2012 жылдың қаңтар - желтоқсан айындағы Көкпекті ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Жалпы аймақтық өнімінің көлемі - 2012 жылдың қортындысы бойынша – 18146,8 млн. теңгені құрады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 2339,3 млн. теңгеге өнім өндірілген, бұл өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 10,9 % жоғары. Нақты көлем индексі – 115,1 %.
Тау-кен өндірісінде – 545,1 млн. теңгеге өнім өндірілген, нақты көлем индексі 109,0 % құрады.
Ауданның өңдеу өнеркәсіп өнімінің көлемі – 1658,1 млн. теңге, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4% төмендеген, нақты көлем индексі 120,7%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі –15807,5 млн. теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға өскен. Нақты көлем индексі 106,4 %..
Тірі салмақтағы ет өнімі 14,6 мың тоннаны құрады ( өсім 7,7 %-ға), сүт өнімі – 55,0 мың тонна (өсім 7,5 %-ға), жұмыртқа өнімі –13,2 млн. дана( өсім 5,4 %-ға).
Жылқы басы – 11,7 мың бас (1,7 % өсіммен), шошқа саны – 1,8 мыңды (46,4 % төмен), құс – 75,4 мың басты (2,0% өсіммен ) құрады.
Негізгі капитал инвестиция көлемі – 3130,7 млн.теңге, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары. Нақты көлем индексі – 157,0 % құрады.
Тұрғын үйді іске қосу – 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 115,2% есеге өсіп 1419,0 шаршы метр көлемінде қамтамасыз етілген.
Құрылыс жұмыстарының көлемі – жалпы аудан бойынша 1399,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға өскен. нақты көлем индексі 125,5%.
Белсенді шағын бизнес субъектілері 60 бірлікті құрады, өсім 101,7 %.
Шағын бизнес субъектілерінің – 3277,6 млн.теңге. Шағын бизнес субъектілерінің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 124,6 %, нақты көлем индексі 120,0 %.
Мемлекеттік бюджет түсімі – 3,8 млрд. теңге.
Ауданның меншік кірісі – толығымен орындалды және 580,7% құраған немесе жоспардан тыс 4,7 млн. теңге кіріс түскен, өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 140,5 % құрады.
Бекітілген Алгоритм іс-шаралар бойынша қосымша кіріс көздерін анықтау бойынша жергілікті орындаушы органдармен және салық басқармасымен бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде 12183,5 мың теңге соммасында қосымша кіріс көзі анықталды.
Орташа ақшалай нақты жалақы – ағымдағы қаңтар- желтоқсан айы бойынша 58 607 теңгені немесе 9,8% өскен.
Әлеуметтік қорғау – аудан бойынша 2013 жыл 1 қаңтарда тіркелген жұмыссыздар саны 125 адам, жұмыссыздық денгейі 0,7 % бұл 6,2% 2011 жылдын көрсеткішінен төмен. Былтырғы жылы қоғамдық жұмысқа 401 адам тартылды, 646 жаңа жұмыс орны құрылды, 355 адам жұмысқа орналастырылды.
Былтырғы жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын толық масштабты іске асыру шаралары басталды. Халықтың жұмыспен қамтылуының белсенді формалары қоғамдық жұмыстар, кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындары болып табылады. Бірінші бағыт бойынша 113 адам кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарына жіберілді, олардың 109 жұмысқа орналастырылды. 60 адам кәсіби оқудан өтті. 27 адамнан жастар тәжірибесі бойынша 17-сі жұмысқа орналастырылды. әлеуметтік жұмыс орындарында 50 адам қамтылды. Екінші бағыт бойынша жалпы 82 миллион теңге сомасына 34 бизнес-жобалар бекітілді.үшінші бағыт бойынша Көкжайық ауылында он екі пәтерлі тұрғын үйлер салынуда.
Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша 8 жобаның қаржыландыру жоспары жалпы 58966,0 мың теңгені құрады, 22 жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылы Жол картасының инвестициялық жобасын іске асыру бойынша жұмыстары жалғасуда. 4 жобаны жүзеге асыру бойынша 252,0 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджеттен – 167,1 млн. теңге, аудандық бюджеттен – 84,9 млн. теңге қарастырылған. 124 жаңа жұмыс орны ашылды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 45 адам жұмысқа орналастырылды.
Ауданда жалпы мектеп жасына дейінгі біліммен қамту жұмыстары - 100 % құрады, өсім 13,5%, 2012 жылдың 12 айы бойынша мектеп жасына дейінгі біліммен қамту 2091 балаға және өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1842 % -ға өскен.
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің реттелуі байқалады. Туберкулезбен ауырғандар бойынша жаңадан анықталғандар 41 адамды құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда (55-2011 жыл) өсу қарқыны 25,5% төмендегідей анықталды, туберкулезбен ауыру деңгейі 100,0 мың тұрғынға шаққанда 74,8%-ды құрайды.
Қоғамдық орында әкімшілік құқық бұзушылықты сақтау. 2012 жылдың 12 айында және 2011 жылмен салыстырғанда кезінде аудан аймағында қылмыстың өсу 16 факт және 8,5 % немесе 188-ден 204 -ке көтерілді, негізгі себеп қылмыстарды толық тіркеу талаптары толық күшейтілді. Мысалы: 2011 жылы аудандық прокуратурамен 4 жасырын қылмыс анықталған болса, ағымдағы жылда 2 жасырын қылмыс анықталды.
Болған қылмыстар көтерілуі орташа және ауыр қылмыстар болуына байланысты қазіргі кезде ауыр және аса ауыр қылмыстар 41,7% (29,2) және 12(11)-7(6)-ға дейін төменделді. Нақты қылмыстық жағдай ауданымызда тұрақты болып қалады.
Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің бастығы А. Тасқайратова
Достарыңызбен бөлісу: |