2012 жылғы 1 қазандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
2012 жылдың 1 қазан айында облыс бюджетіне 174592,6 млн.теңге болжаммен 176859,3 млн.теңге түсті, соның ішінде 126239,2 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.
Меншік кірістер 107,7%-ға орындалды. Жоспарды орындау барлық бюджеттер деңгейлері бойынша қамтамасыз етілді.
2012 жылдың 9 айында болжам азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерден (73,2%) басқа барлық кіріс көздерінің бекітілген жоспарлары орындалды.
Облыстық бюджетке 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 15269,7 млн.теңге болжаммен 16304,2 млн.теңге меншік кірістері немесе 106,8%-ға орындалды.
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенция мен қарыздарды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 171086,6 млн.теңге жұмсалды.
Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 129007,1 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 42079,5 млн.теңге бағытталды.
Облыстың білімі беруіне 53502,6 млн.теңге немесе 96,4% жұмсалды, оның ішінде:
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 3908,5 млн.теңге;
- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 31491,8 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 29350,5 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 1106,8 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге – 1034,5 млн.теңге;
- техникалық және кәсіптік білім беруге – 3513,5 млн.теңге.
2012 жылдың 9 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 61,4 млн.теңге жұмсалды.
Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 823,8 млн.теңге көзделді, ол 99,1%-ды құрады.
Денсаулық сақтау бойынша 1 қазандағы жағдай бойынша атқарылу 24526,2 млн.теңге немесе 96,7%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 9 айында Диабет, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуға 4498,1 млн.теңге қаражат жұмсалды. Қауiп факторлары мен аурудың ерте анықтауға бағытталған скринигiлiк зерттеулердi жүзеге асыруға 283,3 млн.теңге жұмсалды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтарғуға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 15000,0 млн.теңге жұмсалды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге 1680,8 млн.теңге жұмсалды. медициналық ұйымдарға күрделі шығындарға арналған шығыстар 926,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде күрделі жөндеуге – 231,0 млн.теңге, материалдық-техникалық жарақтандыруға – 695,4 млн.теңге.
2012 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 125,2 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 253,5 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 391,4 млн.теңге қарастырылды.
Жұмыспен қамту бойынша игеру 1021,1 млн.теңгеге 96,3%-ды құрады.
2012 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 7942,4 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы балабақша, Үржар ауданындағы, Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі орта мектептер құрылысы және 24 апаттық жағдайдағы мектеп қалпына келтіру жалғастырылатын болады. Есеп беру кезінде 6103,0 млн.теңгесі игерілді.
Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, оған 8452,5 млн.теңге жоспарланды, оның 6828,1 млн. теңгесі немесе 96,4%-ы игерілді. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей аласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына арналған ЖСҚ түзету, Аягөз ауданының туберкулез диспансерінің 3 қабатты ғимаратын және Ұлан ауданы Бетқұдық ауылының бұрынғы мектебінің ғимаратын жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге 945,3 млн.теңге жоспарланды, 473,0 млн.теңге игерілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 1416,3 млн.теңге, оның ішінде Глубокое ауданы Зимовьев интернат-үйінің, Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемесіндегі бұрынғы аурухананы жаңарту, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайына қосымша құрылыс салу, Глубокое ауданы Винное ауылындағы иппотерапия әдісімен мүгедек балаларды оңалту үшін атты-спорт манежі, Өскемен қаласының Питер Коммунарлары көшесі, 18-дегі оңалту орталығы жоспарланды. Есеп беру кезеңінде 1054,4 млн.теңге немесе жоспарланған қаражаттың 81,9%-ы игерілді.
Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға, Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына, Жарма, Абай, Күршім, Үржар, Көкпекті аудандарындағы спорт модулдері мен Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округінің «Қаршоқы» учаскесіндегі спорт-сауықтыру құрылысына 2750,5 млн.теңге сомасында қаражат көзделген. 1 926,9 млн.теңге немесе 90,4%-ға игерілді.
Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 54,1 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.
Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 3450,5 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Зайсан, Курчатов және Өскемен, Зырян қалаларында, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады, 2309,1 млн.теңге немесе 93,8% игерілді. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 911,8 млн.теңге қарастырылды, 603,3 млн.теңгесі немесе 97,0%-ы игерілді.
Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 11 117,0 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер қалаларының және Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Зайсан, Шемонаиха аудандарындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 671,9 млн.теңге қарастырылды, 366,4 млн.теңге немесе жоспарланғанның 100%-ы игерілді.
«2020-Бизнестің жол картасы» индустриалдық инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асырылуға есепті кезеңінде облысқа республикалық бюджеттен 893,7 млнтеңге нысаналы трансферттер бөлінді, аванс төленді, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған бағдарлама шеңберінде 651,0 млн.теңгеге кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жалғастырылды, бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге 27,6 млн.теңге субсидиялау.
2020 – Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларын кәсіпкерлікке оқытуға – 16,4 млн.теңге және осы бағдарлама шегінде ауылдағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бюджеттік кредиттерді ұсынуға 1915,2 млн.теңге қаражат қарастырылды.
Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2012 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын, Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын жаңартуға 1499,9 млн.теңге қаражат жоспарланды, 99,5%-ы игерілді.
Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 5350,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды, қаражат толық игерілді.
Республикалық бюджеттен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 1801,2 млн.теңге жұмсалды, есеп беру кезеңде қаражат толығымен игерілді.
Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 5483,6 млн.теңге жұмсалды.
Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешу үшін 447,5 млн.теңге қарастырылды, есеп беру кезеңіне жоспарланған қаражат толығымен игерілді.
2012 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/397-IV шешімімен облыстық бюджетте 60 558,2 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 29563,7 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 30994,6 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 5390,7 млн.теңге кредит.
Облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 3/16-V шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық нысаналы трансферттер көлеміне өзгерістер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттердің көлемі 67762,0 мың теңгені құрады.
Облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 4/49-V шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық нысаналы трансферттер көлеміне өзгерістер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттердің көлемі 67770,0 мың теңгені құрады.
Облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/72-V шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық нысаналы трансферттер көлеміне өзгерістер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттердің көлемі 67504,0 мың теңгені құрады.
2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 51283,4 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылды, нақты 50163,2 млн.теңге трансферттер түсті, оның ішінде беру кезеңінде 46829,2 млн.теңге немесе 93,4%-ға игерілді.
Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 95,5%-ды құрады, толық пайдаланылмаған қаражат сомасы – 926,1 млн.теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер – 91,9%, толық пайдаланылмаған қаражат сомасы – 2407,9 млн.теңге.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 1631,4 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 1187,8 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымшақы мөлшерін ұлғайтуға – 547,9 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 3707,9 млн.теңге, дәрілік құралдарды, вакциналарды және өзге инммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 2798,6 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 253,8 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға – 551,5 млн.теңге, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 1006,3 млн.теңге, білім беру объектілерін құрылысы мен жаңартуға – 1937,3 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін құрылысы мен жаңартуға – 6828,0 млн.теңге, Жарма ауданының Солнечный кентіндегі қазандық құрылысына – 1675,0 млн.теңге, Үржар ауданы Қабанбай ауылындағы Алакөл көлінің рекреациялық аймағын жағалауы бекітуге - 148,9 млн.теңге жұмсалды.
Достарыңызбен бөлісу: |