2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы



бет1/3
Дата22.02.2016
өлшемі5.03 Mb.
#1328
  1   2   3
ҚР Парламетының

2012 ж. 22 маусымдағы

№ 3-V ҚРҮ қаулысымен

бекітілген



2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы

2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет


2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалайық», атты Қазақстан халқына жолдауларына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік өлшемдерінің негізінде әзірленген болатын.

2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде әлемдік экономикадағы оң өзгерістерді болжайтын әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі сценарийі негізге алынды. Осы нұсқа бойынша экзогенді өлшемдерінің түйінді мәндері қалыптасып отырған даму үрдістеріне жақын болды.



Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің 2011 жылда орындалуы кестеде келтірілген.


Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл *

1

2

3

4

Жалпы ішкі өнім, млрд.теңге

17 007,6

21 815,5

27 334,1

өткен жылға нақты есептеудегi %-бен

101,2

107,3

107,5

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге

8 925,2

11 757,0

15 657,6

өткен жылға %-бен

102,7

109,6

103,5

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге

1 620,3

1 441,0

2 256,6

өткен жылға %-бен

114,6

88,3

126,7

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасмалдау, млн.тонн

2 104,3

2 430,1

2 965,0

өткен жылға %-бен

96,0

115,5

122,0

Байланыс қызыметының көлемі, млрд.тенге

441,4

477,0

555,9

өткен жылға %-бен

108,3

105,0

118,7

Тұтыну бағаларының индексі

 

 

 

өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен

106,2

107,8

107,4

орташа есеппен жыл бойы өткен жылға тиiстi кезеңiндегi кезге арналған, %-бен

107,3

107,1

108,3

Халық саны, мың адам

15 999,5

16 433,8

16 675,0

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

67 639,0

77 482,0

89 959,0

өткен жылға %-бен

111,4

114,6

116,1

Экспорт, млн. АҚШ долл.

43 195,7

59 216,6

88 272,8

өткен жылға %-бен

60,7

137,1

149,1

Импорт, млн. АҚШ долл.

28 408,7

29 760,0

37 940,1

өткен жылға %-бен

75,0

104,8

127,5

Сауда балансының сальдосы, млн. АҚШ долл.

14 787,0

29 456,6

50 079,0

Теңгенiң АҚШ долларына қарағандағы ресми айырбас бағамы:

 

 

 

кезеңнiң аяғындағы

148,4

147,4

148,4

кезең бойынша орташа

147,5

147,4

146,6

* -Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдынала деректері

2011 жылы Қазақстан экономикасында экономика өсуінің оң қарқыны сақталды.

Мәселен, алдын ала бағалау бойынша 2011 жылы ІЖӨ өндірісі
2010 жылмен салыстырғанда 7,5 %-ға өсті, республикада экономикалық өсім 107,1 %-ды құрады. Қазақстан экономикасының өсуіне сыртқы конъюнктураны тұрақтандыру және әлемдік экономиканың жандандыру, ішкі сұранысты кеңейту де ықпал етті.

Экономика өсімінің негізгі факторы тұтыну сұранысын ұлғайту болды, оған бөлшек тауар айналымының өсімі дәлел. 2011 жылы бөлшек тауар айналымы нақты мәнде 12,5 %-ға өсті.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша Ресеймен және Беларусиямен өзара сауданы есепке ала отырып, сыртқы сауда айналымы 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 126,2 млрд.АҚШ долларын құрады және 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 40,2 %-ға өсті, оның ішінде экспорт – 88,1 млрд.АҚШ долл. (48,0 %-ға өсті), импорт – 38,0 млрд.АҚШ долл. (25,0 %-ға өсті).

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі нарық конъюнктурасын жақсарту есебінен ғана емес, елді Индустрияландыру картасы шеңберінде енгізілген өндірістік қуатты ұлғайту есебінен де қалыптастырылды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2011 жылы 15 657,6 млрд.теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 3,5 %-ға көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді өңдеуде табиғи көлем индексі 101,3 %-ды құрады. Көмір мен лигнитті (106 %), табиғи газды (104,3 %), шикі мұнайды (100,6 %), темір рудасын (101,7 %) өндіру ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 6,2 %-ды құрады. электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауамен желдету 7,4 %-ға, сумен жабдықтау– на 4 %-ға ұлғайды.

Brent маркалы мұнайға әлемдік баға 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда бір баррельге 110,9 долларды құрады. (2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда – бір баррельге 79,6 доллар), бұл 2011 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қабылданған есептемелерге қарағанда 20,9 АҚШ долларына артық.

Жыл сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін де табысты болды, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2010 жылға қарағанда 126,7 %-ға ұлғайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі де 2010 жылғы көрсеткішінен 2,7 %-ға жоғары. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін 4,5 %-ға ұлғайту есебінен өсім қамтамасыз етілді. 2011 жылы 29 557 жаңа ғимарат құрылысы аяқталды, оның 25 184-і тұрғын үй және 4 373 тұрғын үй емес сипатында. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салынды: 65 – жалпы білім беретін мектеп; 88 – мектепке дейінгі мекеме; 115 – амбулаториялық-емханалық мекеме; 22 –аурухана.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4 985,9 млрд.теңгені құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткішінен 2,4 %-ға көп.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 2,9 %-ға өсті. Бұған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шаралар, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру ықпал етті.

Жалпы алғанда бағаның өсімуіне қарамастан, 2011 жылғы қорытындысы бойынша деректер инфляция деңгейі жоспарланған 6,0-8,0 %. аралыққа саятынын куәландырады. 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылғы желтоқсанға қарағанда инфляция деңгейі 7,4 %-ды құрады, бұл 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда 2010 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен (7,8 %) 0,4%-ға төмен.

Азық-түлік тауарларына бағаның өсімі - 9,1 %, бұл 10,1 %-ды құраған өткен жылғы көрсеткіштен 1 %-ға төмен. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға бағаның өсуі - 5,3 % , 2000 жылы - 5,5 %, ақылы қызметтер – 7,3 %, 2010 жылы 6,8 %.

Елде байқалып отырған бағаның өсімі жаһандық сипатқа ие және тауар нарықтарындағы жаһандық теңгерімсіздікке, тауар нарықтарына алыпсатарлық капитал ағынына және ұсыныстар факторы тарапынан тұрақсыздыққа байланысты болды.

2011 жылы инфляция қарқынын төмендету мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға, тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғауға, тапшылық фактілерін болдырмау мақсатында ЖЖМ-ның ішкі нарығын толықтыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдау қамтамасыз етілді.

Мәселен, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2011 жылғы
24 маусымдағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес кейіннен өңірлік азық-түлікті тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бюджеттік кредитінің қаражаты есебінен қаржыландыру тетігі анықталды. Бүгінгі таңда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ тұрақтандыру қорларын қалыптастыру бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен шарттар жасасты.

Индустрияландыру картасы шеңберінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ


36 380 тонна көкөністі жалпы сақтау көлемі бар көкөніс қоймасын салуға
19,4 млрд.теңге сомаға 20 жобаны іске қосты; жылына қуаты 12 мың тоннаға дейін бройлер етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жөніндегі жоба; жылына 3 100 тоннаға дейін жемісті көкөніс өнімдерін өндіретін өндірістік қуаты бар жылыжай салу жөніндегі жоба; өндірістік қуаты 5 320 дейін ІҚМ бас өндіретін үш асыл тұқымдық өндіруші; тамшылап суару технологиясын қолдана отырып алаңы 179 га жемісті көкөніс өнімдерін өндіру жөніндегі екі жоба; жылына 2 000 тоннаға дейін жобалау қуаты бар ет өңдейтін кешенді салу жөніндегі жоба.

Бұдан басқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында 2011 жылғы 17 маусымда 2011 жылғы 4-тоқсанға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның шекті мәнін белгілейтін қаулы қабылданды. Бұл шара алдын ала болжауға болатын баға дәлізін анықтауға және әлеуметтік маңыз ар азық-түлік тауарларына бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар түрлеріне бағаны реттеу жөніндегі шараларды қабылдады.

Күзгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін (2011 жылғы шілде-қыркүйек) жұмыстарды жүргізу кезеңінде дизель отынының нарықтық литрі үшін


87-90 теңгеде 80 000 теңге/тонна бағасымен (литрі 66,0 теңге) шамамен
405,0 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Жылу кезеңін орнықты өткізу мақсатында 2011-2012 жылдардағы күз-қыс кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут жеткізу бойынша мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушыларына облыстарды және Астана мен Алматы қалаларын бекіту кестесі бекітілді, оның шеңберінде тоннасына 36 000 теңге бағамен 389,9 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінді.

2011 жылдың басынан бастап бағалық ымыраласу және жанар-жағар май материалдарының еркін сатылуын шектеу фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі 100-ден астам нарық субъектісінің іс-қимылдарын тексерді. Жүргізілген жұмыс барысында 20 нарық субъектісінің әрекетінде бензинге баға белгілеу және ұстау жөнінде бәсекеге қарсы келісілген іс-қимылдар фактілері расталды.

2011 жылдың аяғына қарай төмендеді және 5,4 %-ды құрады, бұл


2010 жылғы көрсеткіштен 0,1 %-ға төмен. Жұмыссыздықты төмендету жөніндегі саясатта халықты әлеуметтік қамтамасыз етуден орнықты және өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық берілді. Мәселен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде шағын кредит беру құралдары және бизнес дағдыларға оқыту арқылы халық арасында кәсіпкерлік бастаманың өсуіне нақты басымдық берілді.
Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы

Республикалық бюджетке барлығы - 4 551,3 млрд.теңге немесе 102,5% түсті.



Оның ішінде 3 001,2 млрд.теңгеге немесе 102,3%-ға салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер – 108,9 млрд.теңге немесе 126,1%, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16,1 млрд.теңге немесе 113,4% және трансферттер 1 325,4 млрд.теңге немесе 101,1% түсті.



Салықтық түсімдер бойынша жоспардың 66,3 млрд.теңгеге артығымен орындалуы, негізінен мыналардың есебінен қалыптасты: (4-слайд)

- елдің сыртқы сауда айналымының өсуі және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы және акциздер, импорттың өсуіне байланысты Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасына бөлінген кедендік баждар бойынша 48,8 млрд. теңгеге түсімдердің ұлғаюы;

- бюджеттен қосылған құн салығын қайтару қарқынының төмендеуі (315,2 млрд. теңге сомасында жоспарланған қайтарымның орнына транзиттік жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі құжаттардың болмауынан 10,0 млрд.теңге мөлшерінде қайтаруға берілген соманың расталмауына байланысты 306,4 млрд. теңге қайтарылды);

- 17,7 млрд.теңге сомасында біржолғы түсімдер (оның ішінде 6,2 млрд. теңге сомасында 2009-2010 жылдар үшін қосымша декларация бойынша үстеме пайдаға салынатын салық бойынша және 2011 жылғы 4-тоқсанындағы қызмет бойынша 11,5 млрд. теңге сомасында жекелеген компаниялардың пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салықты мезгілінен бұрын төлеуі (төлеу мерзімі 2012 жылғы 25 ақпан);

Бұдан басқа корпоративтік табыс салығы бойынша жекелеген ірі салық төлеушілердің 2010 жылда салық салынатын кірісті төмендетуі салдарынан аванстық төлемдерді азайтуына байланысты жоспар 10,1 млрд.теңгеге орындалған жоқ.

Дивидендтердің 6,1 млрд. теңге сомасында жоспарланбаған түсімдері, 12,5 млрд.теңге сомасында айыппұлдар есебінен, сондай-ақ 3,3 млрд.теңге сомасында Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісім бойынша салықтық емес түсімдер 22,6 млрд.теңгеге артығымен орындалды.

Трансферттердің түсімдері бойынша жоспар нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған трансферттерді және пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару сомасының түсуі есебінен 14,7 млрд.теңгеге артығымен орындалды.

Жоспардың артығымен орындалуына қарамастан, 2011 жыл бересінің өсуімен ерекшеленеді. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бересі сомасы 2010 жылмен салыстырғанда 25,2 млрд.теңгеге ұлғайып – 224,2 млрд.теңгені құрады.

Бересінің жалпы сомасында - 73% немесе 164,9 млрд.теңге үмітсіз бересіні және – 27% немесе 59,3 млрд.теңге ағымдағы бересіні бөлуге болады.

2010 жылмен салыстырғанда үмітсіз бересі 22,8 млрд.теңгеге немесе 16,1%-ға ұлғайған, ағымдағы бересі 2,4 млрд.теңгеге немесе 4,2%-ға ұлғайған.

Үмітсіз бересі жалған кәсіпкерлік белгілері бар салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізілуіне байланысты.

Ағымдағы бересі салық төлеушілердің ағымдағы есептеулері бойынша, сондай-ақ салықтық тексерулер актілер бойынша пайда болады.

Негізінен, ағымдағы бересіні салық төлеушілердің өздері дербес өтейді не салық органдары мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады. Сонымен қатар ағымдағы бересі құрамындағы 23,8 млрд.теңге немесе 40,2% - шетелдік қатысуы бар салық төлеушілердің бересілеріне келеді, олар бойынша халықаралық төрелікте сот талқылаулары жүруде және оларға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес өзара келісу рәсімі жүргізілуде. Мұндай бересі шағымдану нәтижелері бойынша оны түзеткеннен кейін бюджетке есепке жатқызылуы тиіс.

Бұдан басқа, ағымдағы бересінің жалпы сомасының 29,5 млрд.теңге немесе 49,8%-ы екінші деңгейдегі банктерде кепілде тұрған мүліктері бар салық төлеушілерге, сондай-ақ үлестік құрылыс проблемаларына байланысты салық төлеушілердің түйткілді бересілеріне келеді, осыған байланысты бересілерді толық көлемде өндіріп алу мүмкін емес.

Мемлекет Басшысының салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша бересіні қысқартуға қатысты тапсырмасына сәйкес осы тапсырманы орындау бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарда көзделген бүкіл іс-шараларды орындау 2012-2014 жылдарға есептелген.

2012 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша бюджетке бересінің сомасы 104,0 млрд. теңгені құрады. Жыл басымен салыстырғанда бересіні  54 %-ке төмендетуге қол жеткіздік.


Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

Республикалық бюджеттен шығыстар 5 127,3 млрд.теңгеге немесе жоспардың 99,2%-ына жүргізілді.



2010 жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттың шығыстарының өсуы 843,3 млрд.теңгені құрады.

Бюджеттік заңнамаға сәйкес пайдаланылмай қалған 42,9 млрд.теңгеден 17 млрд.теңгесі ағымдағы жылы іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын, жалғасатын бюджеттік даму бағдарламалары мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 2011 жылғы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігін қаржыландыруға пайдаланылады.

Бұл ретте Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын ел азаматтарының тыныс-тіршілік деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер іске асырылғанын атап өту қажет.



Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын мен деңгейін арттыру

Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру сапасы мен деңгейі, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғауды нығайту елдің 2011 жылғы бюджетінде басты басымдық болып табылды.

Соңғы 10 жылдағы әлеуметтік саланың шығыстары 8,5 есеге артты, мәселен, егер 2001 жылы осы шығыстар 197,2 млрд.теңгеге жүргізілсе, онда 2011 жылы олар 1 685,8 млрд.теңгені құрады.

2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының орташа мөлшері 30 %-ға арттырылды, әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері орташа алғанда 9 %-ға ұлғайды.

Зейнетақыларды есептеу үшін қабылданатын кіріске шектеу 32 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 39 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

Базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 50 %-ына дейін арттырылды және 8 000 теңгені құрады.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыруды есепке ала отырып, зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 047 теңгені, орташа– 35 793 теңгені, ең жоғарысы – 52 226 теңгені құрады.

Зейнетақы алушылардың іс жүзіндегі орташа жылдық саны 2011 жылы 1 740 041 адамды құрады (жоспар 1 739 853 адам).

2011 жылғы 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы және студенттердің стипендиясы 30 %-ға арттырылды.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс шамасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 999 теңге сомасында белгіленді.

2011 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 9 %-ға арттырылды және олардың мөлшері:

жалпы сырқаттанудан мүгедектігі бойынша – 22 165 теңгені, 2-топ – 17 276 теңгені, 3-топ – 12 061 теңгені;

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша: жұмысқа қабілетсіз отбасы мүшесі біреу болған кезде – 10 757 теңгені, екеу болған кезде –
18 580 теңгені, үшеу болған кезде – 22 980 теңгені, бесеу болған кезде – -25 262 теңгені;

жасы бойынша – 8 149 теңгені құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың іс жүзіндегі саны 673 422 адамды құрады (жоспар 675 047 адам).

2011 жылы алдыңғы жылдардағы сияқты халықты жұмыспен қамту мемлекеттік әлеуметтік саясатта негізгі басымдық болды.

Мәселен, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 316 қаулысымен 2011 жылы орнықты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жолымен халықтың кірістерін арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру басталды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысы туралы

2011 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы» әзірленді, онда халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамту негізгі міндет болып анықталды. Микрокредит беру және бизнес дағдыларға оқыту құралдары арқылы халық арасында кәсіпкерлік бастаманың өсуіне басты назар аударылады.

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасына жалпы бюджеттен
33,7 млрд. теңге, оның ішінде құрылысқа 11 млрд. теңге бөлінді. 38 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Кәсіби оқумен 69,3 мың адам қамтылды. Елде 3,4 мыңнан астам кәсіпорынмен және ұйыммен уағдаластық бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 16,2 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпалдасу жөніндегі бағыт шеңберінде 4,7 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредиттер беруге 3,6 млрд. теңге бөлінді, олар микро қаржы ұйымдарына толық көлемде жеткізілді. Жалпы 1 435 Бағдарламаға қатысушы кредит алды. Микрокредиттің орташа мөлшері – 1 862 мың теңге.

Осы бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар республикадағы еңбек нарығындағы ахуалға оң әсер етті. Жұмыспен қамтылғандар саны 2010 жылмен салыстырғанда 322 мың адамға артты және 8 466 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылғы желтоқсанда 5,4%-ды құрады, бұл 2010 жылғы желтоқсанға қарағанда 0,4 пайыздық пунктке төмен.



Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының іске асуы туралы

2011 жыл 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау ісін дамыту және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың бірінші жылы болды.

Денсаулық сақтау ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 62,5млрд.теңге бөлінді, бұл ана мен бала өлімінің, науқастану деңгейін төмендету жөніндегі нысаналы индикаторларға қол жеткізе отырып, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша міндеттерді орындауға бағытталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 жарлығын іске асыру үшін Үкімет Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады, ол мемлекеттік бағдарламаның алты негізгі бағыты бойынша міндеттерді орындауды және нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді.



Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің деректері бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары жыл сайын қызметкерлерін медициналық тексеруді жүргізеді. «Қазфосфат», «Химфарм» АҚ, «Қазақмыс», «Қазмырыш» АҚ, «Каустик» АҚ сияқты ірі жүйе құрушы кәсіпорындарда жедел медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау пункттері жұмыс істейді, олар арнайы медициналық жабдықпен, арнайы техникамен, жәрілік препарттармен қамтамасыз етілді және жарақтандырылды. Сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындары бекітілген нормаларға сәйкес өз қызметкерлерін емдеу-алдын алу тамағымен және сүтпен қамтамасыз ету үшін ақша қаражатын бөледі.

Денсаулық сақтау министрлігі республиканың барлық өңірлерінде дұрыс тамақтану мен тамақ өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі көп деңгейлі коммуникациялық іс-қимылдар енгізу бойынша іс-шаралар, олардың тиімділігінің және оңтайландыру жөніндегі сараланған ұсынымдар негіздемесінің мониторингін өткізді. Алдын алу медицинасы академиясының жанында Дұрыс тамақтану орталығы және оның 17 өңірлік департаменті құрылды. Коммуникациялық материалдар әзірленді: кітапшалар – 16,0 мың дана, парақшалар – 25,0 мың дана, күнтізбелер – 5,0 мың дана, нәрестелерге арналған кітапшалар – 10,0 мың дана, плакаттар – 12,8 мың дана, билбордтар – 17 дана, халықтың түрлі топтарына арналған сауалнамалар. Дұрыс тамақтану тақырыбына 43 іс-шара, оның ішінде республикалық деңгейде 3 конференция, өңірлік деңгейде 3 конференция, түрлі нысаналы топтарға арналған 37 семинар мен тренинг өткізілді, түрлі нысаналы топтарға арналған дұрыс тамақтану бойынша 94 дәріс оқылды. Барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Семей қалаларында «Дұрыс тамақтану – дені сау ұлт негізі» жалпы республикалық акция өткізілді.

Кәсіпорындардың функционалдық тамақ өнімдерін және құрамында қойытылған май мөлшері, тұзы, жай қанты аз дәрумендермен және микроэлементтермен, сондай-ақ тағам талшықтарымен байытылған жартылай функционалдық биологиялық белсенді қоспаларды өнеркәсіптік өндіру жөніндегі стандарттарын әзірлеуге жәрдем көрсетілді. Тұтыну нарығын дұрыс тамақтану өнімдерімен толықтыру мониторингі жүргізілді (Алматы қаласын мысалға ала отырып). Өндірушілердің функционалдық тамақ өнімдерін өндіруге уәждемесі бағаланды.

Мектеп оқушыларына сапалы медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мектептердің медициналық қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады, мынадай: «Балалар мен жасөспірімдерді күннен шығатын ультракүлгін сәуледен қорғануға үйрету»; «Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін мерекелеу шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу»; «Жарақат алуда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету» тақырыптарына семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Республикада 500-ден астам мектеп «Денсаулықты нығайту мектептерінің еуропалық желісі» жобасы бойынша пилоттық болып табылады. Мәселен, 2011 жылы Павлодар облысында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасында 100 жалпы білім беретін мектеп қатысты.

Білім беру ұйымдары оқушылардың арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу, зиянды заттардың қолданудың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің алкоголь сусындарын, темекі мен есірткілерді қолдануға теріс қатынасын қалыптастыру, жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін психикалық белсенді заттарды тұтынудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірледі.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ жүргізушілердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі 12 әлеуметтік бейнеролик жасалды және оларды республикалық «Астана» телеарнасында жалға беру жүзеге асырылды. Сонымен қатар 2011 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жол қозғалысының қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды күшейтуді көздейтін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа нұсқаулық қолданысқа енді.



Негiзгi әлеуметтiк маңызы бар сырқаттану мен жарақаттардың профилактикалық iс-шараларын, скринингтiк зерттеулерiн күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру

Медициналық алдын алу тексерулерінің (скринингтер) шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде 2 912 566 ересек тұрғын тексерілді.

Қан айналу жүйесі ауруларын ертерек анықтауға 2 539 372 адам тексерілді, одан науқасы бар 194 971 адам анықталды.

Қант диабеті скринингіне тексерілген 2 348 435 адамнан қант диабеті диагнозы 282 пациентте анықталды.

Глаукоманы ертерек анықтауға 1 806 876 адам тексерілді, одан глаукомасы бар 4 469 адам анықталды.

Жатыр мойнының ісікалды және қатерлі ісіктерін ертерек анықтауға 577 679 әйел тексерілді. Жатыр мойнының обыры 217 оқиғада анықталды.

Маммографиялық зерттеулер 455 754 әйелде өткізілді, олардың барысында 506 жағдайда сүт безінің обыры анықталды.

Жасы 18 дейінгі 4 190 686 бала алдын алу тексерулерімен қамтылды. 992 673 балада немесе 23,7 %-ында түрлі аурулар анықталды, 623 бала немесе 62,8 % сауықтырылды.

Жылғы басынан Ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі сирек (орфанды) науқастармен ауыратын балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды енгізу, сондай-ақ жақ-бет саласының туа бiткен патологиялары: «жырық таңдай», «қоян жырық» бар балаларды пластикалық хирургиялық түзеуді енгізу бөлігінде кеңейтілді.

Балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасында гемопоэтикалық дiн жасушаларын транспланттауды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша
2011 жылғы қорытындысы бойынша 1 000 тұрғын халыққа шаққанда мынаны құрады: халықтың табиғи өсімі – 13,8, немесе 1,9 %-ға өсе отырып; туу – 22,5, 0,2 %-ға өсім; өлім-жітім – 8,7, 2,3 %-ға азаю.

Халықтың табиғи өсімінің анағұрлым жоғары деңгейі: Маңғыстау облысында – 25,3, Оңтүстік Қазақстан облысында – 24,7, Қызылорда облысында – 21,7, Атырау облысында – 21,2 және Астана қаласында –


20,4 байқалады.

Ана өлімі көрсеткіші 2011 жылы 23 %-ға азайды және 2010 жылғы


22,7 орнына 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда 17,4 құрады.

Ана өлімінің анағұрлым жоғары көрсеткіші Ақмола облысында – 32,3, Маңғыстау облысында - 30,9, Жамбыл – 26,3, Қостанай – 23,5, Шығыс Қазақстан – 22,4 құрайды.

Барлық ана өлімі жағдайлары бойынша тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Республикалық штаб ана мен бала өлімін азайту жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау үшін барлық өлім-жітім жағдайларын қарастырды, анықталған бұзушылықтар бойынша басқару шешімдері қабылданды.

Бала өлімінің көрсеткіші 10 %-ға азайды және 2010 жылғы 16,5 орнына 1 000 тірі туылған балаға шаққанда 14,9 құрады.

Бала өлімінің жоғары көрсеткіштері: Қызылорда облысында – 19,4, Шығыс Қазақстан – 18,1, Оңтүстік Қазақстан – 16,7, Атырау және Маңғыстау облыстарында – 16,5, Ақмола облысында – 15,5 құрайды.

2011 жылғы қорытындысы бойынша республиканың бүкіл халқының науқастану көрсеткіші (өмірінде алғаш рет тіркелген науқастар саны)


2010 жылғы 58 077,1 орнына 100 мың тұрғын адамға шаққанда 54 465,4 құрады.

2011 жылы халықтың туберкулезбен науқастану көрсеткішінің 8,9 %-ға төмендеуі байқалып отыр, ол 2010 жылы 95,3 қарағанда 100 мың халыққа


86,8 құрады. 2011 жылы республикада туберкулезден өлім-жітім 2010 жылғы 10,6 қарағанда 100 мың халыққа шаққанда 8,1 құрады.

Тұтастай алғанда елдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде қабылданатын жүйелік іс-шаралар ықпал етті: туберкулезге қарсы ұйымдардың (бұдан әрі - ТҚҰ) материалдық-техникалық базасы нығайтылды; ТҚҰ төсек қорын жүргізілетін қайта құрылымдау туберкулездің жұқпалы түрлерімен ауыратын науқастарды, белгілік емдеуге мұқтаждарды үнемі бацилла бөле отырып, туберкулездің созылмалы түрлерін оқшаулау үшін науқастың мультирезистік түрімен ауыратын науқастар үшін мәжбүрлі емдеу бөлімшелерін ашуға мүмкіндік берді; ТҚҰ инфекциялық бақылау жүйесін енгізу; туберкулезбен ауыратын науқастарды тегін емдеу, науқастарды амбулаториялық емдеу сатысында әлеуметтік қолдау енгізілді; туберкулезді, оның ішінде заманауи алдын алу әдістерін пайдалана отырып (микроскопия) ерте анықтау және алдын алу жөніндегі алдын алу іс-шаралар күшейтілді; науқастарды пенитенциарлық секторда емдеу жөніндегі сектораралық іс-шаралар күшейтілді.

Халықаралық ұйымдардың, Жаһандық ЖҚТБ-мен, туберкулезбен және безгекпен күрес қорының, Неміс даму банкінің қаржылық салымы үлкен мәнге ие.

Онкологиялық көмекті жақсарту шеңберінде нысаналы топтарды алдын ала тексеру жүргізу және алдын алу мен емдеудің прогрессивті әдістерін пайдалану жолымен қатерлі ісіктерді ерте анықтауға басымдық берілді. Қатерлі ісіктермен ауру 2010 жылғы 181,2 қарағанда 2011 жылы 100 мың халыққа 182,1 құрады.

Республикада 2011 жылы қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші
8,2 %-ға төмендеді және 2010 жылы 108,9 қарағанда 100 мың халыққа
99,9 құрады.

Жарақаттану әлемнің көптеген елдері үшін қазіргі заманның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі болып табылады. 2011 жылы жарақаттар мен уланулар саны 2010 жылғы 3 865,3 орнына 100 мың халыққа 3 395,4 құрады.

Ишимиялық жүрек ауруымен (ИЖА) ауыру көрсеткіші есепті кезеңде
100 мың халыққа 477,7 құрады, 2010 жылы аталған көрсеткіш 421,3 құрады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру

Жыл қорытындысы бойынша халықтың жұқпалы аурумен ауыруын төмендетуге қол жеткізілді, оның ішінде халықтың қызылшамен, «А» және «В» вирусты гепатиттерімен ауыруы жоспарланған деңгейде ұсталды.

2010 жылғы 17 жағдайдың орнына Конго-қырым қанды қызбасымен аурудың 15 оқиғасы, 2010 жылы 12 жағдайы орнына Сібір жарасының тері нысанының 6 жағдайы және тропикалық безгектің 3 әкеліну жағдайы тіркелді.

2010 жылмен салыстырғанда сальмонеллезбен ауырудың 22,0 %-ға, өткір вирусты гепатиттермен 47,2-ға%, педикулезбен 21,2 %-ға, ротавирусты инфекциямен 29,5 %-ға, қышымамен 30,1 %-ға, шигеллезбен 31,0 %-ға, бруцеллезбен 17,9 %-ға, бактериялы дизентериямен 28,9 %-ға, қабынған ішек инфекцияларымен 15,9 %-ға, тыныс алу органдарының туберкулезімен


9,9 %-ға, эхинококкозбен 12,4 %-ға, АИТВ инфекциясын тасумен 5,8 %-ға, ботулизммен 2,3 есеге, қанды қызбамен 4 жағдайға, листериозбен 2,1 есеге, эпидемиялық паротитпен 38,9 %-ға төмендеу атап өтілді.

2010 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында пневмококк инфекциясына қарсы балаларға егу жүргізілді, 122 496 егу жүргізілді. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында балаларға егу басталды, 140 699 егу жүргізілді.

1 жасқа дейінгі балаларға полиомелитке қарсы егумен жыл сайын қамту 98-99 %-ды құрайды.

2011 жылы 825 968 км2 алаңда эпизоотологиялық тексеру жүргізілді. Эпизоотия 52 500 км2 алаңда анықталды. Оба қоздырғышының 481 штаммы бөлінді. Оба бойынша ошақ аумағында 357 елді мекеннің айналасында қорғаныс аймақтары құрылды.

657,4 км2 алқапта далалық дезинсекция, 2 411,2 мың м2 алаңда кенттік дератизация, кенттік дезинсекция – 1 447,25 мың м2 жүргізілді. Обаға қарсы 124 279 адам егілді.

Халықтың Конго-Қырым қанды қызбасымен (бұдан әрі - КҚҚҚ) ауыруын төмендету мақсатында Конго-Қырым қанды қызбасының диагностикасы мен алдын алуды жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілді, онда КҚҚҚ зертханалық диагностика әдістері, жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар, кенелермен күрес жөніндегі іс-шаралар анықталды.

Тұрақты түрде эпидемиялық алды және эпидемиялық маусымдарда халық арасында санитарлық-ағарту жұмысы белсенді түрде жүргізіледі:

«АИТВ-инфекциясының бизнеске іскерлік әсер етуі» көрсеткіші бойынша елдің бәсекеге қабілеттілігінің Жаһандық индексінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында өңірлерде бизнес құрылымдармен санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілетін эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде республикада АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемологиялық жағдай тұрақтандырылды және шоғырландырылған сатыда, халықтың арасында инфекцияның таралу деңгейі 0,18 %-дан аспайды.

Республикада АИТВ/ЖҚТБ алдын алу саласында жұмыс істейтін


97 үкіметтік емес ұйым әрекет етеді. Азаматтық қоғам өкілдері АИТВ/ЖҚТБ өмір сүретін адамдарды күту мен қолдау жөніндегі алдын алу іс-шараларын әзірлеуге, іске асыруға және бағалауға белсенді қатысады.

Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетiлдiру

Стационарды ерікті іріктеу қағидатын іске асыру арқасында республика халқының барлық жіктері үшін медициналық көмектің қол жетімділігі артты. Емдеуге жатқызылғандардың жалпы санынан азаматтардың 94 %-ы 20 күту күніне дейін жатқызылды, азаматтардың 3 %-ы ғана 30 күннен астам аруханаға жатуды күтті.

Саланы тұрақты қаржыландыру жағдайларында өңірлерде жаңа технологиялар мен диагностиканың жаңа әдістерін енгізуді бастау мүмкін болды. Егер 2010 жылы диагностика мен емдеудің 65 жаңа технологиясы енгізілсе, 2011 жылы – 123 енгізілді. Өңірлерде жаңа технологиялар мен диагностиканың жаңа әдістерін енгізуді олардың халыққа қол жетімділігі қамтамасыз етті.

Өңірлерде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған азаматтар саны 2009 жылмен салыстырғанда 38 есеге ұлғайды.

Жаңа технологияларды қолдана отырып нейрохирургиялық операциялар құнының 2,5 есеге ұлғаюы олардың өңірлерде дамуына ықпал етті, мәселен, 2010 жылы 747 операция жасалса, 2011 жылы 1 901, бұл ретте өсім инсульт орталықтарын дамыту басталған қалалық және облыстық медицина ұйымдарында байқалып отыр. Бүгінгі таңда буындарды эндопротездеуді 20 медициналық ұйым жүзеге асырады. Егер 2010 жылғы басында буындарды эндопротездеуді бейінді институт қана жүргізсе, жылғы соңына аталған рәсімді өңірлердің 16 стационары жүргізеді, бұл ретте 2009 жылмен салыстырғанда операциялар саны 7 есеге өсті. Өңірлерде кардиохирургиялық операциялар саны 38 %-ға өсті және 2010 жылы 5 377 болғанда 8 354 құрады.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласында


2011 жылғы қазанда әлемдік деңгейдегі Ұлттық кардиохирургиялық орталық ашылды. Шамамен 300 кардиохиругиялық операция, оның ішінде 89 балаға жасалды.

Оның негізінде алғаш рет жасанды сол жақ қарыншаны ауыстырып қондыру жөніндегі операциялар жасалды.

Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми Хирургия Орталығының жағдайларында қазақстанда туыс донордан бауырды ауыстырып қондыру жөніндегі операция жасалды.

Алғаш рет 2010 жылы Астана қаласындағы Республикалық шұғыл медициналық көмек орталығында гемофилиямен ауыратын науқастарда эндопротездеу – 20 операция жасалды және 2011 жылы олардың саны


40 жеткізілді.

2012 жылдан бастап онкологиялық қызметті қаржыландыру «жаһандық бюджет» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады, онда екі бюджет (жергілікті және республикалық) біреуге біріктіріледі әрі ол электрондық тіркелімде оның бағыты бойынша тіркелген пациент үшін ақы төлеуді көздейді (емдеу деңгейлері), ол халықаралық стандарттарға сәйкес ауруды ерте анықтауға және сапалы емдеуге онкодиспансерлердің мүдделігін қызықтырады.



Медициналық, фармацевтикалық бiлiм берудi жетiлдiру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгiзу

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы әзірленді.

Денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың кәсіби нысандары институтын кезең-кезеңімен енгізу мақсатында Денсаулық сақтау менеджменті институтын құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2011 жылы денсаулық сақтау менеджменті мәселелері бойынша 1 500-ден астам маман, оның ішінде бас дәрігерлер немесе олардың орынбасарлары, экономистер, бухгалтерлер мен ішкі аудит жөніндегі мамандар оқытылды.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде PhD 40 докторант, резидентураның 659 тыңдаушысы, 164 магистрант, 3 аспирант, клиникалық ординатура бойынша 1, 1 докторант оқуын жалғастыруда. Қазақстан алғаш рет резидентура түлектерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Ана мен бала денсаулығын қорғау саласында халықаралық озық медициналық технологияларды игеру үшін 3 қазақстандық маман жетекші шетелдік клиникаларға (Австрия) жіберілді, кардиологияның, кардиохирургияның, балалар кардиохирургиясының, трансфузиология, акушерлік және гинекология, балалар хирургиясы, нейрохирургия, кәсіби патология, білім мен ғылым, медбикелік істің өзекті мәселелері бойынша
208 қазақстандық маманды оқыту үшін отандық денсаулық сақтау ұйымдарының негізінде Литвадан, Ресейден, Германиядан, Франциядан, Израильден, АҚШ-тан, Италиядан, Польшадан 22 жетекші шетелдік маман шақырылды.

Медициналық жоғары оқу орындарының базасында өкілдіктері бар Денсаулық сақтау менеджменті орталығы құрылды.

2011 жылғы наурыздан бастап денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүргізілуде: «Республикалық денсаулық сақтау ісін дамыту орталығы» РМК, «С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» РМК және «Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебі» базасында бас дәрігерлер, бас дәрігерлердің орынбасарлары, экономистер, бухгалтерлер.

Дәрiлiк заттардың халық үшiн қолжетiмдiлiгiн және сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту

Медицина техникасының тиімді пайдаланылуы тетігін қалыптастыру мақсатында «ҚазМедТех» акционерлік қоғамы құрылды. Денсаулық сақтау ұйымдарынан жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгеге лизингке медициналық жабдық сатып алуға өтінімдер жинақтау жүзеге асырылды.

Дәрілік құралдармен қамтамасыз ету жеткізу жоспарының 94,7 %-ын құрайды.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру» жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.

Жоба пациенттерге дәріхананы, дәрілік препаратты таңдау құқығын қамтамасыз етуге, дәріхана ұйымдарының санын ұлғайтуға, қосымша науқастарды қоса отырып, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін Дәрілік құралдардың тізбесін қамтамасыз етуге (егде адамдар мен мүгедектер үшін), өтеу коэффицентін 0,5 1,0-ге ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы АМККК шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету 50 % көрсеткішке қол жеткізді, 2012 жылғы аяғына дейін аталған көрсеткіш мәнін 60 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы

Білдім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 90,5 млрд. теңге бағытталды. Бұл ретте республикалық бюджет есебінен – 72,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттер есебінен – 18,2 млрд. теңге



Мемлекеттік бағдарлама он бағыт; педагог беделі; білім беру менеджменті; «е-1еаrning» электрондық оқытуы; мектепке дейінгі білім беру мен оқыту; орта білім беру; техникалық және кәсіби білім беру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру; бүкіл өмір бойы оқу; тәрбие жұмысы және жастар саясаты, білім беру жүйесін қаржыландыру бойынша іске асырылады.



Білім беру жүйесін қаржыландыру

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін: Орта, техникалық және кәсіптік білімді жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру әдістемесі және Орта, техникалық және кәсіптік білімді жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру қағидасы әзірленді.



Педагог мәртебесі

Білім сапасы, бірінші кезекте сапалы даярланған оқытушылармен анықталады. 2011 жылы еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында педагог қызметкерлерге бюджетте нақтылау кезінде 5 373,9 млн.теңге сомасында қосымша қаражат көзделді және игерілді.

Мәселен, 2011 жылғы 1 қыркүйектен біліктілік санаты үшін мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиешілеріне қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды және өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы көзделді. Нәтижесінде, жоғары санаттағы мұғалімнің жалақысы 9 500 теңгеге ұлғайтылды және 64 300 теңгені құрады.

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында жүргізілетін саясатқа сәйкес біліктілікті арттырудың 3 деңгейлі жүйесі енгізіледі. Осы мақсатта біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртудың базалық кешендерін құру жөніндегі жұмыс басталды: Ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы, педагогикалық жоғары оқу орындарының жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары, Назарбаев Университетінде «Білім» факультеті.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ базасында Педагогикалық шеберлік орталығы ашылды, онда курстық даярлық аяқталғаннан және біліктілік емтиханы тапсырылғаннан кейін педагогқа курстардың бағыттаушылығына – 1, 2, 3-деңгейлерге сәйкес тиісті сертификат берілетін болады, ол жалақыға үстемеақыға әсер ететін болады.

Бұдан басқа педагог кадрларды даярлау мазмұнын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілді: педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың оқу бағдарламалары қайта қаралады; магистратурада шетел тілін зерделеу жөніндегі сағаттар ұлғайды (педагог мамандықтары бойынша); шағын жинақты мектептер үшін педагог мамандарын даярлау көзделді; көп тілде білім беретін педагог қызметкерлерін даярлаудың көп деңгейлі моделі бекітілді.



Білім беру менеджменті

Экономика салаларын кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру үшін: Ұлттық кеңес, кадрларды даярлау және ТжКБ дамыту жөнінде 16 өңірлік және 14 салалық кеңестер құрылды.

Қыркүйекте нәтижеге бағдарланған жоспарлау бойынша білім беру ұйымдарының 160 басшы қызметкері арасында оқыту семинары өткізілді.

3 970 педагог менеджмент саласында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Білім беру ұйымдарында қамқоршы кеңестерінің қызметін күшейту үшін Республикалық білім беру ұйымдарында қамқоршы кеңестерінің жұмыс істеуі жөнінде семинар өткізілді.

«е-1еаrning» электрондық оқыту

Осы бағыт шеңберінде 5 іс-шара іске асырылды. Мәселен, Астана, Алматы қалаларындағы және Қарағанды облысындағы 44 орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында электрондық оқыту енгізілді.



Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Өңірлердің білім беру басқармаларының деректері бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 8 096 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, 2010 жылы көрсеткіш 6 446 құрады, оларға 587,5 мың бала барады, 2010 жылы 446,4 мың бала барды. Бұл 3-6 жастағы балалардың


65,4 %-ын мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етті, бұл 2010 жылғы көрсеткішінен 10,4%-ға көп.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2012 жылғы


1 қаңтардағы жағдай бойынша 2010 жылы іске қосылғандарды есепке ала отырып, 194 271 орын іске қосылды, бұл жоспардың 122,6%-ын құрайды. Орындардың анағұрлым көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында – 55 753, Алматы – 17 100, Шығыс Қазақстан – 14 789, Жамбыл – 12 590, Павлодар – 10 909, Қарағанды – 10 412, Алматы және Астана қалаларында – тиісінше
9 700 және 9 600 орын іске қосылды.

2011 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 18,9 млрд.теңге сомаға 77 балабақша құрылысы қаржыландырылды, оның ішінде 42 балабақша іске қосылды.

Тұтастай алғанда 2011 жылы 2010 жылдан көшкен объектілерді есепке ала отырып, 12,8 мың орынға арналған 48 балабақша іске қосылды.

Орта білім беру

12 жылдық оқыту моделіне көшудің кезең-кезеңмен іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ стратегиялық әріптестерді тарта отырып, Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және белсендіру жөніндегі жұмыс жүргізілді.

12 өңірде Біліктілікті арттыру институттарында шағын жинақталған мектептерді дамыту орталықтары құрылды. 26 тірек мектебі (ресурстық орталықтар) құрылды.

3 ауысымдық оқуды, оқушы орындарының тапшылығын жою үшін апатты мектептердің орнына мектептердің құрылысы жүріп жатыр.

2012 жылғы 1 қаңтарға 14 870 оқушы орынға арналған 21 мектеп іске қосылды, оның ішінде: 6 420 орынға арналған апатты мектептердің орнына 11, 3 200 орынға арналған 3 ауысымда оқитын мектептердің орнына 3 мектеп, 5 250 орынға оқушы орындарының тапшылығын қысқарту бойынша 7 мектеп іске қосылды. Абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстардың маусымдылығына, жабдықтың түгел жеткізілмеуіне байланысты 4 мектеп аяқталған жоқ, оларды іске қосу 2012 жылға көшірілді.

Сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 401 орынға арналған 47 мектеп іске қосылды.

Мектептердің апаттылығына байланысты проблема толығымен шешілді: Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстарында. 2010 жылмен салыстырғанда апатты мектептер саны: Оңтүстік Қазақстан облысында 41 мектепке қысқарды және 21 мектепті құрады, Қызылорда облысында 39 мектепке қысқарды және 32 мектепті құрады, Ақмола облысында 5 мектепке қысқарды және 7 мектепті құрады.

2010 жылмен салыстырғанда 3 ауысымды білім беретін мектептер саны қысқартылды: Оңтүстік Қазақстан облысында – 16 мектепке азая отырып,
1 мектеп, Астана қаласында – 2 мектепке азая отырып, 5 мектеп, Жамбыл облысында – 2 мектепке азая отырып, 8 мектеп. Сондай-ақ 3 ауысымды білім беруге байланысты проблема Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында толығымен шешілді.

20 Назарбаев Зияткерлік мектептерін жобалау және құрылысы жалғастырылды, оның ішінде: Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған және Өскемен қалаларында 6 мектеп жұмыс істейді.



2011 жылы 569 биология кабинеті сатып алынды, 459 лингафон, мультимедиялық кабинеттерді жеткізу аяқталды, 224 мектеп физика кабинеттерімен жарақтандырылды, 263 – химия кабинеттерімен, 699 – биология кабинеттерімен жарақтандырылды.

Мектептері жоқ елді мекендерде тұратын мектеп оқушыларының


76 % -ы үшін мектепке жеткізіп салу ұйымдастырылды.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың жалпы санының


90 %-ы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Білім және ішкі істер органдары мынадай акциялар өткізді: «Мектепке жол», «Күтім», «Түнгі қаладағы балалар», рейд іс-шаралары, оқумен қамтылмаған балаларды анықтау жөніндегі аулаларды аралау өткізілді.



Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ)

Астана, Шымкент, Ақтөбе және Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждер құру жөніндегі жұмыстар жалғасын тапты. Оларды құру жөніндегі жол картасы әзірленді.

4 өңіраралық орталықтың құрылысы жүргізілуде: Атырау, Екібастұз, Өскемен, Шымкент қалаларында және Астана қаласында 1 кәсіптік лицей.

ТжКБ жаңа инфрақұрылымын үйлестіру мен басқаруды жүзеге асыру үшін «Кәсіпқор» холдингі» АҚ құрылды.

Колледждердің ұлттық аккредиттеуден өтуі, ауыл шаруашылығы, машина жасау мамандықтары бойынша кәсіби стандарттар әзірлеу жөніндегі дайындық жұмысы басталды.

2011 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2 283,2 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен - 1 683,2 млн.теңге, республикалық бюджеттен - 600 млн.теңге бөлінді.

Жалпы санынан заманауи оқыту жабдығымен жарақтандырылған ТжБҰ оқу орындарының үлесі 2010 жылы - 36 % көрсеткіште 40,7 %-ды құрады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім алу

Мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орындарын жаңа сыныптау әзірленді.

Алғаш рет мемлекет тарапынан қаржылық қамтамасыз етуді академиялық жұмылдыру алды – 200 млн. теңге бөлінді. Жетекші жоғары оқу орындарының 300 магистранты Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азия мен ТМД елдерінің университеттеріне семестрге және оқу жылына шығу мүмкіндігін алды.

Жоғары оқу орындарының 28 %-ы еуропалық кредиттерді аудару жүйесінің үлгісі бойынша кредиттерді қайта есепке жатқызудың қазақстандық моделін енгізді (ЕСTS).

Жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін орташа алғанда
67 %-ға кеңейтуді көздейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының (МЖБС) негізгі ережелері әзірленді.

2011 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен еліміздің


27 жоғары оқу орнында 1 647 шетелдік оқытушылар мен консультанттар, оның ішінде ұлттық жоғары оқу орындарына – 1 096 адам тартылды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы үшін кадрлар даярлау мақсатында 40 базалық жоғары оқу орны өндірістік практика базаларын қалыптастыруға ірі компаниялармен келісімдер жасады.

2011 жылы 30 % ауылдық квота бойынша оқитын түлектерді бөлу жөніндегі жұмыс алғаш рет жүргізілді.

Бүкіл өмір бойы оқыту

Бүкіл өмір бойы оқыту мақсаты формальды және формальды емес оқытудың тұтас ауқымын, инклюзивті білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі жастан бастап және зейнетақыдан кейінгі жасты қоса алғанда оқытуды қамти отырып, адамның білім берудің барлық деңгейлерінде өзінің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі мүмкіндіктер құруы болып табылады.

2020 жылы жасына, білім алу деңгейіне және кәсіптік біліктілігіне қарамай, бүкіл өмір бойы оқу үшін жағдайлар жасау жоспарланады.

Білім беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіби даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады, модульдік білім беру бағдарламалары әзірленеді.

Өндірісте жұмыс істей жүріп, адам оқыту түрлерін, қарқындары мен мерзімін өзі таңдай алады, білім алу процесін жекешелендіреді.

Техникалық және қызмет көрсететін еңбек қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін жұмыс берушілермен бірлесіп 2011 жылы мынадай бағыттар бойынша 10 модульдік бағдарлама әзірленді: мұнай және газ, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы және т.б.

Барлық қазақстандық азаматтардың қазақ тілін толық меңгеруі мақсатында Мемлекеттік бағдарламада тілдерді меңгерудің халықаралық стандарты негізінде «Балабақша – мектеп, кәсіптік лицей, колледж – жоғары оқу орны» мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін құру көзделеді. Қазақстан азаматтары (мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар, түрлі сала қызметкерлері) және қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар үшін сертификат бере отырып, қазақ тілін білу деңгейін жүйесін – Қазтест енгізу үшін 2011 жылы Қазтест жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шара іске асырылды.

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты

Қазақстандық патриотизм рухында балалар мен жастарды тәрбиелеу мақсатында жалпы білім беретін мектептерде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» құрылды, ол екі деңгейге: 1-4 сыныптардың оқушыларын біріктіретін «Жас қыран» және 5 – 9 сыныптар оқушылары үшін «Жас Ұлан» бөлінеді. Бүгінде олардың қатарында 20 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер бар.

Жастарға арналған ресурс орталықтарын дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Мынадай: «Жастардың кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.



«Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру туралы

«Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезі барысында ерілген Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына бастапқы шығару бағдарламасы (бұдан әрі – «Халықтық IPO» бағдарламасы) бекітілді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесінде әзірленді және халық үшін жетекші отандық компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған, оларды сатып ала отырып, қазақстандықтар олардың бірлескен иеленушілері болады және еліміздің экономикалық өсімінде жеке қатысу мүмкіндігін алады.

Аталған Бағдарлама халықтың жинақтарын капитал нарығына тарту, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың кең ауқымы үшін қор нарығына шығуға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету есебінен тұтастай алғанда қазақстандық қор нарығын және ел экономикасын дамытуға ықпал етеді.

Бағдарламаны іске асыру барысында кандидат Компаниялар «Халықтық IPO» қатысуға басшылық етудің анағұрлым тиімді модельдерін қабылдай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге, ақпараттық ашықтықты жақсартуға тиіс. Осылайша, Қазақстан экономикасының ірі көшбасшы компаниялары алдыңғы қатарды форматты береді, елдегі корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ қоғамды өз қызметі туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

«Халықтық IPO» бағдарламасын іске асырудың түпкілікті мақсаты кешенді әсер алу болып табылады, ол өзіне мынадай әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтиды: Қазақстан халқына ірі отандық компаниялардың акцияларына иелік ету, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында инвестициялау жолымен жинақтауларды ырықсыздандыру және көбейту мүмкіндігін беру; қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамыту; бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мәдениетін құру; қазақстанның ірі компанияларының айқындылығын, тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бұдан басқа Бағдарламаны іске асыру үш жақты қайтымды ұйғарады, бұл – Қазақстан халқына ірі отандық компаниялардың акцияларына иелік ету және түсімнен кіріс алу мүмкіндігін беру, кандидат Компанияларға өзінің инвестициялық жобаларын іске асыруға қосымша қаражат тарту мүмкіндігін беру, және мемлекет үшін қайтарым, өйткені осы сәтке көптеген әлеуметтік маңызды, инвестициялық жобалар кандидат Компаниялардың өз инвестициялық жобаларын іске асыруға қосымша қаражат тартуымен мемлекет есебінен қаржыландырылады, республикалық бюджет қаражаты қажет болмауы мүмкін.

ІРО акциялардың шығу дайындығының деңгейіне қарай компаниялардың үш эшелоны бөлінді:

компаниялардың I эшелоны (2012 жылғы 2-3-тоқсаны): «ҚазТрансОйл» АҚ, «KEGOC» АҚ, «AirAstana» АҚ.

компаниялардың II эшелоны (2013 жыл): «ҚазТрансГаз» АҚ, «Қазтеңізтрансфлот» ҰТСК, «Самұрық-Энерго» АҚ.

компаниялардың III эшелоны (2014-2015 жылдар): «Қазақстантемiржолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ.

Акцияларының құбылмалылық тәуекелі жоғары компаниялар тобы


(2015 жылдан кейін):

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ; басқа да өндіруші компаниялар.

Бұдан басқа «Халықтық IPO» бағдарламасы IPO жеке меншік компаниялардың шығуына серпін береді.

Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама

Көлік-коммуникация кешенінің жұмысын талдау жүктерді тасымалдау көлемі, тұтастай алғанда, 2010 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда 23 %-ға ұлғайып, 2 758,3 млн. тоннаны құрағанын көрсетіп отыр. Жүк айналымы 17 %-ға ұлғайып, 344,1 млрд.ткм. құрады.



Тасымалданған жолаушылардың саны 26,3 %-ға өсіп,
16 643,7 млн.жолаушыны құрады. Жолаушылар айналымы - 188,3 млрд.жкм құрады және 2010 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда 26,8 %-ға өсті.

Автомобиль жолдары саласы

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзындығы


128 мың км-ны құрайды, одан 97,1 мың км-дан астамы жалпы пайдаланымдағы автожолдар, оның ішінде 23,5 мың км – республикалық маңызы бар, 73,6 мың км – жергілікті желінікі.

2005 жылдан бері барлық типтегі жолдарды салу мен реконструкциялау белдіктің 13 тоннаға дейінгі есепті жүктемесімен жүргізілуде, барлық халықаралық дәліздер II техникалық санаттан кем емес параметрлермен реконструкциялануда. 5-басқышты сапаны бақылау енгізілді.

Соңғы 11 жылда жергілікті желіні қоса алғанда, саланы дамытуға
1 254,6 млрд.теңге бөлінді, бұл ретте егер 2001 жылы 27,7 млрд.теңге бөлінген болса, 2011 жылы 258 млрд.теңге бөлінді. Бұл жылдар ішінде 44 мың шақырымнан астам жол, оның ішінде республикалық желінікі – 24,3 мың км жол реконструкцияға және әртүрлі жөндеу түрлеріне ұшырады.

2011 жылы 5 мың шақырымнан астам жолда, оның ішінде:

- жолдардың республикалық желілері бойынша – 2 254 км жол сомасы 189,5 млрд.теңгеге;

- жолдардың жергілікті желілері бойынша – 3 050 км жол сомасы


74 млрд.теңгеге, оның ішінде 33,1 млрд.теңгесі – республикалық бюджет трансферті.

Республикалық желі бойынша ұзындығы 1 013 км: «Астана-Петропавл», «Самара – Шымкент», «Омск – Майқапшағай», «Атырау – Ақтау», «Астана - Қостанай-Челябі», «Таскескен-Бахты», «Щучье-Бурабай курорттық аймағына кіреберіс», «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-ға кіреберіс автомобиль жолдары учаскелерін реконструкциялау бойынша, сондай-ақ 1 241 км жолды күрделі және орта жөндеу жұмыстар орындалды.

Сондай-ақ, 333 км автомобиль жолы пайдалануға енгізілді, «Карабұтақ-Ырғыз-Қызылорда облысының шекарасы» - 215 км; «Астана-Қостанай-Челябі» - 74 км; «Щучье-Бурабай курорттық аймағына кіреберіс» 2 учаске – 6,9 км, «Алатау» «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА» -10 км, «Орал-Ақтөбе» 14 км және «Таскескен-Бахты»-13 км.

Автожол саласының ірі жобалары

2010 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жобасын іске асыру жалғастырылды, оның шеңберінде ұзындығы 803 км-ден астам жолға жабын орнатылды.

Жобаны қаржылай қамтамасыз ету мақсатында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен, Азия Даму Банкімен, Ислам Даму Банкімен, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігімен жалпы сомасы 3,3 млн. АҚШ долларына Қарыз туралы келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ Азия Даму Банкімен 95 млн. АҚШ доллары сомасына қарыз тарту туралы келіссөздер жүргізілді (V транш, «Тараз қаласының айналма жолы» учаскесі).

2011 жылы ұзындығы 1 734 км-ге құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: Ақтөбе облысы – 317 км, Қызылорда облысы – 812 км, Оңтүстік Қазақстан облысы – 224 км, Жамбыл облысы – 381 км.

Республикалық маңызы бар автожолдардың пайыздық ара қатынасы 2012 жылғы 1 қаңтарына мынадай: жақсы – 33 %; қанағаттанарлық – 44 %; қанағаттандырмайтын – 23 %; жергілікті маңызы бар автожолдар: жақсы – 15 %; қанағаттанарлық – 43 %; қанағаттандырмайтын – 42 %.



Теміржол саласы

Қазақстан теміржолдарының пайдалану ұзындығы 14,2 мың км-ді құрайды, оның ішінде: екі бағытты желілер – 4,8 мың км, немесе 34 %, электрификацияланған желілер – 4,1 мың км, немесе 29 %, тығыздығы –


1 000 шаршы км-ге 5,5 км, жүк жүктемесі – 24,2 млн.ткм/км.

Теміржол көлігінің үлесі елдің жалпы жүк айналымында шамамен


60 %-ды құрайды, бұл ретте көліктің барлық түрлерімен тасымалдан түсетін кірістегі оның үлесі 20 %-ды құрайды.

Жалпы теміржол көлігімен жүк тасымалдаудың 2011 жылдағы көлемі 2010 жылмен салыстырғанда өсті және 279,6 млн.тоннаны құрады. Жүк айналымы 4,9 %-ға ұлғайды және 223,6 млрд.ткм-ні құрады.

2011 жылы жалпы ұзындығы 439 км «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желілерінің бірінші іске қосу кешенінің объектілерін салу аяқталды. Сондай-ақ Астана қаласында «Тальго» жолаушылар вагондарын өндіру зауыты пайдалануға енгізілді.

Осы жобаларды іске асыру үшін инвестициялар көлемі 73,8 млрд.теңгені құрады, одан: 59,7 млрд.теңге республикалық бюджет қаражаты; 14,1 млрд.теңге «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты. Сомасы 31,6 млрд.теңгеге 635 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді.



Азаматтық авиация

Республикада 37 авиакомпания және 23 әуе кемелерін пайдаланушылар қызметтерін жүзеге асырады. Авиакомпаниялар 108 әуе кемесін пайдаланады, одан 58-і батыста шығарылған; пайдаланушылар – 941 әуе кемесін пайдаланады, одан 95-і батыста шығарылған.

Қазақстандық авиатасымалдаушылар: «Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ
18 шет мемлекеттің аумағында ұшуларды орындайды. Қазақстанға әлемнің
20 елінен 29 шетелдік авиакомпания тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Ішкі авиақатынас саласында тұрақты ұшулар 42 бағыт бойынша.

Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген 15 әуежайдан 10-ы Халықаралық авиация ұйымының стандарттары (ИКАО): Астана қаласының әуежайлары IIIА санаты бойынша және Алматы қ. IIIВ санаты бойынша, Атырау қ. II-санат бойынша, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда I-санат ИКАО бойынша санатталған.

Бүгінгі таңда республикалық бюджет есебінен жасанды ұшу-қону жолағы мен Көкшетау қаласының әуежайындағы аэровокзал ғимаратын реконструкциялау жобасын іске асыру жүргізілуде, жобаның жалпы сомасы
8,3 млрд.теңге. Қарыз қаражаты есебінен Ақтау әуежайындағы ұшу-қону жолағын реконструкциялау жалғастырылуда, жобаның жалпы сомасы
6,9 млрд.теңге.

Авиация паркін жаңарту жалғастырылды: «Эйр Астана» АҚ 3 әуе кемесін сатып алды «Эмбраер-190»; «Авиакомпания «SCAT» АҚ - «Боинг-757», «Боинг-737», «CRJ-200». Бүгінгі таңда батыста шығарылған 32 бірлік әуе кемесі, оның ішінде 25 әуе кемесі – «Эйр Астана» АҚ мен 7 – «Авиакомпания «SCAT» АҚ тұрақты жолаушылар тасымалын орындауда.

Халықаралық әуе қатынастарының саны 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 11,3 % -ға ұлғайды және 53 қатынасты құрады.

Су көлігі

Ақтау порты арқылы жүк алып өту көлемі 12,2 млн.тоннаны немесе өткен жылғы көрсеткіштің 94,7 %-ын құрады, одан: мұнай – 8,5 млн.тонна, құрғақ жүк – 2,8 млн.тонна, паром тасымалы – 0,9 млн.тонна.

Мұнай мен астық экспорты көлемінің төмендеуі «Баку – Батуми» теміржол учаскесінде бос цистерналардың болмауына, «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ мұнайын Атырау-Самара құбыржолы арқылы тасымалдау бағытының өзгеруіне, Иранда астық құнының көтерілуіне байланысты болды.

Негізгі тасымалдау бағыттары мынадай порттар: Ресей (Махачкала), Әзірбайжан (Баку) және Иран (Нека, Амирабад) болып табылады.

2011 жылы «Қазтеңізтрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы 9,8 млн.тонна немесе өткен жылғы көрсеткіштің 111 % -ын тасымалдады.

Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы шеңберінде мол пайдалануға енгізілді, толқын тосқауылын салу бойынша жұмыстар аяқталды, объектіні қабылдап алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны одан әрі іске асыру концессиялық негізде құрғақ жүк терминалдарын салу жолымен жүзеге асырылатын болады. ТЭН 2012 жылы әзірленетін болады.

Каспийге тасымалды жүзеге асыратын көлік флоты жүк көтеру қуаты
12-13 мың тонналық 8 танкерден тұрады.

«Қазтеңізтрансфлот» ҰТКҚ» АҚ оларды одан әрі Қара теңізде пайдалану үшін 115 мың тонна дедвейтті «Афромакс» үлгісіндегі 2 ірі тонналық танкер сатып алды.

Мемлекеттік техникалық флотты жаңарту шеңберінде 2011 жылы 5 кеме салынды, тағы 9-ының құрылысы жүріп жатыр.

Өскемен және Бұқтырма шлюздерін реконструкциялау жобаларын іске асыру жалғасуда.



Автомобиль көлігі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі деректері бойынша


2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық автокөлік құралдары паркінде (бұдан әрі – АКҚ) 3 503 мыңға жуық жеңіл, 410,7 мыңға жуық жүк АКҚ және 83 мың автобус бар.

Халықаралық жол тасымалдары (бұдан әрі - ХЖТ) жүйесі бойынша 4 650-ге жуық автомобиль тартылған. Жүк тасымалдары үшін Еуропа және Азияның 39 елімен жыл сайын саны 109 мың дана рұқсат бланкілерін алмасу жүргізіледі.

Тұрақты қатынас бойынша 110-нан астам халықаралық және
115 облысаралық тұрақты жолаушылар бағыты бар.

Автомобиль көлігі саласының 2011 жылғы жұмысын талдау жүк тасымалдау көлемінің жалпы 2010 жылмен салыстырғанда 25,6 %-ға ұлғайғанын және 2 475,5 млн.тоннаны құрағанын көрсетіп отыр. Жүк айналымы 50,9 %-ға ұлғайды және 121,0 млрд.ткм-ні құрады. Тасымалданған жолаушылар саны 26,3 %-ға өсті және 16 619,6 млн. жолаушыны құрады. Жолаушылар айналымы 164,0 млрд.пкм-ні құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 30 %-ға өсті.

Халықаралық автомобиль тасымалдары саласында Қытаймен, Түркиямен және Белоруссиямен Автомобиль көлігі мәселелері жөнінде екіжақты бірлескен комиссия өткізілді, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды. Жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін Еуропа және Азиядан шамамен 40 елмен 130 мың дана рұқсат бланкілерін алмасу жүргізілді. 2011 жылы 18 халықаралық бағыт ашылды және ұзартылды.

Еуропалық кеңес бағдарламасы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау туралы келісімге сәйкес 2011 жылы 114 рефрижератор тестіленді және тиісті куәліктер берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет