Қарақобда селолық округі әкімі С.Құрмансейтовтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Қарақобда селолық округінің көлемі 46000 га астам жерді құрайды.Селолық округ аумағына Қарақобда,Ерназар,Құмсай елді мекендері кіреді.
Селолық округі халқы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады.
Ауыл шаруашылығы
Соңғы жылдардағы ауа-райыныңғ құрғақшылығына байланысты селолық округте егін шаруашылығы көлемі қысқарды. Шаруа қожалықтары мен тұрғындар негізінен мал шаруашылығы саласымен айналысады.2014 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша селолық округте 1610 бас ірі қара ,4574 бас қой – ешкі, 231 бас жылқы қыстатылуда.
2013 жылы жоғарыда көрсетілген малдардың барлық түріне жұқпалы ауруларға қарсы және ветеринарлық талаптарға сәйкес тиесілі ветеринариялық іс-шаралар жасалынды.
Нәтижесінде 5 бас ірі қара малы ауруға шығып,ол малдар уақытында сойылып табыннан шеттетілді.Бірдейлендіру талаптарына сәйкес 2013 жылы алынған төлдерді сырғалау мен компьютерлік базаға кіргізу жұмыстары жоспар бойынша толығымен орындалды. Мал басын асылдандыру мақсатында 7 0 бас ірі қара малына қолдан ұрықтандыру жұмыстары жасалынып ,жеке қожалықтары мен шаруа қожалытары малдары табындарына 12 бас қазақтың ақ басты асыл тұқымды бұқаларын қосу ұйымдастырылды. 2013-2014 жылдардың мал қыстату науқанына 3500 тн шөп дайындалып мал қыстату орындарына тасылды. Жеке қожалық иелері үшін қажетті кебек алу шаралары жасалынды. Мал шаруашылығын дамытуға Үкімет тарапынан қарастырылып отырған көмектерді алуға селолық округтегі шаруа қожалықтары арасында насихат түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,олар бірнеше ауданда өткен семинарларға қатысты. Соңғы екі жылда селолық округ бойынша шаруа қожалықтары 26 млн.теңге төменгі пайызбен несие алды. Биылғы жылы ауруға шыққан мал иелері қораларына тегін дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Көгалдандыру және абаттандыру
Елді мекендердегі санитарлық тазалықты жақсарту мақсатында 2 айлық тазалық айлығы өткізілді.Оған барлық меншіктегі мекемелер,шаруа қожалықтары,ауыл тұрғындары қатысты. Осы мақсатқа бөлінген 140 мың теңге стихиялық қоқыстар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жұмсалды. «Өңірлерді дамыту»бағдарламасы бойынша бөлінген 840 мың теңге жергілікті қауымдастықтың шешімімен Қарақобда ауылының Ағниязов,Абилова,Жангелдин көшелерін жарықтандыруға жұмсалынды.Қазір ауылда 30 шам орнатылған.
Білім беру саласы
Селолық округ бойынша 1 орта 2 бастауыш мектебі жұмыс жасайды.Қарақобда орта мектебінің 2013 жылғы ҰБТ қортындысы бойынша көрсеткіш 74,6 балл құрайды.
Барлық мектептерді жаңа оқу жылына өтпелі жөндеу жұмыстары жүргізіліп дайын болды.Жылу беру маусымына қажетті қатты отын барлық мектептерге уақытылы тасылып,қазіргі уақытта оқу процесі қалыпты жағдайда өтуде.
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласы бойынша округте 2 медициналық және 1 үйден қабылдау пункттері жұмыс жасайды. Мамандармен қамтылған. Алғашқы медициналық жәрдем жасау дәрі дәрмектер қоры бар. 2013 жылы тұрғындар жылжымалы флюраграфиядан өткізілді. Медициналық мекемелерде өтпелі жөндеу жұмыстары жасалынып жылу беру маусымына қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілген.
Ауыз су мәселесі
Ауыз су мәселесі бойынша Қарақобда ауылында орталықтандырылған су жүйесі жұмыс жасайды. Ерназар,Құмсай ауылдары құдық және бұлақ су көздерін пайдаланады.Алдағы уақытта Құмсай ауылына қосымша құдық қазуға қаржы қарастыру жоспарлануда.
Қарақобда ауылы тұрғындары үшін айына 1 рет «Батысгаз» мекемесімен газ балондарын толтырып беру ұйымдастырылған.
Селолық округ тұрғындарына Қазақстан телеарналарын қөру мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында Ерназар ауылында 15,Құмсай ауылында 17,Қарақобда ауылында 29 «Отау»спутниктік хабар тарату қондырғылары және Қарақобда ауылында «Қазақстан»телеарнасын тарататын қондырғылар орнатылған.
Қарақобда ауылында аптасына 3 рет газет-журналдарды алу мүмкіндіктері ұйымдастырылған.
Селолық округ әкімдігіне жалпы саны 16 жазбаша арыз түсіп,оларға толығымен уақытылы жауаптары берілді.Арыздардың негізгі бөлігі жеке тұрғын үй салуға берілген.
Селолық округ әкімінің аппараты штаттық кестеге сәйкес ветеринария маманынан басқа мамандармен толық қамтылған.
Селолық округ бойынша 1 учаскелік инспектор жұмыс жасайды.Учаскелік инспектор қызметтік пәтермен,телефонмен қамтамасыз етілген. Санитарлық тазалық бойынша 5 адамға 22 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Селолық округ бойынша жергілікті салық түрлері көрсеткіштері орындалды. 2013 жылы бөлінген бюджеттік қаржы толығымен игерілді.
Селолық округ бойынша саяси ахуал тұрақты.
Бүгінгі күнгі селолық округ бойынша проблемалық мәселелерде баршылық. Олар Қарақобда елді мекенін газдандыру және селолық клубқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Қарақобда орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу. Құмсай ауылының ауыз су мәселесін шешу.
Қарақобда селолық округі әкімінің аппараты алдағы уақытта жоғарыда аталған проблемалық мәселелерді аудан басшылығымен бірлесе отырып шешуге және селолық округтегі саяси ахуалды тұрақты ұстау мақсатында жұмыс жасайтын болады.
С.Құрмансейтов
Қарақобда селолық округінің әкімі
Достарыңызбен бөлісу: |