Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысымен бекітілген 22-Қосымша



Дата07.07.2016
өлшемі72.59 Kb.
#183613
Қаратөбе ауданы әкімдігінің

2008 жылғы________

____қаулысымен



бекітілген 22-ҚОСЫМША
«Мал басы туралы мәліметтер»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


    1. Негізгі ұғымдар




  1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары.

Мал басы -
2. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы - мал басы туралы мәліметтер.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы мен бабы:

    1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы;

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 5 бөлімі, 116 тармағы.

  1. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:

1) « Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі- Бөлім). Мемлекеттік қызмет көрсету орны Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосы Құрманғалиев көшесі 19, 14 бөлме, тел 31109

  1. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі) – мал басы туралы анықтама.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері тиісті мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленеді.

    1. мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды

тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 40 минут;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 20 минуттан аспайды;



    1. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде

кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері - 10 минуттан аспайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне енгізілген мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің тізбесі

    1. келісім – жоқ;

    2. үйлестіру – жоқ;

    3. ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру – жоқ.

9. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
10. Кіріс құжаттары мына мекенжайларда қабылданады:

1) Бөлім, мекенжайы: Қаратөбе ауданы Қаратөбе селосы, Құрманғалиев көшесі 19, 14 бөлме, тел 31109

Кіріс құжаттарын (азаматтардың жазбаша өтініштерін) тіркеу журналында тіркеледі.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін, қажетті құжаттардың, қалыптардың, үлгілердің тізімі:

1) Анықтама алу үшін белгіленген үлгідегі өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);

3) Үй кітапшасы.

12. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: тұтынушының құжаттарындағы мәліметтердің мазмұнының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) (ҚФБ – бұл уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері және т.с.с.):

1) 1- ҚФБ – бөлімнің және кенттік округтердің мамандары;

2) 2-ҚФБ – бөлімнің бастығы және кенттік округтер әкімдері.

14. Осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімі, әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы.

15. Осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес 14-тармақтағы олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалары.

16. Хабарлама нысандарын, түрлі хаттарды, еске түсірулерді және т.с.с. қоса алғанда, оларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар, қалыптар, бланкілер және т.с.с. (3-қосымшада).

Мал басы туралы мәліметтер»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне 1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы



Негізгі үдерістің (барысы, жұмыс ағыны) іс-әрекеті

1.

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) нөмірі

1

2

2.

ҚФБ атауы

 1- ҚФБ - бөлімнің және кенттік округтердің мамандары

2- ҚФБ - бөлім бастығы және кенттік округтер әкімдері


3.

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,
операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Жеке тұлғалардан түскен өтініштерді және құжаттарды қабылдау. Мал басының бар екендігін анықтау үшін тұтынушының мекен-жайына шығып қарау.

Қабылданған құжаттарды тексеру

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Өтініштерді тіркеу

Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру

5.

Орындау мерзімдері

40 минут

10 минут

6.

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.




Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

1-ҚФБ

2-ҚФБ

№1 іс-әрекет. Жеке тұлғалардан түскен өтініштерді және құжаттарды қабылдау.

№3 іс-әрекет. Қабылданған құжаттарды тексеру

№2 іс-әрекет. Мал басының бар екендігін анықтау үшін тұтынушының мекен-жайына шығып қарау

№4 іс-әрекет. Мал басы туралы мәліметтерді беру.

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.



Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

1-ҚФБ

2-ҚФБ

1 іс-әрекет. Жеке тұлғалардан түскен өтініштерді және құжаттарды қабылдау.

3 іс-әрекет. Қабылданған құжаттарды тексеру

2 іс-әрекет. Осы Регламенттің 11 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды тұтынушының толық тізімде ұсынбауы

4 іс-әрекет. Мал басы туралы мәліметтерді беруден бас тарту

Мал басы туралы мәліметтер»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне 2-қосымша


Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



«Мал басы туралы мәліметтер»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне 3-қосымша

Мал басы туралы анықтама алуға жазылатын арыздың

үлгісі


«Қаратөбе аудандық ауыл

шаруашылығы бөлімі» ММ бастығы Е.Ғабдрашқа

____________________ тұрғыны_______________

Арыз
Сізден мал басы жөнінде анықтама беруіңізді сұраймын.


Келесі құжаттарды қоса тіркеймін:

1) Жеке басын куәландыратын құжаттың (төлқұжаттың) көшірмесі;

2) Үй кітапшасының көшірмесі;

3) Малдәрігерлік құжаттың көшірмесі.


Берілген күні                Қолы


Мал басы туралы анықтаманың

үлгісі
АНЫҚТАМА
Осы анықтама «Қаратөбе аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қаратөбе ауданы, Ғ. Құманғалиев көшесі, 19 мекенжайының тұрғыны ______________________ мал басы туралы берілді.


Үй малы, құстар

Саны

(бас)


Жасы

Ірі қара мал:

сиырлар


қашарлар

бұқалар


бұқашықтар

бұзаулар








Жылқылар:

биелер


айғырлар

құлындар








Түйелер

Інгендер


Боталар







Қойлар

Ешкілер


Қозы және лақтар







Тауықтар

Үйректер


Қаздар







Шошқалар

Торайлар







Анықтама талап етілетін жерге берілді.


Қаратөбе аудандық ауыл



шаруашылығы бөлімінің бастығы: Е Ғабдраш

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет