Жаңа стандартқа байланысты 5 сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері
№15 мектеп-лицейінің
информатика пәнінің мұғалімі
Уразбаев Жарқынбек Қожантайұлы
«Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс,ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек»
Д.Пойа
Біздің тауарымыз әрине –білім. Жемісті еңбегіміз бен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана нақты жаңару жолына шыға аламыз.
Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Қазіргі кезде информатика ең қасиетті және ең маңызды ғылым болып отыр. Себебі, оның нәтижелері қолданылатын адамның зерделі жұмысының ерекше салаларының бірі болып саналады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Ұстаздық жолды алғашқы қадамын қарыштап басуда жас маман ретінде алдыма қойған мақсатым нақты әрі ізденісім шектеусіз. Осындай мақсатымды жүзеге асыруда әрбір сабағымды шығармашыл ізденістің нәтижесінде дайындықпен келуді дәстүрге айналдырғанмын.
Информатика – оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау құралын беретін пән болып табылады. Сондықтан информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей игеру мүмкін емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі тиімді түрде өтуі үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, практикалық тапсырмалармен, кәртішкелермен үйрету, кәртішкелерінің көлемді базасы болу керек. Осы кәртішкелік базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін-өзі бақылауын арттырып, практикалықжұмыстардың да санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың білімі сапасын жетілдірудің негізі деуге болады.
Компьютерлік программалар арқылы әртүрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кезкелген адамның құқығы бар.
Соңғы кезде информатика пәнінің қай сыныптан бастап оқытылуы қажеттілігі туралы түрлі пікірлер туындауда. Осының негізінде оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігі практика жүзінде дәлелденген. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі баланың танып — білуге, оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен.Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында информатика пәнін бастауыш сыныптан енгізген білім стандарты бар. Онда былай делінген:
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған: — ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру; — интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық — жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту; — оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы «Логика және алгоритм бағыты» және де «Компьютер және ақпараттық технологиялар бағыты» деген мазмұндық бағытта берілген. Осы минимумға орай қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады: — Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі; — Ойды логикалық түрде дамыту; — Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік; — Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену кезіндегі мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі бейнелеу және математика пәндерімен сабақтастырылады. Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнін бірнеше кезеңге бөліп оқыту жөн екенін дәлелдеп отыр. Қазір еліміздегі жалпы білім беретін 155 мектептің бастауыш сыныптары сынақ-тәжірибеден өтуде. Білім мазмұнын жаңартудағы бұл үрдіс барша педагог қауымға, сондай-ақ ата-анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп алуға болады, олар: жалпы теориялық, түсінік деңгейі, оқу материалының деңгейі. Жалпы орта білім беру жүйесінде оқу жоспарларының бірнеше түрі: базистік,типтік және мектептің оқу жоспары орындалады. Базистік оқу жоспары — бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол типтік және жұмыстық оқу жоспарларының негізгі және мектепті қаржыландырудың басты құжаты ретінде қызмет етеді. Типтік оқу жоспарлары ұсынымдық сипатқа ие. Мектептің оқу жоспарының екі түрі болады: Мектептің өз оқу жоспары, ол мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді. Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалынады да, жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітіледі.
5-сыныпқа арналған «Информатика» курсының бағдарламасы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес құрылған. Бұл оқулықта берілген материал оқушының теориялық материалды игеруін бақылауды, сондай-ақ берілген тапсырмалар дәріс өткізуді жеделдетіп, берік білім беру мен дағдының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады. Оқыту міндеттері: 1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру; есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
-
ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;
-
программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;
-
ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
-
жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;
-
алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;
-
оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:
1.Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;
ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
3. Компьютер (9 сағат):
компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері;
пернетақта;
программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері;
файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту,
объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.
4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат):
қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;
қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;
калькулятор, блокнот;
дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
5. Жобалық іс-әрекет (4 сағат).
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
-
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
-
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
-
5-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
-
қауіпсіздік техникасының ережесін;
-
информатика пәні нені оқытатының;
-
ақпарат түсінігін;
-
ақпарат түрлерін;
-
ақпаратты өңдеу тәсілдерін;
-
ақпараттың өлшеу бірлігін;
-
компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;
-
компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;
-
операциялық жүйе ұғымын;
-
операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;
-
операциялық жүйені басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;
-
ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;
-
графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
-
мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
-
мәтінде теру ережесін;
-
мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;
-
калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;
-
сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша бағдарламаларда жұмыс істеу тәсілдерін;
-
мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін.
-
5-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
-
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
-
ақпараттың түрін анықтауды;
-
ақпараттық объектілері мен процесстердің сандық параметрлерін бағалау, олар: ақпаратты сақтау үшін қажетті жады көлемін;
-
компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;
-
файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;
-
қарапайым графиктік редактор құралдарымен графиктік объектілерді салуды;
-
мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді, редакциялауды, пішімдеуді;
-
аралас құжаттарды құруды;
-
калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;
-
дыбыстық ақпаратты жазуды.
-
Жеке тұлғалық нәтижелер:
-
өз меншік жеке және топтық іс-әрекетін жоспарлау қабілеттіліктері;
-
оқу және практикалық іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеті;
-
қабылданған ақпаратқа талдау және сын көзбен бағалау дағдылары;
-
өз іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен ақпараттық көздерді пайдалануды;
-
салауатты өмiр салтының құндылықтарын және негiзгi гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрал-жабдықтарды қауiпсiз пайдалану техникалық шарттарын қабылдай білуді;
-
жеке меншік өмір туралы ақпаратқа дұрыс көзқараспен қарауды;
-
оргтехникаға ұқыпты қарауды.
-
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
-
оқыту, тестілеу-программалары және тренажер-программаларымен жұмыс істеуді;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қоса сандық тұрмыстық техниканы басқару, оны баптау;
-
қарапайым құрылымды құжаттарды, суреттерді дайындау;
-
ақпараттық объектілерді құруды, оның ішінде оқу жұмыстарының нәтижесін рәсімдеу;
-
жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруда, жеке ақпараттық объектілері коллекциясын құру;
-
мәтіндік және мультимедиалық объектілерді құру;
-
оқу іс-әрекетінде электрондық кестелер мүмкіндіктерін пайдалану;
-
кестелік процессор арқылы есептерді шығару және есептеулерді автоматтандыру;
-
деректер қорында ақпараттарды сақтау;
-
күнделік өмірде кездесетін объектілері мен жағдайларды модельдеу;
-
векторлық және растрлық графикалық объектілерді, видеобъетілерді құруды;
-
күрделі емес математикалық және физикалық есептерді шешу үшін әртүрлі алгоритмдік құрылымдарды құру;
-
дүниежүзілік ауқымды желіден ақпарат алуды;
Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге деген қызығушылығы басым. Сабаққа алғашқы келген күннен бастап, компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс жасау, олардың жаңа технологиялардың меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді. Сондықтан мен өз пәнімді барынша жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып өткенді ұнатамын. Осыларға қоса Интернетті тек информатика сабағында емес, сабақтарға дайындалу кезінде де пайдалануға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 5 сыныпта информатиканы жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын информатика пәні оқушыларға компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. Міне осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік жұмыстармен байланыстыра жүргізсе оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге болады.
Қорыта келгенде айтарым, білім-қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
Информатика сабағында компьютердің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілетін дамыту және арттыру.
Ұстаз міндеті – оқушының қызығушылығын дамыту арқылы, тұлғаны жан-жақты, білімді, өнерлі, өз «мені» бар, өз Отанын қорғауға дайын азамат етіп оқытып тәрбиелеу.
Елбасының «Біз бүгін бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз, біздің міндетіміз-айқын алған бағытымыз дұрыс. Ендеше Тәуелсіз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгілік болсын!»деп атап көрсеткеніндей, білім кеңістігінде әріптестерімді озық үлгідегі компьютерлік технологияларды жобалау, дайындау, оқу үрдісіне енгізуге, информатикада оқытудың инновациялық әдістері, құралдары, технологияларын бірлесе талдап, бір-бірімізге әдістемелік көмек көрсетуге және қолдануға шақырамын.
Қолданылған әдебиеттер:
Информатика. Оқулық. 5-сынып. А.Вьюшкова, Н.Параскун 2013 жыл, Арман ПВ. Қосымша интернет материалдары.
12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана,2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1б
Аймауытов Ж «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» Қызылорда, 1929ж -58б
Құрманалиев М «Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатымыз» // Қазақстан Мұғалімі. -2006.-30 қыркүйек. –Б.3
Құсайынов А «Сапалы білім-заман талабы» // Егемен Қазақстан. -2007-2 қараша.-№339-340.-Б.8
Құсайынов «Білім реформасы:Дамыған елдер тәжірибесі // Егемен Қазақстан. -2005. -23 маусым. –С.139.-4б
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан Мұғалімі. -2004-С. 20 қаңтар
«6 жасар балалардың психологиялық аспектілері» // ХХ1 ғасыр мектебі. -5-7б
«12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгісі» Информатика негіздері 2008ж-№2-24б
«Информатика негіздері» 2003-№5, 29-30
Мәдиева Қ. «12 жылдық білім беруді жүзеге асырайық» // Қазақстан мектебі. -2005.- №7. -3 б.
Бабанский Ю.К., Сластенин В.А., Сорокин Н.А и др. «Педагогика». – М.:Просвещение, 1988. – 479 б.
Денев Д.Ж. «Бастауыш кластар педагогикасы. ІІ бөлім – Дидактика – Благоевград кітап баспасы. 1983.
Огородников И.П. «Сабақтың тиімділігін көтеру» — М, Білім, 1990.
Рутинштейн С.Л. «Ойлау және оны зерттеу жолдары» — М. 1968-347 б.
Достарыңызбен бөлісу: |