2012 жылы облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне
субсидия төлеу бағдарламаларын іске асыру
2012 жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 6 843,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4856,7 млн. теңге, облыс бюджетінен – 1986,8 млн. теңге бөлінді.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес 2012 жылы облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 6648,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4661,2 млн. теңге, облыс бюджетінен – 1986,8 млн. теңге төленді.
Субсидиялар мына бағдарламалар бойынша төленді:
-
Тұқым шаруашылығын қолдауға 216,2 млн. теңге. Қаражат ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 370 тонна күнбағыстың элиталық тұқымын және күнбағыстың гибридттерін сатқаны, 825,7 тонна дәнді дақылдардың элиталық тұқымын, 3,5 тонна жоңышқа өндіргені, 2215,4 тонна жаздық бидайдың элиталық тұқымын, 271,0 тонна күздік бидай, 311,2 тонна күздік қарабидай, 150,5 тонна арпа, 48,2 тонна сұлы, 5 тонна қарақұмық, 128,2 тонна ас бұршақ, 282,5 тонна картоп, 39,4 тонна суданка, 19,01 тонна эспарцет, 1,1 тонна костер, 4,12 тонна жоңышқа сатып алғаны үшін төленді.
- Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға 242,8 млн. теңге төленді. Субсидиялар отандық тыңайтқыш өндірушілер - «ҚазФосфат» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС-ға төленді. Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері арзандатылған 57070 тонна тыңайтқыш, 17260 литр гербицидттер сатып алды.
-
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтарын құнын арзандатуға 1565,8 млн. теңге төленді. Субсидия басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 825,6 мың гектарға төленді.
-
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға 39,6 млн. теңге төленді. Қаражат облыстың бес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне төленді.
-
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға - 1218,6 млн. теңге. Субсидия ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 2797 бас ірі қара мал, 1369,8 тонна қой, 549,7 тонна жылқы, 4,3 тонна шошқа, ірі қара малдың 472 бас шетел тұқымын, ірі қара малдың отандық асылтұқымды тұқымының 2979 басын сатып алғандары, ірі қара малдың 39135 басына селекциялық-асылтұқымдық жұмыс жүргізгендері үшін төленді. Асыл тұқымды маралдар және ара ұстау шығындарын арзандатуға облыстың 47 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне субсидия төленді.
-
Мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруға 3365,0 млн. теңге төленді. Қаражат облыс ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне 3446,3 тонна сиыр еті, 548,5 тонна қой еті, 512,7 тонна жылқы еті, 1108,3 тонна шошқа еті, 25883,2 тонна құс еті, 43431,8 тонна сүт, 725,0 тонна қымыз, 25,6 тонна жүн сатқандары үшін, 58100 бастың мал азығының бағасын арзандатуға төленді.
Достарыңызбен бөлісу: |