2013 жылы «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы және 2014 жылға тапсырмалары туралы
есеп
2013 жылы әлеуметтік салаға 1150333,0 мың теңге бюджеттік қаражат шығын-далды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 28,6 %-ға жоғары.
2013 жылы шығындар сомасы 28,6 %-ға артты және 255983,0 мың теңгені құрады.
2014 жылы әлеуметтік салаға 1121394,0 мың теңге қарастырылды.
Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012-2013 жылдары әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларымен 4 мыңнан астам адам қамтылды, тұрақты жұмысқа 7582 адам орналасты.
Жұмысқа орналастыру деңгейі 77,5 % құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 0,3 пайыздық тармақтан жоғары.
Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша барлық көрсеткіштер орындалды.
Аумақты дамыту бағдарламасымен 2013 жылы экономиканың әр саласында 4940 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды, 6152 жұмыс орны немесе жоспардн 125,0 % құрылды. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,43 %-ға артық жұмыс орындар құрылды.
2013 жылы барлығы 3 жалпы қалалаық бос орындар жәрмеңкесі және 154 ша-ғын бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оларға 280 кәсіпорын мен 2441 жұмыс іздеп жүрген азамат қатысты.
Өткізілген бос орындар жәрмеңкелері нәтижесінде 1036 адам жұмысқа орна-ласты, олардан 390 жастар,, 253 әйел, 150 – 50 жастан асқан тұлға, 1272 адам кеңес алды.
Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен халыққа мемлекетітк қызметтердің 18 түрі көрсетіледі.
2013 жылдың нәтижелері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ламалар бөлімімен 24797 адамға 383,2 млн. теңге сомасына әлеуметтік көмектің әр түрлері көрсетілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7,2 млн. теңге сомасына 371 алушыға тағайындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 25 %-ға азайды.
Тұрғын үй көмегі 20,6 млн. теңге сомасына 982 отбасына тағайындалды.
Әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 392,5 млн. теңге сомасына 25 мың азамат қамтылды.
Аса мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған шаралар орта жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азамат-тардың санын 2014 жылғы 1 қаңтарға 1702 адамға азайтуға жол берді.
Қала әкімі мен «Шығыс Қазақстан автотасымалдаушылар қауымдастығы» арасында жасалған Келісімге сәйкес 70 жастан 16129 азаматтың тегін жол жүруі үшін автотасымалдаушыларға 146,0 млн. теңге сомасында өтемақы аударылды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру
2013 жылы Бағдарламаны жүзеге асыруға жоспарланған бюджеттік қаражаттың жалпы көлемі 141941,0 мың теңгені құрады, соның ішінде:
«Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бағыты бойынша – 136862,0 мың теңге, игеру қаржыландырудың жылдық жоспарынан 99,98 % құрады.
«Еңбек қорларының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша – 5079,0 мың теңге (толық көлемде игерілді).
Кәсіптік оқытуға нақты 464 адам немесе жылдық жоспардан 107 % жолданды. Оқытуды 395 адам аяқтады, олардан 391 адам немесе 99 % жұмысқа орналасты.
2012 жылдың сәйкес кезеңінде кәсіптік оқытуға нақты 1569 адам немесе жыл-дық жоспардан 107 % жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 531 адам немесе жылдық жоспардан 144 % орналасты. жастар іс-тәжірибесіне жылдың басынан 279 түлек немесе жылдық жос-пардан 130 % жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибе-сіне қатысуын аяқтағандар санынан сәйкесінше 92 % және 85,1 % жұмысқа орна-ласты.
2013 жылы көрсеткіштердің азаюы саннан сапаға ауысуды жүзеге асырумен байланысты.
Өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Өскемен қаласының 28 тұр-ғын ауданында 114 жеке тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Бүгінде барлық көр-сетілген үйлер қоныстанды. Қоныс аударғандар санынан 123 адам жұмысқа орна-ласты. Көшуге субсидия 5079,00 мың теңге жалпы сомасында 171 қоныс аударғанға төленді.
19 тұрғын ауданында толығымен қоныстанған 60 пәтерлі тұрғын үй салынды, тұрғын үй алған отбасылар санынан 27 отбасы – жетім балалар. Шағын отбасылық типті 55 бөлмелі жатақхананың құрылысы аяқталды, оны қоныстандыру үшін құжат-тарды жинау бойынша жұмыс өткізілді, өтініш берушілер санында отбасы басы бо-лып табылатын 29 адам – бюджеттік саланың жұмысшылары (құқық қорғау орган-дары, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету және басқа жүйелер).
Өз ісін ашуға және кеңейтуге жәрдемдесу үшін Өскемен қаласында шағын не-сиелендірумен 189 қатысушы қамтылды, 2011-2013 жылдар кезеңінде берілген не-сиелердің жалпы сомасы 496,6 млн. теңгені құрады.
2013 жылы қатысушылар саны 158,9 млн. теңге сомасына 54 адамды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда сандық көрсеткіштер 6 %-ға өсті, алынған шағын несие-лердің көлемі 25 %-ға артты.
2014 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
2014 жылға тапсырмалар
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға, жұ-мысқа орналастыруға жәрдемдесуге өтініш жасаған тұлғаларды жұмысқа орналас-тыруға бағытталған әлеуметтік қолдауды жалғастыру.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картсы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |