Бизнестің жол картасы 2020
2010-2012 жылдары «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 4,2 млрд.теңге трансферт бөлінді.
Оның ішінде, 2012 жылға 1,9 млрд.теңге қаралған (82,8% игерілді):
-
Егер екі жыл ішінде қайтарылған жобаларды есепке алмағанда 12 жоба субсидияланған болса, тек 2012 жылы 82 жоба мақұлданып, мемлекеттік бағдарламаның өсу динамикасының 6,8 есе ұлғайғанын көрсетеді және бұл динамика ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.
-
несиені ішінара кепілдендіруге –48,0 млн. теңге:
-
егерде екі жыл ішінде тек 1 жоба 800,0 млн.теңге сомасына ішінара кепілдендірілсе, 2012 жылы 5 жоба 282,0 млн.теңгеге ішінара кепілдендірілді. 27,8 млн.тенге (58,0%) игерілді. Қалған 20,2 млн.теңге республикалық бюджетке қайтарылды.
-
бизнеске сервистік қызмет көрсетуге - 50 млн. теңге (толық игерілді):
-
облыстың 1231 кәсіпкеріне тегін сервистік қызметтер көрсетілді.
-
валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдауға -51,2 млн теңге,( толық игерілді)
-
өндірістік инфрақұрылымды дамытуға – 1,454 млрд. теңге бөлініп, 10 жоба жүзеге асырылуда, 1,272 млрд.теңге немесе 87,4% игерілді. Қаражат негізінен:
-
«Қызылорда қаласында өндірістік алаң құру» (44 га) жобасына қажетті инфрақұрылым жүргізуге 297,8 млн. теңге бөлініп, оның 272,1 млн. теңгесі (91,3%) игерілді. Құрылыс-жобалау жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған сома мемлекеттік актіге қол қойылған соң төленетін болады.
-
«Қызылорда қаласында индустриялық аймақ құру» (760 га) жобасына қажетті инфрақұрылым жүргізуге 227 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.
-
«Рай KZ» ЖШС-нің «Қағаз өнімдері өндірісі» жобасына қажетті инфрақұрылым жүргізуге 11,5 млн. теңге бөлініп, оның 9,9 млн. тенгесі (86%) игерілді. Құрылыс-жобалау жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған соманы мемлекеттік актіге қол қойылғаннан кейін төленетін үнемделген және келісім-шарттағы соманың 5 пайызы құрайды.
-
«Жан» ШҚ-ның «Жылыжайлар құрылысы» жобасына қажетті инфрақұрылым жүргізуге 9,6 млн. теңге бөлініп, оның 8,6 млн. теңгесі (90%) игерілді. Құрылыс-жобалау жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған соманы мемлекеттік актіге қол қойылғаннан кейін төленетін үнемделген және келісім-шарттағы соманың 5 пайызы құрайды.
-
«Қызылорда құс фабрикасы» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 6000 тонна құс етін шығаратын құс фабрикасының құрылысы» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 41,4 млн. теңге бөлініп, оның 20,6 млн. теңгесі (49,7%) игерілді.
-
«Тату Агро» ШҚ-ның «Томат өнімдерін шығаратын цех ұйымдастыру» жобасына ЖСҚ әзірлеуге 10,4 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.
-
«Қамбаш» демалыс аймағын ұйымдастыру» жобасына қажетті инфрақұрылым жүргізу. 381,9 млн.теңге бөлініп, оның 356,3 млн. теңгесі (93,2%) игерілді.
-
«Қызылорда-Жалағаш магистральді трассасы» жобасына қажетті инфрақұрылым жүргізуге 269,9 млн. теңге бөлініп, оның 238,0 млн. теңгесі (88,1%) игерілді.
-
Жеке кәсіпкер Когай Светлананың «Золотые пески» туристік демалыс базасын ұйымдастыру» жобасына қажетті инфрақұрылым жүргізуге 6,6 млн. тенге бөлініп, оның 5,7 млн. теңгесі (86,3%) игерілді. Құрылыс-жобалау жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған соманы мемлекеттік актіге қол қойылғаннан кейін төленетін үнемделген және келісім-шарттағы соманың 5 пайызы құрайды.
-
«Қорқыт Ата» зиярат етушілер кешенінің» құрылысы. 197,4 млн. теңге бөлініп, 122,8 млн. теңгесі (62,2%) игерілді.
Бүгінгі күнге өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты шеңберінде 5,5 шақырым жүйесі, 2,7 шақырым – электр жүйесі, 7,6 мың шақырым – кәріз жүйесі, 531 м – газ жүйесі, 3,7 шақырым телефон жүйесі, 6,9 шақырым электр тарату желісі, 3 шақырымнан астам көлік жолдары жүргізілді.
Қаржының игерілмеу себебі ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптауда ұзақ уақыт келісілуі. Сонымен бірге құрылыс жұмыстары 6 айдан аса жүргізілетін нысандар бойынша конкурстық құжаттардың мемлекеттік сараптамасына келісім алудың ұзақтығы болып отыр.
Бүгінгі күнге аталған бағыттағы қаржының 1272,0 млн.тенгесі (87,4%) игеріліп, қалған 182,0 млн.тенге қаржы бойынша – міндеттеме алынды. Жыл соңына дейін толық көлемде игерілетін болады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2012 жылға қаралған қаржының (1,9 млрд.тенге), жыл қорытындысы бойынша 82,8% (1,7 млрд.тенге) игерілді.
2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1,0 млрд.теңгеден астам трансферт бөлінді.
-
несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға – 240,0 млн. тенге. Ағымдағы жылы 100-ден астам жобаны субсидиялау жоспарлануда.
-
несиені ішінара кепілдендіруге –50,0 млн. тенге;
-
бизнеске сервистік қызмет көрсетуге - 30 млн. тенге, облыстың 1000-нан астам кәсіпкеріне сервистік қызмет көрсету жоспарлануда.
-
валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдауға -30,0 млн тенге,
-
өндірістік инфрақұрылымды дамытуға – 722 млн. тенге, басталған жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |