2014 жылдың 20 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында Темір ауданының әкімі Б.Қаниевтің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы



Дата23.02.2016
өлшемі38.16 Kb.
#5741
2014 жылдың 20 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында Темір ауданының әкімі Б.Қаниевтің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы
05.02.2014 жыл



Округ атауы

Сұрақтар мазмұны

Қаржы көзі

Орындалу барысы

Ескертпе

(шешілді,

шешілуде,

шешілмейді)

1

Ақсай а/о

Ақсай ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру

АБ

Округке «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен 1185,0 мың теңге бөлінді. Аудандық бюджеттен көше жарықтандыруға 400,0 мың теңге бөлініп, игерілуде.

Шешілуде

2

Алтықарасу а/о

Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындау

ОБ

Н.Байғанин ат. аудандық Мәдениет үйі арқылы ақылы қызметтен 700,0 мың теңге бөлініп, ЖСҚ-ы жасалды. Мемлекеттік сараптамадан өткізілу кезеңінде.

Шешілуде

3

Кеңестуы

Қалмаққырған ауылында 25 орындық балабақша салу үшін ЖСҚ-ын дайындауға қаржы бөлу

АБ

Аудандық бюджеттен 1500,0 мың теңге бөлініп, ЖСҚ-ы жасалуда.

Шешілуде

4

Кеңқияқ

Кеңқияқ полиция пунктінен құжаттандыру бөлімін ашуға штат бөлу мәселесін қарау

ОБ

Штат мәселесі қарастырылуда.

Бақылауда

5

Қайынды

Құмқұдық ауылынан саябақ жасақтау

АБ

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыдан 273,0 мың теңге бөлу арқылы 2013 жылы қажетті құрылыс материалдары алынды. Қазіргі таңда жасақтау жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 300,0 мың теңге бөлінді.

Шешілуде

6

Саркөл

Құмсай, Қопа негізгі мектептеріне спорттық құрал-жабдықтар алып беру

АБ

Аудандық білім бөлімінің ағымдағы жылғы шығындарынан қаржы қарастырылып, жаңа оқу жылында қамтамасыз етілетін болады.

Бақылауда

7

Тасқопа

Тасқопа ауылына газ желісін тартуға ЖСҚ-ын дайындау

ОБ

2014 жылы техникалық-экономикалық негіздеме жасауға қаржы бөлу қарастылуда. Мәселе облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасының бақылауында.

Бақылуда

8

Темір

«Айгөлек» балабақшасына күрделі жөндеу жүргізу

ОБ

2013 жылы 780,0 мың теңгеге ЖСҚ-ы жасалды. Ағымдағы жылы күрделі жөндеуге қаржы қарастырылуда.

Бақылауда

9

Шұбарқұдық

Шұбарқұдық кәсіпшілігінен дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу

ОБ

2014 жылы республикалық бюджеттен 63700,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 7100,0 мың теңге бөлініп, ЖСҚ-ы жасалып, мемсараптамадан өтті. Бірінші жарты жылдықта конкурс өтіп, құрылыс жұмысы басталады.

Шешілуде

10

Шығырлы

Шығырлы ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру

АБ

Округке «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен 1290,0 мың теңге бөлінді. Аудандық бюджеттен көше жарықтандыруға 100,0 мың теңге бөлінді.

Шешілуде


Темір ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Әділханов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет