2013 жылғы 13 наурыздағы №234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қатысты



Дата29.02.2016
өлшемі35.16 Kb.
#32246



«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және Қазақстан «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қатысты


АНЫҚТАМА

«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану көзделген.

Бұл 2014 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығының, сондай-ақ «Мұрағаттық құжаттарды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарынан ішкі істер органдарына беру туралы» Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 204/377 бірлескен бұйрығының негізінде жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары репрессияға ұшыраған тұлғалардың қылмыстық істері, сондай-ақ Германиядан қайта оралған бұрынғы КСРО-ның әскери тұтқындары мен азаматтарының фильтрациялық және олжалық материалдары әрі қарай сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағатына тапсырылумен негізделеді. Бұл ретте апостиль қою бойынша қызмет көрсету тек жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары (1920-1950жж.) репрессияға ұшырап, кейін ақталған тұлғалардың қылмыстық істеріндегі мұрағаттық құжаттарға қатысты.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталған.

«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес басқа мемлекеттік органдардың қатарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көші-қон полициясының құрылымдық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою құқығы берілген.

Сонымен қатар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 983 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жеке және заңды тұлғаларға
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы


24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің Төрағасы Н. Әбіқаев
2015 жылғы «___» мамыр



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет