2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек



Дата23.02.2016
өлшемі48.96 Kb.
#7985


2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек

(халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі нәтижелері бойынша)


Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) лайықты еңбекті статистикалық өлшеу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі лайықты еңбек көрсеткіштерін жыл сайынғы негізде қалыптастырылады.

ХЕҰ лайықты еңбек тұжырымдамасы жұмыс кіріс көзі ғана емес, сонымен бірге нәтижелі жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтетін, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, дербес қадір-қасиет көзі, отбасылық тұрақтылық, қоғамдағы бейбітшілік болып табылатынына негізделген.

Лайықты еңбек бағдарламасы жұмыспен қамтылу мүмкіндігі, жұмыс орнындағы қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік диалог, ерлер мен әйелдер үшін жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерінің теңдігі сияқты негізгі бағыттармен сипатталады.
2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының индикаторлары

2012 жылы Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі (4,4 млн. адам) – ерлер, 48,6% (4,1 млн. адам) – әйелдер. 2012 жылы жалдамалы қызметкерлер саны 5,8 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 68,3% құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды немесе 31,7% құрады.

2012 жылы респонденттерден алынған пікіртерім бойынша жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан өз жұмысының (кәсібінің) тұрақтылығына 62,9% сенімді (2011 жылы - 57,2%). Барлық жалдамалы қызметкерлер санынан 90% жуығы заң жүзінде бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді пайдалана алатындарын белгіледі.
Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы


Жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан респонденттердің 49,2% кәсіподақ мүшесі болып табылатындарын белгіледі, ал 74% артығы – ұжымдық еңбек шарттарымен қамтылған.

19,4% аптасына 40 сағаттан астам уақыт жұмыс істейтіндерін көрсеткен (2011 жылы - 12,3%), олардан 59,7% - жұмыс беруші қойған талаптар себебінен, 33,1% - көп табыс табу себебінен.



2012 жылы жұмыспен қамтылған халықтың ішінен 8% жуық респонденттер қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндіктерін белгілеген (2011 жылы - 10,3%), олардан 11% - қауіпті механизмдермен жұмыс істейді, 11,4% - жүйке жүйесінің ширығуын сезінеді, 12,3% - қолайсыз температуралық режимде жұмыс істейді, 17,8% - далада жұмыс істейді, 30,9% - ауыр жұмыста жұмыс істейтіндерін көрсетті.

Жұмыспен амтылған халықтың еңбек қауіпсіздігі
мың адам

 

Жұмыспен қамтылған халық

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

жалдамалы қызметкерлер

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

ерлер

әйелдер

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

Экономикада жұмыспен қамтылғандар

8507,2

4376,0

4131,2

5813,7

2985,9

2827,8

2693,5

1390,1

1303,4

оның ішінде:




























қауіпсіз еңбек жағдайларында

7847,2

3892,6

3954,6

5205,3

2533,7

2671,6

2641,9

1358,9

1283,0

қолайсыз еңбек жағдайларында

466,9

315,7

151,2

426,5

294,4

132,1

40,4

21,3

19,1

қауіпті еңбек жағдайларында

193,1

167,7

25,4

181,9

157,8

24,1

11,2

9,9

1,3

2012 жылы жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының 30% жуығы (2011 жылы – 25%) отбасылық міндеттер мен еңбек қызметін қоса атқару күрделі екенін белгілеген.



Осы статистикалық байқаудың нәтижелерімен танысу және толық зерттеу үшін «Қазақстан Республикасында лайықты еңбек өлшемінің статистикалық көрсеткіштері» бюллетенінің электронды нұсқасы www.stat.gov.kz сайтында «Жарияланымдар» бөлімінің, «Халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу» 12-сериясында орналастырылған.



© ҚР Статистика агенттігі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет