2009 жылғы 19 маусымда «Астанаэнергосервис» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді тараптық ұйымдардан электр энергетика нысандарын қабылдау-беру және оларды әрі қарай пайдалану тәртібі



Дата17.06.2016
өлшемі40.96 Kb.
#141998
2009 жылғы 19 маусымда «Астанаэнергосервис» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен БЕКІТІЛДІ

Тараптық ұйымдардан электр энергетика нысандарын қабылдау-беру және оларды әрі қарай пайдалану тәртібі

1. Жалпы ереже

  1. Осы Тараптық ұйымдардан электр энергетика нысандарын қабылдау-беру және оларды әрі қарай пайдалану тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Астана қаласының энергия нысандары, инженерлік желілерін сенімді және қауіпсіз пайдалану мақсатында әзірленді.

  2. Осы Тәртіптегі тараптық ұйымдар акционерлік қоғам, серіктестік (толық, командиттік, жауапкершілігі қосымша және шектеулі) жеке кәсіпкерлер, ПИК, ТИК, қоғамдық бірлестік және жеке бюджеттен тыс қаражат есебінен алынған немесе иегер құқығы бар салынған электр энергетика нысандар т.б. болып табылады.

  3. Коммуналдық меншігіндегі электр энергетика нысандарды қабылдау-беру тәртібі бекітілген «Астанаэнергосервис» АҚ коммуналдық меншігінен әрі қарай пайдаланушы ұйымға берумен бюджеттік қаражат есебінен салынған мүлікті (электр энергетика нысандарын) қабылдау –беру механизміне» сәйкес жүзеге асырылады.

2. Құжаттарды қарастыру

4. «Астанаэнергосервис» АҚ техникалық сипаттаманы көрсетумен энергиямен жабдықтау нысандарын беруге ұйымдардан түскен өтінім-хат негізінде нысандарды беру туралы тараптық ұйымдардың ұсынысын қарастырады. Өтінім-хатқа тараптық ұйым келесі құжаттарды қоса береді:



  • Аталған ұйымның лицензия көшірмесін нотариалды куәләндырылған қосымшасымен аталған қызмет түрін көрсетуші ұйыммен берілетін нысандардың құнын бағалау есебінің түпнұсқасы.

  • Жарғы көшірмесі.

  • Мемлекеттік тіркелім туралы куәлік көшірмесі.

  • Статистикалық карточка көшірмесі.

  • Салық төлеушінің тіркеу нөмер көшірмесі.

  • Берілетін нысандарға ұйымдардың меншік құқығын және оларға жүктеме салынбауын куәләндырушы құжаттар:

Жылжымайтын мүлік үшін:

  • Пайдалануға салынған нысандарды қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссия актісінің түпнұсқасы;

  • Ғимаратқа (орын-жай) техникалық паспорттың түпнұсқасы;

  • Берілетін ғимараттар (орын-жай) пайдалану үшін арналған жер теліміне меншік құқығының мемлекеттік акті түпнұсқасы;

  • Жер теліміне жеке меншік құқық актісін беруге негіз болып табылатын құжат түпнұсқасы (Әкімдік қаулысынан үзінді, ресмилендіру туралы шешім, келісім-шарт және т.б.);

  • Уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген, жер телімін алу туралы келісім-шарт түпнұсқасы;

  • Жылыжымайтын мүлікке құқығын (жүктеме түсірмеуін) тіркеу және олармен келісім жасау туралы анықтама
    (Ф-2 формасы).


Жылжымалы мүлік үшін:

• «Қалалық электр желілері» АҚ және/немесе «Астана-Теплотранзит» АҚ (бұдан әрі – «пайдаланушы ұйымдар») келістірілген, берілетін жабдықтар бойынша техникалық құжаттамалар тізілімі.

5. «Астанаэнергосервис» АҚ кеңсесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

3. Құжаттарды сараптау және нысандарды тексеру


  1. Тараптық ұйымдардан түскен құжаттар техникалық сараптау үшін болашақ даму бөліміне, құқықтық сараптау үшін заң бөліміне жіберіледі.

  2. Құжаттарға сараптау жүргізгеннен кейін болашақ даму бөлімі пайдаланушы ұйымдардың өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, берілетін нысандарға техникалық тексеру жүргізіп, соның негізінде техникалық актісі жасалады.

4. Нысандарды қабылдау-беру тәртібі

8. Сараптау нәтижиесі бойынша құжаттар мен нысандардың техникалық жағдайына ескерту болмаған жағдайда тараптық ұйымға «Астанаэнергосервис» АҚ жарғы капиталына жарна ретінде нысандарды қабылдау-беруге келісімді жүзеге асырады.

9. Жарғы капиталына нысандарды қабылдау-беру актісіне қол қою жолымен жарғы капиталына мүлікті қабылдау туралы келісім жасалуы, жариялау құнын анықтау, акцияларды жариялау туралы «Астанаэнергосервис» АҚ Директорлар шешімі қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.


  1. Нысандарды қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін тараптық ұйым нысандарды беруге «Астанаэнергосервис» АҚ-на құрылтайшыларының (акционерлер мәжілісі, директорлар кеңесі, қатысушылар және т.б.) мәжіліс хаттамасын (көшірмесі) ұсынуы міндетті.

  2. Тараптық ұйым нысандарды беру-қабылдау келісімін тіркеуге уәкілетті органға өтініш беру үшін сенімхатпен тиісте етіп ресімдеумен өкілді қаматамасых етуге немесе «Астанаэнергосервис» АҚ қызметкеріне сенімхат беруге міндетті.

  1. Нысандарды қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін тараптық ұйым «Астанаэнергосервис» АҚ тіркеушісімен белгіленетін формаларды және тізілімді, акцияларды ауыстыру үшін барлық қажетті құжаттарды толтырады.

  2. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасының қарастыруымен заңды тұлғалардың жарғы капиталына қатысуға құқығы болмаған жағдайда «Астанаэнергосервис» АҚ Басқармасы қоғамның қаржы-экономикалық жағдайына және оның акционерлерінің құқығын қорғауға нысандарды қабылдаудың әсер етуін ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін қабылдау-берудің басқа әдісін қарастыруға құқылы.

5. Нысандарды әрі қарай пайдалану тәртібі

14. Қабылданған нысандар «Астанаэнергосервис» АҚ аффилирленген тұлғаларға (пайдаланушы ұйымдарға) тараптық ұйымдардан қабылдау беру актісіне қол қойғаннан кейін және пайдаланушы ұйымдар, «Астанаэнергосервис» АҚ директорлар кеңесі шешімі бойынша жарғы капиталына жарна ретінде «Астанаэнергосервис» АҚ атына жылжымайтын мүлікті қабылдауға меншік құқығын қайта ресімдегеннен кейін беріледі.

15. Нысандарды қабылдау-беру актіге қол қою жолымен акцияларды сатып алу-сату келісім-шарты жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

6. Тәртіптің орындалуын бақылау

1


6. Тәртіптің орындалуын бақылауды Басқарма төрағасының өндіріс және болашақ даму жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет