Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы



бет1/57
Дата02.01.2022
өлшемі132.56 Kb.
#452741
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
8-сынып

Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі

Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы.

1.  Есептер шығаруда оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.

2.  Жай есептерді шығаруға үйрету.

3.  Құрама есептерді шығаруға үйрету.

4.  Мәтіндік есептер олардың топтастырылуы.

 

Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың бір түрі болып табылады. Есептер шығарудың ең эуелі балаларда толық, бағалы математикалық үғымдарды қалыптастыруда, олардың бағдарламаны анықтап берген қисыншыл білімді игеруде өте маңызды мэні бар. Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын жэне бүрыннан бар білімдерін пайдалану жолында пысықтала түсетін нақты материал болып табылады. Білімді қалыптастыруға арналған нақтылы материал мэнін атқара отырып, есептер: қисыншыл білімді іс жүзінде оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептер шығару балаларда, эрбір адамға оның күнделікті өміріне қажетті іскерлікті, білікті қалыптастырады. Есептер шығару арқылы, балалар танымдық жэне тэрбиелік түрғыдан алғандағы маңызды үғымдармен танысады. Есептер шығару оқушылардың ақыл-ойының дамуына өте игі әсерін тигізеді, себебі ол анализ жэне синтез нақтылау жэне абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін кезеңді талап етеді. Математиканы оқытуда есептің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу эдістемесін оқушыларға үйрету, түсіндіру. Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын жэне бүрыннан бар білімдерін пайдалану процесінде пысықтала түсетін нақтылы материал болып табылады. Есептер шығару арқылы балалар танымдық жэне тэрбиелік түрғыдан алғандағы маңызды фіактілермен танысады. Сондықтан есепті шешу-оқытудың мақсаты ғана емес, сондай-ақ қүралы да. «Есеп» деп - жауабы арифметкалық амалдардың көмегімен түжырымдалған сүрақты түсінеміз. Демек есептің шарты мен сүрағы болады, сүрақсыз есеп болмайды. Есеп бір амалмен шығарылса жай есеп деп, екі, одан да көп амалмен шығарылса қүрама есеп деп аталады. Бастауыш буын математика курсында эр алуан жаттығулар кездеседі. Мысалы:



а)  Дүкенге 1-ші күні 200 кг, ал 2-ші күні одан 100 кг артық қант түсірілді.

2-ші күні қанша кг қант түсірілген? I күні - 200 кг Икүні-? 100 кг

б) Әрбір пальтоға 4 түймеден жүмсай отырып, тігінші бірнеше пальтоға түйме қадады. Ол барлығы неше түйме қадады?

в)   Аялдамаға автобуспен трамвай келіп тоқтады. Автобустың ішінде 42, ал трамвайда 54 жолаушы бар. Аялдамада автобустан 10 адам түсті де,оған 7 жолаушы мінді. Енді автобуста қанша адам болды?

г)  Мүғалім 100 дәптерді 20 оқушыға тең бөліп берді. Әр оқушы неше дэптер алды?

д) Қайраттың 18 қояны бар еді, 4-ін ол досына сыйлады.

е) Теңдеу, өрнек бойынша есеп қүрастыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет