2013 жылдың 9 айына



Дата23.02.2016
өлшемі190.45 Kb.
#3233
2013 жылдың 9 айына

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің атқарылған жұмыстары жөнінде АҚПАРАТ
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау

ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сүйене отырып мемлекеттік стандарттары бойынша атқарылуда, олар: «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру».

Бүгінгі таңда жыл басынан бастап жұмыс жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолыққандардың саны 6269 адам. Жұмыссыз болып 5467 қала тұрғындары тіркелді. Жалпы осы мерзімге тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны 998 адамды құрады.

2013 жылдың 1 қазанға жұмыс берушілерден 125 мекемеден 1612 жұмыс орынға сұраныстар түскен болатын, соның 123 (0,8 %) әйел адамдарға, 1292 (92%) ер адамдарға арналған. Еңбек нарығында көп жылдар бойы сұранысқа ие болатын мамандықтар; арматуршы, бетоншы, көлік жүргізуші, тас қалаушы, эскаватор машинисі, монтажник, плитка төсеуші, ағаш ұстазы, стропольщик, ток жүйесін оңдаушы.

Еңбек нарығында жұмыссыздықты бір қалыпта ұстауға және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жолдамамен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады. Қоғамдық жұмыстар қала бойынша 58 мекемеде ұйымдастырылды. Тұрғын үй-коммуналдық ұйымдарға елді мекендер аумағын тазалауға жәрдемдесу, жол жөндеу және ұй құрылысына көмек көрсету, аймақтарды экологиялық сауықтыру көгалдандыру және абаттандыру, тағыда басқа жұмыстар. 2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджет есебінен 65524 мың теңге қаралып, 1556 адамға жолдама беру жоспарланған, жыл басынан бастап 1151 жұмыссыздар жіберілді, соның ішінде: әйелдер 696, 21 жасқа дейінгі жастар – 60 адам.

Оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету үшін жастар практикасы ұйымдастырылады. 2013 жылға 210 жас түлектерге жолдама беру жоспарланып, 133 жас мамандар жастар практикасына қатысуда.



456 жұмыссызды кәсіби даярлуға, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға жіберу жоспарланды. Жыл басынан 391 жұмыссыздарға жолдама берілді. Барлығы 10 мамандық бойынша оқулар ұйымдастырылды. Олар: автокөлік жүргізуші, 1-С есепші, газ және электр дәнекерлеуші, ток жүйесін оңдаушы, күзетші, тігінші, пішуші, хатшы- референт, тағы басқа мамандықтар.

Жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдарды анықтау үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында, нысаналы топтар белгіленді. Олар үшін әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырылып, 71 жұмыссыз (жоспар -270) жолданды.

Еңбек нарығында жұмыссыздықты азайту мақсатында, он «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкелерге 157 жұмыс беруші және 1675 жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары қатысты. Соның ішінен: тұрақты жұмысқа 511 адам, қоғамдық жұмыстарға -6, қайта даярлау курстарына-40, әлеуметтік жұмыстарға -14, жастар практикасына -82 адам жолдама алды.
«Жұмыспен қамту орталығы» ММ-сі бойынша:

Орал қаласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы 2013 жылдың 1 қазанына 3 бағыт бойынша жүзеге асуда:

1. «Инфрақұрылымды және тұрғын – үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша Орал қаласында 3 жобада құрылатын жұмыс орындарына бағдарламаға 53 қатысушыларын (Деркөл ауылындағы ауысымына 75 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысына -15, Круглоозерный орта мектебіне – 16, Комсомольская көшесінің жолына – 22) жұмысқа орналастыру жоспарланып, 33 –і жұмысқа орналастырылды.

2. «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның 2013 жылғы 5 наурызындағы шешімімен Орал қаласына 28 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Осы бағытын түсіндіру мақсатында барлық кенттік округтерде Круглоозерный, Зачаганск, Деркөл, Желаево тұрғындарының, Орталықтың және шағын несиелеудің уәкілетті өңірлік ұйымы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан филиалы өкілдерінің қатысуымен семинар, жиналыстар өткізілді.

Барлық округтер бойынша шағын несие алуға ниет білдіргендердің тізімі жасақталды. Шағын несие алуға ниет білдірушілердің саны 55 адамды (165 млн.теңге) құрады, олардың 12-сі (28 млн.теңге) шағын несие алды.

Несие алған 12 адамның ішінен 6 адам қосымша 10 жұмыс орнын ашты.

3.«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 2011-2013 жылдар аралығында кәсіби оқуды 266 адам бітірді, олардың 110 –ы (41,3%) жұмысқа орналасты.

Біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіптік даярлау бойынша кәсіптік оқытуға мамандықтарды анықтау бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:



  • кадр агенттіктерімен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушыларымен, жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті органмен мамандықтарға қажеттілік сұрақтары бойынша жұмыстар жүргізілді.

  • біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіптік даярлауға 2013 жылға мамандықтардың тізімі бекітілді.

Біліктілігін арттыру курстарына 34 қатысушы жолданды, 10 адам «Сметалық іс» мамандығы бойынша оқуға жолданады, мемлекеттік сатып алу мердігер немесе жабдықтаушылардың ниет білдірмеуіне байланысты «D, E» категорясына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Қайта даярлау курстарына 36 адам жолданды, жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлерді біліктілігін арттыру курстарына 9 адам жолданды, кәсіптік даярлауға жоспар бойынша 187 адам жолданды.

2013 жылы 65 жұмыс берушімен 302 орынға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға келісім шарт жасалды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 300 адамға 52,4 млн. теңге қарастырылды, 262 қатысушы орналастырылып, 18,4 млн. теңге игерілді.

Жоспардың орындалмауы және қаржының игерілмеу себебі - жұмыссыздардың нысаналы топ қатегориясына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі, жұмыссыздар мамандығының жұмыс берушінің сұранысына сәйкес келмеуі, жұмыс берушілердің бас тартуы, жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарынан бас тартуы салдарынан болып жатыр.

Жастар практикасына 450 адам жолдау жоспарланды. 146 жұмыс берушімен 746 орынға жастар практикасын ұйымдастыруға келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда 614 қатысушы орналастырылып, 62,8 млн. теңге игерілді.

Бағдарламаға қатысу сұрақтарымен жолыққандар саны 1302 адам, олардың 1264-і Бағдарлама қатысушысы болып танылды.


Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Орал қаласы (с.і.: Желаев, Зашаған,Круглоозерный) бойынша тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері (әрі-қарай-ҰОСҚ), барлығы: 237 адам, с.і. ҰОС қатысушылар-148 адам, ҰОС мүгедектері – 89 адам.

ҰОС қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілгендер 970 адам, болса о.і.: ҰОС қатысушылары теңестірілгендері-528, ҰОС мүгедектеріне -442.

Жалпы аурулықтарына байланысты 11025 мүгедектер бар, о.і.: І топ – 1167, ІІ топ - 4973, ІІІ топ- 3982 және мүгедек балалар -903.

Зейнеткерлер – 37755 адам.

Жеке оңалту Бағдарламасы (әрі-қарай ЖОБ) бойынша есепте 2155 мүгедек тұр, о.і. І топ-898; ІІ топ-619; ІІІ топ 341 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар -297.

ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сүйене отырып мүгедек жандарға тағайындалған ЖОБ-не сәйкес мемлекеттік қызметтер 8 стандарт бойынша атқарылады:

1)«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»: 9 ай ішінде еңбек келісім шарты бойынша және тіркелгендер 582 адам, оның ішінде: ; І-топтағы зағип мүгедектер, жүру қабілеттері нашар 580 мүгедектерге - 564 адам келісім шарт бойынша жеке көмекшілер ретінде қызмет көрсетеді және жеке көмекшілердің саны үнемі өсіп отырады, есту қабылеттері нашар ІІ-ІІІ топтағы 168 мүгедектерге 18 ымдау тіл мамандары қамтуда.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі тарапынан жалпы аурулықтарына орай 220 мүгедектерге 217 жеке көмекші қызмет атқарады, бұларға жалпы қаралған қаражат 38298,0 мың теңге, игерілгені 33737,0 мың теңге.



2) «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық құралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»: 2013 жылдың 9 айында тифлотехникалық құралдарды (тифло-магитолла, плеер, диктафон, таяқ, сағаттар) 794 мүгедектер қажет етеді, осының 403 адамы қамтылып отыр(магнтолла, сағаттармен). Сурдотехникалық құралдармен (мобилдық телефон, телефакс, көп функционалды дабылдау жүиелерімен) 250 адам қажет етеді, ал қамтылғандары 142.

Арнаулы гигиеналық құралдарға мұқтаж және есепте тұратын мүгедектердің саны 868 адам (подгузниктерге, жаялдықтарға -779, несеп қабылдағыштарға-55 және нәжіс қабылдағыштарға-34). Осы жыл бойына қамтылғандар 757 адам (подгузниктерге, жаялдықтарға -705, несеп қабылдағыштарға-36 және нәжіс қабылдағыштарға-16 мүгедектер). 2013 жылға гигиеналық құралдарды сатып алу үшін 30000,0 мың теңге бөлініп, оның 24621,0 мың теңге игерілді.

3) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»: Қала бойынша кресло-арбада отыратын мүгедек жандар 459. Жылдың басынан кресло-арбаға 225 мүгедек жандар мұқтаж болып отыр, оның ішінде балалар арбасына-17; жасөпірімдер арбасына-7; сыртқы серуен арбасына-87; бөлмелік арбасына-114 мүгедектер. Қамтылғаны 64 адам болса оның 8-балалар, 3-жасөспірімдер, 53-і сыртқы серуен арбасымен.

4)«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»: Жылдың басынан есепке тіркеліп құжаттарын тапсырған адамдардың саны 631. Қазіргі уақытта ҰОСҚ, ҰОСМ-26, авган соғысына қатысушылар-2, СИАП-2 және жалпы аурулықтарына байланысты-203мүгедектер «Ақжайық» шипажайына жолданып барлық емделушілер саны-242.

5)«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»: Ағымдағы жылдың 9 ай ішінде 89 адам құжаттарын тапсырды. Соның 76 адамының құжаттары әзірленіп ӘДМ-не жолданды. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не – 37; Көшім психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не–6; Казталовка қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы медициналық-әлеуметтік мекемесі»-2; Орал 18 жастан жоғары жартылай стационарлық психоневралогиялық–15; «Круглоозерный психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-не – 6; және «Шапағат» интернат-үйіне – 9 орналастырылды, қалған 13 адам кезекте тұр.

6) «Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу»: Жылдың басынан арнаулы үйден әлеуметтік қызмет көрсететін мекемесіне 120 адам жолығып, оның ішінде: жалғыз басты қарттар-88, мүгедек балалар-23, 18 жастан жоғары ж стационарлық психоневралогиялық аурулықтарына байланысты-6. Барлық арыз берушілердің мекен жайларын жағдайларын толық тексеріп 116 адамдарға үйден көмек беру үшін құжаттары жинақталып жолдама берілді. Балалар тобынан 1-і ауыстырылды және 3 адамға стандартқа сәйкес келмеуіне орай қызмет көрсетілмейді.

7) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»: Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы".       Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу болып табылады.


Жылдың басынан 3адам тіркеліп, оларға куәлік берілді.

8) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»: Протез-ортопедиялық құралдарға жолыққандар және есепке алынғандар саны (балдақ, корсет, ортопдиялық аяқ-киім, таяқ, арба, протездер т.б.) 272 адам, қамтылғандары 137 мүгедектерді, облыстық басқарма арқылы Алматы филиалының протездік шеберханасына жолданылады.

Қолданылып жатырған іс-шаралар барлық санаттағы мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған, әсіресе қазіргі жағдайда маңыздылығы жоғары болып отыр, бұл орайда «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі мамандарының қосар үлесі зор және үнемі назарында.

Орал қаласы бойынша 2013 жылдан бастап ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктерді қолдауға арналған іс шаралар шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру жөнінде жеті жоба іске асырылды. Атап айтсақ:

- зағип жаңдарға (көзі көрмейтін 1 топ мүгдектерге) жеке көмекші қызметін көрсету үшін «Қазақ зағип қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Орал» Корпоративтік қорымен соммасы 32000,9 мың теңге, келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда 275 адамға қызмет көрсетілді, 25736,4 мың теңге еңбек ақы төленді;

- тірек – қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге (кресло-арбамен жүретін мүгедектерге) жеке көмекші қызметін көрсету үшін «Арба» қоғамдық бірлестігімен соммасы 9170,3 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда 85 адамға қызмет көрсетілді, 8151,9 мың теңге еңбек ақы төленді;

- мүгедектерге ымдау тіл маманының қызметін көрсету үшін «Қазақ саңырау қоғамы» облыстық филиалымен соммасы 7 558, 9 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда 168 адамға қызмет көрсетілді. 18-ымдау тілі мамандарға 6359,9 мың теңге еңбек ақы төленді.

- Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы 2012 жылы әлеуметтік тапсырысы бойынша Орал қаласы орталығында тірек – қимыл аппараты бұзылған және кресло-арбаға таңылған мүгедектерді тегін тасымалдайтын «Инватакси» жұмыс атқарып, 650 адам керекті жерлеріне тасымалданды. Биылғы жылы да «Инватакси» жұмысын ұйымдастыру бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында сатып алу конкурсы өткізіліп, Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамымен қызмет көрсетіліп, қазіргі таңда 1124 адам керекті жерлеріне тасымалданды, 3160,0 мың теңге сомма төленді.

- 2013 жылдың 1 қырқүйегінен 1 топ және бала мүгедектерге «Инватакси» жұмысын ұйымдастыру бойынша «Қазақ зағип қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Орал» Корпоративтік қоры жобаны жасады, оған 3438,0 мың теңге қаражат бөлінді.

- «2013 жылы шығармашылық ойлау шеберхананы және мүгедек балалардың интеллектуалдық даму ұйымдастыру және іс шараларды өткізу», жобасына 2500,0 мың теңге қаражат бөлінді. Осы жоба Батыс Қазақстан облысы «Байтерек» ҚБ қолға алып отыр, мақсаты мүгедек балалардың интелектуалдық қабылеттерін, спортқа, мәдениеттікке, семьяларының жағдайын жақсартып және дамыту болып табылады.

- Тұрғылықты мекен-жайы жок азаматтарға арналған «Доңғалақтағы буфетін ұйымдастыру» қызметін көрсету үшін «Ақ отау» қоғамдық бірлестігімен соммасы 1 300,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, оларға қысқы мезгілде ыстық тамақ, киімдер және сабын үлестіріліп, қазіргі таңда 1700 адамға қызмет көрсетілді, берілген қаражаттан 30 аударылды-390,0 мың теңге.

2011 жылы 02 наурызда №18 Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген құрамына сәйкес, қала әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен «22. 06. 1941- 09.05.1945 жылдарында кемінде 6 ай жұмыс жасағандығы жөнінде еңбек өтілін белгілеу бойынша» арнайы комиссия өз жұмысын атқаруда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы №161 қаулысымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің Ережесінің» 27 тармағымен 418 өтініш қаралды, соның ішінде: еңбек өтілдері расталғандар-174 өтініш, расталудан бас тартылғандар-244.

Орал қалалық әкімдігінде «Мүгедектердің істерін жүргізу үшін қалалық Кеңес» ұйымдастырылып, құрамы қала әкімінің 2011 жылдың 03 наурызындағы №418 Үкімімен бекітіліп. Әр тоқсан сайын мүгедектердің әлеуметтік, транспорттық инфрақұрлым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету жөнінде мәселелер көтеріледі. Оның ішінде елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрлыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, осындай жұмыс жүргізу барысында мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй жайларға кіріп-шығуын, сонымен қатар коляска-арбамен жүретін мүгедектерге жол және пандустар орнату сынды игі істерді жүзеге асыру жұмыстары басты назарда болды.

2013 жылғы 31 қаңтардағы №98 қала әкімінің қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін түгендеу (паспортау) жүргізу және ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық комиссия құру туралы».

Жыл бойына 12 әлеуметтік инфроқұрлым Орал қаласы объектілеріне паспорттау жүргізілуде, олар: Облыстық әкімшілік аппараты, Қалалық әкімшілік аппараты, Облыстық клиникалық ауруханасы, Диагностика орталығы, «Орал» халықаралық аэрапорты т.б.

Орал қаласында Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 – 2013 жылдары) іске асыру шеңберінде «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» - «РАЗНЫЕ-РАВНЫЕ» атты алғашқы республикалық конкурсының іріктеу туры өткізілді.

Қалалық іріктеу турынан 9 номинациясына 60-тан астам мүгедек жандар қатысты. Ал облыстық іріктеу турынан 11 жеңімпаз анықталып, олар Республика конкурсына Астана қаласына жолдама берілді.

Іріктеу туры өткізілгенде барлық мәліметтер хабарландыру және «Қазақсстан-Орал және ТДК-42 телеарнасына, сонымен қатар акимат сайтына және «Жайықуні-Жизнь города, Приуралье газеттеріне жарияланды.


Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге арналған мемлекеттік қызметтер алты стандарт бойынша атқарылады:

1)«Тұрғын үй көмегін тағайындау» стандарты бойынша 2013 жылдың 9 ай көрсеткіші бойынша тұрғын үй көмегі 3530 отбасына 74 524,66 мың теңге тағайындалды, соның ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегі 74 отбасына 482,78 мың теңге. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 3486 отбасына 68 193,06 мың теңге төленді, соның ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген күрделі жөндеуге 58 отбасына 368,92 мың теңге;

2)«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» стандарты бойынша 2013 жылы 32619 мың теңге төлеуді жоспарлады, жыл басынан 943-отбасының 1993 баласына 19768,8 мың теңге тағайындалынып, 941-отбасының 1989 баласына 19750 мың теңге төленді;

3)«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» стандарты бойынша 2013 жылы 6922 мың теңге төлеуді жоспарлады, жыл басынан 60-отбасындағы 249 адамға 3068,1 мың теңге тағайындалынып төленді;

4) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» стандарты бойынша 12 адам анықтама алды;

5)«Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» стандарты бойынша 2013 жылы 14444 мың теңге төлеу жоспарлады, жыл басынан 276-балаға 10107,4 мың теңге тағайындалынып, 265 балаға 9944 мың теңге төленді;

6)«Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» стандарты бойынша:

2011 жылғы 3 наурыздағы №458 «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссияның қызметі туралы Ережеге» сәйкес, 2013 жылы 144 180,0 мың теңге бөлініп, 2013 жылғы 1 қазанына 127901,2 мың теңге игерілді.

Әлеуметтік төлемдер келесі санатаға азаматтарға берілді:

а) жергілікті деңгейдегі дербес зейнеткерлерге айсайынғы материалдық көмек 57 адам алды көлемі 1 АЕК (1731 теңге), жалпы соммасы 665,9 мың теңге.

б) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы № 49 «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы негізінде әскерге соңғы шақырылған тұлғаларға айсайынғы материалдық көмекті 63 адам алды көлемі 2,9 АЕК (5010 теңге), жалпы 2233,9мың теңге төленді;

в) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына айсайын 116 адам 1 АЕК көлемінде материалдық көмек, жалпы 1868,3 мың теңге төленді;

г) көз жанарынан айырылған 1 және 2 топтағы зағип мүгедек жандарға және қант диабеті ауруына шалдыққан азаматтарға қала көліктерінде жүруіне байланысты берілетін жолақыны айсайын (1 АЕК) 316 адам, жалпы 5087,7 мың теңге алды;

д) коммуналдық қызметтерге шығындарды өтеу үшін материалдық көмек Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес беріледі:

1)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі ҰОСМ мен ҰОСҚ) – айына 3000 теңгеден және 9 мамыр мерекелік күніне 50 000 теңгеден 283 адам жалпы құны 20560,0 мың теңге алды;

2) Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар:

-Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 2000 теңгеден айсайын және Ауғанстан аумағынан әскерлерін шығару күніне (15ақпан) 10 000 теңгеден 507 адамға 13372,0 мың теңге төленді.

- Чернобыль АЭС-індегі апаттан, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар - 2000 теңгеден айсайын және Чернобыль АЭС-інде апат болған күніне(26 сәуір) 10 000 теңгеден 309 адамға 6326,0 мың теңге төленді.

- Чернобыль АЭС-індегі апатынан қаза болғандардың жесірлері - 2000 теңгеден айсайын, 33 адамға жалпы құны 1092,0мың теңге төленді.

3) Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары:

- Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы - 2000 теңгеден айсайын, 137 адамға жалпы құны 3568,0 мың теңге төленді.

Азаматтардың жекелеген санаттарына берiлетiн бiржолғы әлеуметтiк көмек Орал қаласы әкiмдiгiнiң азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде төмендегi түрде берiледi:

-онкологиялық және туберкулез ауруына шалдыққандардың емделуiне 12 АЕК (20772) 1405 адамға жалпы құны 29095,4 мың теңге төленді;

-жерлеуге – 10 АЕК (17310) 168 адамға жалпы құны 2921,2 мың теңге төленді;

-емделуге қалалық комиссияның шешімі бойынша 1230 адамға жалпы құны 18790,1 мың теңге төленді және мүгедек балалар –107 адамға жалпы құны 2670,0 мың теңге;

Сонымен қатар, өрттен зардап шеккендерге және т.б. төтенше жағдайларға 13 адамға жалпы құны 735,7 мың теңге төленді;

9 мамыр күні тыл ардагерлеріне 5429 адамға жалпы құны 16287,0 мың теңге, ҰОС жесірлеріне 561 адамға жалпы құны 1683,0 мың теңге төленді;

1 мамыр балалар күніне 315 мұгедек -балаларға 945,0 мың теңге берілді.


«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» ММ

Жыл басынан бері денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп арнайы әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж жалғызбасты қарттар мен мүгедектерді анықтау жұмыстары жүргізіліп, 9 ай қорытындысы бойынша барлығы 293 адам анықталып, осының ішінен 117 адамға жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде арнайы әлеуметтік қызметтер тағайындалды, о.і.жалғыз басты қариялар саны -88 (о.і. 8 мүгедеқ), мүмкіндігі шектеулі балалар-23, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар саны - 6.

Сонымен қатар, түрлі себептермен (өз өтініші бойынша, басқа елді мекенге көшуіне, қайтыс болуына байланысты т.б.) 104 адам шығарылды: қариялар -79, мүмкіндігі шектеулі балалар-21, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адам- 5.

Жалпы үйде әлеуметтік қызмет алушылар санының динамикасы:



Қызмет алушылар

Адам саны

Ескерту

01.01.2013 ж.

01.10.2013 ж.

Барлығы, о.і.

895

907




а)жалғыз басты қариялар

(о.і.санат бойынша):



708

(ҰОС ардагері–22, ҰОС мүгедегі-6, ҰОС-на қатысушының жесірі– 43, тыл ардагерлері – 300, зейнеткерлер- 523)



717

(ҰОС ардагері – 18, ҰОС мүгедегі – 5, ҰОС-на қатысушының жесірі – 38, тыл қызметкерлері – 319, зейнеткерлер- 337)



қариялар – 584 мүгедек – 133

б)мүмкіндігі шектеулі балалар

153

155




в)психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқандар

34

35






«Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қаңтар айынан бастап Орал қаласы әкімдігінің «Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығы» КММ-іне 60-тан астам әйел адам көмекке жүгініп, оларға психологиялық және құқықтық кеңестер берілді, 11 отбасы паналап, қажетті көмектер көрсетілді.

4 әйел тұрақты мекен-жайы бойынша ауруханаға жолданды, емханада 2 әйел адам емделіп шықты, 6 әйелге дәрумендік терапия курсы жүргізіліп, 3 балаға антибиотикке қарсы ем жасалды. Төмендегі тақырыпта әңгімелесу жүргізілді: ЖРВИ-ң алдын алу; Ішек инфекциясынан қорғану; Балаларда дене жарақатындағы күтім; Дұрыс тамақтану; Нәресте күтімі және Қан қысымынды біл.

Жыл ішінде келесі іс-шаралар өткізілді:

- 1 наурызда Ішкі Істер Басқармасының учаскелік инспекторлармен бірлескен шара;

- 29 наурызда орталықта қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің қатысуымен Ашық есік күні өткізілді;

- 29 мамырда «Әйел-отбасының тірегі» және «Әйелдердің құқықтық сауаттылығын жоғарылату» атты семинар – тренинг өткізілді;

- 1 маусым «Балаларды қорғау» күніне байланысты баспана тұрғындарының балаларымен суреттер конкурсы, қызықты ойындар өткізілді.

- 4 шілдеде және 24 қыркүйекте «Жайық дауысы» ҚБ-мен облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен және әелдер істері жөніндеге комиссия мүшелерінің қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңын жүзеге асыру тақырыбында семинар өткізілді;

«Болашақ бүгінен басталады» республикалық акциясы кестесіне өз іс-шараларымызды ұсынып, жүзеге асыру жоспарланды.

- 28 тамызда Конституция күніне орай «Менің құқығым» атты іс-шара өткізілді;

- 5 қыркүйекте «Отбасы – алтын діңгек» атты іс-шараға көп балалы, аз қамтылған отбасылар шақырылып, оларға сыйлықтар тарту етті.

2013 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 10 мақала жарияланып, 5 телеарнада арнайы көрсетілім шықты және «РТРК Қазақстанның» Батыс Қазақстан филиалының радио эфирінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында хабар дайындалды.



«Орал қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің
«Орал қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» мемлекеттік мекемесі 2013 жылдың 9 ай ішінде аткарылған жұмыстарға есеп бере отырып, төмендегі мәліметтерді мәлімдейді. 2013 жылы 107 адам қабылданған. Соның ішінде: 47 Орал қалалық жұмыпен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөлімінің, 8 Орал қалалық ІІБ қабылдап тарату бөлімінің, 4 облыстық аурухананың, 16 өз өтініштері, 2 басқа мекемеден келген жолдамасымен бойынша келген.

Осы үстіміздегі жылда Орталыққа қабылданғандардың 107-не жеке құжаттары қалпына келтірілді, 3 адамды қоғамдық, 17 уақытша жұмыспен қамтуға, 25 адамды тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Орталық тұрғындардың жеке құжаттарын қалпына келтіруге, мүгедектердің әлеуметтік жәрдемақыларын, зейнеткер жасындағыларға зейнетақы тағайындауға көмектеседі.

Тағы бір айта кететін жағдай, өздеріңізге белгілі 5 мәрте, Орал қаласы әкімдігі «Орал қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы белгілі тұрағы жоқ адамдарды санитарлы-медициналық тұрғыда оңалту шарасы өткізілгені туралы мәлімдейді. Аталмыш шара барысында Орал қаласы Ішкі Істер басқармасының қызметкерлерінің көмегімен көшедегі кезбелерді жинап, Орталықтың ауласында орналасқан вагон типті ғимараттың ішінен төменде аталып көрсетілген қызметтер көрсетілді. Осы шараға жалпы саны екі жүз елу төрт кезбе жиналды. Олардың алдымен киімдерін содан соң өздерің дезинфекциялап, шашын, сақал-мұртын алып, суға шомылдырып, таза киім берілді. Кейін 4-емхананың білікті мамандары (лор, хирург, терапевт, гинеколог, дерматовенеролог) және флюорография тексерісінен өткізілді. Медициналық тексерістен кейін ыстық тамақпен қамтылды. Осы шара барысында 5 адамда өкпе қабынуы байқалып, оларды арнайы емдеу мекемесіне жіберілді.


«ЖҚ және ӘББ» ММ басшысы А.Төкешева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет