Бекітемін «ШҚ аэк» АҚ Басқарма Төрағасы А. Балабатыров «11» 06 2013 ж. КӘсіпорын саясаты



Дата26.06.2016
өлшемі250 Kb.
#159363









БЕКІТЕМІН
«ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасы
___________________ А. Балабатыров
«_11__» ____06________ 2013 ж.



КӘСІПОРЫН САЯСАТЫ



АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ

С 16-01
(КІНҚЖ 16 «PR Менеджмент» бөлігіне)

Тіркеу № ___________

Түгендеме № 64-01.26/57

Есепке алынған көшірме №_______ ____________

«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ

Өскемен қ.

Кіріспе
1 «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» акционерлік қоғамымен ӘЗІРЛЕНГЕН
2 ЖББ бастығы _________ А. Проскуряков

«_26_» _02_ 2013 ж. ӘЗІРЛЕГЕН
3 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
4 «_17_» _06_ 2013 жылғы № 183 бұйрығымен ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
5 АЛҒАШҚЫ ҚАЙТА ҚАРАУ МЕРЗІМІ – 2016 жыл.

ҚАЙТА ҚАРАУ МЕРЗІМДІЛІГІ – 3 жыл.
6 ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР __________________

Кәсіпорын басшылығының рұқсатынсыз басқа ұйымдарға осы құжатты беруге тыйым салынады.

.


  1. Мақсаты мен қолданылу саласы

Осы Кәсіпорын Саясаты бизнестің мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық алмасуды регламенттейді.

Осы Кәсіпорын Саясаты Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттама жүйесі 16 «PR-менеджмент» бөлігінің нормативтік базасының бөлігі болып және Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері үшін қолданылуы міндетті болып табылады.




  1. Нормативтік сілтемелер

Осы Кәсіпорын Саясатында келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

ҚР Президенті Жарлығымен қолданысқа енгізілген Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 23.07.1999 жылғы №451-1 заңы.

СТ-03 Құжаттармен басқару.

КН 03-01 Ұйымдық – өкімдік және ақпараттық – анықтамалық құжаттама. Әзірлеу және басқару тәртібі.

КН 03-02 Ұйымдық – өкімдік және ақпараттық – анықтамалық құжаттама. Бланктер мен шаблондар.

КН 03-09 Ішкі нормативтік құжаттама. Әзірлеу және басқару тәртібі.

КН 16-01 БАҚ сұрау салуларына жауаптар. Әзірлеу және басқару тәртібі.

КН 16-02 Кәсіпорынның ресми рәміздері. Әзірлеу, басқару және қолдану тәртібі.




  1. Терминдер, анықтамалар, белгілер және қысқартулар




    1. Терминдер, анықтамалар

Осы Кәсіпорын Саясатында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Брифингбелгілі бір мәселе бойынша қысқаша баспасөз - конференциясы. Баспасөз-конференциясынан презентациялық бөлігі болмауымен ерекшеленеді. Яғни бірден журналисттердің сұрақтарына жауап беріледі.

Құпия ақпарат – қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтер.

Негізгі хабарлама – бұл «ШҚ АЭК» АҚ-ы мақсатты аудиторияға тарататын, басқа кәсіпорындардан бірегей ерекшелік.

Жұртшылық – Кәсіпорын өзінің қызметін жүзеге асыру үдерісінде бір-бірімен өзара тікелей қарым-қатынас жасамаса да белгілі бір ортақ мүдде жолында біріккен, тұлғалар және әлеуметтік топтар.

Көпшілікке қолжетімді ақпарат – оған қол жеткізу үшін артықшылықты талап етпейтін не заң және басқа да құқықтық актілеріне сәйкес ашуға жататын ақпарат.

Байланыс орталығы – энергиямен жабдықтау туралы жедел ақпаратты тұтынушылар қоңырау шалу арқылы алуға болатын кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі.

Баспасөз хабарламасы баспасөз хабарламасын шығарған ұйым туралы жаңалығы бар, қандай да бір сұрақ бойынша оның позициясын баяндау және БАҚ-та жариялау үшін таратылып берілетін ақпараттық хабарлама.

Баспасөз-рейд – Кәсіпорынның жұмысын көрнекі көрсету мақсатында ұйымдастырылатын баспасөз өкілдеріне арналған іс-шара.

Баспасөз-конференция – қоғамдық маңызды жаңалық бар болған жағдайларда өткізілетін, БАҚ-қа арналған іс-шара және осы жаңалықпен тікелей байланысты, өзінің түсініктерін бергісі келетін ұйым.

Баспасөз-кит – Кәсіпорын қызметін жариялайтын және баспасөз өкілдеріне арналған құжаттар мен көрнекі материалдар жинағы.

Баспасөз – таңғы ас – Кәсіпорын спикерлері және баспасөз өкілдерінің қатысуымен өтетін бейресми іс-шара. Баспасөз – таңғы астың мақсаты – журналисттерге қажетті ақпаратты жеткізу.

Баспасөз-коктейль – жеңіл фуршет түрінде ұйымдастырылатын, журналисттерге арналған бейресми іс-шара. Мақсаты – жиналған БАҚ өкілдеріне әр түрлі сұрақтар бойынша позициясын жеткізу.

Ақпаратты ашу – БАҚ туралы Заңына сәйкес барлық мүдделі тұлғаларға ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Транспаренттілік – ашықтық, құпиясыздық, кез келген ақпаратқа қолжетімділік.

Жұртшылықпен байланыс – Кәсіпорын мен жұртшылық арасындағы қарым-қатынастарда өзара түсінушілік пен сенімділікке қол жеткізу мақсатында коммуникативтік үдерістер жиынтығымен басқару жөніндегі іс-шаралар кешені.

Спикерлер – осы Саясатта қарастырылған, өз құзыреті шегінде осы Саясат пен Кәсіпорын бойынша бұйрық арқылы уәкілетті, ақпаратты сұхбат беру түрінде ұсынатын Кәсіпорын қызметкерлері.

Уәкілетті лауазымды тұлғалар – осы Кәсіпорын саясатына сәйкес, басқа ұйымдарға (оның өкілдеріне) Кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты ұсыну және/не Кәсіпорын атынан қандай да бір техникалық, экономикалық және жалпы әлеуметтік сұрақтар бойынша жауап беру құқығы берілген Кәсіпорын қызметкерлері.

Мақсатты аудиториялар – өзінің қызметін жүзеге асыру кезіндегі Кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қоғамдық топтар. Мақсатты аудиторияларға мыналар: атқарушы өкімет, үкімет, тұтынушылар, серіктестер, акционерлер, қоғам, Кәсіпорын қызметкерлері, БАҚ кіреді.

Құрылымдық бөлімше – Кәсіпорынның бекітілген Ұйымдық құрылымына сәйкес, Кәсіпорынның бөлігімен басқаратын ресми бөлінген орган, соның ішінде Аудандық электр желілер.


    1. Белгілер мен қысқартулар

«ШҚ АЭК» АҚ/Кәсіпорын – «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» акционерлік қоғамы.

Саясат – Кәсіпорынның Ақпараттық Саясаты.

АЭЖ – аудандық электр желілер.

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары.

ҚБ – құрылымдық бөлімше.

ЖББ – жұртшылықпен байланыс бөлімі.

МА – мақсатты аудитория.



  1. Жалпы ережелер









    1. Осы «ШҚ АЭК» АҚ Ақпараттық Саясаты ішкі пайдалану үшін әзірленген.

ӨХ № 1




    1. Кәсіпорын осы Саясаттың Мақсатын өзінің қызметінің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз етуге бағытталған ережелер мен құралдарды регламенттеу деп анықтайды.

    2. Осы Саясаттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:















      1. Кәсіпорынмен ақпараттық алмасу барысында қолданылатын жалпы қағидаттар мен тәсілдемелерді анықтау.

      2. Кәсіпорын ақпараттық қызметінің өзінің мақсатты аудиторияларына қатысты басымдылықтары мен стандарттарын бекіту.

      3. Ашылатын ақпараттың, оның таратылу каналдары мен құралдарының тізбесін анықтау.

      4. Ақпарат ұсыну ережесін, оны талдап тексеру деңгейін, осы үдеріске жауапты қызметкерлерді анықтау.

      5. Мақсатты аудиториялармен өзара қарым-қатынас және коммуникациялармен басқару үдерістерін регламенттеу.

      6. Осы Саясатты жүзеге асыру барысында Кәсіпорын мақсатты аудиториялар арасында таратылатын кез келген өзі туралы ақпарат өзінің беделін көтеруге, сонымен қатар өзінің сәтті қызмет етуіне кедергі жасауға әкелуі мүмкін екенін назарға алады. Осылайша, осы Саясаттың міндеттерінің бірі беделдік тәуекелдермен басқару болып табылады.

    1. Кәсіпорынның беделіне жағымсыз әсер ететін ақпараттық дағдарыстар жағдайында, дағдарысты бейтарап қалдыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекетке басшылық «ШҚ АЭК» АҚ бедел-бейнесін қалпына келтіру не түзету мақсатында ақпаратты ерікті ашуын қамтитын, Дағдарысқа қарсы PR-жоспар болып табылады. Дағдарысқа қарсы жылдық жоспарды әзірлеуге жұртшылықпен байланыс бөлімі жауаптылықта болады.

    2. Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету Осы Саясатта жұртшылықпен байланыс орнату және оны қолдау бойынша іс-шаралар ретінде қарастырылмайды.

    3. Осы Саясаттың сақталуын бақылау ЖББ жүзеге асырады.

    4. ӨХ№ PR-менеджменттің қызметі Кәсіпорынның осы ақпараттық Саясатында (С 16-01), сонымен бірге:

  • БАҚ сұрау салуларына жауаптар дайындау және оны басқару тәртібі КН 16-01 регламенттелген;

  • Кәсіпорынның ресми рәміздерін әзірлеу, басқару және оны қолдану тәртібі КН 16-02 регламенттелген.




    1. «ШҚ АЭК» АҚ мақсатты аудиторияның категориясына байланысты пайдаланылатын коммуникация түрлері




















































      1. Тұтынушылармен байланыс

Тұтынушыларды жедел ақпараттандыру мақсатында Кәсіпорын деректерді мыналарды пайдалана отырып таратады:

  • сыртқы корпоративтік ғаламтор-сайт;

  • арнайы брошюралар мен буклеттер;

  • БАҚ;

  • «ШҚ АЭК» АҚ бөлмелеріндегі ақпараттық стендттер;

  • диспетчерлік қызметке не бірыңғай Контакт - орталыққа қоңырау шалу арқылы берілетін жауаптар.




      1. Қызметкерлермен байланыс

Кәсіпорынның барлық жұмысшыларын оның қызметі, дамуы, қабылданған басқарушылық шешімдер жөніндегі мәселелер бойынша тұрақты ақпараттандыру мақсатында мыналар қолданылады:

  • басқару құрылымының барлық деңгейлеріндегі жедел жұмыс кеңестері;

  • басшылықтың корпоративтік іс-шараларда сөз сөйлеулері;

  • барлық бөлімшелердегі арнайы ақпараттық тақталарда ақпаратты орналастыру;

  • ақпараттық хабарламаларды ішкікорпоративтік электронды пошта арқылы жіберу;

  • ішкікорпоративтік сайт (Ғаламтор-портал);

  • Кәсіпорынның апта сайынғы жаңалықтарын жіберу;

  • ішкікорпоративтік ақпараттық басылым.




      1. Жұртшылықпен байланыс

Тұрақты позитивті бедел-бейнесін қалыптастыру, қатысу аймақтарында өзінің әлеуметтік рөлін растау мақсатында, Кәсіпорын:

  • халықтың техникалық және экономикалық сауаттылығының жалпы деңгейін жоғарлататын, және де жұртшылықты Кәсіпорында орын алған оқиғалар туралы ақпараттандыратын көпшілік материалдарды әзірлеп, ашық БАҚ арқылы (БАҚ осы жерде мақсатты аудитория да, ақпаратты көрсететін канал да болады) таратады;

  • өзінің қызметі туралы ақпаратты жан-жақты және жедел ұсыну үшін Ғаламтор желісін пайдаланады;

  • жұртшылықпен тиімді байланыстарды орнатуға мүмкіндік тудыратын көпшілік ақпараттық, талдамалы (конференцияларға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге) және әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатысады.




      1. БАҚ-пен байланыс

Кәсіпорынның қызметі туралы позитивті қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында, жұртшылықпен байланыстың коммуникативтік каналдарының бірі ретінде Кәсіпорын және БАҚ арасындағы қарым-қатынас құру үдерісін ұйымдастыру мыналарды түсіндіреді:

  • Кәсіпорынның қызметі туралы ресми ақпараттың жедел жиналуын және оның БАҚ-та таратылуын қамтамасыз ету;

  • Кәсіпорын мамандарының Кәсіпорынның қатысу аймақтарында ұйымдастырылатын, Кәсіпорын құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі әлеуметтік маңызды іс-шараларға, соның ішінде көрмелерге, конференцияларға, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу;

  • өзінің баспасөз-конференцияларын, брифингтерін және т.б. өткізу;

  • баспа және электронды БАҚ-та Кәсіпорынның уәкілетті лауазымды тұлғаларының (спикерлердің) жарияланымдары мен сөз сөйлеулерін ұйымдастыру;

  • кәсіпорынның маңызды оқиғалары туралы баспасөз хабарламаларын жасау және оны тарату.




      1. Мемлекеттік органдармен байланыс

Мемлекеттік билік органдармен және мемлекеттік қадағалау органдармен қарым-қатынастар оларды (сол немесе басқа деңгейде энергетикалық ұйымдар қызметін реттейтін) Кәсіпорын қызметі туралы уақытында және сенімді ақпараттандыру Кәсіпорын мәртебесін қолдауға бағытталған заңға бағынышты және ұйымның мемлекеттік мүдделерін құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, осы өзара әрекеттер Кәсіпорын өкілдерінің (есеп берулер, кездесулер, мәжілістер, сессиялар, мәслихаттар, конференциялар және т.б.) заң билігі және атқарушы органдар өкілдерімен ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуын болжайды.


    1. Жариялау үшін себептер

БАҚ туралы Заңмен реттелетін барлық оқиғалар, ақпаратты ашу туралы жариялау үшін себеп болып табылады. Бұдан басқа, ақпаратты өз еркімен ашып көрсету үшін ақпараттық себеп болып мыналар табылады:

  • Кәсіпорынның тарифтік саясатындағы өзгеріс;

  • энергиямен жабдықтау сапасын көтеретін, технологияны енгізу, техникалық жұмыстарды жүргізу;

  • басшылықтың стратегиялық бастамалары;

  • Кәсіпорын басшылығындағы өзгерістер;

  • Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымындағы өзгерістер;

  • Кәсіпорынның ірі жобаларының аяқталуы, дамуы, басталуы;

  • форс-мажорлық, дағдарысты, штаттан тыс жағдайларды түсіндірулер және түсініктемелер (апаттар, кернеу құламалары, табиғи апаттар және т.б.)

  • маңызды күндер, мерейтойлар, мерекелер;

  • Кәсіпорын беделін көтеруге әсер ете алатын, басқа фактілер.



  1. Талаптар




    1. Ақпараттық Саясат қағидаттары

      1. «ШҚ АЭК» АҚ осы Саясатын жүзеге асыру барысында келесі қағидаттарды сақтайды:

1) Жеделдік қағидаты - Кәсіпорында болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат мақсатты аудиториялар үшін оның маңыздылығын төмендетпей, қысқа мерзімде дайындалып жеткізіледі.

2) Әділдік қағидаты – ақпарат барлық тұлғаларға таратылады, қандай болмасын мақсатты аудиторияға жататын, бір уақытта және бірдей көлемде, бір ақпаратты алушымен басқа ақпаратты алушымен алдындағы артықшылықты туғызбау жолымен;

3) Шындық және дұрыстық қағидаты - Кәсіпорын толық ақпарат көлемін ұсынады, жағымсыз ақпаратты таратудан қашпайтын, егер осындай ақпарат маңызды болатын болса, сонымен бірге таратылатын ақпарат бұрмаланған және қате болмайтын болса.

4) Теңгерімділік және қорғалу қағидаты - «ШҚ АЭК» АҚ-ы ашықтық және құпиялық қағидатының орынды теңгерімінен басталады.



      1. Кәсіпорын ақпараттық ашықтық режимінде ішкі және сыртқы мақсатты аудиторияларға қатысты жұмыс істейді. Ашықтық деңгейі ҚР Заңнасымен анықталады.

      2. Кәсіпорын өзінің беделіне қамқорлықпен қарайды және жүйелі түрде өзінің іскерлік беделін бекітеді, осы мақсаттар үшін заңды тәсілдер мен байланыс әдістерін пайдаланады.

      3. Кәсіпорын қызметкерлері өзінің құзіреті шегінде корпоративтік ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар.

      4. Кәсіпорын тиісті түрде құпия ақпаратты қорғауға қамқорлықпен қарайды.




    1. Ашылатын корпоративтік ақпаратқа қойылатын талаптар

      1. Барлық мүдделі тұлғаларға және құрылымдарға ресми жүгінген кезде Кәсіпорын қызметінің саласы, тарихы, міндеті, құндылықтары, басымдылықтары, даму стратегиясы, қаржылық қызметінің жалпы көрсеткіштері, әлеуметтік және қайырымдылық белсенділігі туралы деректер ашылуы мүмкін;

      2. Кәсіпорын туралы ақпарат өтінімдерге, баспасөз хабарламалар және қаржылық - шаруашылық қызметінің оқиғалары туралы ауызша түсініктемеге жауап түрінде ашылады.

      3. БАҚ (радиода және теледидарда, басылатын және электрондық) ерікті міндетті жариялауға Кәсіпорын қызметінің барлық оқиғалары жатады. Бұл жағдайда олар қоғам үшін қызықты және Кәсіпорынның жағымды беделін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады (ақпараттық себеп).

      4. Мақсатты аудиториялармен жұмыс істеген кезде ақпаратты ерікті түрде жариялаған кезде келесі құралдар пайдаланылады:

  • баспасөз хабарлама;

  • баспасөз - кит;

  • баспасөз - конференция;

  • баспасөз - рейд;

  • баспасөз – таңғы ас;

  • баспасөз - коктейль;

  • жазбаша сауалдарға жауаптар;

  • сұхбат;

  • ауызша түсініктемелер,

  • электрондық пошта бойынша хаттар;

  • Кәсіпорынның жаңалықтар шығарылымы;

  • басшылық хабарламалары;

  • меморандумдар;

  • ұжымды нығайту бойынша іс-шаралар;

  • Кәсіпорын мамандарының қоғамдық-маңызы бар іс-шараларға қатысуы: көрмелер, брифингтер, дөңгелек үстелдер, және баспасөз – конференциялар;

  • өзге де.



    1. Негізгі хабарламалар

Негізгі хабарламалар – бұл «ШҚ АЭК» АҚ мақсатты аудиторияларға тарататын, оқиғалар немесе қызметі туралы бірегей ақпарат. Дәл осы негізгі хабарлама компанияны электр энергиясын беру нарығындағы осы тәрізді кәсіпорындардан ажыратыды. Түрлі МА ақпаратты ұсынған кезде келесі негізгі хабарламаларға сүйену қажет:
- «ШҚ АЭК» АҚ –тың негізгі мақсаты тұтынынушыларды сапалы үздіксіз энергиямен жабдықтау болып табылады;

- «ШҚ АЭК» АҚ әлеуметтік-жауапты компания болып табылады;

- «ШҚ АЭК» АҚ кәсіпорында жұмыс істейтін, аумақ тұрғындарының және барлық тұтынушылардың, өз қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;

- «ШҚ АЭК» АҚ құқықтық алаңда жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының заңдарын мүлтіксіз сақтайды;

- «ШҚ АЭК» АҚ – ҚР ең ірі энергия беруші кәсіпорындарының бірі болып табылады;



- «ШҚ АЭК» АҚ – өзі міндеттемелерін орындайтын, сенімді серіктес.


    1. Спикерлер

      1. Қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері бойынша түсініктемелер және сөз сөйлеулер Кәсіпорын бойынша бұйрықпен (Қосымша 1, КН 03-02) тағайындалған спикерлердің міндетіне кіреді. Аталмыш сөз сөйлеулер Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім бастығымен жетекшілік етіледі және міндетті түрде Басқарма Төрағасымен келісіледі.

      2. Спикерлер Кәсіпорын бойынша бұйрықпен КН 03-01 талаптарына сәйкес тағайындалады. Бұйрық жобасын әзірлеуші – ЖББ бастығы. Бұйрықты келісетін лауазамды тұлғалар: спикерлердің тікелей жетекшілері және бағыттар бойынша Басқарма Төрағасының орынбасарлары және спикерлердің тікелей басшылары. Бұйрыққа Басқарма Төрағасы қол қойяды, содан кейін ол Кәсіпорын қызметкерлеріне электронды пошта арқылы жеткізіледі. Егер тағайындалған спикерлерді жұмыстан босату/ ауыстырулар болған жағдайда, ЖББ бастығы 5 жұмыс күні ішінде спикерлердің жаңартылған құрамын тағайындау туралы бұйрығының жобасын әзірлеуге міндетті.

      3. Бұйрықта көрсетілген (5.4.2-т.) лауазымды тұлғалар Кәсіпорынның өзге қызметкерлеріне Кәсіпорын атынан ақпаратты ұсынуға өкілеттілігін табыстауға құқылы, егер спикерлер аталмыш қызметкерлердің әрекетін бақылау және үйлестіруді жүзеге асыратын болса. Бұл жағдайда осы Саясат талабын қызметкерлердің сақтауына жауапкершілік өзінің өкілеттігін (яғни, спикерлерге) табыстаған лауазымды тұлғаға жүктеледі.

      4. Спикерлер болып табылмайтын (немесе тұлғалармен, өзінің өкілеттігіне құқық беретін), «ШҚ АЭК» АҚ қызметкерлері, ақпараттық алмасу кезінде корпоративтік ақпаратты Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім бастығының және Кәсіпорынның Басқарма Төрағасының келісімі бойынша және өзінің құзыретіне қатысты тікелей мәселелер бойынша тарата алады.




    1. Саясаттың орындалуына жауапкершілік

      1. Ақпараттық себептерді дайындау, жинау және әлеуметтік-маңызы бар оқиғалар үдерісін ұйымдастыру бойынша негізгі қызметтер, БАҚ өкілдері үшін іс-шараларды ұйымдастыру, сонымен бірге жұртшылықпен және БАҚ өкілдерімен байланысты қолдау Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімге жүктеледі.

      2. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім ұйымдастырылатын шаралардың ақпараттық жасалуына және таралатын хабарламалаға жауапкершілікте болмайды, үйлестіруші ретінде әрекет етеді. Ақпараттың дұрыстығына жауапкершілік ақпаратты ұсынған лауазымды тұлғаға жүктеледі.



      1. Қызметкерлермен және тұтынушылармен, билік өкілдерімен байланысты қолдау және орнату бойынша негізгі қызметтер, аталған әрекеттер міндеттемесіне кіретін лауазымды тұлғаға жүктеледі.

      2. Кәсіпорын өзі бастамашылық еткен ақпаратты тарату немесе қандай болмасын өтінімге, жолданымға жауап беру осы Саясатта жазылған (5.3 т.) негізгі хабарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. «ШҚ АЭК» АҚ әрбір қызметкері, атқарып отырған лауазымына қарамастан, осы Саясаттың орындалуына жеке жауапкершілікте болады.




  1. Өзгертулер енгізу

Осы Саясатқа өзгертулерді ЖББ бастығы әзірлейді, Саясатты келіскен, тұлғалармен келісіледі және Басқарма Төрағасы бекітеді.

Саясатқа өзгертулер енгізу КН 03-09 сәйкес жүргізіледі.




  1. Жіберу

Мұрағатшы осы Саясатты «.pdf» үлгісінде серверде және Кәсіпорын порталында орналастырады. Одан әрі көбейту, тарату, жіберу және таныстыру құрылымдық бөлімшелермен СТ-03 талабына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет