2012 жылда жасалған жұмыстар туралы Октябрь кенті әкімінің есеп беруі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жыл 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдары басшылырының халық алдында есеп беру туралы»



Дата20.06.2016
өлшемі91.5 Kb.
#148714
2012 жылда жасалған жұмыстар туралы

Октябрь кенті әкімінің есеп беруі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жыл 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдары басшылырының халық алдында есеп беру туралы» Жарлығына сәйкес барлық дәрежедегі әкімдер тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізуде. Бүгін 2013 жылдың 15 қаңтарында Октябрь кентінде Зырян ауданы Октябрь кентінің әкімі өңір тұрғындарының алдында есеп беру кездесуі өткізілді.

Кездесуге қатысқандар:

Есеп беру кездесудің тәртібі:


  1. Октябрь кентінің әкімі Феклистов Сергей Анатольевичтің «2012 жылда Зырян ауданы Октябрь кентінің әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы» есеп беруі

  2. Қойылған сұрақтарға жауап.

Баяндама үшін Октябрь кентінің әкімі Феклистов Сергей Анатольевичке сөз беріледі
Октябрь кентінің әкімі Зырян ауданының әкімдігінде Октябрь кенттік өңірінің аумағындағы лауазымды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабын басшылыққа ала отырып, кенттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің шешілуіне, шешімдерді, өкімдерді, аудан әкімінің, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауда, барлық қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне қатысуда барлық ынтасын салған.

2012 жылдың қортындысын айтатын болсақ, барлық мекемелер бір қалыпты жұмыс істеді. Жұмысшылардың саны азайған жоқ, 800 артық адам құрады. Біздің еліміздің экономикалық дамуына, біздің де пайдалы қазбалар қоры мол Шығыс – Қазақстанда өз үлесін қосты.

Халықты әлеуметтік қолдау, бұл дегеніміз – мемлекетіміздегі экономикалық тұрақтылықтың бас көрсеткіші. Бұл әлемдік қоғамдастықтың елімізді бағалайтын, бірден-бір белгі болып табылады..

2012 жылы партиялар тізімі бойынша облыстық және аудандық мәслихаттардың Парламентке сайлау Мәжілісі.

Біздің өңір де ауданның, облыстың, мемлекеттің жетілуіне өз үлесін қосты.

Октябрь кенттік өңірдің құрамына келесі елді мекендер кіреді: Октябрь кенті, Сажаевка селосы, Бұқтырма станцясы, Селезневка станциясы, «Алтай қойнауы» туристік базасы.

Жалпы тұрғындар санын 2181 адам құрайды, соның ішінде: Октябрь кенті-1848 адам, Бұқтырма станциясы – 166 адам, Селезневка – 89 адам, Сажаевка селосы – 78 адам.

Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жыл 21 қаңтардағы №467 «Жергілікті атқарушылық органдардағы штат санының құрылымы және шектері туралы» қаулысына сәйкес Октябрь кентінің әкім аппаратында 4 бірлік штат саны бектілді, соның ішінде кент әкімі-1 бірлік, бас маман – 1 бірлік. Бүгінгі күнге бас маманның лауазымы бос, «Октябрь кентінің әкім аппараты» ММ резервшілер тізіміне ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігіне сұраныс жасады. Мамандардың біліктілік дәрежелері жетерліктей жоғары: барлығы жоғары білімді. Әкім аппаратының барлық мамандары 2011-2012 жылдары Шығыс- Қазақстан облыс әкімдігінің облыс әкім аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің Шығыс-Қазақстан аймақтық қайта даярлау және біліктіліктерін көтеру орталығында білім алды.

Кент әкімі өзінің құзіретіне сәйкес Президенттің және ҚР Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орныдауға қатысады. Әкім аппаратының бұл қызметі Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің, Зырян ауданы әкімінің актілерін орныдалуының бақылау тәртібі туралы Ереженің, өзінің шешімдерінің және өкімдерінің, Октябрь кенті әкімінің өкімдерімен бекітілген жүзеге асыруды бақылау тәртіртерінің негізінде жүзеге асады.

Азаматтық ережені, заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтау әкімдіктік назарында.

«Октябрь кентінің әкім аппаратында» ММ жемқорлықпен күрес, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес бойынша Аймақтық бағдарламаны ұйымдастыру және жүзеге асуды бақылайтын, Зырян ауданында заңбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресетін жүйелік жұмыстар жүргізіледі. Бағдарламалар Құқықтық білім мектептерінің және ақпараттық-насихаттау топтардың іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.

Әкәм аппаратында ҚР заңнамаларының жаңарып отыратын базасы, кезеңдік басылымдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР юстиция Министрлігінің актілер жинағы бар.

Кентте 65 адам оқитын, 2 құқықтық білім мектебі жұмыс істеп тұр.


  1. «Октябрь кентінің әкім аппараты» ММ – 8 адам

  2. «Октябрь орта мектебі» ММ – 32 адам

2011 жылы 3 бақылау құжаттың орындалу барысы қарастырылған, бақылау Күнінің 10 отырысы өтті, орындаушыларға тапсырмалар беріліп, белгіленген мерзімде орындалатын құқықтық актілер бойынша іс-шаралар қолданылды.

Өткен жылда Октябрь кентінің әкімімен бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, соның ішінде негізгі қызмет бойынша өкімдер, жеке құрам бойынша өкімдер. Барлық шығарылған өкімдерді Прокуратура тексерді.

Жеке тұлғалардың үндеулері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың үндеулері бойынша іс жүргізу басқа іс жүргізудерден Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіпте бөлек жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарастыру тәртіп туралы» Заңының 13 бабының орындалуында әкім, әкім өкімімен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заң өкілдерін қабылдауды жеке жүргізеді. Қабылдау апта сайын дүйсенбіде сағат 8-00 ден 12-00 ге дейін жүзеге асады. Сондай-ақ кент тұрғындарының бірде-біреуіне басқа уақытта қабылдауға және үндеуін айтуға тыйым салынған емес.

2012 жылы әкімдікке барлығы 17 келіп түсті, соның ішінде 7 жақсы шешілді.10 қарасты мекемелерге жолданды. Негізінде азаматтар әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, тұрғын-тұрмыстық мәселелер бойынша келді.

Бұдан да басқа кент өңірінің әкім аппараты әртүрлі құжаттар беруді жүзеге асырады, тұрғындарға АХАЖ құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетеді, оның алысырақ Серебрянка қаласында орналасқандықтан. Сондай-ақ әкім аппараты халық санағын, әр шаруашылық санақтың есебін жүргізеді, жер салығын, мүлік салығын, көлікке салық жинайды. 2012 жылға бюджет 100% толды.

Азаматтардың қосалқы шаруашылығын, әкімдік штатында саналатын бас маман қаматамасыз етеді.

Халықтың дәрігерлік қызметін ФАП жұмысшылары қамтамасыз етеді.

Жалпы әскери мідеттер мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Құжаттарды тіркеу, құжаттарды салыстыру жүргізіледі, әскерге шақырылушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу ұйыдастырылады. Әскери есепте 595 адам тіркеуде тұр, оның ішінде 423 әскери міндетті адамдар, 72 әскери есепке тәркелген адамдар.

Ақшалай өтем түрінде мемлекеттік көмек «халықтың осалдау санаты» көрсетіледі. 2012 жылда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 8 азаматқа. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға –17 балаға 7 алушыға жәрдемақы төленді. Тұрғын-үй көмек –9 адамға көрсетілді.

Селолық өңір аумағында бір орта мектеп, бір бала бақша бар. Өткен жылы «Октябрь орта мектебі» ММ шағын орталық ашылды, оның ашылуына және оның жұмыс істеуіне аудандық бюджеттен 1422 мың теңге бөлінді. Мектептегі барлық балаларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. 2011 жылы Сажаевка селосынан, Бұқтырма станциясынан және әскери бөлімнен оқушыларда тасу автобус сатып алуға бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді.

«Досуг» ҚМКМ және Октябрь орта мектебінің оқушыларымен бірге 7 мемлекеттік мейрамдар және басқа айрықша мерзімдерге арналған іс-шаралар өткізді. Олардың ішіндегі ерекшелері – Ұлы Отан Соғысы ЖЕҢІСІНІҢ – 67 - жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 17- жылдығы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21-жылдығы.

2012 жылдың 20 желтоқсанға өңірде 62 адам жұмыс істйтін 25 нысана жұмыс істеп тұр оның ішінде: 18- дүкендер, 1- автомектеп, 3- АТС, 1-дәмхана. Бірқатар ЖШС ашылды.

Кәсіпкерлік іс-әрекетті дамыту және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қойған тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылда «Спец Цемент Монтаж» ЖШС ауа станциясын орнатуды және пенобетондық блоктар шығаруды бойынша екі жоба жүзеге асты.

Пенобетондық блоктарды шығаратын цехтың ғимаратын жөндеу бойынша көп жұмыс жүргізілді. Шатыр жабылды, терезелер қойылды, едендер жөнделді, цехта ағарту жұмыстары жүргізілді.

Мекемелердің жөндеу және құрлыс жұмыстар орындауға мезгілдік жұмысқа жастар тартылды.

2012 жылдың 23 шілдесінде аудан әкімінің орынбасары Ерембесов Қайрат Шаймордановичтің, аудан әкім аппаратының бөлімдер басшаларының, мекемелердің, «Спец Цемент Монтаж» ЖШС жұмысшыларының қатысуымен салтанатты жағдайда жаңа цехтың пайдалануға ену рәсімі өтті.

Жобаның жүзеге асу 15 жұмыс орнын беруге, өнімді 2,5 есе артық шығаруға мүмкіндік береді.

«БЦК» АҚ, қортылған газдарды тазалау жүйесін жақсарту үшін, жаңа кезектегі пештердің аспмрациялық жүйесін ауыстырды, өңір аумағының экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін жобаның құны 600млн.теңге құрады.

«Татамышев» ЖК әрқайсы 59млн.теңге тұратын екі үлкен жүк таситын автокөліктер алды, қосымша 6 жұмыс орны пайда болды.

Сондай-ақ «Пичугин и К» ЖШС әрқайсы 59млн.теңге тұратын екі үлкен жүк таситын самосвал алды және тағы да қосымша 6 жұмыс орны.

Селезневка және Бұқтырма станциясының, «Бухтарма Ойл» ЖШС , және басқа да ұжымдар тұрақты жұмыс істеді.

Бүгінгі таңда біздің Президентіміз Қазақстан халқына жаңа жолдауында:

«Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Осы жолдауында Президент өзінің көз қарасын мемлекеттің ішкі сұрақтарына ғана емес, сондай-ақ әлемдік мәселелерге көп көңіл бөлді.Ол өзінің жолдауында XXI ғасырдың он жахандық сын-қатерін бөліп көрсетті.

Біздің өңірдің тұрғындары Президенттің жолдауын түсінікпен қабылдайды деген ойдамын. Осыны деретер растайды, 2010 жылы мал басының саны – 264 бас, 2011 жылы мал басының саны 291 басқа дейін өсті, бұл дегеніміз 2010 жылға қарағанда 11/0% құрайды. ІҚМ 2010-218, 2011- 364. 2012 жылы мал басының саны бұрынғы дәреде қалды.

Өңір аумағында 18 кәсіпкер дүкен ұстайды. 13 ЖШС ашылды. Олар азық-түліктің, киім-кешектің, тұрмыстық құралдардың қажеттілігін толығымен жабады.

Дағдарысқа қарсы және тұрақтылық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Октябрь кентінің әкімі және кәсіпкерлердің арасында негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мәселелері туралы бірігіп жұмыс істеу меморандумына қол қойылды. 2012 жылдың 31 тамызға 9 меморандумға қол қойылды.

Нанның бағасы 1 сұрып – 55 теңге, 2 сұрыпты нанның бағасы – 50 теңге. Нан өнімдерін Жиглов ЖК наубайханасы, Гановичева ЖК наубайханасы және Серебрянка қаласының наубайханасы ұсынады. «Октябрьск өңірі бойынша 2012 жылға дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шаралардың іс-шаралар жоспарн» жүзеге асыру бойынша абаттандыру бойынша жұмыстарды 9 адам жұмыс істеп шықты.

Өңір дүкендеріне апта сайын Шемонайха ауданының Жоғары Үлбі сүт зауытының сүт өнімдерін әкеліп отырады.

Өңір аумағында 650 зейнеттегі адамдар тұрып жатыр, әкімдік өзінің күнделікті жұмысын қосылып атқаратын, ардагерлер кеңесі белсенді жұмыс істейді.

Есеп беру кезеңінде, 287 адам қатысқан 8 азаматтар жиыныдар және кездесулері өтті. Осы кездесулерде тұғындар ең маңызды сұрақтармен мәселелерді көтерді: суқұбыры жүйелерінің сумен қамтамасыз етілуі және пайдалануға қабылдануы, жылу бберу және энегиямен қамтамасыз ету. Халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі өте қобалжытты, бүгінгі таңда көмірді сату «Бұқтырма Цемент Компаниясы» арқылы сату қарастырылып жатыр. Барлық ескертулер және ұсыныстар тыңдалды, соларғ қарай іс-шаралар бекітілді, әкім аппаратының қызметкерелеріне тапсырмалар берілді. Ұсыныстарды, ескертулерді жүзеге асыру бойынша барлық іс-шаралар назарға алынды.

Абаттандыру және көгалдандыру айлықтары кезінде елді мекендерде тұрғындармен 2 жиын өткізілді, осы жиындарда сенбіліктерге кент тұрғындары қатысу туралы мәселе көтерілді. Өткізілген сенбіліктерге тұрғындар белсенді қатысқан жоқ. Сондай-ақ жиындарда тұрғындардың әр ауланы дереу тазалық тәртіпке келтіріп, қоқыстарды шығарсын деген шешім қабылданды. Осы жыл бойы «Бухтарма Сервис» ЖШС есебінен келісім негізінде бөлінген техника жұмыс істеді. 500 тоннадан артық қоқыс шығарылды. Кент аумағын толығымен тазалау үшін бұл да аз болды. Сол үшін де әкім аппарат қызметкерлерімен өткізілген тексеру кезінде, дұрыс қарамайтын үй иелеріне 21 ескерту тапсырылды. Сонда да әр дайым тазалықты және тәртіпті қадағалап отыратын Горький, К-Маркса, Совхозная, «Прогресс» МПК, Советская көшерерін атап өту керек.

2013 жылға селолық өңір әкім аппаратымен елді мекендердің абаттануын жақсарту мәселелерін әрдайым бақылауда ұстау жоспарлануда.

2010 жылы Әкімдік және «Бұқтырма Цемент Компаниясы» АҚ өзара түсінушілік және бірігіп жұмыс істеу туралы Меморандумды орындау бойынша жұмыс жалғасты.

Биылғы жылы біздің кенттегі барлық әлеуметтік мәселелер «БЦК» АҚ басшыларының қолдауы және түсініктерінің арқасында шешілді.

2012 жылы «БЦК» АҚ меморандум есебінен «РАДУГА» Бала бақшасы» КМҚМ балаларға спорт алаңын сатып алу үшін 1000 мың теңге бөлді, сондай-ақ «БЦК» АҚ мерекелік іс-шараларды және мемлекеттік мейрамдарды өткізуге, қарттарды және мүгедектерді, көп балалы және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларды қолдауға қаражат бөлді. Компания басшылығымен бірнеше рет төтенше жағдайлар кезінде ауыр техника бөлуге көмек көрсетілді, тұрғындар үшін демеушілік көмек ретінде көшелер қардан тазартылды. «БЦК» АҚ басқармасының төрағасы С.Н. Баев мырзаға және инвестициялар бойынша директор С.М. Свиридов мырзаға біздің ауылдастарымызды қолдайтындары үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

2012 жылдың 31 қаңтарындаЗырян ауданы әкімінің Октябрь кенттік өңірінің тұрғындарымен өткізілген сеп беру кездесуінде айтылған сыни ескертулерді жүзеге асыру мақсатында белгілі жұмыстар жасалды.



  • кенттің ФАП ішінде дәріханалық дүңгіршек ашу мәселесі шешелді

  • көшелерге жартылай жарық беру мәселесі шешілді.

  • суқұбырындағы люктердің ұрлану мәселесі.

Менің ойымша, осы немесе басқа қойылған мақсаттардың орындалуы немесе мәселердің шешілуі, қоғамдағы елдің белсенді көмегінің және біздің өңіріміздегі ұйым басшаларының көмегінің арқасында ғана мүмкін болып отыр.

Бүгінгі таңдағы біздің басты мәселеміз – бұл кентті абаттандыру, жолдарды жөндеу және тағы да көшелерге жарық беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет