2012 жылдың 9 айы ішінде Бесқарағай ауданның әлеуметтік-
экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Анықтама
2012 жылдың 9 айы ішінде аудан рейтингтік көрсеткіштерден 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштері сияқты агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын есептемегенде 4 орынды иеленді.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 174,8 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың ұқсас кезеңі ішінде 27,1 млн. теңгені құрады.
Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің индексі 100,3 пайызды құрады. Рейтингтік баға бойынша 14 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштердің деңгейінде.
Тау өндіруші өнеркәсіпте өнідірілген өндірістің сомасы 130,2 млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде орындалу жоқ.
Өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген тауар өнімінің көлемі 30,5 млн. теңгені, өткен жылдың ұқсас кезеңі ішінде орындалу 14,3 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі аудан бойынша 5119,7 млн. теңгені, өткен жылдың ұқсас кезеңіне 3,4 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің индексі 102,8 пайызды құрап, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштерінен 2 тармаққа жоғары және 8 орынды иеленуде.
Статистика мәліметтері бойынша 2012 жылғы 1 қазанға ет өндірісі 3 мың 518,4 тоннаны құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 5,3 тоннаға немесе 100,2 пайызға артық, сүт өндірісі 36 мың 548,4 тоннаны немесе 105,6 пайызды құрады, жұмыртқа 2 млн. 991,4 мың дананы немесе 105,5 пайызды құрады.
2012 жылғы 1 қазанға ірі қара мал басының санын 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 544 басқа немесе 101,3 пайызға өсіп, 41 мың 949 басты; қой мен ешкілер 9 басқа немесе 100 пайызға өсіп, 56 мың 400 басты; жылқылар 7 басқа немесе 100,1 пайызға өсіп, 8 мың 672 басты; шошқалар 155 басқа немесе 95,3 пайызға азайып, 3 мың 118 басты құраса; құстар 106 данаға немесе 100,3 пайызға өсіп, 40 мың 915 дананы құрады.
2012 жылғы 1 қазанға 17,7 мың га астық жиналды. 14,8 мың тонна астық басылды, орташа өнімділік гектардан 8,3 центнерді құрады. 4,5 мың га күнбағыс жиналды, жалпы жиын 1,8 мың тоннаны, орташа өнімділік гектардан 4 центнерді құрады; 0,4 мың га көкөніс жиналды, жалпы жиын 8,6 мың тоннаны, орташа өнімділік гектардан 215 центнерді; бақша-дақылдары 0,138 мың га, жалпы жиын 2,8 мың тоннаны, орташа өнімділік гектардан 210 центнерді; картоп 0,690 мың га, жалпы жиын 11,73 мың тоннаны, орташа өнімділік гектардан 170 центнерді құрады.
Ірі және шырынды талшықты азықты дайындау жоспар бойынша 87000 тоннада бүгінгі күнге 92100 тонна немесе 105,8 пайыз дайындалды. Шөп жоспар бойынша 85000 тоннада 90100 тонна немесе 106 пайыз дайындалды, пішіндеме жоспар бойынша 2000 тоннада 2000 тонна немесе 100 пайыз әзірленді.
Негізгі капиталға инвестициялар 498,0 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 11,2 пайызға жоғары. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде рейтингтік көрсеткіштер бойынша жалпы көлемнің индексі 17 орынды иеленуде, 2012 жылдың тамыз айындағы көрсеткіштің 1 тармаққа жоғары да инвестициялық көрсеткіштер экономиканың нақты секторлары.
Баспананы пайдалануға беру 1209 шаршы метрді құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 177,3 пайызға артық. Баспаналарды пайдалануға беру жеке салушылармен қамтамасыз етілген.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде құрылыс жұмыстары көлемі 528 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 213,2 пайызға жоғары. Рейтингтік көрсеткіштер бойынша 1 орынды иеленді және 2012 жылдың тамыз айынын деңгейінде.
2012 жылғы 1 қазанға шағын бизнестің 48 кәсіпорны тіркеліп, өткен жылдың деңгейінен 2,0 пайызға төмен, іс-әрекеттегі кәсіпорындар саны – 25, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 3,8 пайызға төмен, белсенді кәсіпорындар саны – 22, бұл өткен жылдың деңгейінен 4,8 пайызға жоғары.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде рейтингтік көрсеткіштер бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны бойынша 13 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштерінен 6 тармаққа жоғары.
Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің индексі 114,6 пайызды құрап, 18 орынды иеленеді және 2012 жылғы тамыз айында рейтингтік көрсеткіштерден 1 тармаққа жоғары.
Бюджет
Ағымды жылдың 9 айы ішіндегі қорытындылар бойынша аудан бюджеті түсімдерден 1951,9 млн. теңгені, жоспардың орындалуы 102,1 пайызды құраса, 2011 жылдың ұқсас кезеңі ішінде бюджеттің кірістері 1411,4 млн. теңгені, жоспардың орындалуы 100,8 пайызды, өткен жылдың ұқсас кезеңіне өсу қарқыны 101,3 пайызды құрады.
Өзіндік кірістер 119,8 пайызға немесе 244,3 млн. теңгеге орындалса, 2011 жылдың ұқсас кезеңі ішінде 187,2 млн. теңгеге немесе 106,3 пайызға орындалып, өсім 57,1 млн. теңгені, бюджеттің өзіндік кірістері көлемінің өсу қарқынын өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 112,7 пайызды құрады.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі рейтинтік көрсеткіштер бойынша бюджеттің өзіндік кірістерінің өсу қарқыны 3 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштердің деңгейінде.
Бесқарағай ауданы бойынша салық басқармасымен ұсынылған мәліметтер бойынша 2012 жылдың 9 айы ішінде резервтерді анықтау Алгоритмның бекітілген іс-шаралары бойынша бюджетке қосымша 2593,1 мың теңге түсті.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде мемлекеттік бюджетке салық көлемінің және салық емес түсімдерінің өсу қарқыны бойынша 10 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының көрсеткішінен 1 тармаққа жоғары.
Ағымды жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде бір айлық орташа еңбекақы 60450 теңгені құрап, өткен жылдың деңгейіне 23,2 пайызға өсті.
2012 жылғы 1 қазанға аудан бюджеті шығыс бөлігі бойынша 1920,7 млн. теңгеге немесе 99,0 пайызға орындалып, 2011 жылдың ұқсас кезеңі ішінде 1400,1 млн. теңгені немесе 99,0 пайызды құрады.
20070,7 мың теңге игерілмеді.
Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы
2012 жылғы 1 қазанға ақылы-қоғамдық жұмыстарға 627 адам тартылып, жылдық жоспардан орындалуы 212, пайызды құрады.
Кәсіптік дайындықты 15 жұмыссыз аяқтап, жылдық жоспардан 50 пайызды құрады. Жұмысқа орналастыру үшін 466 адам жүгініп, жылдық жоспардан 139,6 пайызды құрады. Жастар іс-тәжірибесіне жоғары оқу орнының 11 түлегі жіберіліп, 5-уі жұмысқа орналасты және жылдық жоспардың орындалуы 100 пайызды құрады. 2012 жылы жаңа орындарды ашу бойынша жоспар 87 орынды құрайды. 2012 жылғы 1 қазанға 255 жаңа жұмыс орны құрылып, 293 пайызды құрады.
2012 жылғы 1 қазанға 88 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалып, берілді, оның ішінде 396 алушыға. Әлеуметтік атаулы көмекті алатындар саны жұмысқа орналасу есебінен 43,8 пайызға төмендеді.
Тұрғын үй жәрдемақыны алатындар саны 2011 жылдан 13,2 пайызға төмен.
Балалар жәрдемақысын алатын алушылардың саны 2011 жылға қарағанда 16,1 пайызға төмен.
Білім беру
Ауданда 24 жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді, оның ішінде: 2 бастауыш, 4 негізгі және 18 орта. Мектеп бойынша оқушылар саны 3033 құрайды.
Ауданнан шалғай орналасқан 10 елді мекеннен 260 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған. Оқушылар Глуховка, Ү-Владимировка, Сосновка, Өндіріс, Мостик, Семияр және Беген орта мектептері мен Н.Баймұратов атындағы орта мектепке күнделікті тасымалданады. Барлығы 11 техника іске тартылған, олардың барлығы мектеп теңгеріміне алынған. Қыркүйек айында 553,0 мың теңге бөлінді.
Ыстық тамаққа 2723,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде, жаппай оқу қоры бойынша 1441,0 мың теңге.
Ауданда 135 баланы қамтумен 1 мектеп алды мекеме Борас орта мектебі-бақшасы жұмыс істейді. 2012 жылғы 29 тамызда Борас орта мектебі-бақшасында Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыздың атына «Толағай» жаңа тобы ашылды. 2012 жылғы 6 қыркүйекте Ерназар ауылдық округінің Сосновка орта мектебінде үш жастағы балалар үшін толық күнмен шағын орталық ашылды, Орталықты ашу үшін 7133,0 мың теңге бөлінді.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде мектеп алды тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған балалар санының өсу қарқының рейтингтік көрсеткіштері бойынша 12 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының көрсеткішінен 11 тармаққа төмен.
Рейтингтік көрсеткіштерде тұрақты дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың саны көбеюде. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының ішінде 11 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштерінен 8 тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау
2012 жылғы 1 қазанға ана өлімі тіркелген жоқ. Бала өлімі 1000 тұрғынға 6-дан-3-жағдайға немесе 24,2-ден 12,5 дейін төмендеді. 240 бала дүниеге келді, туу 1000 тұрғынға 11,2 (2011ж.- 11,4) құрады. Өлімнің жалпы саны 235 жағдайды, 1000 тұрғынға көрсеткіш - 11,0 (2011ж.- 10,1) құрады. Табиғи өсім +0,2.
Рейтингтік көрсеткіштер бойынша 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде туу деңгейі 2012 жылдың тамыз айының көрсеткіші сияқты 19 орынды иеленді.
Рейтингтік көрсеткіштер бойынша 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде өлім деңгейінің өзгеруі 2012 жылдың тамыз айының көрсеткіші сияқты 14 орынды иеленді.
Туберкулездың бастапқы ауруы 100 мың тұрғынға 22 жағдайды немесе 102,8 (2011 ж. 100 мың тұрғынға - 97,1) құрайды.
Рейтингтік көрсеткіштер бойынша 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде туберкулез ауруының өзгеру деңгейі 16 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының көрсеткішінен 8 тармаққа төмен.
Ісік ауруының 48 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға 224,7 жағдайды (2011ж. - 195,3) құрады.
Алдын ала тексерудің жоспары бойынша 5529 баланы құрайды, 2012 жылдың 9 айы ішінде жоспардан 5140 адам немесе 93 пайыз тексеріліп, 472 науқас немесе 9,1 пайыз анықталды.
Қан тамыры жүйесі ауруына ересек тұрғындарды нысаналы тексеру жоспар бойынша 3898 адамды құрайды, тексерілді 100 пайыз, 512 немесе 13 пайыз науқас анықталды.
Сүт бездерінің қатерлі ісік ауруларына тексеріс жоспар бойынша 747 адамды құрайды, тексерілді 745 әйел немесе 99,7 пайыз, науқастар жоқ.
Жатыр мойыншасының ісік аруларына жоспар бойынша 851 адамды құрады, тексерілді 837 әйел немесе 98,3 пайыз, науқастар жоқ.
Коллоректальды ісік ауруы жоспар бойынша 1885 адамды құрайды, тексерілді 1725 адам немесе 91,5 пайыз, науқастар жоқ, глауком ауруына тексеріс жоспар бойынша 3507 адамды құрайды, тексерілді 3196 адам немесе 91 пайыз, қант диабетіне тексеріс жоспар бойынша 3898 адамды құрайды, 100 пайыз тексеріліп, 13 науқас анықталды.
Тәулік бойы стационардың төсек саны 46 құрайды, 2012 жылдың 9 айы ішінде 1141 науқас емделді, 9073 төсек-күн жүргізілді, төсекпен қамтамасыз ет 197,2, төсек айналымы 24,8 құрады. Күндізгі стационарда 836 адам емделді, 4936 төсек-күн.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқтық тәртіп
Аудан бойынша қылмыстық деңгей 10 мың тұрғынға 76,7 пайызды, 2011 жылдың ұқсас кезеңі ішінде 93,9 пайызды құрап, 17,2 қылмысқа төмендеді.
2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде рейтингтік көрсеткіштер бойынша қылмыстың деңгейі 2012 жылдың тамыз айы сияқты 1 орынды иеленуде.
Жалпы қылмыстық істердің ашылуы 64,9 пайызды, 2011 жылдың ұқсас кезеңі ішінде 80,9 пайызды құрады, ауданда қылмыстың ашылуы 16 пайызға төмен.
2012 жылдың қаңтар- қыркүйек айлары ішінде рейтингтік көрсеткіш бойынша қылмыстық істердің ашылу деңгейі 7 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының көрсеткішінен 2 тармаққа төмен.
Экономика, қаржы және кәсіпкерлік
бөлімі бастығынің міндетін атқарушы М.Скакова
Достарыңызбен бөлісу: |