2014 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін бекіту туралы



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.93 Mb.
#25439
  1   2   3   4


2014 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қаңтарда № 9087 тіркелді


      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1209 қаулысымен бекітілген Статистикалық жұмыстардың 2014 жылға арналған жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереженің 16-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Төраға                                     Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы   
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 317 бұйрығына      
қосымша          
2014 жылға арналған респонденттердің алғашқы статистикалық
деректерді ұсыну кестесі
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүргізетін
жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар



р/с №

Респонденттер тобы

Статистикалық нысан атауы

Статистикалық нысан индексі

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кезеңділігі

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімі

Құрылымдық статистика

1

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жұмыс істейтіндердің тізімдік саны 50 адамнан асатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары тапсырады Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер және холдингтер статистикалық нысанды тапсырмайды.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп

1-ӨҚ

тоқсандық

25 қаңтар,
25 сәуір,
25 шілде,
25 қазан.

2

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жұмыс істейтіндердің тізімдік саны 50 адамнан асатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары тапсырады. Статистикалық нысанды білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер және холдингтер. тапсырмайды.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп

1-ӨҚ

жылдық

5 сәуір

3

Микрокредиттік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар тапсырады

Микрокредиттік қызмет туралы есеп

1-МКҰ

тоқсандық

25 қаңтар,
25 сәуір,
25 шілде,
25 қазан

4

Микрокредиттерді ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар тапсырады

Микрокредиттік қызмет туралы есеп

1-МКҰ

жылдық

10 сәуір

5

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және (немесе) қызметкерлердің тізімдік саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары тапсырады.
Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және холдингтер статистикалық нысанды тапсырмайды.

Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп

2-ШК

тоқсандық

25 қаңтар,
25 сәуір,
25 шілде,
25 қазан

6

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және қызметкерлердің тізімдік саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары тапсырады.
Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және (немесе) холдингтер статистикалық нысанды тапсырмайды.

Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп

2-ШК

жылдық

31 наурыз

7

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (ЭҚЖЖ 01-63, 68-82, 90-93 коды) қызметкерлерінің тізімдік саны 50 адамнан көп кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері; қызметкерлерінің санына қарамастан мемлекеттік (бюджеттік) мекемелер, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары (ЭҚЖЖ 84-88 кодтары); банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер (ЭҚЖЖ 64-66, 94-96 кодтары) барлық заңды тұлғалар ұсынады.

Негізгі қорлар жағдайы туралы есеп

11

жылдық

15 сәуір

Ауыл, орман және балық шаруашылығы статистикасы

1

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - ЭҚТЖЖ) коды бойынша қызметтің негізгі және қайталама түрлері 01.4 «Мал шаруашылығы» және 01.5 «Аралас ауыл шаруашылығы» болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің орташа және ірі тауар өндірісіне жататын (тізім бойынша) шаруа немесе фермер қожалықтары тапсырады.

Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп

24-аш

айлық

2 қаңтар,
2 ақпан,
2 наурыз,
2 сәуір,
2 мамыр,
2 маусым,

2 шілде,
2 тамыз,
2 қыркүйек,
2 қазан,
2 қараша,
2 желтоқсан

2

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - ЭҚТЖЖ) 01.4 «Мал шаруашылығы» және 01.5 «Аралас ауыл шаруашылығы» коды бойынша қызметтің негізі және қайталама түрлері болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің орташа және ірі тауар өндірісіне жататын (тізім бойынша) шаруа немесе фермер қожалықтары тапсырады.

Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп

24-аш

жылдық

20 қаңтар

3

Астық нарығына қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, шаруа немесе фермер қожалықтары, дара кәсіпкерлер тапсырады.

Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы

2-аш (астық)

айлық

2 қаңтар,
2 ақпан,
2 наурыз,
2 сәуір,
2 мамыр,
2 маусым

2 шілде,
2 тамыз,
2 қыркүйек,
2 қазан,
2 қараша,
2 желтоқсан

4

Майлы дақылдар тұқымын өсірумен, өңдеумен, сатумен және сақтаумен айналысатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, шаруа немесе фермер қожалықтары, дара кәсіпкерлер тапсырады

Майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары және қозғалысы туралы

3-аш (майлы)

тоқсандық

3 қаңтар
3 сәуір,
3 шілде,
3 қазан

5

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (мұнда және бұдан әрі - ЭҚТЖЖ) «Осы салада қызмет көрсетуді ұсынуды қоса алғандағы аңшылық пен аулау» 01.7 коды бойынша қызметтің негізгі және қайталама түрлері болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері және бекітілген тәртіппен тіркелген және жануарлар дүниесін қолдануға рұқсат алған азаматтар тапсырады.

Аңшылық пен аулау туралы

2-аңшылық

жылдық

10 қаңтар

6

Байқауға мал мен құсы бар іріктемеге түскен шағын шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары қатысады.

Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

А-008

тоқсандық

1-15 маусым,
1-15 желтоқсан

7

Осы сауалнамалық пікіртерімге іріктемеге іліккен шаруа немесе фермер қожалықтары қатысады

Шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы

А-001

жылдық

14-28 ақпан

8

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі -ЭҚЖЖ) «Балық шаруашылығы және акваөсіру» 03 коды бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрлерімен заңды тұлғалар (немесе) және олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер жене жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты және (немесе) балық шаруашылығын жүргізуге шарты бар жеке тұлғалар тапсырады.

Балық аулау және акваөсіру туралы

1-балық

жылдық

25 ақпан

9

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚТЖЖ) коды бойынша қызметтің негізгі және қайталама түрлері 02 - «Орман өсіру және ағаш дайындау», 01.3 - «Көшеттік өнімдерін өндіру» болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері және ағаш кесу билеті бар болған жағдайда дара кәсіпкерлер ұсынады

Сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы есеп

1- орман

жылдық

21 ақпан

10

Мыналар тапсырады:Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі -ЭҚТЖЖ) 01.1, 01.2, 01.3, 01.4, 01.5 кодтары бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрлерімен заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері; ЭҚТЖЖ 01.1, 01.2, 01.3, 01.4, 01.5 кодтары бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрлерімен 50 адамнан артық қызметкерлері бар шаруа немесе фермер қожалықтары; мал шаруашылығы өнімінің орташа және ірі тауар өндірісіне жататын (тізім бойынша) шаруа немесе фермер қожалықтары тапсырады.

Ауыл шаруашылығы құралымының қызметі туралы есеп

1-аш

жылдық

10 наурыз

11

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (мұнда және бұдан әрі - ЭҚТЖС) 01.6 коды бойынша негізгі және қайталама қызмет түрлері бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады

Ауыл шаруашылығы қызметтерін көрсету туралы

8-аш (қызмет көрсету)

жылдық

15 наурыз

12

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің «Маусымдық дақылдарды өсіру» 01.1, «Көпжылдық дақылдарды өсіру» 01.2, «Питомник өнімдерін өндіру» 01.3 және «Аралас ауыл шаруашылығы» 01.5, кодтары бойынша негізі және қосалқы қызмет түрлерімен заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп

4-аш

жылдық

жаздық дақылдарды себуді аяқтағаннан кейін 5 күнтізбелік күн ішінде

13

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің «Маусымдық дақылдарды өсіру» 01.1, «Көпжылдық дақылдарды өсіру» 01.2, «Питомник өнімдерін өндіру» 01.3 және «Аралас ауыл шаруашылығы» 01.5 кодтары бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрлерімен барлық заңды тұлғалар және олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, 50 адамнан артық жұмысшысы бар шаруа немесе фермер қожалықтары тапсырады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы

29-аш

жылдық

2 қараша

14

Байқауға егістік көлемі, шабындығы және жайылымы, көпжылдық көшеттері бар шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары қатысады

Шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы

А-005

жылдық

егін жинауды аяқтағаннан кейін 2 апта ішінде

15

Дәнді дақылдардың (бидайдың, күріштің) егістік алқаптары бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері шаруа (фермер) қожалықтары

Дәнді дақылдың түсімділігін зерттеу сауалнамасы

А-1 (түсімділік) В-1, В-2 бланкілері

жылдық

1 шілдеден 1 қарашаға дейін

16

Сервистік-дайындау орталықтары

Сервистік-дайындау орталықтарының қызметі туралы

1-СДО

тоқсандық

25 сәуір,
25 шілде,
25 қазан

17

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 01.1, 01.2, 01.3, 01.4, 01.5, 01.6 кодтары бойынша негізгі және қосалқы қызмет түрлерімен заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында құрылыстар мен имараттардың болуы

49-аш

жылдық

20 наурыз

Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

1

Қызметкерлерінің тізімдік саны 50 адамнан асатын, қызметінің негізгі түрі «Өнеркәсіп» (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес- ЭҚЖЖ - 05-33, 35-39) болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады

Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі

1-Ө

айлық

1 қаңтар,
1 ақпан,
1 наурыз,
1 сәуір,
1 мамыр,
1 маусым,

1 шілде,
1 тамыз,
1 қыркүйек,
1 қазан,
1 қараша,
1 желтоқсан

2

Қызметкерлерінің тізімдік саны 50 адамнан асатын, қызметінің негізгі түрі «Өнеркәсіп» (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес- ЭҚЖЖ - 05-33, 35-39) болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады

Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі

1-Ө

тоқсандық

25 қаңтар,
25 сәуір,
25 шілде,
25 қазан

3

Қызметкерлерінің тізімдік саны 50 адамнан асатын, қызметінің негізгі түрі «Өнеркәсіп» (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес - ЭҚЖЖ - 05-33, 35-39) болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады

Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі

1-Ө

жылдық

14 наурыз

4

Қызметкерлерінің санына қарамастан қызметтің негізі және қайталама түрі «Өнеркәсіп» (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес - ЭҚЖЖ 05-33, 35-39) болып табылатын, жұмыс істейтіндердің санына қарамастан заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады

Өндірістік қуаттар теңгерімі

ҚТ

жылдық

25 наурыз

Энергетика статистикасы

1

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушінің - 35.22, 35.23 кодтарына сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері «Құбырлар арқылы газ тәрізді отынды бөлу», «Газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сату» болып табылатын барлық заңды тұлғалар мен (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері ұсынады

Тауарлық (табиғи) және сұйытылған табиғи газды бөлу туралы есеп

1-ГАЗ

жылдық

31 қаңтар

2

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің - 36, 37 кодтарына сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері «Суды жинау, өңдеу және бөлу», «Кәріз жүйесі» болып табылатын барлық заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшілері ұсынады.

Су құбыры, кәріз және олардың жеке желілерінің жұмыстары туралы есеп

1-СК

жылдық

22 ақпан

3

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) - 35.1 кодына сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері «Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу» болып табылатын барлық заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну туралы

24-энергетика

жылдық

30 сәуір

4

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) 35.1, 35.3 кодтарына сәйкес негізгі немесе қайталама қызмет түрлері «Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу», «Бу беру және ауа баптау жүйелері» болып табылатын барлық заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері ұсынады.

Электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп

6-ТК

жылдық

16 наурыз

5

Жаңғыртылмалы энергия көздері қолда бар жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері тапсырады

Энергияның жаңғыртылмалы көздерін қолдану объектілері бар кәсіпорындарды зерттеу сауалнамасы

ЖЭК-001

Жылдық

25 наурыз

Қоршаған орта статистикасы

1

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) – 38 кодына сәйкес негізі және (немесе) қосалқы қызмет түрлері «Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бойынша қызметтер; шикізатты алу бойынша қызметтер» болып табылатын барлық заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару туралы есеп

1-қалдықтар

жылдық

17 мамыр

2

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) – 38 кодына сәйкес негізі және (немесе) қосалқы қызмет түрлері «Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бойынша қызметтер; қайталама шикізатты алу бойынша қызметтер» болып табылатын барлық заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Қалдықтарды іріктеу, пайдаға асыру және сақтау туралы есеп

2-қалдықтар

жылдық

17 мамыр

3

Ауаны ластайтын тұрақты көздері бар занды тұлғалар және олардың (немесе) құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп

2-ТП (ауа)

жылдық

25 қаңтар,

4

Табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластағыш заттар мен өндірістік қалдықтардың шығарындылары мен төгінділерінің тұрақты көздері бар заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы есеп

4-ҚО

жылдық

23 ақпан

Инвестициялар және құрылыс статистикасы

1

Қызметкерлер санына қарамастан заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері табыс етеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп

1-инвест

айлық

2 қаңтар,
2 ақпан,
2 наурыз,
2 сәуір,
2 мамыр,
2 маусым,

2 шілде,
2 тамыз,
2 қыркүйек,
2 қазан,
2 қараша,
2 желтоқсан

2

Негізгі қызмет түрі «Құрылыс», Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды 41-43 болып табылатын, жұмыс істеушілер саны 50 адамнан асатын заңды тұлғалар және олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ құрылыс қызметін жүзеге асыратын басқа қызмет түрлерінің заңды тұлғалары

Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп

1-кқ

айлық

4 қаңтар,
4 ақпан,
4 наурыз,
4 сәуір,
4 мамыр,
4 маусым,

4 шілде,
4 тамыз,
4 қыркүйек,
4 қазан,
4 қараша,
4 желтоқсан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет