Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
2014 жылдың
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Тараз қ., қантар 2015 жыл
І тарау. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі
2015 жылдың 1 қантар жағдайы бойынша
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 5584. бірлік
о. і. саяси мемлекеттік қызметшілер - 6;
А корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер - 17;
Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер - 5561.
Қызметшілердің нақты саны - 5167 адам
о. і. саяси мемлекеттік қызметшілер - 6;
А корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер - 17;
Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер - 5144.
Гендерлік құрамы
Жалпы мемлекеттік қызметшілер санының ішінде 2164 әйел, бұл 41,9% құрап отыр.
Сапалық құрамы
Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілердің саны 4557 адам, бұл жалпы санның 88,2% құрайды. Орта кәсіби білімі барлардың саны –
610 немесе 11,8 %.
837 мемлекеттік қызметшінің біреуден көп жоғары білімі бар,
15 қызметшінің ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Жастар құрамы
29 жасқа дейінгі - 1031 қызметші немесе 20 %;
30 жастан 39 жасқа дейінгі - 1544 қызметші немесе 30%;
40 жастан 49 жасқа дейінгі - 1174 қызметші немесе 22,6%;
50 жастан жоғары - 1418 қызметші немесе 27,4%
Конкурстық іріктеу нәтижелері
2014 жылда облыста мемлекеттік органдар 1284 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялады.
Осы конкурстарға 1147 үміткер қатысты, бір бос орынға
0,9 адамнан келді.
Оның ішінде:
Жергілікті облыстық органдарда – 1 орынға 1,9 адам
Аумақтық облыстық органдарда – 1 орынға 1,5 адам
Жергілікті аудандық органдарда – 1 орынға 1,0 адам
Ауылдық деңгейдегі органдарда – 1 орынға 0,4 адам
Конкурстарға қатысқан үміткерлердің 424 немесе 37% әйелдер.
Өткізілген конкурстардың нәтижесінде 599 жеңімпаз анықталды, оның ішінде 197 немесе 32,9 % әйелдер. Сондай-ақ, жеңімпаздар қатарында 30 жасқа дейінгі 325 және 250 жұмыссыз азаматтар мемлекеттік қызметке орналасты.
Конкурстар нәтижесінде 683 немесе 53,2% бос орынға ешкім қабылданған жоқ.
Мемлекеттiк қызметтiң кадрлық резерві
2015 жылдың 1 қантарына қараған жағдайда Жамбыл облысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервінде 82 резервші тұр.
2014 жылдың ішінде кадрлық резервке 179 азамат алынған.
Есепті жылдың ішінде кадрлық резервінен 127 резервші шығарылса, оның ішінде 106 резервші қызметке орналасуына, 20 резервші резервте тұру мерзімі аяқталуына байланысты және 1 резервші өз еркімен шығарылды.
Ауыстыру тәртібімен тағайындауды келісу
2014 жылдың ішінде Департаментке мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру тәртібімен тағайындау үшін келісімге 522 құжат түсті.
23 құжатқа келісім беруден бас тартылса, 499 құжатқа келісім берілді. Оның ішінде:
жоғары лауазымға – 218 қызметші немесе 43,7%;
тең дәрежелі лауазымға – 213 қызметші немесе 42,7%;
төменгі лауазымға – 68 қызметші немесе 13,6%.
Мемлекеттік қызметшілердің алмасушылығы
Есепті мерзім ішінде жалпы алмасушылық 701 адамды немесе штаттық санынан 12,6% құрап отыр.
Оның ішінде ішкі алмасушылық 90 қызметкерді немесе 1,6% құрайды. Таза алмасушылық 547 қызметкерді немесе 9,8% құрайды. Зейнетке шығуына байланысты 64 қызметкер лауазымынан босатылған немесе 1,2 %.
Қызметінен босатылғандардың ішінде теріс себептермен
32 мемлекеттiк қызметшi босатылса (21 жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер, 11 – орталық атқарушы органдардың аумақтық құрылымдарындағы мемлекеттік қызметшілер), оның iшiнде 6 адам сыбайлас жемқорлық бұзушылық жасаған үшін немесе 0,1% (2 жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер, 4 – орталық атқарушы органдардың аумақтық құрылымдарындағы мемлекеттік қызметшілер).
2014 жылда облыс бойынша мемлекеттік лаузымға 1204 азамат тағайындалған. Соның ішінде:
-
кадрлық резервтен – 106 адам (8,9%);
-
ауыстыру тәртібімен – 499 адам (41,4 %);
-
конкурс нәтижесі бойынша – 599 адам (49,7%).
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту
2014 жылдың ішінде барлығы 1819 қызметші оқытылды. Оның ішінде:
791 қызметкер қайта даярлау курстарында (о.і. 166 – орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері);
1028 қызметкер біліктілігін арттыру курстарында оқытылды (о.і. 271 – орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері).
Бүгінгі күнге облыста мемлекеттік қызметте «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітірген 1 азамат және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын тиісті оқу бағдарламалары бойынша бітірген 17 азамат.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері арасында 4 қызметкер және «Б» корпусының 67 мемлекеттік қызметшілері біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Сонымен қатар, 2014 жылы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің арасында 6 қызметкер және «Б» корпусының 16 мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курсынан өтті.
Тест нәтижелері
Тест өту мақсатында барлығы 1907 азамат өтініш білдірген.
Шектеу мәнінен 790 азамат өтті немесе 41,4% .
ІІ тарау Тәртіптік кеңестің жұмысы
2014 жылы Жамбыл облысындағы Тәртіптік кеңеспен төмендегі жұмыстар атқарылды.
2014 жылғы 12 айда Тәртіптік кеңесттің хатшылығымен облыстағы мемлекеттік органдарда барлығы 71, оның ішінде 38 жоспарлы тексеру, жоспардан тыс жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 14 тексеру жүргізілді. Олардан өзге, жоспардан тыс Агенттіктің тапсырмасы бойынша 19 тексеру жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуына жүргізілген тексерулердің кезінде 376 заң бұзушылығы анықталды.
Олардың арасында 161 -тәртіптік жаза қолдану қағидасының, 34 -Ант қабылдау тәртібінің талаптарының, 37 -конкурс жүргізу қағидасының, 72- мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының өзге де талаптарының, 72- өзге де мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары бар.
Ескеретіндігі, жалпы заң бұзушылықтардың 39-ы есепті жылдың екінші жартыжылдығындағы анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты бұзушылықтар болып отыр.
Тексерулердің нәтижесінде заңсыз қабылданған 6 құқықтық акті бұзылды. Анықталған заңнама бұзушылықтарының 38-і жойылды. Департаменттің ұсынымдары бойынша 57 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды.
Жалпы, 2014 жылдың 12 айында Тәртіптік кеңестің мәжілісі 21 рет өткізілді, онда 127 мәселе талқыланып, олардың арасында 98 тәртіптік іс қаралды.
67 тұлғаға тәртіптік жазалар қолдану, оның ішінде 40 тәртіптік іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергендері үшін тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. 14 тәртіптік іс түпкілікті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органдарға жолданды. 17 тәртіптік іс тоқтатылды.
2014 жылдың 12 айында Тәртіптік кеңестің ұсыныстары бойынша 66 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар иелерінің арасында, 59 мемлекеттік қызметші («Б» корпусының С, D, Е санаттары топтарынан), сондай-ақ, 7 өзге тұлға (МКК директорлары, спорт мектебі директорлары, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директорлары, диспансердің бас дәрігері) бар.
Қолданылған тәртіптік жазалар:
3– атқаратын қызметінен босату (2-і сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін);
3– қызметінен төмендету (3-і сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін);
42– қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту(35-і сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін);
12– қатаң сөгіс;
5–сөгіс;
1–ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2014 жылғы 12 айда қолданылған 66 тәртіптік жазаның 4-і облыстық атқарушы орган басшыларына(оның 1-уіне 2 рет), 19-ы аудандық атқарушы органдардың басшыларына(оның 1-уіне 2 рет), 8 ауылдық округ әкіміне, 1 облыстық аумақтық орган басшысына қатысты. Олардың ішінде 1 - ескерту, 2 - сөгіс, 6 -қатаң сөгіс, 23- қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту(21-і сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін), түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Мысалы, олардың арасынан Тәртіптік кеңестің шешімінің негізінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Жетібаевқа, Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.О. Сейтбековке, Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы Б.Байболатовқа, Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Т.Аймагамбетовке, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Ж.Сугирбековке, Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Т.Есқұловқа, Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Т.Қырғызбаевқа, Мойынқұм ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Жақсымбетовке тәртіптік жазалар қолданылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Мойынқұм ауданы әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы К.Сейсебеков атқарып отырған қызметінен босатылды.
Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округінің әкімі М.А.Жайлыбаевқа тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Сарысу ауданы әкімінің орынбасары К.К.Аукеновке, Шу ауданы әкімінің орынбасары Е.К.Умралиевке қызметiне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары- Жамбыл облысы әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Е.Ахметов(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Е.Құралбаев(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ү.С.Сапақова Жамбыл облысы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы Ж.Шалдарұлы Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін тиісті тәртіптік жазаларға тартылды.
2014 жылғы 12 айда жеке сұрақтарымен келген 363 азамат қабылдауларда болды. Оның ішінде 52 көшпелі қабылдауларда 248 адам қабылданды.
Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларды және мемлекеттік қызметшілердің Ар- намыс Кодексін, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша да оқып-үйренуге арналған барлығы 51 семинар-кеңестер, кездесу ұйымдастырылды.
2014 жылғы 12 айда кеңес қызметі жайлы 304 материал бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жарияланып тұрды, олардың 128 -і газет беттерінде жарияланса, 143 -і теледидар арқылы көрсетіліп, 33-і радио арқылы таратылды.
2014 жылы Жамбыл облысындағы жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында 12 жоспарлы тексерулер жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын тексеру барысында, мемлекеттік қызметшілермен заң бұзушылықтарға жол бергендіктері анықталған. Негізгі заң бұзушылықтар мемлекеттік көрсетілетің қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарының сақталмауы.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет алушылардан регламенттерде көрсетілмеген қосымша құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, қызмет көрсету кезінде құжаттама тіздемесін толығымен қабылдамауда орын алған.
Жоспарлы тексеру нәтижесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңнамаларын бұзылуына жол берген 6 мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28 бабы 1 тармағына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №02-1-12/2795//07-1-14/1443 тапсырмасы және 2014 жылғы 26 ақпандағы №04-2-4/45 бұйрығына сәйкес, Жамбыл облысындағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында, жоспардан тыс 20 тексеру жүргізілді.
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді 30.06.2014 жылғы Қоғамдық кеңес отырысында қаралып, алдағы уақытта тиімді және сапалы қызмет көрсету ұйымдастыру үшін ұсынымдарды Жамбыл облысы әкімі, Тараз қаласы және аудандардың әкімдеріне жолданды.
Жалпы, 2014 жылы Жамбыл облысы бойынша департаментінің жанындағы жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестін 3 отырысы өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |