2013 жылғы 27 ақпан №81- ө-м Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын 40-шығарылым бекіту туралы


Қосынды сыйымдылығы 400 тоннадан асатын циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде -



бет6/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#143364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
.

Қосынды сыйымдылығы 400 тоннадан асатын циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде - 3-разряд.

Қосынды сыйымдылығы 1200-ден жоғары және 2000 литрге дейінгі циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және өнімділігі сағатына 40 текше метрге дейінгі үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде - 4 –разряд.

Қосынды сыйымдылығы 2000 литрден асатын циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және өнімділігі сағатына 40 текше метрден асатын үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде- 5 –разряд.

75. Табыстау арбасының моторшысы

Параграф 1. Табыстау арбасының моторшысы, 3-разрядъ

299. Жұмыс сипаттамасы:

табыстау арбасының механизмдерін басқару; керамикалық, силикаттық кірпіштер, жабынғыштар, жылу оқшаулағыш және басқа да бұйымдар тиелген вагонеткаларды табыстау арбасына жеткізу; табыстау арбасының орнын ауыстыру және вагонетканы кептіру, күйдіру камераларына, автоклавқа тиеу;

вагонетканы тиеу және оларды қоймаға тапсыру, вагонетканы тиеуге әкелу;

вагонетканы түсіргішке және көтергішке орнату;

механизмдерге қарау, тазалау және майлау;

вагонетканы қосалқы жолға апару, қозғалыс кезінде дабыл беру.

300. Білуге тиіс:

табыстау арбасының, вагонеткалардың, итергіштердің, түсіргіштерді және көтергіштердің құрылысы, әрекет принципі мен пайдалану ережесі;

вагонеткаларды қозғалту, тиеу, түсіру тәрті мен ережесі, блокадалау жүйесі.

76. Араластырғыш пен бұлғауыштың моторшысы

Параграф 1. Араластырғыш пен бұлғауыштың моторшысы, 2-разряд

301. Жұмыс сипаттамасы:

кесінділерді бұлғауыштың моторлары мен сорғысына қызмет көрсету;

бұлғауышқа кеппеген кесінділерді және ақаулары бар асбест-цементті плиталарды салу;

бұлғауышқа су құю;

кесінділер мен ақауларды асбест-цементті массаға өңделуін байқау;

дайын массаны астаулы бұлғауышқа ауыстырып құю;

бұлғауышпен май құбырын тазарту;

жабдықтарды майлау.

302. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;

асбестті-цементті массаға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Араластырғыш пен бұлғауыштың моторшысы, 3-разряд

303. Жұмыс сипаттамасы:

асбест-цементті массаны әзірлеу жөніндегі түйіспелі араластырғышқа қызмет көрсету;

асбестті суспензияның араластырғыштарға біркелкі түсуін байқау;

цементті автоматты мөлшерлегіштің жұмысын басқару;

асбестті суспензия мен цементті араластыру процесін байқау;

асбест-цементті масаны астаулы бұлғауышқа құю;

цементті салмақтық мөлшерлегіштің және араластырғыштың ұсақ ақауларын түзету.

304. Білуге тиіс:

түйіспелі араластырғыштар мен автоматты мөлшерлегіштердің құрылысы және жұмыс принципі;

технологиялық картаға сәйкес асбест пен цементті араластыру уақыты;

өндірілетін асбест-цементті бұйымдар үшін шикізаттық қоспадағы асбест пен цементтің шамаластығы;

асбест-цементті массаның дайындық белгілері.

77. Тасымалдағыш механизмдердің моторшысы

Параграф 1. Тасымалдағыш механизмдердің моторшысы, 2-разряд

305. Жұмыс сипаттамасы:

гипсті темір-бетонды панельдердің, гипсті –картонды табақтардың, табандардың, кәсектердің, кесектердің орнын ауыстыру жөніндегі рольгандарға және көтергіштерге қызмет көрсету;

қызмет көрсететін жабдықтарды іске қсоатын және тоқтататын қалыпты жұмысын байқау;

көтергішке табандарды, кәсектерді және тағы баска орнату, оларға құм немес үгінділер себу;

көтергішке кірпіш-шиткізатты және басқа да бұйымдарды тиеуді байқау және реттеу;

шектеуші кесектерді алумен тазалау;

панельдер мен гипсті картонды табақтарды маркалау, механизмдерді майлау;

жұмыс орнын тазалау.

306. Білуге тиіс:

рольгандар мен көтергіштердің құрылысы;

тасымалдаушы құралдарға бұйымдарды тиеу мен түсіру ережесі;

қызмет көрсететін жабдықтарды іске қосу, тоқтату, және күтіп ұстау ережесі;

панельдерді және гипсокартондарды, маркалау жүйесі.

Параграф 2. Тасымалдағыш механизмдердің моторшысы, 3-разряд

307. Жұмыс сипаттамасы:

гипстің орнын ауыстыру жөніндегі пневматикалық қөондырғыға және оны кептіру жөніндегі агрегаттарға қызмет көрсету;

гипсті қабылдау бункерінен қордағы сүрлемге беру жөніндегі жабдықтаудың жұмысын байқау;

гипсті сүрлемнен қалыптау цехының бункеріне беру;

гипстің түсуіне және жұмсалуына есеп жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықтарды майлау, оның жұмысындағы ақауды түзету

308. Білуге тиіс:

гипсті кептіретін пневматикалық қондырғылардың, агрегаттардың, көмекші жабдықтар мен механизмдердің жұмысы;

пневматикалық құбырлардың сұлбасы;

бақылау-өлшеу құралдарының орналасу міндеті;

гипстің түсуі мен жұмсалуын есептеу ережесі.

78. Триердің моторшысы

Параграф 1. Триердің моторшысы, 3-разряд

309. Жұмыс сипаттамасы:

триерге және көмекші жабдықтарға қызмет көрсету;

триердің біркелкі қоректенуін және белгіленген белгілі сұрыпьтағы құмның шығуын реттеу;

қызмет көрсететін жабдықтардың үздіксіз жұмысын және жарамдылық жағдайын қамтамасыз ету;

майлау жүйесін бақылау және жабдықтарды майлау;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.

310. Білуге тиіс:

триер мен көмекші жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;

триердің қоректенуін реттеудің тәсілдері мен әдістері;

құмның қасиеттері мен сипаттамалары;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзетудің әдістері;

қызмет көрсететін жабдықтарды майлау карталары.

79. Битумды айдап қотару жабдығының моторшысы

Параграф 1. Битумды айдап қотару жабдығының моторшысы, 3-разряд

311. Жұмыс сипаттамасы:

балқытылған битумды айдап қотару жөніндегі сорғыларға және олардың құбырларына қызмет көрсету;

битум қоймасында битумның болуын, битум және бу құбырларының жағдайын сорғыларды тексеру;

битум қоймаларындағы битумның температурасын реттеу;

сорғыларды іске қосу және тоқтату;

ваннада судың болуын және суды сорып алуды, сорғының жұмысыны және битумның салқындауын байқау;

балқыту қазанымен сыйымдылықты битуммен қамтамасыз ету;

сыйымдылықты бумен қыздыру және битумды бойлерден битум қоймасына құю;

бу құбырларынан консатты жүйелі шығару;

сорғыларды, моторларды, су ағызу магистралын таза және жарамды жағдайда ұстау;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

312. Білуге тиіс:

құрастырмалы бактар мен тұндырғаштардың көлемі, торкөздерді тазалау ережесі және оларды ауыстыру тәртібі;

сорғылық жабдықтарды майлаудың ережесі мен мерзімдері;

битум қоймаларының құрылысы;

битумды қыздыру мен айдап қотару ережесі.

80. Тоңазытқыш қондырғыларының моторшысы

Параграф 1. Тоңазытқыш қондырғыларының моторшысы, 3-разряд

313. Жұмыс сипаттамасы:

өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі тоңазытқыш қондырғыларын, әктасты, керамзитті және басқа материалдарды күйдіруден кейін суыту кезінде айналмалы тоңазытқыш барабандарына қызмет көрсету;

тоңазытқыш агрегаттарына материалдарыдың біркелкі берілуін байқау, оларды суытудың белгіленген режимін сақтау;

орталықтандырылған майлауды және тоңазытқыштарды автосорғымен байқау;

май станциясы мен редукторға май құю;

тасымалдаушы жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

314. Білуге тиіс:

тоңазытқыш агрегаттарының және онымен байланысты механизмдердің құрылымын;

материалдардың сапасына, всуыту режиміне, тоңазытқыш агрегаттарын майлау жүйесіне талаптар;

майлау материалдарының түрлері;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтаумен түзету тәсілдері.

Өнімділігі сағатына 35 тоннадан асатын тоңазытқыш агрегаттарына қызмет көрсеткен кезде - 4-разряд.

81. Құрылыс материалдарының өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі

Параграф 1. Құрылыс материалдарының өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі, 4-разряд

315. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай автоматты құбыр кесу, жалғастырғыш кесу және құбырды қайырып жұмырлау станоктарын реттеу;

кесу құрал-саймандарын ауыстыру және құбыр кесу станоктарындағы біліктерді орнату;

қуаты 5 000 тоннаға дейінгі гидравликалық баспақтарды баспақталатын бұйымдарға және олардың өндіріс технологиясына қойылатын талаптарға қоладнабалы баспақтаудың әртүрлі режиміне келтіру. ашық кеніштің, силикатты кірпіш зауыттарының балшықты және цементті–құмды жабылғыштиарды, керамзиттік қиыршық тасты, аглопоритті, әктасты және гипс кептіру, күйдіру цехтарының және май дайындау бөлімшесінің технологиялық, күштік және көліктік жабдықтарын жөндеу, реттеу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

механизмдердің тозған бөліктерімен тораптарын ауыстыру;

ұсақ қосалқы бөлшектерді дайындау және ауыстыру;

механизмдердің жұмысындағы ақауларды түзету;

механизмдердің үйкелетін бөліктерін майлау;

қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдап алуға қатысу;

жабдықтардың жұмыс журанлын жүргізу;

жүк тиеу машиналырының, тасымалдаушы құралдардың, ұсақтау, ұнтақтау бетон араластыру агрегаттарының және аппараттардың, дайындау –арматуралық жабдықтардың үздіксіз жұмысын қаматамасы ету және реттеу;

механизмдердің жұмысын бақылау және байқау, олардың жұмыс режимін бейімдеу және реттеу;

тозған бөліктер мен тораптарды алдын ала дайындау және ауыстыру;

қызмет көрсететін жұмысшыларға жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану бойынша нұсқамалар беру;

сорғылардың дөңгелек аралардың, бұрғылау станоктарының және басқа да осы тектес жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

тас аралау станоктардың касегіне араларды орнату, тарту және бекіту.

316. Білуге тиіс:

асбест-цементті құбырлар мен жалғастырғыштарды өңдеу жөніндегі құбыр кесу, құбырды қайрап жұмырлау;

оларды икемдеу ережесі;

гидравликалық баспақтаудың құрылысы және баспақтаудың әртүрлі режиміне икемдеудің ережесі;

өндірілетін өнімдердің стандарттары (техникалық шарттары); құралдардың тозуының мүмкін мөлшерлері;

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен икемдеу тәсілдері, қызмет көрсететін механизмдердің барлық тораптарын бөлшектеу және құрастыру ережесі;

қызмет көрсететін жабдықтарды майлау жүйесі;

қолданылатын жұмыс және өлшеу құрал-саймандарының құрылысы;

қызмет көрсететін жабьдықтардың және бақылау-өлшеу құралдарының техникалық пайдалану ережесі;

электр сұлбасы; жекелеген бөлшектердің жұмыс мерзімі және оларды ауыстыру тәртібі.

Параграф 2. Құрылыс материалдарының өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі, 5-разряд

317. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты құбыр кесу, құбырды қайыра жұмырлау және жалғастырғыш кескіш станоктарын реттеу;

қуаты 5 000-нан жоғары 10 000 тоннаға дейінгі гидравликалық баспақ салатын бұйымға және олардың өндіріс технологиясына қойылатын талаптарға қолданбалы баспақитардың әртүрлі режимдеріне бейімдеу;

тіркеуші және басқарушы құралдарын ретке келтіруге байланысты есептерді орындау;

табақ қалыптау және құбыр қалыптау машиналарының гидравликалық және пневматикалық жүйелерін қалыптаудың әртүрлі режиміне бейімдеу, оларды тексеру және пайдалануға тапсыру;

қызмет көрсететін жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеулерге қатысу;

керамикалық кірпіш өндірісі технологиялық желісінің, силикатты кірпіш өндірісі баспағының вакуум, сорғысы бар кірпіш жасау баспағының, автомат-төсеушісі бар баспақтың және пеш вагонеткасына автомат тапсырушының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және бейімдеу, реттеу;

механизмдердің жұмысын бақылау, көтеру-көлік, арматуралық-дәнекерлеу және қалыптау жабдықтарыңы, фрезерлік, қырнау не тегістеу және тас кесу станоктарының, жентек тасты плиталарды шығару жөніндегі дірілдегіш баспақтың еріту пештері көлбеу механизмдерінің және басқа да осы тектес жабдықтарын механикалық және электрлік бөлектерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және бейімдеу.

318. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;

асбест-цементті құбырлар мен жалғастырғыштардың өңднуге арналған әртүрлі құралдар мен аппаратураларды, автоматты станоктардың гидрожүйесін бейімдеу әдістері;

гидропневмоавтоматиканың теориялық негіздері;

гидрожүйелерде қолданылатын жұмыс сұйықтықтарының сипаттамалары;

бақылау-өлшеу құралдарын және құрал-саймандарын ретке келтіру, пайдалану және реттеу ережесі;

ақауларды болдырмауды тәсілдері.

Параграф 3. Құрылыс материалдарының өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі, 6-разряд

319. Жұмыс сипаттамасы:

қуаты 10 000 тоннадан асатын ерекше гидравликалық баспақтарды технологиялық процестің талабына сәйкес қолданылатын жұмыстың әртүрлі режиміне реттеу.

автоматтандырылған технологиялық режимді реттеу;

асбест-цементті құбырлар мен жалғастырңыштарды өңдеудің талап ететін режимі мен циклдерін орнату және реттеу;

гидрожүйенің бөлу және қорғану органдарын реттеу;

желдеткіш жұмысының технологиялық режиміне сәйкес асбест-цементті табақтың әрлеу қабатын қатыру үшін жеделдету қондырғысын реттеу;

бақылау-өлшеу құралдары мен қоектендіру көздері бар реттелетін аппаратураларды жөнге келтіру және қосу сұлбаларының тәсмілдерін жасау;

жеделдеткіштің вакуумдық жүйесін реттеу;

керамикалық крпіш өндірісіндегі автоматты технологиялық желінің бетон қоспасын әзірлеу жөніндегі цех-автоматтардың, автоматты электрдәнекерлегіш машиналардың, бағдарламамен басқарылатын машиналар мен қондырғыларды, автоматты конвейерлік желілердің басқа да осы тектес күрделіліктегі жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, реттеу жәнежүйеге келтіру;

жабдықтардың жұмысын белгіленген режимге (бағдарламаға( қайта бейімдеу;

тасты өңдеу жөніндегі автоматтандырылған тасқынды желіні және басқа бағдарламамен басқарылатын станоктарды, сондай-ақ манипуляторлар мен роботтарды берілген режимге (бағдарламаға) реттеу, қайта жөндеу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

320. Білуге тиіс:

гидро-пневмоавтоматиканың теориялық негіздері;

әмбебап және арнаулы тетіктер мен жабдықтардың құрылымы;

басқару пунктерінің құрылысы;

технологиялық операцияларды орындаудың реттілігі мен ұзақтылығы;

даубыл беру жүйесі;

жабдықтарды басқарудың электронды сұлбасын принципті құрылысы.

82. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі

Параграф 1. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі, 4-разряд

321. Жұмыс сипаттамасы:

кран-балкаларды тасымалдаушыларды, элеваторларды, қоректендірушілерді, мөлшерлеушілерді, үгітушілерді, сұрыптаушыларды, сорғыларды, желдеткіштерді, араластырғыштарды, жүгіргіштерді, иірліктерді, станоктарды және жылу оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар өндірісі кезінде қолданылатын басқа да үгіту-сұрыптау, сатноктық және көліктік жабдықтар мен механизмдерді реттеу, дайындау, байқау және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

жабдықтардың тозған бөліктері мен тораптарын ауыстыруға қатысу.

322. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылдысы мен әрекет принципі, қызмет көрсетілетін жабдықтардың тораптары мен механизмдреін құрастыру және бөлшектеу ережесі;

механизмдерді жөндеу мен жұмысын реттеу ережесі;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері;

оларды түзеу тәсілдері.

Параграф 2. Құрылыс жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі, 5-разряд

323. Жұмыс сипаттамасы:

жылу оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар өндірісі кезінде қолданылатын вагранкаларды, жабдықтардың конвейерлік желілерін, талшық тойтарушыларын, сыртқа тебушілерді, баспақтарды, пештер мен кептіргіштер механизмдерін, автоклавтарды, араластырғыштарды және басқа да технологиялық жабдықтарды реттеу, байқау және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

жабдықтардың жұмысын байқау, майлау, тозған бөліктері мен талаптарын ауыстыру, ақауларын түзету;

жабдықтарды жөндеуге қатысы;

сыртқа тебушілерді мойынтіректерін ауыстыру;

жабдықтардың дұрыс пайдалануларын бақылау.

324. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылыс, әрекет принципі мен құрылымдық ерекшеліктері;

жабдықтарды пайдалану, реттеу, жөндеу, құрастыру және майлау ережесі;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері оларды түзеу тәсілдері;

майлау карталары; майлау материалдарының түрлері мен қасиеттері;

жабдықтарды жөндеу ережесі.

83. Бумаларды ораушы

Параграф 1. Бумаларды ораушы, 3-разряд

325. Жұмыс сипаттамасы:

орау станогында бумаға оқшаулағыш, таспасын, рубероидты, пергаминді, қарақағазды және басқа да жабын материалдарды орау процесін жүргзізу;

метражды есептегіштің дұрыс жұмыс істеуін тексеру;

орау станогын іске қосу және тоқтату;

қордың дүкеніне таспаны сабақтау;

таспаны белгіленген метражға кесу;

туманы ұқыпты және тегіс орауды қамтамасыз ету;

буманың ұзындығын бақылаулық өлшеу;

көзбен көретін белгілер бойынша таспаның ақауларын алып тастау;

станоктардың жұмысындағы ақауларды түзету;

орау бөліктерін тазалау, үйкелетін бөлшектерін майлау.

326. Білуге тиіс:

орау станогы мен метраж өлшеуіштің құрылысы, жұмыс принципі, рубероидты, оқшаулағышты, пергаминді, қарақағазды және басқа да жабынды орама матералдарды әзірлеудің технологиялық процесі, жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері;

стандарттардың орау сапасы мен өндірілетін өнімдерге талаптары.

84. Цемент салушы

Параграф 1. Цемент салушы, 3-разряд

327. Жұмыс сипаттамасы:

автоцемент тасушыға цементті тиеу;

автоцемент тасушыны тиеу алаңшасына орнату;

механизмдендің көмегімен немесе қолмен әртүрлі сыймдылықтағы қаптарға цементті салу;

аспирациялық қондырғыларды іске қосу және тоқтату;

автоцемент тасушыға цементтің біркелкі түсуін және болуын бақылау;

пневожүйенің жұмысын тексеру;

саңылаусыздықты қамтамасыз ету, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.

328. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципін, тиелетін маркалардың маркасы, цементті тасымалдау сұлбасы;

шаңдалған ауаны тазарту тәсілдері;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.

Параграф 2. Цемент салушы, 4-разряд

329. Жұмыс сипаттамасы:

цементті темір жол вагондарына тиеу;

вагондарды байқау, тазалау және тиеуге дайындау;

цементтің вагондарға біркелкі түсуі мен толуын бақылау;

цемент тасушылардың, вагондардың люктерін, есік орындарын ашу, жабу;

көлік құралдарына қызмет көрсету;

жабдықтар мен вагондардың саңылаусыздығын бақылау;

пневможүйенің жұмысын тексеру;

қызмет көрсететін жабдықтардың ақауларының алдын алу және түзету;

буып-түйетін машиналарда цементті қапқа буып-түю;

қаптарды буып-түйетін машиналардың калпандық тесігіне ілу;

қаптарға цементтің толуын бақылау және оларды көлік құралдарына қатарлап орналастыру;

буып-түйетін машиналардың, көмеші жабдықтардың үздіксіз жұмысын және қалыпты жағдайын қамтамасыө ету;

аспирациялық қондырғылардың жұмысын бақылау;

бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикалық көрсеткіштерін байқау;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

330. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі, вагондардың техникалық жағдайына қойылатын талаптар;

цементті тасымалдау сұлбасы, тиелетін цементтің маркалары;

цементті тиеуге арналған темір жол вагондарын жабдықтау ережесі;

буып-түйетін машиналардың, көмекші жабдықтардың техникалық сипаттамалары мен құрылымдық ерекшеліктері;

қапқа цементті толтыру нормалары;

қызмет көрсететін жабдықтарды майлау карталары;

майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері;

қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.

85. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі

күйдіруші

Параграф 1. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі

күйдіруші, 4-разряд

331. Жұмыс сипаттамасы:

шахталық пештерде доломит пен әктасты күйдіру процесін жүргізу;

пешті дайындау, тұтандыру, іске қосу, тоқтату;

күйдірудің температуралық және тарту режімдерін реттеу;

шикізат пен отынды мөлшерлеу, салу;

бақылау-өлшеу құралдарын және пештер мен футеровкалардың, желдету және үрлеу қондырғыларының, жүк тиеу-түсіру, аспирациялық құрылғылардың жұмысқа жарамдылығын байқау.

күйдіру процесі барысында шикізаттың көп күюін немесе аз күюін анықтау;

күйдірілген доломитті сөндіруге беру.

332. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін пештердің құрылысы;

шикізат пен отынның сапасына қойылатын талаптар, түрлері, қасиеттері, күйдіру процесінің параметрлері;

дайын өнімге техникалық шарттар;

пештің бір текше метр көлемін өнмі алу нормалары;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері және оларды түзету тәсілдері;

блокадаярлау жүйесі, пештер мен механизмдерді іске қосу және тоқтау тәртібі, газды суыту, тазалау, аспирация сұлбасы.
Параграф 2. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі

күйдіруші, 5-разряд

333. Жұмыс сипаттамасы:

конвейерлік және тоннельдік пештерде диатомитті, трепелді, пермитті бұйымдарды күйдіру, сондай-ақ шахталы немесе барабанды пештерде пермит пен вермикулитті ісіндіру процесін жүргізу;

пештерді, механизмдерді, желдеткіштерді дайындау, іске қосу және тоқтату;

пештерді және аймақтар бойынша күйдірудің температуралық және тарту режимдерін, отынның жұмсалуын реттеу;

пешке шикізатты салуды, бұйымдарды конвейерге және вагонеткаға дұрыс тиеуді басқару;

пештердің дұрыс жұмыс істеуін, футеровканың, желдету және үрлеу қондырғыларының, аспирациялық құрылғылардың, бүріккіштердің, шіптерлердің жағдайын байқау;

шикізат пен бұйымдарды күйдіру сапасын көзбен анықтау.

334. Білуге тиіс:

әртүрлі түрдегі пештердің, желдету және аспирациялық құрылғылардың, бүріккіштер пен шіптерлердің бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы;

шикізат пен бұйымдарды күйдіру технологиясы;

шикізаттар мен шала өңделген өнімдерге, дайын өнімдерге техникалық талаптар;

технологиялық режимнің бұзылу белгілері мен себептері, оларды түзету тәсілдері;

пештер мен механизмдерді іске қосу, тоқтату жүйелері;

блокадалау жүйесі;

суыту сұлбасы;

шикізатты отырғызу тәсілдері және тиеу нормалары;

отынды жұмсау нормалары;

газ шаруашылығын пайдалану ережесі.

86. Әктасты күйдіруші

Параграф 1. Әктасты күйдіруші, 3-разряд

335. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен едендік, айналмалы, сақиналы және шахталы пештердебелгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру:

автоматты қондырғылардың, электр сүзгіштердің және көмекші жабдықтардың жұмысын байқау;

футеровканың, пештердің, тоңазытқыштардың, жүк тиеу және түсіру камераларының жұмысын байқау;

отынның жұмсалуын есептеу;

жабдықтарды жөндеуге және техникалық байқауға қатысу;

жұмыс орнын жинау.

336. Білуге тиіс:

пештердің және олармен байланысқан механизмдердің жұмыс принципі;

әктасты күйдіру кезінде қолданылатын отынның түрлері мен сипаттамалары;

отынды жұмсау нормалары.

Параграф 2. Әктасты күйдіруші, 4-разряд

337. Жұмыс сипаттамасы:

адендік, табиғи тартылуымен шахталық, өнімділігі тәулігіне 40 тоннаға дейінгі сақиналық және қосынды өнімділігі санатына 10 тоннаға дейінгі айналмалы пештерде белгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру;

пешті тұтандыру және оны жұмыстың тиісті режиміне дейін жеткізу;

дайын өнімдерді сұрыптауды және толық күймегендерді алып тастауды байқау;

әктасты түсіруді басқару;

жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету;

табиғи газдың толық жануын бақылау;

пештердің жұмыс журналын жүргізу.

338. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы;

пешті тұтандыру ережесі; шикізатқа, отынға және дайын өнімдерге қойылатын талаптар;

пештердің жұмыс журналын жүргізу ережесі.

Параграф 3. Әктасты күйдіруші, 5-разряд

339. Жұмыс сипаттамасы:

жасанды тартумен шахталық, өнімділігі тәулігіне 40 тоннадан асатын сақиналық және қосынды өнімділігі сағатына 10 тоннадан 20 тоннаға дейінгі айналымы пештерде белгіленген технологиялық процеске сәйкес әктасты күйдіру;

бақылау-өлшеу құралдарының кқрсеткіштері және зертханалық талдау деректері бойынша пештердің және олармен байланысқан механизмдердің жұмысын реттеу;

пешке тас пен көмірді тиеу жөніндегі жұмысқа басшылық жасау қызмет көрсететін жабдықтарды икемдеу.

340. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен иемдену ережесі;

әктасты күйдірудің белгіленген режимінен ауытқуды түзету әдістері;

отынды барынша тиімді және үнемді жұмсау тәсілдері;

қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі.

Параграф 4. Әктасты күйдіруші, 6-разряд

341. Жұмыс сипаттамасы:

қосынды өнімділігі сағатына 25 тоннадан асатын айналмалы пештерде белгіленген технологиялық режимге сәйкес әктасты күйдіру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жұмыстың температуралық және тарту режимдерін реттеу;

жүк тиеу-түсіру қондырғылары мен желдету жүйесін футеровкалау;

күйдіру процесі бұзылған кезде пешті жөндеу.

342. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;

пештің футеровкасын салу әдістері;

пештердің жұмыс режимін реттеу тәсілдері;

өнімдердің сапасын бақылаудың негізгі тәсілдері;

пештерді жөндеу ережесі.

87. Қабырғалық және ұстастырғыш материалдардың

күйдірушісі


Параграф 1. Қабырғалық және ұстастырғыш материалдардың

күйдірушісі, 3-разряд

343. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен сақиналық пештерде және агломерациялық машиналарда кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа да бұйымдар мен материалдарды күйдіру;

отынның пеште берілуін және оның жануын байқау;

газды шіптерді жағу және сөндіру;

аглоремациялық машиналардағы немесе агломерациялық тостағандардағы желтартқыш торкөздерге түйіршіктелген шихталарды және төселетін түйіршік қабатын қабылдау, салу;

тельфердің көмегімен тостағанды ваккум-камераға орнату;

пештерді, түтін сорғыштарды және басқа да жабдықтарды футеровкалау жағдайын байқау;

коллекторлар мен газ түтіктерін тазалау.

344. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың әрекет принципі, күйдірудің технологиялық процесі;

отынның құрамы мен қасиеттері;

материалдарды, отындарды, отқа төзімді материалдарды жұмсау нормалары;

коллекторла мен түтіктерді тазалау ережесі;

тельфермен жұмыс ережесі.

Параграф 2. Қабырғалық және ұстастырғыш материалдардың

күйдірушісі, 4-разряд

345. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық процеске сәйкес айналмалы, камералық, едендік пештерде, тәуліктік өнімділігі 20 мың данаға дейін сақиналық пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды, басқа да бұйымдар мен материалдарды күйдіру;

өзінен біліктілігі жоғары күйдірушінің басшылығымен тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа да бұйымдарды күйдіру;

таспалы агломерациялық машиналарда балшықты жыныстардан, күлден және көмірді байыту қалдықтарынан шикізаттарды күйдіру процесін жүргізу;

шихтаны құраушы бөліктердің дұрыс қатынасын бақылау;

белгіленген технологиялық процесіне сәйкес материалдардың, отынның, ауаның берілуін, температура мен қысымды реттеу;

кірпіш-шикізаттың, тастың дұрыс орнатылуын және алынатын материалдардың сапасын бақылау;

пештердегі температураны, тартуды, доңғалақты дұрыс және уақытылы салуды байқау;

күйдірілген бұйымдардың дайындығын анықтау;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін жазумен пештердің жұмыс журналын жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

346. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы бұйымдар мен материалдарды күйдіру режимі;

күйдірілетін бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

кірпіш-шикізат пен тастарды орнату тәсілдері;

бақылау-өлшеу құралдарының міндеті.

Параграф 3. Қабырғалық және ұстастырғыш материалдардың

күйдірушісі, 5-разряд

347. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкес тәуліктік өнімділігі 20 мыңнан 40 мың данаға дейінгі сақиналық пештерде және газды немесе сұйық отындарда жұмыс істейтін тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа да бұйымдарды күйдіру;

пешті тұтандыру және оны жұмыстың қалыпты режиміне дейін жеткізу;

қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және түзету.

348. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы;

белгіленген технологиялық режимнен ауытқуды түзетудің тәсілдері;

пешті тұтандыру ережесі;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі;

қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.

Тәуліктік өнімділігі 45 мың данадан асатын сақиналық пештерде және қатты отынмен жұмыс істейтін тоннельдік пештерде кірпіш-шикізатты, тастарды және басқа бұйымдарды күйдірген кезде - 6-разряд.

88. Цилиндрлерді қаптаушы

Параграф 1. Цилиндрлерді қаптаушы, 4-разряд

349. Жұмыс сипаттамасы:

қалыптау машиналарының цилиндрлеріндегі пайдаланылған торларды ауыстыру;

цилиндрдан металл тордың үстіңгі және төменгі қабатын алып тастау;

цилиндрдің тесіктерін және оның бетін асбест-цементті массадан тазалау;

дәнекерлеушіні және дәнекерлеп жапсыруға қажетті қорытпаны жұмысқа дайындау;

дәнекерлеп жасауға қажетті қорытпаны әзірлеу;

цилиндрге жаңа торларды тартып салу, тігу немесе торларды дәнекерлеу;

цилиндрлердің шеттерін тігу және бояу.торларды жөндеу пайдаланылған шұғадан ваннадағы цилиндрді тығыздау үшін қорғаныс белдіктерін әзірлеу.

350. Білуге тиіс.

цилиндрдің торларын қаптау тәсілдері, дәнекерлеу процесінің негіздері және дәнекерлеуден кейін бұйымға қойылатын талаптар;

қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережесі;

дәнекерлеу жұмыстарын орындау реттілігі.

89. Жылу оқшаулағыш автоматтандырылған желісінің

операторы,

Параграф 1. Жылу оқшаулағыш автоматтандырылған желісінің

операторы, 3-разряд

351. Жұмыс сипаттамасы:

қысқарту пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде құбырларды тазалау және праймирлеу процесін жүргізу;

праймерді дайындау;

кептіру және конвейерге беру үшін құбырларды үздіксіз беруді қамтамасыз ету;

майлау және суыту жүйелерінің жұмысын байқау;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

352. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін автоматтандырылған желілердің құрылысы мен жұмыс принципі;

оны іске қосу мен тоқтату тәртібі;

құбырларды тазалау мен праймирлеу әдістері;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.


Параграф 2. Жылу оқшаулағыш автоматтандырылған желісінің

операторы, 4-разряд

353. Жұмыс сипаттамасы:

басқару пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде оларға жылу оқшаулағышты енгізумен құбырларды өңдеу процесін жүргізу;

құбырдың шет жақтарын тазалау, оларға битум жағу;

оқшауланған құбырларды тасымалдауға арналған механизмдерге қызмет көрсету жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

354. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін автоматтандырылған желілердің құрылысы;

оқшауланған құбырларға техникалық шарттар;

технологиялық процесс;

құбырларды өңдеу, маркалау және өлшеу тәртібі;

дайын өнімдерді беру және қоймалау тәртіп;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.
Параграф 3. Жылу оқшаулағыш автоматтандырылған желісінің

операторы, 5-разряд

355. Жұмыс сипаттамасы:

басқару пультінен жылу оқшаулағыш құбырлары автоматтандырылған желіде құбырларға битумцементті-перлитті жылу оқшаулағышты және жабу қабатын енгізу процесін жүргізу;

баспақтаушы қондырғыларды және орау торабын басқару;

баспақ-камералардағы температураларды реттеу;

желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

жабдықтарды дайындау, іске қосу, ретету және тоқтату;

жұмыстағы ақауларды түзету және желіні жөндеуге қатысу.

356. Білуге тиіс:

автоматтандырылған желі механизмдерінің принципті сұлбалары мен өзара әрекеті;

оқшауланған құбырларға техникалық шарттар;

жылу оқшаулағыштар мен жабын материалдарының қасиеттері;

технологиялық процесс;

жабдықтарды реттеу тәсілдері;

үлгі мөлшерлер бойынша жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі үшін тораптарды құрастыру мен бөлшектеу тәртібі;

температураны реттеу ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету әдістері.

Электр доғалық металдау тәсілімен құбырларды жылу оқшаулау процесіне қызмет көрсеткен кезде- 6-разряд.

90. Толқындатқыш-тоқтатқыш агрегаттың

операторы

Параграф 1. Толқындатқыш-тоқтатқыш агрегаттың

операторы, 4-разряд

357. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық толқындатқыштарда дымқыл асбест-цементті табақтарды толқындау процесін жүргізу;

басқару пультімен агрегатты қосу және айыру;

дымқыл асбест-цементті табақтарды толқындау және олардың бойлық кесілу сапасын байқау;

салуға түсер алдында ақаулы табақтарды сұрыптау;

салушының жұмысын айырлы траверстің қозғалысын, тасымалдаушыларды, қатыру камерасын, кесектерді тиеу мен түсіруді; жоғары қысымдағы желдеткіштер мен гидрожүйенің жұмысын байқау;

агрегат механизмдерін тазалау мен майлау, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету;

толқындатқыш-тоқтатқыш агрегатты жөндеуге қатысу.

358. Білуге тиіс:

толқындатқыштың, салушының, тасымалғыштың, желдеткіштің, гидрожүйенің және арбаларды автоматты лайлау жүйесінің құрылысы, жұмыс принципі;

желілік мөлшері, үлгісі және сыртқы түрі бөлігінде асбест-цементті толқынды табақтарға стандарттың талаптары;

ақаулардың алдын алу мен түзету тәсілдері.

Толассыз-автоматты желіге қызмет көрсеткен кезде



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет