«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарына аванс беру»

Дата12.07.2016
өлшемі93 Kb.
#195518
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарына аванс беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 10 (он) күннен аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванстық соманы теңгемен аудару.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес шығыстарға аванс беруге жазбаша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес аванс сомасын растайтын құжаттың көшірмесі (инвойс, жалдау туралы шарт, оқу орнының, сақтандыру компаниясының, елшіліктің ресми сайтынан ақпарат, авиаұшу құны немесе авиабилетті брондау туралы ақпарат).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық

мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану.

Шағым жазбаша түрде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының не оны алмастырушы адамның атына не көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, Министрліктің басшысына жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің: www.edu.gov.kz;

2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының

стипендиаттарына аванс беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

(бұдан әрі - Қоғам) президенті

__________________________________________________

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері

__________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)

_____________________________________ бағдарламасы

(бакалавриат/магистратура/аспирантура

/докторантура/тағылымдама)

елі, ЖОО _________________________________________

__________________________________________________

Қазақстандағы почталық мекенжайы _________________

__________________________________________________

__________________________________________________

телефоны _________________________________________

электрондық мекенжайы ____________________________

ЖСН ______________________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі)

Аванс алуға өтініш

Маған _______________________________________________________________________________________________

(аванс алу мақсаты)

____________________________________________________ банкінің (IBAN) № KZ _________________ карт-шотына

______________________________________ (_____________________________________________________________)

(соманы толық жазу)

көлемінде аванс аударуыңызды сұраймын.

20__ жылғы «__» _____ № _____ Оқытуды ұйымдастыру туралы/ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру туралы шарт.

Қосымша: ____________________________________________________________________________________________

(аванс қажеттілігін растайтын құжат)

Тұру мен тамақтануға арналған аванс сомасын «Болашақ» халықаралық стипендиясына байланысты кейінгі төлемдерді есептеу кезінде ұстап қалуды сұраймын.

Басқа мақсаттардағы аванстық төлемдер бойынша Қоғам аванс аударған күннен бастап 2 ай ішінде авансты мақсатты пайдалануды растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынуға міндеттенемін. Мен растау құжаттарын ұсынбаған жағдайда немесе Қоғам аударған аванс сомасы

толық пайдаланылмаса, құжаттар түпнұсқасымен расталмаған соманы «Болашақ» халықаралық стипендиясына байланысты кейінгі төлемдерді есептеу кезінде ұстап қалуды сұраймын.

20 ___ ж. «___» ___________ ____________________________________________________________

(стипендиаттың қолы)

«Болашақ» халықаралық стипендиясының

стипендиаттарына аванс беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының шығыстарын растайтын
қажетті құжаттар тізбесі

Р/с№

Шығыс түрлері

Растайтын құжаттар

1

2

3

1

виза ресімдеу, ұзарту (консулдық алым)

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) виза көшірмесі, оқу елі виза жапсырмасын салмаған жағдайда, виза алғаны туралы электронды растама ұсыну қажет.

2

оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не үзіндінің әрбір бетінде банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) сауалнама нысандарының барлық түрлерін ресімдеуге және беруге төлемдерді растайтын оқу орнының электрондық растамасының қағазға басылған нұсқасы.

3

қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу

2) тіркеу туралы сертификаттың көшірмесі не қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында және оқу орнында тіркелгені үшін төлем туралы электрондық растаманың қағазға басылған нұсқасы.

4

емтихандар

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін);

2) сертификаттың электрондық көшірмесі/төлем туралы электронды растаманың қағазға басылған нұсқасы.

5

оқу (оның ішінде оқуға арналған депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;

2) төлем ашық жазылған төлемді куәландыратын (инвойс) шот көшірмесі.

6

міндетті медициналық тексеру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін).

7

оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы

2) транскрипт көшірмесі.

8

медициналық сақтандыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен/сақтандыру компаниясынан ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін)

2) сақтандыру полисінің түпнұсқасы/көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру (т/ж көлігі, автобус)

1) жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).

Қазақстан Республикасының ішінде әуе көлігімен ұшқан жағдайда, купе вагоны тарифінен аспайтын т/ж жол жүруінің құны өтеледі

1.1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанмен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер;

1.2) электронды билет;

1.3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

1.4) билет сатып алған күнге купелі вагон құны туралы т/ж-дан анықтаманың түпнұсқасы (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» класты жүрдек поезды қоспағанда).

1.1), 1.2) және 1.3) тармақшаларда жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, авиаагенттіктен ТАӘ, құнын, класын, бағытын көрсете отырып, билетті сатып алу және пайдалану фактісін растайтын анықтаманы ұсынуға болады.

10

10.1

10.2

Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру т/ж көлігі, автобус ақысын өтеу

авиабилеттер ақысын өтеу

1) жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).

Жол жүру құжатының түпнұсқасы болмаған жағдайда, чекті, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады) және электронды билеттің көшірмесін ұсынуға болады.

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін); 2) жол жүру құжатының түпнұсқасы, не электронды билет, 3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

Жоғарыда көрсетілген тармақшаларда құжаттар болмаған жағдайда авиаагенттіктен:

1) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құны мен нөмірін, билетті сатып алуды растайтын фактіні;

2) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құнын, класын, бағытын, нөмірін;

3) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет класын, бағытын, нөмірін және билеттің пайдаланылуын растайтын фактіні көрсете отырып, анықтама/хат түпнұсқасын ұсынуға болады.

1

виза (консулдық жиын) ресімдеу, ұзарту

Қазақстан Республикасы ішінде әуе көлігімен ұшқан жағдайда купе вагоны тарифынан жоғары емес т/ж жол жүруінің құны өтеледі

1.1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанмен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер;

1.2) электронды билет;

1.3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

1.4) билет сатып алған күнге купелі вагон құны туралы т/ж-дан анықтаманың түпнұсқасы (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» класты жүрдек поезды қоспағанда).

1.1), 1.2) және 1.3) тармақшаларда жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, авиаагенттіктен ТАӘ, құнын, класын, бағытын көрсете отырып, билетті сатып алу және пайдалану фактісін растайтын анықтаманы ұсынуға болады.

10

10.1

10.2

Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру - т/ж көлігі, автобус ақысын өтеу

авиабилеттер ақысын өндіру

1) жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).

Жол жүру құжатының түпнұсқасы болмаған жағдайда, чекті, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады) және электронды билеттің көшірмесін ұсынуға болады.

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін); 2) жол жүру құжатының түпнұсқасы, не электронды билет, 3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

Жоғарыда көрсетілген тармақшаларда құжаттар болмаған жағдайда авиаагенттіктен:

1) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құны мен нөмірін, билетті сатып алуды растайтын фактіні;

2) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құнын, класын, бағытын, нөмірін;

3) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет класын, бағытын, нөмірін және билеттің пайдаланылуын растайтын фактіні көрсете отырып, анықтама/хат түпнұсқасын ұсынуға болады.

* Қазақстан Республикасында тұратын жерінен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқуы немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуі басталған сәттен бастап академиялық оқу немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру және тілдік курстар, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталғаннан кейін қайту бойынша, академиялық оқу ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан асқан жағдайда - Қазақстан Республикасындағы тұратын жерінен оқуының әрбір оқу жылы басында оқу орнына дейін және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін қайту жолы, сондай-ақ академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және Қазақстан Республикасына визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда кейін қайту жолы бойынша шығыстар нормалары.

Шығыстарды төлеу жүк тасымалы ақысынсыз растау құжаттарының негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі:

а) Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру бойынша - әуе және темір жол көлігін пайдаланғаны үшін - купе вагоны (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» класты жүрдек поезды қоспағанда), тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда);

б) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жол жүру бойынша - әуе көлігін пайдаланғаны үшін - экономикалық класс тарифы бойынша, темір жол көлігін пайдаланғаны үшін, тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда).

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет