Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Макеева Асель Турдахыновнаның
2023 оқу жылы бойынша әдістемелік жұмысы бойынша рефлексивтік есебі
Менің алға қойған мақсатым: Оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Шет тілі сабағын оқытуда жиі қолданатын пікір – талас, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, диалог құру сынды әдістерді жоғары белсенділікті дамыту әдістерінің қатарына жатқыздым. Бұл әдістерді қолдану барысында үйретуші де, үйренуші де белсенді қарым – қатынасқа түсетінін айта кету керек. Оқу барысында жұптық және топтық жұмыстың маңызын түсіндім. Топта бірігіп жұмыс жасай отырып, оқушылар бір – бірлеріне көмек көрсетуге үйренді. Выготскийдің тілімен айтқанда оқушылардың топтасып жұмыс істеуі " Жақын арадағы даму аймағында ” – "Zone of Proximal Development” іске асып, белсенді оқушылардың үлгермеушілерге көмек қолын созуы " көпірше” –" scaffolding” деп аталып, сыныпта жағымды атмосфера құруға болатыны көңіліме қуаныш ұялатты. Оқуға қатысқан күннен бастап -ақ өзгеріске қатты талпынғаныммен кейбір кедергілер мен кемшіліктерден тез аттап кете алмадым. Үйренген әдіс – тәсілдерімді әр сыныпқа лайықтап дайындағаныммен барлық сыныптарда жоспарлаған әрекеттерім сәтті шыға қоймады. Өйткені мен сабақ бойына бір ғана жаңа әдіс пайдалансам, келесі дәстүрлі әдісім баланы жалықтырып жібергендей көрінді. Ал кейбір сыныптарда мүлдем басқаша ой түйген кездерім де болды. Өйткені бір жаңа әдістің өзі оларға қызықты дүниедей көрініп, келесі тапсырманы асыға күтетінін байқадым. Оқушыны қалай ынталандыруға болатыны, өз жоспарымда жаңа әдіс – тәсілдер қалай көрініс табады, бұрынғы тәртіп пен жүйені қалай өзгертетінім туралы тағы да ойландым. Таңдаған әдіс – тәсілдерімнен оқушылар нені үйренулері керектігін, оны өзім оқушыларға қандай дәрежеде түсіндіретіндігім туралы, талантты оқушылармен қандай жұмыстар жүргізетіндігім туралы,сыни тұрғыда ойлауға жетелейтін тапсырмаларды қалай таңдау керектігін ойластырдым. Кейінгі сабақтарымда оқушылардың қызығушылықтары артып, білім сапасының жақсаруына мүмкіндік туды. Сонымен қатар мектебізде әдістемелік жетекшіміз Калимолданова Ж.Қ « Lesson Study» зерттеу сабақтарын жүргізу үшін арнайы топ ұйымдастырды. Мен « Даму» мұғалімдерінің зерттеу тобындамын.
2022 жыл «Ғылым мен білімнің бүгінгі күнгі өзекті мәселелері – ағылшын тілін оқыту принциптері» атты мақала І.Жансүгіров атындағы университетінің 50 жылдығына байланысты өткен ғылыми конференцияға арналған материалдар жинағына енді.ISBN 978-601-216-835-8.
2022 жыл «Шет тілі» республикалық педагогикалық ғылыми- әдістемелік журналында «Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммункативтік құзыреттілікті дамыту» атты баяндама енді.
Сонымен қатар «Зерде» ғылыми жобасына 7ә сынып оқушысы Токтархан Даниял қатысты Тәжірибе алмасу мақсатында әріптестерімнің сабағына қатысамын. Пән бойынша жаңа сабақтарға қатысу арқылы жаңашылдықты үйрене отырып, алынған материалдарды тәжірибеме қолданамын.
Білім алушыларға оқу материалдарын меңгерту барысында қажеттіліктерін қанағаттандыруды және қабілеттерін дамытуда АКТ ресурсы пайдаланамын. Оқыту мақсаттарына қол жеткізу бойынша әрбір білім алушының ілгерілеуін қадағалап отырамын.
23.09.2022 жылы Тілдер мерекесіне арналған апталық аясында өткен іс –шарада жүргізуші болдым. Бұл сабақта жоспарланған міндеттер негізі орындалды. Білім берудің барлық дағдылары қамтылды. 2022 жылы қазан айында «Шет тілі» Республикалық ғылыми –әдістемелік журналда « Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту» атты баяндамам жарияланды.
« Ғылым мен білімнің бүгінгі күнгі өзекті мәселе мәселелері-ағылшын тілін оқыту принциптері» макалам жарыққа шықты.
2023 жылы « Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша қалалық білім бөлімінен граммота.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Макеева А.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |