2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы


Республикалық бюджет бойынша тапшылық және оны қаржыландыруы



бет3/3
Дата22.02.2016
өлшемі5.03 Mb.
#1328
1   2   3

Республикалық бюджет бойынша тапшылық және оны қаржыландыруы

Республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) жоспардағы 2,8%-дың орнына 576,0 млрд.теңгені немесе жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) 2,2%-ды құрады. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру 504,8 млрд.теңге қарыз алу және 71,1 млрд.теңге пайдаланылған бюджет қаражаттары қалдығы есебінен жүзеге асырылды.



Ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) 674,3 млрд. теңге сомаға, оның ішінде МЕУЖКАМ (шығарудың жалпы көлемінен 23%), ол зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етеді. 415 млн. АҚШ долларына сыртқы қарыз тартылды. Үкіметтік сыртқы қарыз алу көлемі борыштың, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың және тәуекелдің ұтымды деңгейін қалыптастыруды есепке ала отырып, ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты екенін атап өтемін.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш еліміздің қаржы жүйесі үшін төмен және қауіпсіз деңгейде тұрғаны белгілі. Дегенмен мемлекеттік емес, атап айтқанда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы тез өсіп келеді. Біз квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының ағымдағы жағдайын, оның мониторингі тетіктерін кейіннен әзірлеу мақсатында анықтауға бағытталған міндеттер кешенін көздейтін боламыз.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаудың 2011 жылғы негізгі қорытындылары

Ішкі бақылау органы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 554 мемлекеттік мекемеге ішкі бақылау жүргізді.

Анықталған қаржы бұзушылықтарының жалпы саны 21,9 млрд.теңгені құрады (оның ішінде бюджет қаражатын негізсіз пайдалану (негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды, ақша қаражатын негізсіз есептен шығару және заңсыз беру, іссапар шығыстарын төлеуде бұзушылықтар, бекітілген нормативтерден тыс жүргізілген шығыстар, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатын негізсіз пайдалану) - 20,4 млрд.теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 0,9 млрд.теңге, тауар-материалдық құндылықтар және ақша қаражатының жеткіліксіздігі - 0,3 млрд.теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша бұзушылықтар – 0,2 млрд.теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 0,1 млрд.теңге.)

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу - 36,6 млрд.теңге, бюджеттік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау ережелерін бұзу - 11,5 млрд.теңге.

Республикалық бюджеттің атқарылуына ішкі бақылау жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шаралар: 12,9 млрд.теңге бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге жатады, оның ішінде 11,3 млрд.теңге немесе 87 % қалпына келтірілді және бюджетке өтелді.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 9,1 млрд.теңге сомаға 228 бақылау материалы берілді.

43 лауазымды адамға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 5,8 млн.теңге сомада әкімшілік жаза қолданылды, оның 4,1 млн.теңгесі республикалық бюджетке түсті. Тәртіптік жауапкершілікке 413 лауазымды тұлға тартылды.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылу тарулы есебіне берілген ұсынымдары

Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес Есеп комитеті 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытынды болып табылатын есеп дайындады, онда бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру жөнінде 16 ұсынымдар берілген.

1. Бюджет процесін жетілдіру және оның сапасын арттыру мақсатында Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдамаға бұрын енгізілген қағидаларды ескере отырып, бюджетті жоспарлау процесін қайта қарау; бұл үшін бюджетке түсетін түсімдердің әлеуетін зерделеп, бюджет жүйесі принциптерінің сақталуы негізінде талдау және тәуекелдерге бағалау жүргізу; осы ретте бюджетті қалыптастыру кезінде есептерді және басқа да ақпаратты негізсіз бергені немесе дұрыс бермегені үшін бюджет процесіне қатысушылардың заңды жауапкершіліктерін қарастыратын және қатайтатын норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту;

2. Бюджетті түзету процесін заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырып, енгізілген өзгерістерді негіздей отырып, бюджеттің негізгі бекітілген параметрлеріне әсерін тигізбей оңтайландыру;

3. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттің әртүрлі бағалы қағаздарын пайдалана отырып, республикада ішкі қарыз алудың шегін белгілеу арқылы ішкі қарыздарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, білім және ғылым министрліктері бірқатар жобаларды іске асыру үшін пайдаланатын сыртқы қарыздарды тарту тетігінің тиімділігіне бағалау жүргізу және оларды уақтылы игеру жөнінде жүйелі шаралар әзірлеу;

4. Республикалық бюджеттің экономиканың негізгі макроэкономикалық параметрлеріне (жалпы ішкі өнім, сыртқы жалпы борыш және б.) әсерін тигізетін шикізатқа тәуелділігінің күшейіп келе жатқанына назар аудару; жоғары қосылған құны бар өңдеуші салалардың тауарлары мен өнімдеріне мультипликативті әсерді қамтамасыз ететін шағын және орта кәсіпкерлікке сүйене отырып, экономиканың барлық салаларында шикізаттық емес секторды үдету саясатын дәйектілікпен жүргізу;

5. Инвестициялық жобаларды іске асыруды ҮИИДМБ-да көзделген индикаторлармен бірге қамтамасыз ету, сондай-ақ, қажетіне қарай, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бөлігінде Индустрияландыру картасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына көлеңкелі экономикамен күресті күшейту тетіктерінің бірі ретінде жазбаша түрде жасалатын мәмілелер бойынша заңды тұлғалардың арасында қолма-қол нысандағы есеп айырысуды жүзеге асыруға тыйым салуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау; заңды тұлғалардың өз араларында қолма-қол нысанда жүргізетін операциялар бойынша ақпарат ұсынуда Қаржы министрлігінің Есеп комитетімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

7. «Мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік рәсіміне жатқызылған тауарларды декларанттардың беру мерзімдерін регламенттеу бөлігінде «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

8. Салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтардың тиімділігіне түгендеу және бағалау жүргізу, соның нәтижесі бойынша оларды қолданудың орындылығы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

9. Стратегиялық жоспарларды әзірлеудің қолданыстағы тетігін бюджеттік бағдарламалар паспорттарын жасаудың бұрынғы оң тәжірибесін ескеріп, олардың рәсімдерімен байланыстыра отырып жетілдіру, аталмыш тетікте бөлінетін бюджет қаражатының көлемін жоспарланған көрсеткіштерімен, өлшемдерімен және күтілген нәтижелерімен негіздеп көрсету;

10. Түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеуіне жауапкершілікті қатайтуды қарастырып, трансферттер жөніндегі келісімдерді іске асыру кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз іс-қимылын қамтамасыз ететін тетік әзірлеу; республикалық бюджет қаражатының нысаналы бағытын айқындайтын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағытты сақтай отырып, трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесін қайта қарау;

11. Өңірлерді дамытуға арналған республикалық бюджет қаражатын олардың әлеуметтік-экономикалық саладағы салыстырмалы түрдегі артықшылықтары мен кемшіліктерін, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жағдайын, сауда-коммерциялық әлеуетін, ұдайы өндірістік базасын, аумақтық-салалық ұйымдастыруды дамыту және өндірістік күштерді орналастыру деңгейін, шаруашылықтың инновациялық нысандарының дамушылығын ескере отырып, сараланған негізде бөлу;

12. Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасыз, оған мемлекеттік сараптаманың қорытындысынсыз, құрылыстың нормативтік мерзімдерін асырып объектілер салу тәжірибесін жою; бұл ретте тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған авторлық және техникалық қадағалауға жауапкершілікті арттыру; жобалардың белгіленген құнының қымбаттауына жол бермеу;

13. Бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығындылығын болдырмау үшін олардың ұйымдық құрылымынан бейінді қызметпен айналыспайтын бөлімшелерді алып тастау бойынша шаралар қабылдау; ұлттық компанияларда және басқарушы холдингтерде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шараларын күшейту;

14. Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің активтерінің өзгеруіне жыл сайынғы бағалау жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен жаңа заңды тұлғалар құрудың орындылығын бағалауда жекешелендіру және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның қатысу рөлін күшейтуге қатысты заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысын мониторингілеу ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу;



15. Республикалық және коммуналдық меншіктегі мүлікке толық түгендеу, сондай-ақ оны пайдалану тиімділігіне бағалау жүргізу; квазимемлекеттік сектордың шығынды субъектілеріне түгендеу жүргізіп, оларды бәсекелес ортаға беруге тиісті шаралар қабылдау;

16. Таза табыстың бір бөлігін дивиденд төлеуге және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесіне қарай, сараланған көзқарас ұстана отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығындарын жабуға бағыттауды регламенттеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет