2014 жылдың і-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы анықтама



Дата26.02.2016
өлшемі32.21 Kb.
#26975
2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің

атқарылуы туралы анықтама
2014 жылға жергілікті бюджеттің кірісі 3 838 083,0 мың теңге, шығысы 3 838 083,0 мың теңге болып бекітілді. Есепті кезеңге 3 рет нақтыланып, кірісі 4 075 635,0 мың теңге, шығысы 4 103 323,2 мың теңге болды. Жыл басындағы бюджет қалдығы 28 147,3 мың теңге бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталды. Есепті уақыт ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 97911,0 мың теңгеге, облыстық бюджеттен бөлінген трансферт 93 453,0 мың теңгеге көбейтілді.

2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің кірісі 1 823 456,0 мың теңге болып жоспарланып, 1 848 238,0 мың теңге болып немесе 101,4 пайызға орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер 109 306,0 мың теңге болып жоспарланып, 133 317,3 мың теңге болып немесе 122,0 пайызға, салықтық емес түсімдер 1 140,0 мың теңге болып жоспарланып, 1 502,7 мың теңге болып немесе 131,8 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 285,0 мың теңге болып жоспарланып, 693,1 мың теңге болып немесе 243,2 пайызға орындалды.

2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің шығысы 1 845 099,5 мың теңге болып жоспарланып, 1 844 887,2 мың теңге болып 100 пайызға орындалды.

Атқарылған шығысты функционалдық топ бойынша талдағанда жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету тобының шығыны 103 699,3 мың теңге болып жоспарланып, 103 576,6 мың теңге болып, қорғаныс функционалдық тобы 5 820,6 мың теңге болып жоспарланып, 5 819,8 мың теңге болып, білім беру тобы 1 004 068,2 мың теңге болып жоспарланып, 1 004 058,1 мың теңге болып, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру тобы 68 276,9 мың теңге болып жоспарланып, 68 275,6 мың теңге болып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тобы 478 574,6 мың теңге болып жоспарланып, 478 573,1 мың теңге болып, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік тобы 64 075,7 мың теңге болып жоспарланып, 64 003,2 мың теңге болып, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары тобы 30 021,5 мың теңге болып жоспарланып, 30 020,8 мың теңге болып, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі тобы 4 076,9 мың теңге болып жоспарланып, 4 076,8 мың теңге болып, көлік және коммуникация тобы 7 202,0 мың теңге болып жоспарланып, 7 202,0 мың теңге болып, басқалай функционалдық тобы 10 082,8 мың теңге болып жоспарланып, 10 080,1 мың теңге болып, трансферттер тобы 68 431,0 мың теңге болып жоспарланып, 68 431,0 мың теңге болып орындалды.

Жалпы шығыстың ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт есепті уақытқа 491 125,0 мың теңге болып жоспарланып, 491 093,5 мың теңге болып атқарылды. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 21373,0 мың теңге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 4 330,0 мың теңге, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 90 403,3 мың теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жастар практикасына қатысушыларға 1 548,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 2 904,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 4 705,4 мың теңге, инженерлік-инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 59 000,0 мың теңге, Жайсаңбай, Қалыбай, Құмтоғай және Құйлыс ауылдарында селоішілік сумен жабдықтау құрылысын салуға 283 129,0 мың теңге, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық жалақыларына 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы төлемдерге 23700,8 мың теңгенің шығысы атқарылды.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген трансферт есепті уақытқа 152 499,0 мың теңге болып жоспарланып, 152 429,3 мың теңге болып атқарылды. Оның ішінде мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алуға 1 014,0 мың теңге, Жайсаңбай аулында 60 орындық мектеп құрылысына 25 000,0 мың теңге, Ырғыз ауылының Оңтүстік-Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысын салуға 2 500,0 мың теңге, инженерлік-инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 1 451,0 мың теңге, Жайсаңбай, Қалыбай, Құмтоғай және Құйлыс ауылдарында селоішілік сумен жабдықтау құрылысын салуға 115 282,0 мың теңге, «Мәні» мәдениет үйін күрделі жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге 450,0 мың теңге, Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандырудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 3044,3 мың теңге, Құтикөл автожолының 11 шақырымындағы Қараарық көпірін қайта жарақтандырудың ЖСҚ әзірлеуге 180,0 мың теңге, Ырғыз ауылындағы Әбілқайырхан көшесін күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 400,0 мың теңге, Құйлыс ауылына кіре беріске дейінгі 6 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 100,0 мың теңге, автомобиль жолдарын құжаттандыруға 2532,0 мың теңге, «Жасыл ел» жастар жұмысшы топтарының жұмысын ұйымдастыруға 476,0мың теңге жұмсалынды.

Еске алу сұралады

Аудандық қаржы



бөлімінің басшысы Ә.АЯПБЕРГЕН

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет