2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысы Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы



Дата04.07.2016
өлшемі116.49 Kb.
#175959
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысы

Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі

функцияларын жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдар арқылы кәмелетке толмағандарға және кәмелетке толғандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары – бұл мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың ерекше нысандарына мұқтаж азаматтардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау болып табылатын мемлекеттік саясат бағыттарының бірі.

3. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.



2. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру тәртібі
5. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы және оның аумақтық бөлімшелері, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады.

6. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттiң кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.

7. Орган заңнамада белгіленген тәртіппен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды:

1) ата-ана құқықтарын айыруға немесе шектеуге, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге, бала асырап алуды жоюға немесе жарамсыз деп тануға, кәмелетке толмағанмен жасалған некені жарамсыз деп тануға, кәмелетке толмағанның ақша қаражатына дербес иелік ету құқығын шектеуге немесе одан айыруға байланысты істерді, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өзге де істерді қарау кезінде сотта қатысу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың тегін, атын қою немесе өзгерту мәселелерін шешу;

3) ата-аналардың немесе олардың бірінің ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, егер бала асырап алушы өзінің бала тәрбиелеу және оған күтім жасау бойынша міндеттерін тиісті түрде орындамаса, бала асырап алуды жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану, кәмелетке толмағанның ақша қаражатына дербес иелік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы, сондай-ақ мұны баланың мүдделері талап етсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда шағымдарға бастамашылық ету;

4) егер балаға кері әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру;

5) баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде сот шешімі қабылданғанға дейін баланы ата-аналарынан немесе өзге адамдардан дереу айырып алуды жүзеге асыру;

6) егер қорғаншылардың немесе қамқоршылардың қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін білдіру бойынша әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қамқорлыққа алынушылардың мүдделеріне қайшы келетін болса не егер қорғаншылар немесе қамқоршылар қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырмайтын болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалардың заңды мүдделерін кез келген адамдарға қатысты (оның ішінде соттарда) білдіру;

7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қиын өмір жағдайындағы балаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасында келіспеушіліктерді шешу;

9) кәмелетке толмағандардың және кәмелетке толғандардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.

8. Орган ата-ана қамқорлығынан айырылудың нақты жағдаяттарын негізге ала отырып, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу бойынша қызметті ұйымдастырады, олардың мүдделеріне сүйене отырып балаларды орналастыру нысандарын таңдауды және күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім алу жағдайларына кейіннен бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

9. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасына тәрбиелеуге (бала асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат), мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырады.

Бұл мақсаттарда орган:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), асырап алуға, патронатқа не аталған санаттағы балаларға арналған ұйымға орналастыру мәселесі шешілгенге дейін оларды уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, асырап алуға тілек білдірген азаматтардың есебін жүргізеді, іріктейді және қажетті әдістемелік, психологиялық және заңдық көмек көрсету арқылы дайындайды;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ оларды тәрбиелеуге үміткер адамдардың тұрмыс жағдайларына тескеріп-қарауды жүргізеді;

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мүлкінің тізімдемесін жасайды;

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы сақтау хатын әділет органдарына жібереді;

6) қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ аталған мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

7) қамқорлыққа алынушының мүлкін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді жасасуға немесе оның атынан кепілгерлік, осы мүлікті жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын кез келген мәмілелерді жасасуға қорғаншыға немесе қамқоршыға келісім береді;

8) көрсетілген мәмілелер нәтижесiнде қамқоршы алған қаражаттың қалай жұмсалатынын айқындайды;

9) қорғаншыларды немесе қамқоршыларды тағайындайды және оларға белгіленген үлгідегі анықтама береді;

10) қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы және патронаттағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатын тағайындайды және төлейді;

11) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің қызметіне, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін ұйымдарға бақылауды жүзеге асырады;

12) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің әрекеттеріне шағымдарды қарайды;

13) аталған адам қорғаншы немесе қорғаншы болып тағайындалғанға дейін туындаған қамқорлыққа алынушының борыштарын төлеуге қорғаншыға немесе қамқоршыға, оның жұбайына немесе туыстарына рұқсат береді;

14) егер қамқорлыққа алынушының тәрбиеленуіне және құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына жағымсыз әсер етпесе, қамқоршының он жасқа толған қамқорлыққа алынушымен бөлек тұруына рұқсат береді;

15) қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ кәмелетке толмағанға тиесілі мүлікті басқару жөніндегі жұмыс туралы есептерді қамқоршылардан осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жарты жылда кемінде бір рет талап етеді;

16) қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан оларды тиісті түрде орындамаған жағдайларда, оның ішінде олардың қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсатына пайдаланған не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған кезде шеттеді және тиісті шаралар қабылдайды;

17) асырап алудың бала мүддесіне сәйкестігі туралы қорытындыны сотқа ұсынады;

18) асырап алынған баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есептерді жылына кемінде бір рет талап етеді;

19) отбасына орналастыруға, оның мүлкіне қатысты мәмілені жасауға он жасқа толған баланың келісімін анықтайды және оған қолжетімді нысанда аталған рәсімдердің мәнін түсіндіреді.

_________________________

Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

қосымша

Қорғаншының (қамқоршының) есебі
Қорғаншының немесе қамқоршының Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы

1. Қамқорлыққа алынушы туралы мәлімет (қай уақыттан бастап отбасында, болу себептері).

2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары, тұрғын үйді сипаттау (тұрғын үй кімге тиесілі).

3. Отбасындағы қарым-қатынастар.

4. Қамқорлыққа алынушыда бөлменің, кішкене бұрышының болуы.

5. Қамқорлыққа алынушының жеке жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің болуы (жай-күйі, жылжымайтын мүліктің қамқоршысы кім болып табылады, егер ол бар болса, қамқорлыққа алынушының пәтерінде кім тұрады).

6. Қамқорлыққа алынушының ерекшеліктері:

1) білімі: жетістіктері, проблемалары, (бала қандай қосымша білім беру мекемелеріне баратыныны көрсетілсін);

2) денсаулығының жай-күйі: дене дамуы, проблемалар, қабылданған шаралар, жал сайынғы медициналық қаралудан өту.

7. Қамқорлыққа алынушының табыстары туралы мәліметтер




табыс түрі

сомасы, ай сайын




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

алименттер





































қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы





































ай сайынғы сақтандыру төлемдері





































мұрагерлікпен тиесілі немесе сыйға алынған ақша қаражаты





































тұрғын үй алаңын жалға беруден түскен табыстар




































8. Қамқорлыққа алынушының шығыстары туралы мәліметтер





табыс түрі

сома

күні

есептік кезеңдегі тамақ өнімдерін сатып алу







киім-кешек, аяқ киім сатып алу







гигиена құралдарын, бірінші кезекте қажетті заттар сатып алу







дәрі-дәрмектер, күтіну құралдарын сатып алу







тұрмыстық қызметтерге ақы төлеу (киім-кешекті, аяқ киімді жөндеу)







ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар сатып алу (нақты нені, көрсетілсін)







ай сайынғы салымдар (білім алуға, ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға)







_________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет