2014 жылдың 1 сәуіріне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы



Дата23.02.2016
өлшемі44.5 Kb.
#5483
2014 жылдың 1 сәуіріне

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы
Қызылорда облысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 2014 жылға 6626,3 млн. теңге қаралып отыр.

Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 1869 хабарласып, соның ішінен 1724 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды, олар: өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 52, жұмыссыздар -1672.

Бағдарламаның бағыттары бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылуда.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету – республикалық бюджеттен 1801,5 млн.теңге қаралып отыр (190 жұмыс орны), оның ішінде:

инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына - 28 жобаға 1266,0 млн. теңге. (156 жаңа жұмыс орындары);

7 ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына- 535,5 млн.теңге, 109 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, оның ішінде бағдарлама қатысушыларына 34.

Екінші бағыт - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға 2389,8 млн.теңге қаралған.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 40,2 млн. теңге (850 адам) қаралып отыр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы ашық конкурс жарияланып, нәтижесі 11 сәуірден кейін белгілі болады.

2014 жылы несиелендіруге 2349,5 млн. теңге (1175 адам) қаралды.

Облыста шағын несие беретін уәкілетті орган ретінде «Байқоңыр» ӘКК-сы ҰК және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –ңың Қызылорда облысы бойынша филиалы нақтыланды. Өңірлік комиссия шешімімен соңғы несие алушыға жылдық сыйақы мөлшері 6 пайыздан жоғары емес болып белгіленді (2011 жылы - 8 %).



Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге - 2288,4 млн. теңге, оның ішінде:

- кәсіптік даярлау (алдыңғы жылдардан оқыту) - 1419,0 млн.тг., 3349 адам;

- кәсіптік даярлау (жаңа жоспар) 163,1 млн.тг., 1000 адам;

- қайта даярлау - 77,3 млн.тг., 490 адам;

- біліктілігін арттыру - 28,3 млн.тг., 230 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындары - 286,3 млн.тг., 1262 адам;

- жастар тәжірибесі - 314,2 млн.тг., 1261 адам.

2011-2013 жылдары оқу курстарын бітірген 5935 адамның 4628-і (78,0%) жұмыспен қамтылды, 920 адам дәлелді себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ (жоғарғы оқу орнына түскен, қоныс аударған т.б.), жұмыспен қамтылмағаны 387 адам, бүгінгі күні сол азаматтарды еңбекпен қамту бағытында жұмыстар атқарылуда.

Жыл ішінде 307 мекеме, кәсіпорындарға 985 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 19,3 млн. теңге қаржы төленді.

400 мекеме мен кәсіпорындарға 688 адам жастар тәжірибесіне жолданып, 28,7 млн. теңге қаржы төленді.



Қызылорда қаласында бір 30 пәтерлік қызметтік үй пайдалануға беріліп, 127 бағдарлама қатысушысы қоныс аударды, 61 еңбекке қабілетті азаматтар ішінен 14 жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту орталықтарының ұстауына 138,3 млн. теңге, ақпараттық насихаттау жұмыстарына 8,6 млн. теңге бөлінді. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілер анықталды, жеті аудан мен Қызылорда қаласында семинар өткізуге, екі тілде кітапшалар, стенділер әзірлеуге келісім шарттар жасалуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет