Жайсаңбай ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар бойынша Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі
Ғалымбек Қалмағанбетұлы Байтақовтың есепті баяндамасының тезистері
Елбасы жарлығымен жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар алдында есеп беруі жыл сайын дәстүрлі түрде тұрақты өтіп келеді.
Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауындағы негізгі қағидаларды толыққандылықпен жүзеге асыру барысында барша қазақстандықтар жұмыла еңбек етті. Жайсаңбай ауылдық округінде де 2013 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.
Округ аумағында 540 адам тұрады, үйлер саны 83. Ауылдық округтің жалпы көлемі 1 млн. 588 га.
Ауылдық округ аумағында 1 орта мектеп, 1 фельдшерлік пункт, 1 кітапхана, 1 балабақша, «Ырғыз – Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты мекемесінің бөлімшесі, ауылдық клуб үйі, Шалқар обаға қарсы күрес стансасының бөлімшесі және қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында Тәуіп және Жайсаңбай ауылдық округтерінде 1 учаскелік инспектор жұмыс жасап тұр.
Аудан орталығында өткізілген ауылдық округтердің мәдени күндері мен облыстық, аудандық жәрмеңкеге шаруашылық құрылымдары белсенді түрде қатысып, өндірілген өнімдерін базар бағасынан төмен бағада сатуды жүзеге асырды.
-
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы:
Округ бойынша 2013 жылы ауылшаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 89,1 пайызға орындалды. (яғни жыл басынан бергі алынған Каз Агрофинанс арқылы 1млн 861 мың 6 жүз, сыбаға бағдарламасы бойынша 9 млн 9 жүз мың, жеке қаражаттан 600 жүз мың, тұрғын үй құрылысынан 5 млн 6 жүз мың теңгеге барлығы 17 млн 961 мың 6 жүз теңгеге негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі)
Ө.Қанахин атындағы орта мектебі 2013 – 2014 жылғы оқу жылына 61 тонна қатты отынмен қамтылған. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп қысқа толығымен дайын.
2013 жылға ауылдық округке 60 балалық мектеп үйінің құрылысы басталып, қабырғасы қаланды. 2014 жылға пайдалануға беріледі.
Мектепке дейінгі мекемелер:
Жайсаңбай ауылдық округінде «Жұлдыз» балабақшасы қызмет көрсетеді. Балабақшада 15 қызметкер жұмыс жасайды. 2013 – 2014 жылға балабақшада 25 бала тәрбиеленуде. Балалар уақытылы тамақпен қамтылған.
2013 – 2014 жылға «Жұлдыз» балабақшасы 40 тонна қатты отынмен қамтылып, қысқы мерзімге толығымен дайын.
Денсаулық саласы бойынша:
Жайсаңбай медициналық пунктінде 2013-2014 жылға медициналық пункті 5 тонна сұйық отынмен қамтылып қазіргі таңда жылыту қазандығы іске қосылып жылу берілуде.
Ауылдық округ бойынша мал басының өсуі үнемі қадағаланып отырады. Мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындар қолында статистикалық есеп бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына жалпы 1412 бас мүйізді ірі қара, 280 бас жылқы, 102 бас түйе, 3286 бас қой-ешкі қысқа түсіп отыр.
Мал қыстату науқанына ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындар 6944 тонна мал азығын дайындады.
Ауылдық округ аумағында 3 дүкен тұрақты түрде, сауда қызметін көрсетіп тұр. Қазіргі таңда селолық округте 2 ЖШС, 10 шаруа қожалығы, 7 кәсіпкер жұмыс жасап тұр. Барлық шаруашылық құрылымдары негізінде мал шаруашылығымен айналысады.
Облыс әкімі А.Мұхамбетовтың бастамасымен 2012 – 2015 жылдарға арналған «Көркейе бер, туған жер» акциясы негізінде Жайсаңбай ауылдық округінде де біршама жұмыстар жүргізілді.
Атап айтар болсақ, Ө.Қанахин орта мектебіне 17000 теңге жинап, мектеп ауласын жарықтандыруға жұмсады, «Жұлдыз» балабақшасының қызметкерлері 20 000 теңге қаржы жинап балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізді.
Мектепке жол акциясына округтегі мекеме кәсіпорындар толығымен ат салысты.
Есепті кезең ішінде ауылды көркейту бағытында түп қара ағаш көшеттері әкелініп отырғызылды. Елді мекендерге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша 5 жерге жаңадан жарық қойылды.
2013 жылы жаңа жұмыс орнына жоспар бойынша 10 нақты орындалуы 15 яғни 150 пайыз. (Өтініш білдірген жұмыссыздар саны 22, оның 14-і жұмысқа орналасты 63,6 пайыз) Тіркеуде 1 адам тұр.
«Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасын іске асыру барысынада жыл басынан бері 3 адам әлеуметтік жұмысқа алынса, 4 адам жастар практикасына тартылды.
11- баспасөзге жазылу мәселесі туралы:
Баспасөзге берілген жоспар 174 болса қазіргі таңда 162 орындалып 93,1 пайызға орындалып тұр.
Көптен бері жауабын таппай келе жатқан мәселелердің бірі ол - байланыс жүйесін орнату. 2013 жылға округке байланыс жүйесін орнату толығымен жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта байланыс жүйесінің мұнарасы мен вагоны қондырылды. Жалпы байланыс жүйесі толығымен үстіміздегі жылы аяқталады деп күтілуде.
Ауыл тұрғындарымен азық – түлік нарығындағы жағдайға байланысты жиын өткізіліп, халыққа түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады.
Ауылдағы тағы да бір мәселелердің бірі ауыз су мәселесі. Ол 2014-2015 жылдары шешімін табуда деп күтілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |