Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2013 жылғы ішіндегі жұмыстары туралы
Ауданда 24 жалпы білім беру мектеп бар, оның ішінде 3 бастауыш, 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылардың саны 2898 оқушыны құрайды. Білім беру бюджеті. 2013 жылғы 4-ші тоқсан ішіндегі бюджет білім беру мекемелері бойынша 1017537,4 мың теңгені құрады.
Ыстық тамақпен тамақтандыру. 21 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылды, бұл 87,5 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта 21 асхана және 6 буфет жұмыс істеуде, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылуда. Тамақтандыру құрамына сүт және сүт өнімдері, дәрумендірілген кисель, бір балаға 10 граммнан есептегенде 1-4 сынып оқушыларына аптасына 6 рет, 5-11 сынып оқушыларына 20 грамм бал енгізілді. Сүт аптасына 200 граммнан 3 рет беріледі. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балалардың саны 503 баланы құрайды. Барлығы жергілікті бюджеттің қаражаттары мен жалпыға міндетті оқыту қорының есебінде ақысыз тамақтандырылуда.
Кадрлар. Аудан бойынша барлығы 475 мұғалім жұмыс атқарады, оның ішінде жоғары біліммен – 404, орта арнайы біліммен – 71 мұғалім, жоғары санатымен – 61, бірінші санатымен – 188, екінші санатымен – 128 мұғалім жұмыс істеуде. Ағымды жылы 14 жас маман жалпыға міндетті оқыту мектептеріне жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 4 маман 121,1 мың теңге сомада көтерме жәрдемақы алды.
Мектепке дейінгі білім беру. Ауданда бір Борас орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі мекемесі жұмыс істейді. Балабақшада 135 баланы қамтитын 6 топ ұйымдастырылған.
Қазіргі уақытта 23 мектепте 778 баланы қамтитын шағын орталықтың 41 тобы, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 150 баланы қамтитын 6 толық күнді шағын орталық жұмыс істеуде. 378 бала мектепалдымен қамтылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылған балаларды жалпы қамту 913 баланы немесе 97,5 пайызды құрайды.
2013 жылғы сәуірде Бесқарағай ауылында 90 орындық балабақшаның құрылысы басталды.
Оқу-әдістемелік жұмыстары. Интеллектуалдық олимпиадалардың 5 жеңімпазы жолдама бойынша «Балдәурен» Республикалық балалар оқу-сауықтыру лагерінде демалды.
2013 жылғы 12 қарашада Бөдене орта мектебінің базасында «Жасұстаз-2013» атты жас мұғалімдердің аудандық байқауы өткізіліп, оған Үлкен Владимировка, Өндіріс, Березовка орта мектептері мен Н.Баймұратов атындағы орта мектептің 4 жас мұғалімі қатысты. Үлкен Владимировка орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Динара Тынысбекқызы Әйкен бас жүлде иеленсе, Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектептің билогия пәнінің мұғалімі Мадина Сержановна Баймухамбетова - бірінші орынды, Өндіріс орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кульпаш Тлектесовна Жумабекова – екінші орынды және Березовка орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Жазира Аргыновна Шукенова – үшінші орынды иеленді.
2013 жылғы 28 қарашада Белокаменка негізгі мектебінің базасында ауданның жас мұғалімдері ассоциациясының жоспарына сәйкес «Барлығы қызықты да бәрі қызықты» тақырыбында аудандық КВН өткізіліп, оған аудандық мектептерден 4 команда қатысты.
Қосымша білім беру. 2013-2014 оқу жылдары «Шығармашылық Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында 11 мұғалім жоғары біліммен, 11 мұғалім орта-арнайы біліммен жұмыс істеуде. Ұйымдастырылған 22 үйірменің 46 тобында 705 бала оқиды.
«Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында фортепиано, қобыз, домбыра, эстрадалық-вокалдық бөлімдерінің жұмыстары жалғастырылуда. Онда барлығы 12 мұғалім, оның ішінде 2 мұғалім жоғары біліммен, бірінші санатымен 7 мұғалім, екінші санатымен 2 мұғалім және сағанаты жоқ 1 мұғалім жұмыс істеуде.
Аудан бойынша оқушылардың 37,5 пайызы қосымша біліммен қамтылды.
1 желтоқсанда - Бірінші Президент Күніне орай сәндік-қолтаңбалы өнер көрмесі, 3 желтоқсанда - Семей қаласының СМПИ-ның бас корпусында студенттер слетына арналған кең көлемді көрме, 14 желтоқсанда – өнер Мектебі мен шығармашылық Үйінің көрмесі ұйымдастырылды, онда балалардың папье-машедан жасалған жұмыстары, қаракөлеңке сауыттары мен қолөнер жұмыстары көрсетілді.
Тәрбие жұмыстары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізіліп, онда 11 іс қаралды. Отырыстарда қиын тұрмыс жағдайға тап болған оқушыларға, ата-аналарға құқықтық психологиялық көмек көрсетілді.
18-23 желтоқсанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Жаңа жыл шаршасы өткізіліп, оған Бесқарағай ауданының мектептерінен 12 бала қатысты.
25 желтоқсанда Семеновка орта мектебінің базасында Бесқарағай ауданы әкімінің Жаңа жыл шыршасы өткізіліп, оған 100 бала шақырылды. 26 желтоқсанда Бесқарағай ауданы әкімінің Жаңа жыл шыршасына мүмкіндіктері шектеулі балалар шақырылды.
24 мектепте сынып жетекшілерінің басшылығымен Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсететін «Тимур командасы» жұмыс істеуде.
Қамқоршылық және қорғаншылық. Бүгінгі күні Бесқарағай ауданында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 76 бала, оның ішінде қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) балалардың саны - 60 бала, патронаттық тәрбиелеуде – 16 бала. Меншік құқығында баспанасы бар балалардың саны – 3 баланы құрайды, 54 бала баспана алуға кезекке қойылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында Бесқарағай ауданы Семей қаласының №3 балалар үйімен қызмет жасауда. Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 28 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (оның ішінде жетім балалар) патронаттық ұйымдарға бекітілді.
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
басшысының міндетін атқарушы К.Тастенбекова
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2013 жылғы 3 тоқсан ішіндегі жұмыстар туралы
Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 3 бастауыш, 3 негізгі және 18 орта мектеп бар. Мектептер бойынша оқушылардың саны 2898 оқушыны құрайды.
Білім беру бюджеті. Білім беру мекемелері бойынша 2013 жылғы 3 тоқсандағы бюджет 961351,0 мың теңгені құрады.
Ыстық тамақпен тамақтандыру. 21 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылды, бұл 87,5 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта 21 асхана мен 6 буфет ұйымдастырылған, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылуда.
Тамақтану құрамына сүт және сүт қышқылды өнімдер, дәрумендірілген кисель, 1-4 сынып оқушыларына аптасына 6 рет бір балаға 10 грамм, 5-11 сынып оқушыларына 20 грамм бал беру енгізілді. Аптасына 3 рет 200 граммнан сүт беріледі. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың және жетім балалардың саны 503 баланы құрайды. Барша жергілікті бюджеттің қаражаттары мен жалпыға міндетті оқыту қорының есебінде ақысыз тамақтандырылады.
Кадрлар. Аудан бойынша барлығы 475 мұғалім, оның ішінде 404 мұғалім-жоғары біліммен, 71 мұғалім – орта арнайы біліммен, 61 мұғалім – жоғары санатымен, 188 мұғалім – бірінші санатымен, 128 мұғалім-екінші санатымен жұмыс істеуде. Ағымды жылы жалпы білім беретін мектептерге 14 жас маман келді, оның ішінде 4 маман 121,1 мың теңге сомада көтерме жәржемақы алды.
Мектепке дейінгі білім беру. Бір Борас орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде. Қазақ тілінде ұйымдастырылған алты топта 135 бала қамтылды.
22 мектепте шағын орталықтың 36 тобына 702 бала барады, ауданның 24 мектебінде 378 бала мектепалды даярлық тобымен қамтылды.
Қазіргі уақытта Семеновка орта мектебінде толық күндік шағын орталықты (25 балаға) ашу бойынша дайындық жүргізілуде.
Оқу-әдістемелік жұмыстар. 2013 жылғы 14 тамызда тамыз кеңесінің аясында жәрмеңке өткізіліп, оған Бесқарағай ауданының барлық мектептері қатысты. Жермеңке барысында «Мектепке жол» атты акциясы ұйымдастырылып, онда ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, меценаттары мен ежекті адамдар жетім және аз қамтылған отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, білім беру бөлімінің қызметкерлері «Рахмет үшін» акциясын өткізіп, аз қамтылған отбасыларға алғыс сөздері үшін көмек көрсетті.
28 тамызда «Сапалы білім беру және тәрбиелеу – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдылығы» тақырыбында тамыз кеңесінің толық бөлігі өткізіліп, оған облыстық табиғат пайдаланудың табиғи ресурстары және реттеу басқармасының басшысы Калихан Байгозыевич Байгонусов қатысты.
Қазіргі уақытта 17 мұғалім Өскемен және Семей қалаларында 3 айлық біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр. Ауданда 2013 жылғы 17 шілдеде «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізіліп, оған ауданның өкілдері қатыса отырып, жұмыс тәжірибелерімен алмасып, орталықтың патриоттық тәрбиелеудегі рөлін айтып өтті. «Дарын» орталығының жоспары бойынша «Айналайын» байқауы өткізіліп, оған ауданның 413 оқушысы қатысты.
Жазғы демалыс. 2800 оқушы жұмыспен қамту және демалудың әр түрлі үлгілерімен қамтылды, бұл 99,9 пайызды құрайды.
Мектеп жанындағы лагерлердің жұмыстары: жорықтарға, экскурсияларға-984 оқушы шықты, лагерь аралық спартакиадаға – 680 оқушы қатысты. «Демалыс күнінің маршруттары» ұйымадстырылды: Семей қаласында – 685 бала, облыс ішінде – 150 оқушы, «Матросово» сауықтыру лагерінде-39 бала, «Балауса» мектептік лагерінде – 200 бала, Алакөлдегі «Үржарайым» лагерінде-45 бала, Көк шығанақтағы «Балақай» лагерінде – 60 бала демалды. Астана қаласына шығу жолымен – 150 бала, Абай ауданына – 612 бала қамтылды. Шошқалы көлінде 1050 оқушы демалды. Ағымды жылы 1 тамыздан бастап Өскемен қаласының Жастар мәдениеті және туризм орталығының «Кругозор» бағдарламасы бойынша Бесқарағай ауданының 150 баласы этноауылға, хайуанаттар бағына, классикалық музыка саяжолына, «Эхо» кино-театрына, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бассейніне барды.
Қосымша білім беру. 2013-2014 оқу жылдары «Шығармашылық Үйі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында 11 мұғалім жоғары біліммен және 11 мұғалім орта-арнайы біліммен жұмыс істеуде. 22 үйірме ұйымдастырылды, 48 топта 705 оқушы оқиды. «Шығармашылық Үйі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында фортепиано, қобыз, домбыра сыныптары, эстрадалық-вокалдық және көркем бөлімдері жұмыстарын жалғастыруда. Мектепте 135 бала оқиды. Барлығы 12 мұғалім, оның ішінде 2 мұғалім жоғары білімдерімен, 7 мұғалімде бірінші, 2 мұғалімде екінші санаттары бар және 1 мұғалімде санат жоқ. Аудан бойынша оқушылардың 29 пайызы қосымша біліммен қамтылды. «Өнер мектебінің» тәрбиеленушісі Дастан Казкенов Атырау қаласында өткен «Махамбет оқулары» Республикалық байқауына қатысып, ІІ орынды иеленді, оның ұстазы Ернат Еркін ұлы Мотышев.
Қамқоршылық және қорғаншылық. Бүгінгі күні Бесқарағай ауданында 71 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, оның ішінде 58 бала қамқорлықта (қорғаншылықта), 13 бала патронаттық тәрбиелеуде. Меншік құқығында баспанасы бар балалардың саны - 13 баланы құрайды, 32 бала баспана алуға кезекке тұрғызылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында Бесқарағай ауданы Семей қаласының №3 балалар үйімен қызметтестік жасауда. Мысалы, ағымды жылы осы балалар үйінің 23 тәрбиеленушісі Бесқарағай ауданының Шошқалы көлінде демалды.
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 28 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (оның ішінде жетім балалар да) патронаттық ұйымдарға бекітілді.
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2013 жылғы 2 тоқсан ішіндегі жұмыстар туралы
Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 2 бастауыш, 4 орталау және 18 орта мектеп бар. Мектептер бойынша оқушылардың саны 3033 оқушыны құрайды.
Білім беру бюджеті. Білім беру мекемелері бойынша 2013 жылғы 2 тосқандағы бюджет 701204,0 мың теңгені құрады.
Жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінде жалпы 8194,0 мың теңге сомада Үлкен Владимировка орта мектебінің базасында орналасқан «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының кабинеттері, Қоянбай орта мектебіне химия кабинеті сатып алынды.
Ыстық тамақпен тамақтандыру. 21 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылды, бұл 53,2 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта 21 асхана мен 6 буфет ұйымдастырылған, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылуда.
Тамақтану құрамына сүт және сүт қышқылды өнімдер, дәрумендірілген кисель және аптасына 6 рет бір балаға 20 грамм балл енгізілді. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың және жетім балалардың саны 552 баланы құрайды. Барша жергілікті бюджеттің қаражаттары мен жалпыға міндетті оқыту қорының есебінде тамақтандырылды.
Мектепке дейінгі білім беру. Ауданда 135 баланы қамтитын 1 Борас орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде. Ауданда 3-4 жастағы 639 баланы қамтитын қысқа мерзімді шағын орталықтардың 34 тобы және 125 баланы қамтитын 5 толық күнді шағын орталық бар. Шағын орталықтарға барлығы 764 бала барады. 899 бала мектепке дейінгі оқытумен қамтылды, бұл 96,1 пайызды құрайды.
Оқу-әдістемелік жұмыстар. 2013 жылғы 30 сәуірде Беген орта мектебінің базасында «Жыл мұғалімі» атты байқауы өткізіліп, финалға аудан мектептерінің 7 мұғалімі қатысты, Ү-Владимировка орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Д.Т.Хамитова бас жүлдені иеленді.
2013 жылғы 2-4 мамыр аралығында Өскемен қаласында бастауыш сыныптар үшін облыстық олимпиада өткізіліп, оған аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Оқушылар қатысу сертификаттарға ие болса, Борас орта мектеп-бақшасының оқушысы Екатерина Шевченко қазақ тілі бойынша 3-ші орынды иеленді.
2013 жылғы 20-23 мамыр күндері Өскемен қаласында К.Битибаеваның атындағы жоғары сыныптар арасында халықаралық олимпиада өткізіліп, онда оқушыларға қатысу сертификаттар табыс етілді.
2013 жылғы 24 мамырда Өскемен қаласында облыстық Абай оқулары өткізіліп, Березовка орта мектебінің оқушысы Д.Кенжебековқа және Өндіріс орта мектебінің оқушысы И.Молдахметоваға белсенді қатысқандары үшін сертификат табыс етілді, ал Н.Баймұратов атындағы орта мектептің 5-ші сынып оқушысы Д.Омарханова жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Ү-Владимировка орта мектебінің «Үздік жыл мұғалімі» облыстық байқауына қатысып, «Мұғалім жаңашыл» номинациясында грамотамен марапатталды.
2013 жылғы 31 мамырда облыстық Махамбет оқуларында Ү-Владимировка орта мектебінің оқушысы Дастан Казкенов 1-ші орынды иеленді, сонымен қатар, 2013 жылғы қыркүйектің ортасында ол Батыс Қазақстан облысының Атырау қаласында ауданымыздың намысын қорғайтын болады.
2013 жылғы 19 маусымда Өскемен қаласында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен облыс және ауданның мектеп түлектерінің бірінші қорытынды балл өткізіліп, оған халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың жүлдегерлері шақырылды. Біздің ауданымыздан Борас орта мектеп-бақшасының түлегі Патимат Майндурова және Ү-Владимировка орта мектебінің түлегі Темирлан Мукашев қатысты.
Жазғы демалыс. 1 маусымнан бастап аудан мектептерінде мектеп жанындағы лагерлер жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта лагерде 400 бала қамтылды. Мектеп жанындағы лагерлерде жорықтар, экскурсиялар және туған өлке бойынша 3 күндік турлар ұйымдастырылып, онда 1-10 сыныптың 934 оқушылары қатысты, сонымен қатар, спорт түрлерінен футбол, волейбол бойынша дәстүрлі лагер аралық спартакиада өткізілді, қамту 680 адамды құрады. Қазіргі уақытта мектеп жанындағы лагерлердің 285 баласы Семей қаласына барып, балалар саябағында демалып, биологиялық орталыққа барды. Облыс ішінде 150 оқушы демалуда.
13-20 маусым күндері 31 бала «Матросово» балалар сауықтыру лагерінде демалды, 22 маусымнан 2 шілдеге дейін тағы 12 бала осы лагерде демалуда. 10 бала Ресейде туысқандарына барып келді. Басқа аудандармен серіктестік жасау мен танысу шеңберінде аудан мектептерінің 612 оқушысы 3 күн бойы Абай ауданында демалды.
Қазіргі уақытта жазғы демалыспен 1683 оқушы қамтылды, бұл 60 пайызды құрайды (мектептердің есебі).
Қосымша білім беру. 2012-2013 оқу жылдары «Шығармашылық Үйі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында 11 мұғалім жоғары біліммен, 12 мұғалім орта-арнайы біліммен жұмыс істеуде. Барлығы 23 үйірме мен 48 топ ұйымдастырылды, оған 720 бала барады.
2013 жылғы сәуірде Ресей Федерациясының аумағында Алтай жерінің Михайловск ауылында «Наурыз» ауқымды мейрамы өткізіліп, оның аясында халық-қолдаңбалы өнер көрмесі өтті.
15 маусымда Өскемен қаласында Бесқарағай ауданының Мәдениет Күндері өткізілді. Металлургтар Мәдениеті Үйінің алаңында халық-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, онда Шығанрмашылық үйінің 10-ға жуық үйірменің жұмыстары әр түрлі жанр бойынша: көркем, сәндік-қолданбалы, қайыс бұйым, ағашпен ою, матамен тігу, ұлттық үлгіде құрақтан тігу жұмыстары көрсетілді.
Бесқарағай ауылында Ү-Владимировка орта мектебінің базасында «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығы ашылып, жұмыс істеуде. «Қазақстан жолы» орталығының жанындағы ораторлық өнер үйірмесін ашу идеясы қазақстандықтардың жаңа ұрпақтарын қалыптастыру, жеке табысқа жету әдістерін дамыту, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық мұрасын жан жақты пайдалану жолымен жеке тұлғаны әлеуметтендіру қажеттілігінен туындауда.
Орталықтың оқушылары «Тарихи-өлкетану мұражайына» ауданымыздың дамыту тарихын терең зерделеу үшін барып тұрады, «Өнер мектебінің» оқушылары Мемлекет Басшысының сүйікті шығармашылықтарымен коцерттік нөмірлерін көрсетті. «Достар Үйіне» қатысу оқушыларға еліміздің эномәдениет бірлестіктері туралы ұғыным береді. Осыдан басқа Орталық кітапхананың кітапханашыларының арқасында балалар Мемлекет Басшысы мен Тәуелсіздік Қазақстан туралы көркем әдебиеттермен танысуда. ҚазГИЗУ мұғалімдерімен бірлесе іс-тәжірибелік семинарлар өткізілуде. Орталықтың ашылу күнінен бастап оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, «Дидар» облыстық газетінің тілшісі Даулет Сейтенович, «Рудный Алтай», «Вести Семей», газеттерінің тілшілері, Шәкәрім атындағы СМПИ-ның «Агротехнология» кафедраның мұғалімдері, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы М.М.Ахметова және облыс әкімі аппаратының инспекторы В.И.Ахаев барды.
2013 жылғы 17 маусымда «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізіліп, оған облыстың барлық аудандарының барлық өкілдері мен облыстық білім беру бөлімі басшысының орынбасары М.Ж.Асамбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Рахметуллин, білім беру басқармасының тәрбие бөлімінің бас маманы Г.Б.Ильясова, Семей қаласының Қаз ГИЗУ-дың политология және философия кафедрасының профессоры М.М.Түймебаев, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары және аудан мектептерінің директорлары қатысты.
2013 жылғы 25 маусымда Ү-Владимировка орта мектебіндегі «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығында Мемлекет Басшысы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен онлайн-телемост өткізіліп, конференцяда орталықтың оқушылары Ұлт Басшысымызға сәлем берді. Осы іс-шараға Бесқарағай ауданының әкімі К.Б.Байгонусов, аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Рахметтулин, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.У.Омаралина және Ү-Владимировка орта мектебінің директоры Б.А.Садвакасова қатысты.
2013 жылғы 1 маусымға қамтылған балалардың жалпы саны -2484, оның ішінде– балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде-243, Шығармашылық Үйінде-600, балалар мектеп өнерінде-135, Мәдениет Үйінде-100, аудан мектептерінде -1406, бұл 82 пайызды құрайды.
Қамқоршылық және қорғаншылық. Бүгінгі күні Бесқарағай ауданында 63 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, баспана алуға кезекте тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны -41. 15 бала патронаттық тәрбиелеуде, оның ішінде 7 бала балалар үйінен «Қара Мырза орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдерімен және 1 бала «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.О.Кусжановамен тәрбиелеуге алынды.
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық ұйымдарға бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні 4 бала әлеуметтік келісім-шарт жасады, жылдың соңына дейін барлық жетім балаларды бекіту жоспарлануда.
2013 жылғы 22 мамырда 10 мүмкіндіктері шектеулі балалар Өскемен қаласындағы мүгедек-балаларға арналған фестивальға барды.
Бүгінгі күні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 40 пайызы жазғы демалыспен қамтылды. Кезеңнің соңына дейін 100 пайызға қамту жоспарлануда.
ҰБТ. Барлық 2013 жылғы түлектердің саны – 230 оқушыны және 5 экстернді құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 132 түлек қатысты (оның ішінде 1 экстерн), бұл түлектердің жалпы санынан 57,4 пайызды құрайды (2012 жылы -66,9%). Емтиханнан денсаулығына байланысты 2 (0,8%) түлек босатылды.
«Алтын белгі» аттестатына 8 үміткер болды, дәлелдегені жоқ. Үздік аттестатқа 11 оқушы үміттенді, 10 түлек білімдерін дәлелдеген жоқ, Үлкен Владимировка орта мектебінің 1 түлегі, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпазы - Т.Мукашев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы №02-3/1326-ви бұйрығы бойынша (2013 жылғы 27 мамырдағы №200 ҰБТ тапсырудан бекітілген тізімі) ҰБТ тапсырудан босатылды.
Аудан бойынша орта балл 66 баллды құрады.
Соңғы 3 жылдың ішіндегі ҰБТ көрсеткіштерінің талдауы төмендегідей нәтиже көрсетті 21 маусымда ауданның барлық мектептерінде қоштасу кеші өткізілді.
№
|
Мектептердің атауы
|
Қатысу %
|
2011 жылы ҰБТ-ның орта баллы
|
Қатысу %
|
2012 жылы ҰБТ-ның орта баллы
|
Қатысу %
|
2013 жылы ҰБТ-ның орта баллы
|
1
|
Ү-Владимировка ОМ
|
91,7
|
79,1
|
90,5
|
60,2
|
90,0
|
64,3
|
2
|
Борас ОМББ
|
96,7
|
77,4
|
89,5
|
62
|
94,1
|
70
|
3
|
Бөдене ОМ
|
46,2
|
77
|
50
|
54
|
14,3
|
67
|
4
|
Березовка ОМ
|
83,3
|
75
|
25
|
63
|
100,0
|
58
|
5
|
Беген ОМ
|
64,5
|
84,1
|
66,7
|
53
|
48,5
|
60,2
|
6
|
Башкөл ОМ
|
62,5
|
74,2
|
63,6
|
47
|
36,4
|
72
|
7
|
Глуховка ОМ
|
83,3
|
74,04
|
66,7
|
62
|
63,2
|
68
|
8
|
Долон ОМ
|
40
|
90
|
57,1
|
65,3
|
66,7
|
62
|
9
|
Канонерка ОМ
|
46,7
|
92
|
50
|
80
|
80,0
|
76
|
10
|
Қоянбай ОМ
|
7,1
|
98
|
71,4
|
63
|
38,5
|
73
|
11
|
Кривинка ОМ
|
|
|
60
|
45
|
66,7
|
56
|
12
|
М-Владимировка ОМ
|
40
|
82,2
|
66,7
|
67
|
16,7
|
53,3
|
13
|
Мостик ОМ
|
50
|
82,2
|
16,7
|
68
|
0,0
|
|
14
|
Н.Баймұратов атын ОМ
|
62,1
|
66
|
66,7
|
61
|
69,2
|
70
|
15
|
Семеновка ОМ
|
61,9
|
72
|
56,3
|
68
|
50,0
|
62
|
16
|
Семияр ОМ
|
70
|
80
|
46,2
|
66
|
63,6
|
75
|
17
|
Өндіріс ОМ
|
28,6
|
68
|
77,8
|
65
|
53,8
|
68
|
18
|
Сосновка ОМ
|
48
|
73
|
62,5
|
60,4
|
72,7
|
59
|
|
Аудан бойынша орташа мағынасы
|
60%
|
80,1
|
66,9%
|
62
|
57,4
|
66
|
Білім беру, дене шынықтыру және спорт
бөлімі бастығының міндетін атқарушы: Ж.Омаралина
Достарыңызбен бөлісу: |