Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер



Дата14.06.2016
өлшемі94.7 Kb.
#136095
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына   
6-қосымша    

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


      1. Осы « Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Азаматтық хал актілерінің  жазбаларын калпына келтіру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты
 (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      «
Азаматтық хал актілерінің  жазбаларын калпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет берушілер).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызмет беруші;
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібін сипаттау


      4. Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағыменкөрсетілген қажетті құжаттарды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы немесе орталық қызметкерімен құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен өтінішті қарау және ұсыныслған құжаттарды тексеру;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеу;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға немесе орталық қызметкеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара әрекет тәртібін сипаттау


      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 
4-тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарауға береді;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысына немесе азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманына (бөлім басшының бірлігі қарастырылмаған аумақтық әділет органдарында) орындау үшін береді;
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы 
Кодексіне сәйкестігін тексереді;
      4) ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті басып шығарады;
      5) тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді, одан кейін азаматтық хал актілері туралы куәлікке көрсетілетін қызмет берушінің елтаңбалы мөрі қойылады;
      6) дайын азаматтық хал актілері туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға қолхат негізінде немесе орталық қызметкеріне тізілімге сәйкес қол қойылып беріледі.
      Орталықтан түскен өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде тіркелмейді.
      8. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында бекітілген.
      Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
      1) өтініштің қабылданған күні;
      2) қоса берілген құжаттардың саны;
      3) құжаттарды беру күні, уақыты;
      4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.
      10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық қызметкерлерінің арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау осы Регламентке 
1-қосымшадағыкестеге сәйкес келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызмет берушілермен өзара әрекет тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау


      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз, жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезекке тұру тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы бекітіп қоюға мүмкіндік бар.
      Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:
      1) сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Көрсетілетін қызмет алушының жеке куәлігінің құжаттары туралы, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің мәліметтерін егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілсе, көрсететін қызмет беруші не орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады Стандарттың 
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бағыты туралы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414 телефоны бойынша ұсынылады.
      12. Дайын құжаттарды беруді жеке куәлікті көрсеткен жағдайда қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде орталықтың қызметкері жүзеге асырады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің мамандарының өзара әрекеті, процедураларының (іс-әрекет) сабақтастығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйесін қолдану тәртібі және орталықпен өзара әрекет тәртібі осы Регламенттің 
2-қосымшасына сәйкес графикалық түрде толық сипатталған.
      14. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 
3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
      Ескерту. Регламент 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 
№ 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

«Азаматтық хал актілерінің   


жазбаларын қалпына келтіру»  
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша            

Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің)
сабақтастығын сипаттау




1

Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №

2

3

4

5

6

2

Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі

Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы

Бөлім басшысы не бөлім маманы (бөлім бастығы бірлігі қарастырылмағанда)

Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы

Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі

3

Рәсімдердің (іс-әрекеттердің) сабақтастығы

Тізілімге сәйкес орталық құжаттарды қабылдау

Бөлім басшысына немесе бөлім маманына (бөлім бастығы бірлігі қарастырылмағанда) қарауға жолдайды

Құжаттарды қабылдау және тексеру, құжаттарға талдау жасау, азаматтық хал актісін қалпына келтіру

Азаматтық хал актілері туралы куәлікке қол қою, көрсетілетін қызмет берушінің мөрін басу

Дайын құжатты көрсетілетін қызмет алушыға  қолхат негізінде немесе орталық қызметкеріне тізілім бойынша беру

4

Аяқталу нысаны (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік)

Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру

Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде белгі соғу және құжаттарды қарауға ұсыну

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы  куәлікті көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдау

Ұсыну үшін кеңсеге беру

Көрсетілетін қызметті алушымен немесе орталық  қызметкерімен құжатты алу

5

Әр рәсімнің ұзақтығы

30 минут

15 минут

15 күнтізбелік күн, сұрау салу жолдағанда және қосымша тексеріс жүргізгенде 15 күнтізбелік күн

30 минут

15 минут

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын    
қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша  

Функционалдық арақатынастың диаграммасы

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» 


мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің 
АНЫҚТАМАСЫ 
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» 
(көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы)

Ескерту. Регламент 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 № 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

*Қызмет уәкілетті орган арқылы көрсетілгенде

*Халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетілгенде



*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет берушінің (жұмыскерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттестігі;





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет