8-Дәріс. Вулканогенді-шөгінді кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Колчеданды кенорнының жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы. - 8-Дәріс. Вулканогенді-шөгінді кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Колчеданды кенорнының жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы.
ВУЛКАНОГЕНДIК-ШӨГIНДI КЕНОРЫНДАР - Қабылданған жiктеме бойынша вулканогендiк-шөгiндi кенорындар эндогендiк пен экзогендiк жаралымдар аралығын-дағы өтпелi класс ретiнде қарастырылып, эндогендiк-экзогендiк серияның магматогендiк-седиментогендiк тобына жатқызылады. Руда затының көзi бойынша бұл кенорындар нағыз эндогендiк, дәлiрек айтқанда магматогендiк болғанымен, олар вулканизм процестерiмен тiкелей генетикалық байланыста екенi байқалады. Минералдық заттың жиналу тәсiлi бойынша су алаптары жағдайында седиментациялануы, оларды кәдiмгi шөгiндi жаралымдарға жақындатады.
- Кенорындар әр түрлi геологиялық замандарда теңіз алаптарының түбiнде қалыптасқан. Олардың ең маңыздылары су астында төгiлген базальтпен байланысты. Сондықтан вулканогендiк-шөгiндi кенорындардың өзiндiк ерекшелiктерiне олардың құрамында әр түрлi мөлшерде вулканогендiк материал болатын қатқабаттарда орналасуы жатады. Минералдық заттар седиментация алабына жер қойнауынан сулы ерiтiндiлер мен тұздықтарға қаныққан газ эманациялар түрiнде түседi.
Достарыңызбен бөлісу: |