29 желтоқсандағы №27-1272қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі62.5 Kb.
#7896

105-556 12.04.2013ж.



«Астана қаласының Мәдениет басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарын бекіту

туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы

29 желтоқсандағы № 27-1272қ қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 88/11-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 111/14-V шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 27-1272қ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және насихаттау» деген 1-cтратегиялық бағытта:

«Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жоспарын одан әрі жүзеге асыру» деген 1.1-мақсатта:

«Астана қаласында орналасқан тарихи-мәдени объектілерді қорғау мен дамыту» деген 1.1.1-міндетте:

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қолданыстағы мемлекеттік қызмет тізімдемесіне енгізілген әзірленген регламенті» деген жолдың «2013 жыл» деген бағаны «х» деген белгімен толықтырылсын;

«Астананың мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігінің арттыру» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Астананың мәдениет қайраткерлерінің республикалық және халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке қабілетін арттыру» деген 2.2-мақсатта:

«Астана қаласының имиджін мәдениет орталығы ретінде халықаралық және респуликалық деңгейде көтеру» деген 2.2.1-міндетте:

«Шетел кино өнері шеберлерінің қатысуымен Халықаралық Экшн-фильмдер фестивалін ұйымдастыру» деген жол алынып тасталсын;

«Шетел бардтарының қатысуымен Халықаралық авторлық әндер фестивалін ұйымдастыру» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«


«Piano Passion» Халықаралық пианисттер фестивалін ұйымдастыру

-

-

х

х

х


»;

«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7 бөлімде:

«Бюджеттік бағдарлама» деген 7.1.- бөлімшеде:

«003 - Мәдени-демалу жұмыстарын қолдау» деген бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шағындардың көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «2297510» деген сандар «3699268» деген сандармен ауыстырылсын;

«005 - Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен қолжетімділікті қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «277341» деген сандар «283530» деген сандармен ауыстырылсын;

«007-Театрлық және музыкалық өнерді қолдау» деген бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «1464795» деген сандар «1620063» деген сандармен ауыстырылсын;

«032 – «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «21129» деген сандар «138158» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджет шығындарының жинағы» деген 7.2-бөлімшеде:

«2013 жыл» деген бағанда:

«Бюджеттік шығындардың барлығы» деген жолдағы «4270202» деген сандар «5950446» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «4270202» деген сандар «5950446» деген сандармен ауыстырылсын.
2. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.




Әкім И. Тасмағамбетов

Әкімнің орынбасары Е. Нағаспаев
Әкімнің орынбасары А. Балаева
Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы Д. Досқұлов

«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің бастығы Б. Сағын
«Астана қаласының Экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

бастығының міндетін атқарушы Г. Жүсіпова

«Астана қаласының Мәдениет

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің бастығы Б. Мажағұлов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет