2013 жылдың қаңтар-сәуір бойынша Актау қаласының Әлеуметтік-экономикалық дамуы
2013 жылдың қаңтар - сәуір айларына өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 42,6 млрд. тенге (НКИ – 101,2%) құрады, оның ішінде:
-
тау-кен өнеркәсібінде – 1,86 млрд. теңге (НКИ – 2012 жылғы тиісті деңгейден 2,6 есе көп);
-
өңдеу өнеркәсібінде - 18,1 мрд.теңге (НКИ - 99,4%);
-
электрменжабдықтау, газ, бу беру– 18,7 млрд. теңге (НКИ -96,6%);
-
суменжабдықтау – 3,93 млрд. теңге (НКИ – 107,6%).
Гранул, гравия, щебень өндіріс көлемінің өсуі есебінен тау - кен өнеркәсібі өсімі 2,2% өскені белгіленді.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемінің төмендеуіне мыналардың көлемінің төмендеуі әсер етті:
-
сусындар өндірісі – 27,3%-ға,
- химиялық өнеркәсібі 19,8%-ға, оның ішінде өнеркәсіпте азотты, минералды тыңайтқыштары 24,6%-ға (62,6 мың. тонн), аммиак –8,2%-ға (42,5 мың. тонн) және көміртектің диоксиді –38,9%-ға (22 тонн);
- металлургиялық өнеркәсібі 41,9%-ға, ал дәл қара металлургия – 42,5%-ға.
Электрменжабдықтауда, газ, бу беруде және әуе салқындатқышында жылу энергиясы өндірісінің көлемі 3,6%-ға (1214,3 мың. Гкал) төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімі. Есепті кезеңде барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 2,3 рет өсті (33 тонна) және тауық жұмыртқалары 18,2%-ға (2,6 мың.дана). Сонымен бірге, сиыр сүтін сауып алу - 16,4% (4,6 тонна) төмендеді.
2013 жылдың 4 айдың ішінде ешкі саны – 18,5% (198 бас) және құстар – 33,6 % төмендеді (77 бас). Одан өзге, ірі қара мал саны 2,2 есе өсті (524 бас), қой саны – 3,7% (2021 бас), жылқы саны – 2,0 есе (433 бас), түйе – 2,7 есе (191 бас), доңыз саны – 4,9% (172 бас) өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында 4734,8 млн. теңгені құрады, бұл деген 2012 жылдың тиісті деңгейінен 46,4%-ға төмен. Сала бойынша НКИ 53,9% құрады, құрылыс-монтаж жұмыстарының төмендеуіне байланысты алдыңғы жылмен салыстырғанда 50,8%-ға (4140 млн. тенге). Сонымен бірге, күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 31,1% (457,5 млн. теңге) және ағымдағы жөндеу - 2,7 есе (191 бас), доңыз 4,9% өсті (172 бас).
2013 жылдың қаңтар-сәуір айларына 53 жаңа ғимарат қолданылуға берілді, оның ішінде 49 тұрғын үй мақсатында.
Қала бойынша енгізілген тұрғын үй көлемі 14,75 мың.кв.м. (толық тұрғындармен салынған), бұл 2012 жылдың қаңтар айындағы тиісті деңгейден 15,2 % төмен (17,4 тыс.кв.м.). Енгізілген тұрғын үйдің НКИ 84,8% құрады.
Тұрғын үй құрылысына 1100,6 млн. теңге бағытталды, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 2,3% төмен. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру салушының меншікті қаржыларымен ғана жүзеге асырылды.
2012 жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда негізгі капиталға инвестиция 34,3%-ға төмендеді және 2013 жылдың қаңтар - сәуір айларына - 12543,5 млн. теңгені құрады.
Белгілеуге тиіс бюджеттік қаржылары есебінен инвестицияның төмендеуі 55,2% (1065,0 млн. тенге), меншікті қаржылар –34,1%-ға (4063,7 млн.теңге) және қарыздық қаржылар – 11,3%-ға (7258,6 млн. теңге). Сонымен бірге, шетелдік қаржылар көлемі 4,7 есе көбейді және 2153,0 млн. теңгені құрады, немесе жалпы инвестиция көлемі 16,4% құрады.
Негізгі капиталға инвестиция техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 5781,8 млн. теңге (жалпы көлемінен 46,1%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 4174,9 млн.теңге (33,3%) және өзгелер – 2586,8 млн. теңге (20,6%).
Негізгі капиталға анағұрлым инвестиция 6004,2 млн. теңге (жалпы көлемінен 47,9%) өнеркәсіпке бағытталған, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 1126,5 млн.теңге (15,1%).
2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша субъектілер саны шағын кәсіпкерлікте 29980 бірлікті құрады немесе алдыңғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 8,9% көп. Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны есепті кезеңге 3,8 % өсті және 64,3 мың адамды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілермен 25,6 млрд. тенгеге тауарлар өндірілді, бұл 2012 жылғы деңгейден 3,2% - ға көп.
Ортаайлық нақтылы жалақы мөлшері қала бойынша 2013 жылғы қаңтар-наурыз айларында 181 571 теңгені құрады және бұл 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,0% өсті. Қала бойынша жалдамалы жұмысшылардың саны ағымдағы жылдың сәуір айында 92,8 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтамасыз ету. 2013 жылғы 01 мамыр айы бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,4% құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар – сәуір айларында жұмыспен қамту органына өтініш білдірген азаматтар саны 698 адамды құрады, бұл алдыңғы жылғы тиісті деңгейі бойынша 16,1% көп. Тіркелген жұмыссыздар санындағы әйелдер – 281 адамды құрайды. (жалпы санынан 40,2%).
Қала бойынша 2013 жылдың қаңтар – сәуір айларында 2712 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2012 жылғы тиісті деңгейден 0,7%-ға көп.
Кәдімгі халықтың қозғалысы. Қала бойынша 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында халықтың табиғи өсімі 19,22 промилле болып қалды немесе 2012 жылғы өсу деңгейінен 10,0% (17,47). Бала туу коэффициенті 25,45 промиллені құрады ( 5,2%ға өсім), өлім-жітім коэффициенті – 6,23 промилле 7,4% төмендеуі).
Балалардың шетінеу коэффициенті 1000 туылған балаларға – 2012 жылы 13,02 промиллені, 2013 жылы 10,49 промилле (2012 году – 15,76) төмендеуі белгіленді.
Қылмыстылық. 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында қала бойынша 1149 қылмыс тіркелген немесе 2012 жылдың тиісті деңгей өсіміне 40,9% (814 қылмыс).
Қылмыс деңгейі 10 мың халыққа – 63 жағдайды құрады (2012 жылы- 46) немесе 36,9% өсімімен.
Атап кететін жәйт, бұл анықталған тұлғалардың қылмыс жасағандардың көп бөлігі, жұмыссыздар - 83,4% құрайды (2012 жылдың сол кезеңінде - 77,1%).
2013 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша жергілікті бюджетке салық пен төлемдер бойынша 3615,8 млн. теңге түсті, жоспар бойынша 3497,6 млрд. теңге немесе орындалысы 103,4% құрады.
Жергілікті бюджет кірісіне жалпы салықтық түсімдер мен алымдардан салықтық түсімдер – 2475,3 млн.теңге (121,5% - есепті жоспарға), салықтық емес түсімдер – 204,5 млн.теңге (131,2%), негізгі капитал сатудан түсімдер – 262,2 млн. теңге (111,1%) және трансфертттер түсімдері – 673,8 млн. теңге (63,1%) түсті. Трансферттер түсімдерін есептемегенде, жергілікті бюджетке 2942,0 млн. теңге түсті немесе жоспар 121,1% орындалды.
Шығынды бюджет бөлігі 3476,5 млн. теңгеге орындалды немесе есепті кезең жоспарына 81,2% (4283,5 млн. теңге).
Достарыңызбен бөлісу: |