердің жолдары мен көшелеріне ағымдағы және орташа жөндеу жүргізілді, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және қалалар және елді мекендер көшелеріне күрделі, орташа және шұңқырларды жөндеу бойынша жобалар іске асырылды. Облыс ішіндегі әуеқатынастарды дамыту үшін, сондай-ақ, қала маңында теміржол бағыттарына арналған жол жүру бағасын арзандатуға 329,8 млн.теңгеге қолдау көрсетілді.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 20 жылдығына арналған іс-шаралар өткізуге байланысты Семей қаласын жайластыру және инфрақұрылымын жөндеуге 1,6 млн.теңгені құрады.

Үкімет резерві
2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен Қазақстан Республиксының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 858,8 млн.теңгеге кондоминиум объектілерінің мүлкіне жөндеу жұмыстарын өткізу мақсатында «Ертіс» ӘКК»ҰК» АҚ, «Өскемен-Тәртіп» МКК, Семей қаласының «МЭПС» МКК жарғылық капиталдары ұлғайтылды.

Сонымен қатар, Семей, Курчатов, Зырян қалаларының және Глубокое кентінің жылу-энергия орталығы мен қазандықтары үшін қатты отынның нормативтік айлық қорын қамтамасыз етуге 477,5 млн.теңге сомасына трансферттер алынды.

2011 жылы дамыту бағдарламасына 43,6 млрд.теңге жұмсалды, немесе ол жоспарланған көлемнің 96,3%-ы.

«Бизнестің жол картасы - 2020» индустриалдық инфрақұрылымды дамытудың бағдарламасын іске асыруға өткен жылы облысқа республикалық бюджеттен 3,9 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді, оның есебінен инженерлік коммуникация: сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз, нөсер кәрізі инженерлік коммуникация жұмыстары жүргізілді. 4 жоба бойынша іс-шаралар жүргізілді: «Арматур зауыты ауданындағы Машиностроителей көшесі бойынша бизнесті дамыту» және «Шемонаиха қаласындағы шекарамаңы ынтымақтастығы үшін агроөнеркәсіптік, көліктік логистикалық орталығы», «Зайсан ауданындағы СМУ-Шығыс ЖШС өндірістік базаның инфрақұрылымы» және «Семей қаласындағы Физкультура көшесі, 4 емханасы».

Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында 1,2 млрд.теңге сомасына кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылды, оны Өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлданды және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 52 өтінім келісілді, 67,8 млн.теңгеге бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді субсидиялау жүзеге асырылды және Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының қатысушыларын кәсіпкерлікке оқытуға және Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсетуге бюджеттік кредиттер беруге 1,2 млрд.теңге жұмсалды.

Құрметті депутаттар! Жалпы жыл оң нәтижемен аяқталды, бекітілген бюджеттік бағдарламаларды ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету және оларды толық игеру бойынша шаралар қабылданды, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер объективті себептер бойынша толық пайдаланылмаған және ағымдағы жылы жалғастырылған жобаларды аяқтауға толық игеруге рұқсат етілген көлемдер қалдықтары сақталды.


Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет